|
ықтимал қауіптерді талдау дағдыларын дамыту
|
бет | 3/43 | Дата | 27.09.2024 | өлшемі | 1,14 Mb. | | #145943 |
| Байланысты: 10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik ықтимал қауіптерді талдау дағдыларын дамыту;
қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша шара қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу ұзақтығы мен тәртібі Элективті курс бағдарламасы 34 сағатқа есептелген. Курс 10-сынып оқушыларына арналған және төрт бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде оқушылар:
саламатты өмір салты туралы білімді өзектендіреді;
қоғамның адам денсаулығына әсерін талдайды;
дене жаттығуларының саламатты өмір салтына әсерін бағалайды;
тамақтанудың адам денсаулығына әсерін талдайды;
зиянды өнімдердің әсерін бағалайды;
еңбек және демалыс гигиенасының адамның әл-ауқатына әсерін түсіндіреді;
зиянды әдеттердің салдарын талдайды;
зиянды әдеттермен күресу шараларын ұсынады;
әлсіреген және шаршаған кезде денені қалпына келтіру жолдарын ұсынады.
Екінші бөлімде оқушылар:
адам өміріндегі эмоциялардың, сезімдердің құндылығын анықтайды;
қажеттіліктердің эмоцияларға әсерін түсіндіреді;
импульсивті (албырт) мінез-құлықтың адамның әл-ауқатына әсерін талдайды;
стресс жағдайының белгілерін таниды;
стреске қарсы жоспар құрады;
күйзелістің адам әл-ауқатына әсерін түсіндіреді;
күйзелістен шығу шараларын ұсынады;
адам өміріндегі эмоциялық және психикалық әл-ауқаттың маңыздылығын түсіндіреді.
Бағдарламаның үшінші бөлімінде оқушылар:
ұжымдағы жақсы қарым-қатынас факторларын түсіндіреді;
әлеуметтік қатынастардағы этикеттің рөлін түсіндіреді;
тұлғааралық қатынастардағы эмпатияның маңыздылығын бағалайды.
толеранттылықтың қоғам дамуына әсерін талдайды.
қоғамдағы құқықтық сауаттылықтың рөлін түсіндіреді;
қаржылық әл-ауқаттың компоненттерін талдайды;
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|