Әл-ауқат және қауіпсіздік



бет30/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

Сабақ барысы

Оқушыларды А. Маслоудың қажеттіліктер пирамидасын еске түсіруге шақырыңыз. Пирамиданың төбесінде қандай қажеттілік орналасқан?


Оқушылардан өз қабілетін жүзеге асыру ұғымына не кіретінін сұраңыз және ол тұлғалық даму үшін қаншалықты маңызды екендігін талқылауға шақырыңыз.

Оқушылармен бірге Шаварш Карапетянның ерлігі туралы бейнероликті көріңіз –


https://www.youtube.com/watch?v=yBww70gCuAY.

Оқушылармен Шаварш Карапетянның ерлігі өз қабілетін жүзеге асырудың үлгісі бола ма, жоқ па деген сұрақты талқылаңыз.


Өз қабілетін жүзеге асыру дегеніміз бұл өз әлеуетін ашуға, жеке және кәсіби мақсаттарға жетуге, өмірдің әртүрлі салаларында дамуға және өзін көрсетуге тырысу деген сөз. Бұл адамның өзінің ерекше қабілеттерін, құндылықтарын, қызығушылықтары мен талпыныстарын білу, сондай-ақ үнемі дамып, өзін-өзі жетілдіру.

Өз қабілетін жүзеге асыру – бұл адамның өз құндылықтары мен принциптеріне негізделген толыққанды және бақытты өмір сүруге деген ұмтылысы. Бұған өз іс- әрекеттерінің мағынасы мен мақсатын білу, дағдылары мен қасиеттерін дамыту, кедергілерден өту және жеке тұлға ретінде өсу кіреді.


(Қосымша ресурстар: https://wikigrowth.com/gizn/samorealizatsiya/)
  1. тапсырма. Оқушыларды өз қабілетін жүзеге асыруға және мақсаттарға жетуге ықпал ететін факторлардың тізімін жасауға шақырыңыз. Берілген мысалдарды талқылаңыз.


    • Нақты және айқын мақсат. Қол жеткізгіңіз келетін нақты және ынталандырушы мақсатты анықтау.

    • Жоспарлау және ұйымдастыру. Егжей-тегжейлі әрекет жоспарын әзірлеу және уақытты басқару мақсатқа жету процесін құрылымдауға және ресурстарды тиімді пайдалануға көмектеседі.

    • Өзін-өзі ынталандыру. Ішкі ынта мен өзінді реттей білу кедергілерді жеңуге және қиын уақытта да алға жылжуға көмектеседі.

    • Өз-өзіне деген сенімділік. Өз қабілетіне сену және өзіне деген сенімділік тәуекелге баруға, күмәнді жеңуге және мақсатқа жету үшін қажетті әрекет етуге мүмкіндік береді.

    • Үздіксіз оқу және даму. Үнемі оқуға, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге ұмтылыс жеке дамуға және алға қойған мақсатқа жетуге көмектеседі.

    • Икемділік және бейімделу. Бейімделуге және жоспарларды өзгертуге дайын болу кедергілерді еңсеруге және мақсаттарға жетудің жаңа жолдарын табуға көмектеседі.

    • Топтық жұмыс. Басқа адамдармен ынтымақтастық, идеялар мен тәжірибе алмасу, топтың немесе қоғамдастықтың қолдауы өсу және даму үшін жағдай жасайды.

    • Өзін-өзі талдау және рефлексия. Өзін және өз әрекеттері мен нәтижелерін талдау адамға өзінің күшті және әлсіз жақтарын түсінуге, өз оқуын басқаруға және түзетулер енгізуге көмектеседі.

    • Күйзелісті және эмоцияларды басқару. Күйзелісті басқару дағдылары, эмоциялық тұрақтылық және позитивті ойлау қиындықтарды жеңуге және мақсаттарға жетуде ынталы болуға көмектеседі.

    • Қоғамның қолдауы. Отбасының, достардың, сыныптастардың немесе тәлімгерлердің қолдауы мен түсіністігі өз қабілетін сәтті жүзеге асыруға ықпал етеді.



  1. тапсырма. «Мақсатқа жету жолы». Оқушыларды жеке мақсаттарына жету үшін жоспар құруға шақырыңыз.


Мақсатқа жету жоспарын құру бойынша ұсыныстар:

    • Ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарыңыздың тізімін жазыңыз. Содан кейін әр мақсатқа жету үшін қандай қадамдар жасау керектігін анықтаңыз.

    • Өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды анықтаңыз. Қандай дағдыларды өзіңіздің күшті жақтарыңызға жатқызасыз? Қай жақтарыңызды жетілдіруге болады деп ойлайсыз? Күшті жақтарыңызды дамыту және әлсіз жақтарыңызды жою үшін әрекет жоспарын жасаңыз.

    • Өзіңізге айлық, тоқсандық және жылдық мақсаттар қойыңыз. Әр мақсатқа жету барысын бағалау үшін нақты және өлшенетін көрсеткіштерді белгілеңіз.

    • Мақсаттарыңызға жету үшін әрекет жоспарын жасаңыз. Әр мақсатты кішігірім мақсаттарға бөліп, әрбір қадамның нақты мерзімдерін белгілеңіз.

    • Уақытты талдаңыз. Уақытты қалай өткізетініңізді және ресурстарыңыз қайда кететінін анықтаңыз. Уақытты босқа кетірмей, мақсаттарыңызға жетуге көмектесетін әрекеттерге назар аударыңыз.

    • Мақсатыңызға жетуге кедергі келтіретін әдеттердің тізімін жасаңыз және оларға жағымды әдеттерді қарсы қойыңыз. Жағымсыз әдеттерді пайдалы және сындарлы әдеттермен біртіндеп ауыстыру үшін іс-әрекет жоспарын жасаңыз.

4-бөлім. Жеке қауіпсіздік

  1. сабақ. Заманауи қауіп-қатер көздері

Оқушылар:

    • заманауи қауіп-қатер көздерін талдайды;

    • қауіпті жағдайлардың себептерін тұжырымдайды.



Сабақ барысы


Оқушылармен күнделікті өмірде адамның қандай қауіптерге тап болуы мүмкін екенін талқылаңыз. Оқушыларды ақпаратпен таныстырыңыз: «ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметтері бойынша, 2017 жылы елде байқаусызда жарақат алу салдарынан 1 283 бала қайтыс болды, 27 мың бала ауруханаға жатқызылды. Қазақстанда жарақаттар, жазатайым оқиғалар мен уланулар жалпы өлім құрылымында төртінші орын алып, халықтың өлімі мен мүгедектігінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Қазақстанда жыл сайын 600 мыңнан астам адам түрлі зақым алады, оның 22%-дан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар» (дереккөз https://inbusiness.kz/ru/news/ezhednevno-v-kazahstane-v- rezultate-neschastnyh-sluchaev-pogibaet-troe-detej.).

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2020 жылы көліктік жазатайым оқиғалардың барлық түрлерінен 14 жасқа дейінгі 161 бала, кездейсоқ суға батудан


  • 103 бала, отпен жазатайым оқиғалардан – 38, кездейсоқ уланудан – 40 бала қайтыс болды (дереккөз https://bala.stat.gov.kz/smertnost-detej-v-vozraste-0-14-let-ot- vneshnih-prichin-smerti/).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет