Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті



бет22/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Байланысты:
ТБК емтихан жауаптары (копия)

20. Тілдік бірліктерге нелер жатады?

Біріншіден, тілдік бірліктер (сөздер) нені білдірсе де жалпылап білдіреді, екіншіден, сол білдірген (танытқан) нәрсесін тіркейді және оны сақтайды, сөйтіп оны келешек ұрпаққа жеткізеді. Яғни тілдің таңбалық сипатына тілдік бірліктердің үш түрлі қызметі жатады Олар: 1) атауыштық қызмет (затқа ат қою, белгілеу, тіркеу номнативті кызметі); 2) коммуникативтік қызмет (бір нәрсені хабарлау, пікір алысу қызметі); 3) эстетикалық қызмет (сезімге әсер ету - эмоционалдық, экспрессивтік қызмет).
Кез келген таңбаның екі жағы болады: бірінші жағы - формасы, екінші жағы - мазмұны. Мысалы, көшедегі бағдаршамның жасыл түсі - сол таңбаның формасы, ал «көшеден өтуге рұқсат» деген мағынасы - оның мазмұны. Тілдік таңбалардың да (бірліктердің де) дәл осындай екі жағы болады. Мысалы, бала, - лар/-лер, -дың/-дің т.б. Бұл формалар мен мазмұндар тек сол таңбалар жүйесінде ғана мәнге ие бола алады; ол жүйеден тыс әлгіндей мағыналарды білдіре алмайды. Айталық, қазақ тілінің түбір морфемасы (бала) немесе аффикстік морфемасы (-лар) орыс тілінің, болмаса басқа бір тілдің жүйесінде ешқандай мәнге ие бола алмайды. Сондықтан да, біз «қазақ тілінің жүйесі», «орыс тілінің жүйесі» деген терминдерді жиі қолданамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет