Карамчанд Ганди, 1869-1948 жж., үнді елінің саяси және рухани көшбасшысы, Үндістанның Британ империясынан тәуелсіздігі жолындағы белсенді күрескер);
«Құқықтық сауаттылық – бұл әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білетіназаматтық қоғамның негізі» (Рут Бадер Гинсберг, 1933-2020 жж., америкалық заңгер және АҚШ Жоғарғы Сотының прогрессивті судьясы, әйелдер қозғалысының белсендісі, теңдік үшін күресуші);
«Заңдардыбілуазаматтардыеркінжәнеөзқұқықтарынасенімдіетеді»(Вольтер, шын аты Франсуа-Мари Аруэ, 1694–1778жж., француз жазушысы, философ және ағартушы).
тапсырма. Оқушылар ұсынылған жағдаяттарды талдайды (азаматтық құқықтарды қорғауға байланысты басқа да жағдаяттарды ұсынуға болады). Әр жағдайда құқықтарды қорғаудың заңды жолдарын ұсынады.
Оқушылармен өз құқықтарын қорғаудың қандай жолдары бар екенін талқылаңыз. 2-тапсырма. Пікірсайыс. Оқушыларға ұсынылған тақырыптардың біріне пікірталас өткізуді тапсырыңыз (құқықтық сауаттылыққа қатысты басқа тақырыптарды ұсынуға болады).
Ой-талқы түрінде пікірталас ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқушылар 3-4 адамнан топтасып, «жақтаушы» немесе «даттаушы» позицияларының бірін таңдайды. Оқушылар өз көзқарасын қорғау үшін дәлелдер, деректер, сәйкесінше ақпаратты дайындаулары керек. Командалардың міндеті – қарсыластарын өз позицияларына сендіру.
Тапсырманың соңында қорытынды жасаңыз.
Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Төмендегі сұрақтарды оқушылармен талқылаңыз:
Қаржылық сауаттылық туралы дәйексөздерді оқушылармен талқылаңыз:
«Ақшаныдұрысұстайбілсеңғанасолақшаныңберекесінкөресің»(Андреас Антонопулос, әлемге танымал криптовалюта саласының сарапшысы, технологиялық кәсіпкер);
«Қаржылықсауаттылық–бұлақшанытабуғанаемес,оныбасқарабілу»(Роберт Кийосаки, қаржы және инвестиция саласындағы халықаралық сарапшы, америкалық кәсіпкер, инвестор және жазушы);
«Қаржылық бақуаттылық – есеп-шоттың емес, ақыл-ойдың толықтығы» (Дейв Рэмси, қаржылық кеңес беретін америкалық радио жүргізушісі, «Полный денежный переворот: Проверенный план для поддержания финансовой формы» бестселлерінің авторы).
тапсырма. Оқушылар ой-талқы әдісі арқылы қаржылық әл-ауқаттың не екенін сипаттайды:
қаржылықсауаттылық;
қаржылықжоспарлау;
кірістерменшығыстардыбақылау;
жинақтаумүмкіндігі;
қарыздарменнесиелердібасқару;
қаржылықтәуекелдерденқорғаужәнет.б.
тапсырма. «Қаржылық мақсаттарды жоспарлау». Оқушыларды қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттар тізімін жасап, осы мақсаттарға жету үшін кіріс- шығыстарды ескере отырып әрекет ету жоспарларын әзірлеуді сұраңыз.
Орындалған жұмыстарды талқылаңыз. Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз:
Жекебюджеттіжоспарлаукезіндененіескерукерек?
Қаржылық жоспарлау кірістер мен шығыстарды бақылауға қалайкөмектеседі?
Табысдеңгейінеқандайфакторларәсеретеді?
тапсырма. «Қолжетімді саяхат» Оқушыларды 3–4 адамнан топтастырып, оларға белгілі бір жерге саяхат жоспарлап жатқандарын елестетуді тапсырыңыз. Әр топ Қазақстанның әртүрлі курорттық аймақтарына қиялдағы саяхаттың бюджетін әзірлеуі керек (көлікке, тұруға, тамақтануға, ойын-сауыққа және т.б. шығыстар). Бюджет белгіленген соманы (топ мүшелерінің санын ескере отырып – 50 000 теңге, 100 000 теңге, 200 000 теңге) және күндер санын қамтуы керек (топтарға 2 күннен 5 күнге дейін әртүрлі мерзімдерді немесе барлық топтарға бірдей мерзімді ұсынуға болады). Оқушылар туристік бағыттар мен әртүрлі туристік аймақтардағы бағаларды талдайды.
Рефлексия. Қорытынды жасаңыз.
Оқушылармен «Білімге салынған инвестиция әрқашан үлкен табыс әкеледі» деген сөзді талқылаңыз (Бенджамин Франклин, 1706-1790жж., америкалық саясаткер, дипломат, өнертапқыш, ғалым, философ, жазушы).