Әл-ауқат және қауіпсіздік



бет14/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

тапсырма. «Сезім механикасы» рөлдік ойыны. Оқушыларды 3–4 адамнан тұратын топтарға біріктіріп қуаныш, ашу, қорқыныш және т. б. белгілі бір сезімнің рөлін ойнауға шақырыңыз. Әр топ бір сезімді таңдайды. Топ мүшелерінен бұл сезімнің қалай пайда болатынын және адамның мінез-құлқы мен реакцияларына қалай әсер ететінін көрсетуді сұраңыз. Ойыннан кейін пікірталас өткізіңіз: әр сезімнің пайда болуының негізінде қандай механизмдер жатыр, оны қандай факторлар күшейте немесе әлсірете алатынын талқылаңыз.

Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Оқушыларды қазір өмірде кездесетін ең маңызды сезімдерді еске түсіруге шақырыңыз. Оқушылар бұл сезімдердің пайда болу механизмін сипаттайды.


Оқушылармен төмендегі сұрақтарды талқылаңыз.

    • Сезімдерді басқаруға бола ма?

    • Сезімдер эмоциялық әл-ауқатқа қалай әсер етеді?




  1. сабақ. Эмоциялар мен қажеттіліктер

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар:


    • қажеттіліктердің эмоцияларға әсерін түсіндіреді;

    • қажеттіліктер мен эмоциялардың тәуелділігін талдайды.

Оқушыларды А. Маслоудың қажеттіліктер пирамидасын еске түсіруге шақырыңыз.



Оқушылармен төмендегі сұрақтарды талқылаңыз.


      • Қажеттіліктер эмоциялармен қалай байланысты?

      • Қандай қажеттіліктер қуаныш, ашу, қорқыныш немесе қайғы сияқты түрлі эмоцияларды тудыруы мүмкін деп ойлайсыз?

      • Басқа адамдардың қажеттіліктерін өтеу кезінде немесе олардың қажеттіліктерін өтеуге көмектескенде қандай эмоциялар пайда болуы мүмкін?



Эмоциялар мен қажеттіліктер бір-бірімен тығыз байланысты. Эмоциялар біздің қажеттіліктерімізді айқындайтын сигналдардың бір түрі. Біздің қажеттіліктеріміз қанағаттандырылмаған кезде, біз көбінесе оң немесе теріс эмоцияларды сезінеміз. Мысалы, аштық сезімі ашулану немесе тітіркену эмоциясын тудыруы мүмкін, бұл тағамға деген қажеттілікті көрсетеді. Біздің қажеттіліктеріміз қанағаттандырылған кезде біз көбінесе қуаныш, қанағат немесе сабырлылық сияқты жағымды эмоцияларды сезінеміз. Мысалы, жақын адамымыз бізге қолдау көрсеткен кезде, біз өзіміздің махаббатқа деген қажеттілігімізді қанағаттандырамыз, бақыт сезімі пайда болады. Эмоциялар біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандыру мотивациясы бола алады. Мысалы, қорқыныш сезімі бізді қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзімізді немесе басқаларды қорғау үшін әрекет етуге итермелей алады. Сүйіспеншілік пен жанашырлық сияқты эмоциялар бізді басқаларға қамқорлық жасауға итермелеуі мүмкін. Эмоциялар мен қажеттіліктер бір-біріне өзара әсер етеді. Біздің эмоциялық күйлеріміз қажеттіліктерімізді қалай қабылдайтынымызға және бағалайтынымызға әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, біздің қажеттіліктеріміз оларды қанағаттандыру үшін әрекет етуге итермелейтін эмоциялық реакцияларды тудыруы мүмкін.


Эмоциялар мен қажеттіліктер арасындағы байланысты зерттеу өзімізді және басқаларды жақсырақ түсінуге, сондай-ақ қажеттіліктерімізді тиімдірек қанағаттандыруға және эмоциялық әл-ауқатты арттыруға көмектеседі.
(Қосымша ресурстар https://psychologos.ru/articles/view/emocii-i-potrebnosti-s.l.- rubinshteyn)
  1. тапсырма. «Эмоциялар мен қажеттіліктер коллажы». Оқушыларды 3–4 адамнан тұратын топтарға біріктіріп әртүрлі дереккөздерден алынған фотосуреттерді немесе суреттерді пайдалану арқылы Microsoft PowerPoint бағдарламасында коллаж жасауға жұмылдырыңыз. Топтар әртүрлі эмоцияларды бейнелейтін бірнеше суретті таңдап, оларды коллаждың бір жағына қоюы керек. Содан кейін олар тиісті қажеттіліктерді бейнелейтін суреттерді таңдап, оларды коллаждың екінші жағына орналастырады. Коллажды аяқтағаннан кейін оқушылар коллаждың неліктен белгілі бір эмоция мен қажеттілікке байланысты екенін түсіндіреді.




  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет