Осы аспектілердің барлығы «эмпатия» ұғымына кіреді және басқа адамдармен жақын және қамқор қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
(Қосымша ресурстар: https://skillbox.ru/media/growth/chto-takoe-empatiya-i-kak-eye- razvivat/)
тапсырма. «Эмпатия» менталды картасы. Оқушылар 3-4 адамнан тұратын топтарға бөлініп «Эмпатия» менталды картасын жасайды.
Нұсқаулар:
Қағаздың ортасына «Эмпатия» сөзін жазыңыз.
Парақты эмпатияның негізгі аспектілерін білдіретін бөлімдерге немесе тармақтарға бөліңіз, мысалы, «Эмпатияның анықтамасы», «Эмпатияның компоненттері» және «Эмпатияны қолдану».
Әр бөлімде немесе тармақта эмпатияның барлық аспектілеріне қатысты негізгі ұғымдар мен идеяларды жазыңыз. Мысалы, «Эмпатияның анықтамасы» бөліміне «басқа адамдардың сезімдерін түсіну»,
«ниеттестік», «тыңдай алу» және т. б. сияқты ұғымдарды жазуға болады.
Әрбір тармақты қосымша мәліметтермен, мысалдармен және байланыстармен толықтырыңыз, мысалы, «Эмпатияның компоненттері» бөліміне «белсенді тыңдау», «вербалды емес дағдылар», «эмоцияларды түсіну» сияқты эмпатияға жататын дағдыларды білдіретін ішкі тармақтарды қосуға болады.
Түстерді, көрсеткілерді, иллюстрацияларды және басқа графикалық элементтерді пайдаланып, менталды картаны көрнекі және түсінікті етіңіз. Бұл әртүрлі элементтерді көрнекі түрде бір-бірімен байланыстыруға және ақпаратты есте сақтауға көмектеседі.
Эмпатияның адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қалай әсер ететінін оқушылармен талқылаңыз.
тапсырма. Төменде көрсетілген жағдайлардың мысалдарын оқушылармен бірге талқылаңыз (оқушылар өз мысалдарын келтіре алады). Мұндай жағдайларда эмпатияны қалай көрсетуге болады?
Сыныпқа басқа қаладан көшіп келген жаңа оқушы қосылды. Ол өзіне сенімсіз көрінеді және басқалардан бөлек жүреді.
Қиын жағдайда досына қолдау көрсету. Досыңыз қиын кезеңді бастан кешіруде немесе қиындықтарға кезікті.
Ауырып жатқан көршіні қолдау. Көршіңіз ауырып қалып, күнделікті жұмыстарын жасай алмайды.
Емтихан алдында күйзеліске ұшыраған сыныптасты қолдау. Сыныптасыңыз емтихан алдында қатты қобалжып, күйзеліске ұшырады.
Баспанасы жоқ адамға көмек көрсету. Көшеде көмекке мұқтаж баспанасы жоқ адамды кездестірдіңіз.
Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Сұрақтарды оқушылармен талқылаңыз:
Эмпатияны дамыту үшін қандай дағдылар мен қасиеттер қажет?
Эмпатия біздің басқалармен қарым-қатынасымызға қандай пайда тигізе алады?
Эмпатия жанжалдарды шешуге көмектесе алады деп ойлайсыз ба? Егер солай болса, қалай көмектесе алады?
сабақ. Толеранттылық және құрмет
Оқушылар:
қазіргі қоғамдағы толеранттылықтың рөлін түсіндіреді;
толеранттылықтың қоғамның дамуына әсерін талдайды.
Сабақ барысы
Оқушылармен бірге толеранттылық туралы «Толеранттылық төзімділік әлемі» деп аталатын https://www.youtube.com/watch?v=e6_Z5e9nLX0 әлеуметтік бейнероликті қараңыз.
Оқушыларды «толеранттылық» ұғымының мағынасын түсіндіруге шақырыңыз. Сұрақтар қойыңыз.
Қазіргі қоғамда толеранттылық қандай рөл атқарады?
Толеранттылық неден құралады?
Толеранттылық дегеніміз адамдар арасындағы айырмашылықтарды, олардың пікірлерін, мәдениеттері мен өмір салтын, біздікінен өзгеше болса да, қабылдау және құрметтеу. Сыйластық – бұл басқа адамдарға ілтипат білдіру және олардың құндылығын, құқықтары мен қадір-қасиетін мойындау.
Төмендегі сұрақтарды оқушылармен бірге талқылаңыз.
Неліктен толеранттылық пен құрмет үйлесімді қоғам құру үшін маңызды құндылықтар болып табылады?
Қоғам үшін толеранттылықтың жағымды жақтары неде? (Кикілжіңдерді азайту, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, ынтымақтастық пен өзара түсіністікті дамыту.)
Қызықты ақпарат
1996 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 16 қарашаны Халықаралық толеранттылық күні деп жариялаған 51/95 қарар қабылдады. Бұған дейін 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттер төзімділік принциптері туралы Декларацияны қабылдады. Декларация толеранттылық – бұл немқұрайлылық немесе кешірімділік емес деп мәлімдейді. Бұл дүние жүзіндегі мәдениеттердің алуан түрлілігін, өзін-өзі көрсету формаларын және адам болмысын құрметтеу және мойындау деген сөз. Толеранттылық жалпы адам құқықтары мен барлық адамдардың негізгі бостандықтарын мойындайды. Адамдар табиғаты бойынша әртүрлі болады, сондықтан тек толеранттылықтың арқасында әлемнің әр аймағында аралас қауымдастықтар өмір сүре алады»
(дереккөз: https://www.unesco.org/ru/days/tolerance).
тапсырма. Оқушыларды 3-4 адамнан тұратын топтарда әртүрлі дереккөздерді пайдалана отырып, ұсынылған тақырыптардың біріне зерттеу жүргізіп, шағын жоба дайындауға шақырыңыз (толеранттылыққа қатысты басқа тақырыптарды ұсынуға болады).
Зерттеу тақырыптары:
Толеранттылықтың мектеп ортасындағы тұлғааралық қарым-қатынасқа әсері
Мәдениетаралық өзара әрекеттесудегі және мәдени айырмашылықтарды жеңудегі толеранттылықтың рөлі
Діни толеранттылықтың әлеуметтік қатынастарға әсері
Бейбіт қоғамды қалыптастырудағы және жанжалдарды шешудегі, қоғамдағы зорлық-зомбылық пен агрессияны азайтудағы толеранттылықтың рөлі
Толеранттылық пен эмпатия арасындағы байланыс
Интернет ортасындағы толеранттылық және интернет-троллинг пен кибербуллингке қарсы күрес
Достарыңызбен бөлісу: |