Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті


Тілдің құрылымдык, жүйелілік сипаты, айырмашылықтары неде?



бет20/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
18. Тілдің құрылымдык, жүйелілік сипаты, айырмашылықтары неде?

Тіл - белгілі бір құрылымы, жүйесі және қызметі бар, біртұтас құбылыс. Яғни тілге құрылымдық (структура), жүйелілік (система) және қызмет (функция) деген үш түрлі сипат тән. Бұлардың өзіне тән, нақтылы мазмұны болады. Тілдің қызметі туралы жоғарыда айттық. Енді құрылым мен жүйе дегендерге келелік. Құрылым деп, әдетте, бүтін нәрсенің элементтерінің, қатынастардың тінін немесе сұлбасын айтады. Ол бүтіннің бір тектес немесе әр тектес элементтерінің ара бірлігінен тұрады. Элементтер яғни тілдік бірліктер: 1) дыбыс (фонема), 2) морфема, 3) сөз, 4) сөз тіркесі, 5) сөйлем, 6) мәтін

Кез келген тілдің жалпы құрылымы мен жүйесі болады. Сонымен бірге оның әрбір қабатының, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік қабаттарының әрқайсысының жеке өз құрылымы, өз жүйесі болады. Әр құрылым мен жүйенің, мәселен, фонетика жүйесінің барлық элементтері (дыбыстары) сол жүйенің мүшелері ретінде қызмет етеді. Олай болса, жүйе дегеніміз не?
Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердін бірлігі. Ол заттық негіз (материя, субстанция), құрылым және қызмет деген үш ұғымның ұштасып келуінен, олардың бірлігінен және өзара қатынасынан құралады. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни жүйе - рет-ретімен ұйымдаса орналасқан біртұтас кұбылыс (бірлік). Жүйе материя мен құрылымның бірігуі, қосылуы түрінде өмір сүреді және белгілі бір қызмет атқарады. Сондай ақ, жүйе дегенді - өзіне тән айрықша кұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деп те айтуға болады. Тіл құрылымының жеке қабаттарының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынаста, өзара байланыста тұрып тілдің жалпы жүйесін құрайды.
Тілдің жүйелілік сипаты оның барлық деңгейінен (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) көрінеді. Мысалы, кез келген тілдің фонетикасында «дауысты дыбыстардың жүйесі», «дауыссыз дыбыстардың жүйесі» деген тақырыптар бар. Ол, әрине, тегін емес. Дауыстылар жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң болып бөлінеді. Бұлай жұп-жұбымен және бір-біріне қарама-қарсы топтасуы тілдің дыбыстық қабатында белгілі бір жүйе бар екендігінің белгісі.

Сонымен, тілге құрылымдық, жүйелілік сипат тән. Тілдік жүйе тілдік элементтер мен құрылымдардың жиынтығы. Құрылым - жүйедегі тілдік элементтер арасындағы қатынастардың жиынтығы. Ендеше, бұл тақырыптағы әңгіме тілдік жүйелердің құрылымы туралы болуы керек. Яғни тілдік құрылым – тілдік жүйенің құрамдас бөлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет