Әл-ауқат және қауіпсіздік


сабақ. Өз қауіпсіздігін ұйымдастыру Оқушылар



бет33/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

сабақ. Өз қауіпсіздігін ұйымдастыру

Оқушылар:

    • қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігін түсіндіреді;

    • қауіпсіз мінез-құлық ережелерін тұжырымдайды.



Сабақ барысы

Оқушылармен қандай жағдайларда адамға қауіп төнуі мүмкін екенін талқылаңыз. Оқушыларды «қауіп» және «тәуекел» ұғымдарын тұжырымдауға шақырыңыз.


Қауіп – бұл адамның денсаулығы мен әл-ауқатына, сондай-ақ жалпы қоғамға зиян келтіруі мүмкін жағдайлар, құбылыстар, факторлар, процестер. Қауіпсіз мінез- құлыққа төтенше және қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін теріс мінез-құлықтың алдын алуға көмектесетін негізгі ережелер мен сақтық шараларын білу кіреді. Адам қызметінің кез-келген саласында белгілі бір қауіпсіздік ережелері бар, оларды білу және сақтау қажет. Қауіп пен қауіпсіздік бір-біріне жақын, бірақ қарама-қарсы ұғымдар. Қауіп әрқашан алда, өйткені оны болжау және бақылау мүмкін емес, ол біздің қалауымызға тәуелді емес. Қауіпсіздік – бұл біздің іс-әрекеттеріміздің нәтижесі, қауіптің теріс әсерін жоюға бағытталған жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің бірлескен күштері. Бұл ұғымдардың өзара байланысы өмір қауіпсіздігінің негізгі ережелеріне негізделген.

    • Кез келген әрекетте (тіпті әрекетсіздікте) ықтимал тәуекелдер болуы мүмкін.

    • Әрбір қызмет түрі үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайлар бар.

    • Жағымсыз әсерлер рұқсат етілген мәндерден аспайтын жағдай қауіпсіздік деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет