Әл-ауқат және қауіпсіздік


сабақ. Еңбек және демалыс гигиенасы Оқушылар



бет8/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

сабақ. Еңбек және демалыс гигиенасы

Оқушылар:

    • еңбек және демалыс гигиенасының адамның әл-ауқатына әсерін түсіндіреді;

    • белсенді және пассивті демалыстың артықшылықтарын бағалайды.



Сабақ барысы

Оқушыларға «еңбек гигиенасы» және «демалыс гигиенасы» ұғымдарын тұжырымдауды ұсыныңыз.


Еңбек гигиенасы – бұл жұмыс орнында қауіпсіздік пен әл-ауқатты қамтамасыз етуге бағытталған шаралар мен ережелер жиынтығы. Оған жұмыс кеңістігін дұрыс ұйымдастыру, ыңғайлы киім кию, сондай-ақ белгіленген нормалар мен талаптарды сақтау, жұмыс орнындағы жұмысшылардың физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқаты кіреді.

Демалыс гигиенасы – демалу кезінде денсаулық пен әл-ауқатты сақтау ережелері мен сәйкес әдеттер, демалысты саналы түрде жоспарлау мен ұйымдастыруды, физикалық және эмоциялық белсенділік, өзін-өзі күтім жасау мен психологиялық әл-ауқатты сақтауды қамтиды. Демалу – бұл жұмыстан немесе оқудан демалу уақыты ғана емес, сонымен қатар энергияны қалпына келтіру, физикалық және психикалық денсаулықты нығайту, күйзеліс пен шамадан тыс жұмыстың жағымсыз салдарының алдын алу мүмкіндігі.


Оқушылармен төмендегі сұрақтарды талқылаңыз.

      • «Еңбекке қабілеттілік» ұғымын қалай түсінесіз?

      • Еңбек және демалыс гигиенасын сақтау адамның жұмысына қалай әсер етеді?



  1. тапсырма. Оқушылар 3-4 адамнан тұратын топтарға бөлініп жұмыс істеу қабілеттілігіне әсер ететін факторларды сипаттайды (денсаулық, жұмыс орны, жұмыс жағдайы, тамақтану, демалыс түрлері және т.б.).


Оқушылармен өнімділікті қалай арттыруға болатынын талқылаңыз. Оқушыларды мінсіз жұмыс орнын сипаттауға шақырыңыз.
  1. тапсырма. Әр оқушы жұмыс уақыты мен демалысты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін бір күндік жоспар-кесте құрады. Жоспар-кестесіне жұмыс уақыты, үзілістер, жаттығулар, тіпті медитация жасауға арналған уақыт сияқты белсенділік пен демалыс кезеңдерін қосыңыз.


Оқушылармен белсенді және пассивті демалыстың пайдасын талқылаңыз.
  1. тапсырма. «Белсенді және пассивті демалысты салыстыру». Оқушыларды 3-4 адамнан тұратын топтарға бөлініп белсенді және пассивті демалыстың пайдасы туралы шағын зерттеу жүргізуге шақырыңыз. Оқушыларды демалудың әр түрінің артықшылықтарын атап, олардың физикалық және психикалық денсаулыққа пайдасын түсіндіруді сұраңыз.


Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Оқушылармен төмендегі сұрақтарды талқылаңыз.

    • Дененің қатты шаршауы, зорығуы қандай жағдайларда орын алуы мүмкін?

    • Сіздің жұмыс істеу қабілеттілігіңіз қай уақытта жоғары болады?

    • Адам еңбекке қабілеттілігін сақтау үшін ұйқыға қанша уақыт бөлуі керек?

    • Еңбекке қабілеттілігін сақтау үшін не істеу қажет?



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет