Әл-ауқат және қауіпсіздік


сабақ. Зиянды әдеттер және олардың адам денсаулығына әсері Оқушылар



бет9/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

сабақ. Зиянды әдеттер және олардың адам денсаулығына әсері

Оқушылар:

    • зиянды әдеттердің салдарын талдайды;

    • зиянды әдеттермен күресу шараларын ұсынады.



Сабақ барысы


Оқушылармен дәйексөзді талқылаңыз «Зиянды әдеттерді ертең емес, бүгін ғана жеңуге болады» (Конфуций, б.з.д. 551-479 ж.ж., ежелгі Қытай ойшылы және философы).

Оқушыларға белгілі зиянды әдеттерді (темекі шегу, шамадан тыс тамақтану, түрлі тәуелділіктер) тізімдеп атауды ұсыныңыз.


Оқушыларға сұрақ қойыңыз.

      • Қандай әдеттер физикалық және психикалық денсаулыққа қауіп төндіреді?

      • Әдет қандай жағдайда тәуелділікке айналады?

      • Зиянды әдеттердің салдары қандай?

      • Зиянды әдеттерден қалай арылуға болады?

Зиянды әдеттер – бұл адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, оның өмір бойы мүмкіндіктерін шектейтін әдеттер. Жас кезінде қалыптасқан және толығымен құтылу мүмкін емес болып табылатын әдеттер өте қиын жағдайды тудырады. Мұндай әдеттер адамның өміріне айтарлықтай нұқсан келтіреді, оның әлеуеті мен ынтасын бұзады, дененің ерте қартаюына және түрлі аурулардың дамуына әкеледі. Ең қауіпті әдеттер – темекі шегу, алкогольді, есірткіні, улы және психотроптық заттарды қолдану. Қауіпті әдеттер уақыт өте келе тәуелділікке айналады, оны жеңу өте қиын, көп жағдайда тәуелді адамдар мамандардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болады.


Оқушылармен темекіні қыздырудың электронды жүйелерінің құрамында химиялық заттар бар екенін, әртүрлі буландырғыштар (вэйп) келтіретін зиянды талқылаңыз.
  1. тапсырма. Оқушылар 3-4 адамнан тұратын топтарда темекі шегудің зияны мен электронды темекі мен вейп жүйелерінің зиянын талдайды және салыстырады. Оқушылар әртүрлі дереккөздерді пайдалана отырып, постер жасайды, түрлі құрамында никотин бар және химиялық өнімдерді шегудің зияны мен салдарын сипаттайды (аурулар, психикалық жағдайдың нашарлауы, қоғамға зияны). Оқушылар өз жұмыстарын сыныптастарының алдында көрсетіп ұсынады.


Жұмысты аяқтағаннан кейін алкогольді, әртүрлі есірткі және психотроптық заттарды қабылдаудың зияны мен салдарын талқылаңыз.
  1. тапсырма. Рөлдік ойын. 3-4 адамнан тұратын топтарда оқушыларды үкімет мүшелері деп елестетуге шақырыңыз. Мақсат – жастар арасында темекі шегуге, алкоголизмге, нашақорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік шаралар кешенін әзірлеу.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет