Әл-ауқат және қауіпсіздік


Оқушылардан өз бақылауларымен бөлісуді сұраңыз, жарнамалық ұрандар тауарларды таңдау кезінде шешімдеріне қалай әсер ететіні туралы талқылау жүргізіңіз



бет7/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

Оқушылардан өз бақылауларымен бөлісуді сұраңыз, жарнамалық ұрандар тауарларды таңдау кезінде шешімдеріне қалай әсер ететіні туралы талқылау жүргізіңіз.


  1. тапсырма. Әлеуметтік ролик. Оқушылар 3-4 адамнан тұратын топтарда «Менің денсаулығым» атты 2-3 минуттық әлеуметтік бейнероликтің сценарийін жазады, рөлдерді бөліп, оны сыныптастарының алдында ойнайды.

Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Оқушылармен төмендегі сұрақтарды талқылаңыз.


    • Сіздің қалаңызда саламатты өмір салтын насихаттау іс-шаралары өткізіле ме? Қандай? Саламатты өмір салтын насихаттау үшін қандай іс- шараларды өткізе аласыз?

    • Қандай жағдайларда БАҚ адамның өміріне оң әсер етеді? Қандай жағдайларда теріс әсер етеді?

    • Әлеуметтік медиа саламатты өмір салтына қалай әсер етеді?


  1. сабақ. Дене шынықтыру және спорт

Оқушылар:

    • дене шынықтыру мен спорттың адам денсаулығына әсері туралы білімді өзектендіреді;

    • физикалық белсенділіктің саламатты өмір салтына әсерін бағалайды.



Сабақ барысы

Оқушылар 2-3 минут бойы жаттығу жасайды (мойын, қол, бел, аяқты шынықтыру үшін кез-келген қарапайым жаттығулар жасауға болады). Оқушылардан шынығуды аяқтағаннан кейін не сезгенін сұраңыз. Оқушыларды дене шынықтыру мен спорттың адам денсаулығына пайдасы туралы айтуға шақырыңыз.


Оқушыларға сұрақ қойыңыз.
      • Дене шынықтыру мен спорттың айырмашылығы неде?


      • Бос уақытыңызда қандай спорт түрімен айналысасыз?

Дене шынықтыру және спорт бір-бірімен байланысты, бірақ әртүрлі екі ұғым. Негізгі айырмашылықтар:


      • Мақсаты. Дене шынықтыру жаттығуларды, физикалық ойындарды, денсаулықты нығайтуға және сақтауға, физикалық қабілеттерді дамытуға бағытталған белсенділіктің көптеген түрлерін қамтитын сала. Спорт бәсекелестік аспектіге және спорттық пәндерде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылуға, мысалы, жаттығулар жасауға, жарыстарға қатысып, жеңістерге жетуге үйретеді.

      • Жаттығулардың сипаты. Дене шынықтыру жаттығулардың көптеген түрлерін қамтиды, оларға күш, икемділік, төзімділік, координацияны дамытуға арналған жаттығулар, сондай-ақ жалпы дене шымырлығын сақтауға арналған жаттығулар кіреді. Спорт таңдалған бағытқа байланысты нақты физикалық дағдылар мен қабілеттерді дамытуға бағытталған мамандандырылған пәндер мен жаттығуларды қамтиды.

      • Ұйымдастыру деңгейі. Дене шынықтыруда жеке сабақтарды, топтық жаттығуларды, дене шынықтыру бағдарламаларына қатысуды қоса алғанда көптеген формалар жүзеге асырылуы мүмкін. Спорт ұйымдасқан құрылымға ие, оның ішінде спорт клубтары, жарыстар және әртүрлі деңгейдегі чемпионаттар бар.

      • Қарқындылық деңгейі. Дене шынықтыру жалпы фитнес пен денсаулыққа қол жеткізуге, оны сақтауға бағытталған, сондықтан қарқындылық деңгейі әртүрлі болуы мүмкін және әр адамның дайындығы мен мақсаттарына байланысты. Спорт нәтижеге жету үшін жоғары қарқындылық пен арнайы жаттығуларды қажет етеді.



Дене жаттығулары қандай физикалық қасиеттерді дамытатынын (күш, төзімділік, икемділік, жылдамдық, ептілік) және мектептегі дене шынықтыру сабақтары жалпы саулық пен өнімділікке қалай әсер ететінін талқылаңыз.


  1. тапсырма. Оқушылардан үйде жаттығулар жасайтыны не жасамайтыны туралы сұраңыз. Оқушыларды 3-4 адамнан тұратын топтарда үйде орындауға болатын физикалық қасиеттерді дамытуға бағытталған жаттығулар жиынтығын жасауға шақырыңыз.

Физикалық қасиеттер

Жаттығулар

Реквизит

Күш







Төзімділік







Икемділік







Жылдамдық







Ептілік







Жұмысты аяқтағаннан кейін сұрақтарды талқылаңыз.


    • Дене шынықтыру сабағынан тыс уақытта қандай жаттығуларды жасайсыз?

    • Бос уақытыңызда спортпен айналысасыз ба?

    • Дене жаттығуларын қаншалықты жиі жасау керек?



Сыныпта шағын шынықтыру минутын өткізуді ұсыныңыз.


  1. тапсырма. Оқушылармен әртүрлі спорт түрлерінің ерекшеліктерін талқылаңыз (жекпе-жек, командалық спорт, жеңіл атлетика, қысқы спорт, жүзу және т.б.). Оқушыларды 3-4 адамнан тұратын топтарда бір спорт түріне талдау жасауға шақырыңыз.

Ұсыныстар:


  1. Аталған спорт түрлерінен сендерге қызықты болатын спорт түрін таңдаңдар (жекпе-жек, командалық спорт, жеңіл атлетика, қысқы спорт, жүзу немесе т.б.).
  2. Әртүрлі ақпарат көздерін қолдана отырып, таңдалған спорт түріне талдау жасаңдар.


Келесі тармақтарды қамтитын есеп жасаңдар:

    • таңдалған спорт түрінің қысқаша сипаттамасы, оның шығу тегі мен тарихы;

    • таңдалған спорт түрінің негізгі ережелері мен мақсаттары;

    • осы спорт түріне қатысушылардан талап етілетін физикалық және психикалық дағдылар;

    • техникалық аспектілері: жабдықтар, жарыс нысаны, стандарттар және т.б.;

    • таңдалған спорт түріндегі жаттығулар мен жарыстарға дайындық ерекшеліктері;

    • таңдалған спорт түрінің негізгі артықшылықтары мен ықтимал тәуекелдері;

    • таңдалған спорт түрімен сәтті айналысқан танымал спортшылардың мысалдары.
  1. Есептің негізінде презентация немесе баяндама жасап, оны сыныптастардың алдында ұсыныңдар.


Кәсіби спортшылардың қандай қауіптерге тап болатынын тізімдеп атауды ұсыныңыз.

Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Оқушылармен төмендегі сұрақтарды талқылаңыз.


    • Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану кезінде қандай шараларды сақтау керек?

    • Жаттығу кезінде тамақтану қандай рөл атқарады?




  1. сабақ. Дұрыс тамақтану

Оқушылар:

    • дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына әсерін талдайды;

    • зиянды өнімдердің әсерін бағалайды.



Сабақ барысы

Оқушылармен төмендегі сұрақтарды талқылаңыз.


      • Тамақтану адам денсаулығына қалай әсер етеді?

      • Дұрыс тамақтанудың қандай ережелерін күнделікті сақтау керек?

      • Қандай тағамдарды алып тастау немесе азайту керек?

      • Дұрыс тамақтанбаудың нәтижесінде қандай аурулар пайда болады?



  1. тапсырма. Оқушыларға 3-4 адамнан тұратын топтарда әртүрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып, көмірсулар, ақуыздар, майлар, витаминдер мен минералдар сияқты тағамдық компоненттер және олардың адам ағзасына әсері туралы шағын зерттеу жүргізуді ұсыныңыз. Оқушылар презентация дайындайды немесе постер салады, соңында әр топ сыныптастарының алдында жұмыстарын көрсетіп ұсынады. Оқушылардың жасаған жұмыстарын бірге талқылаңыздар.





  1. тапсырма. Оқушыларға 3-4 адамнан топқа бөлініп бір күнге «Саламатты мәзір» әзірлеуді ұсыныңыз. Оқушылар дұрыс тамақтанудың барлық қағидаларын ескеріп, түрлі азық-түлік топтарынан әртүрлі тағамдарды ұсынуы керек (тамақ дайындау үдерісін сипаттауға болады). Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылар сыныптастарының алдында жұмыстарын көрсетіп ұсынады.
  2. тапсырма. Пікірталас: «Фастфуд денсаулыққа толығымен зиян». Дебат түрінде пікірталас ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқушылар «жақтаушы» немесе «қарсы» көзқарастың бірін таңдап, топтарға бөлінуі керек. Оқушылар өз көзқарасын қорғау үшін дәлелдер, деректер, сәйкесше ақпаратты дайындаулары керек. Командалардың міндеті – қарсыластарын өз позицияларына сендіру.


Тапсырманың соңында қорытынды жасаңыз.

Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Даулы мәлімдемелерді оқушылармен талқылаңыз.


    • Майлы тағамдар жүрек денсаулығына әсерін тигізбейді.

    • Қантты көп тұтыну диабетінің дамуына әсер етпейді.

    • Калорияға бай тағам артық салмақ немесе семіздік тудырмайды.

    • Тәттілер мен сода сияқты жылдам көмірсулар адамның энергиясына және зейінді шоғырландыру қабілетіне әсер етпейді.

    • Тұзды көп тұтыну қан қысымының көтерілуіне және бүйрек ауруларына әкелмейді.

    • Дұрыс тамақтанбау гастрит, артрит немесе остеопороз сияқты әртүрлі созылмалы аурулардың пайда болу қаупін арттырмайды.

    • Тамақтану рационында жемістер мен көкөністердің болмауы иммундық жүйенің жұмысына және ағзаның инфекциялармен күресу қабілетіне әсер етпейді.

    • Тамақтану біздің эмоциялық және психологиялық жағдайымызға әсер етпейді.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет