Әл-ауқат және қауіпсіздік


Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Оқушылармен қазақ мәдениеті мен дәстүріне тән этикет ережелерін талқылаңыз. сабақ



бет24/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Оқушылармен қазақ мәдениеті мен дәстүріне тән этикет ережелерін талқылаңыз.

  1. сабақ. Эмпатияны дамыту.

Оқушылар:

    • әлеуметтік қатынастардағы эмпатияның рөлін түсіндіреді;

    • тұлғааралық қатынастардағы эмпатияның маңыздылығын бағалайды.



Сабақ барысы

Оқушыларды топтық жұмыстың табысты болуына әсер ететін факторлар туралы ойлануға шақырыңыз. Оқушылармен эмпатия адамдардың әл-ауқатына қалай әсер ететінін талқылаңыз.


  1. тапсырма. Оқушылар «эмпатия» ұғымы туралы ой қозғайды.

Эмпатия – басқалардың сезімдерін, эмоцияларын және тәжірибесін түсініп, ортақтаса алу. Бұл біздің басқа адамдардың қандай сезімдерді бастан кешіріп жатқанын қабылдай алатынымызды және сезіне алатынымызды білдіреді. Эмпатия белсенді қатысуды және басқаларға жанашырлық пен ниеттестікті талап етеді. Ол бізге басқалардың сезімдері мен қажеттіліктерін жақсы түсінуге және олармен қарым-қатынас жасауға, терең эмоциялық байланыстар құруға және салауатты қарым-қатынастарды дамытуға көмектеседі.


Төменде эмпатияның бірнеше негізгі аспектілері берілген.

    • Эмоцияларды қабылдау қабілеті. Эмпатия басқа адамның эмоциялық күйін сезінуден және қабылдаудан басталады. Бұған эмоциялық күйді көрсете алатын бет әлпетін, ым-ишараны, дауыс ырғағын және басқа вербалды емес белгілерді тану қабілеті кіреді.

    • Эмоцияларды түсіну. Эмпатия басқа адамның эмоцияларын түсінуді қамтиды, яғни біз өзімізді басқа адамның орнына қойып, оның сезімдері мен ойларына терең бойлай аламыз. Біз бұл эмоциялардың неден туындайтынын және олар үшін неліктен маңызды екенін түсіне аламыз.

    • Ниеттестік пен жанашырлық дегеніміз бұл біздің басқа адамның эмоциясын түсіне және оның не сезгенін біле отырып, қолдау мен түсіністік таныта алатынымыз. Эмпатия эмоцияны түсінуді ғана емес, сонымен бірге басқа адамдарға деген ниеттестік пен жанашырлықты талап етеді.

    • Белсенді тыңдау дегеніміз сөздерді мұқият тыңдау ғана емес, сонымен қатар вербалды емес белгілерге, эмоциялық жағдайға және сұхбаттастың ішкі ойларына назар аудару. Жанашыр болу үшін басқа адамдарды белсенді тыңдай білу керек.

    • Эмпатияға негізделіп әрекет ету. Эмпатия әрекет етуге ынталандырады. Бұл қолдау сөздері, игі істер немесе жай ғана қатысушылық пен түсіністік болуы мүмкін. Жанашыр болсақ, біз басқа адамға оның эмоциялық қажеттіліктеріне сәйкес көмектесуге немесе қолдау көрсетуге тырысамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет