Адамдар өмірдің әртүрлі салаларында төтенше жағдайларға тап болуы мүмкін. Мұндай жағдайлардың мысалдарына техногендік апаттар, табиғи апаттар, дүлей апаттар, соғыстар, лаңкестік әрекеттер, зорлық-зомбылық және басқа да апаттар жатады. Төтенше жағдайларды болжау мүмкін емес, олар кенеттен пайда болып, шектеулі уақыт бойы орын алып, күшті эмоциялық әсерлер тудырады, оларға қарсы тұру қиынға соғады. Төтенше жағдайлар әртүрлі белгілерге, пайда болу себептеріне қарай ерекшеленуі мүмкін. Төтенше жағдайлар кенеттен болатын және болатыны алдын ала болжанған (күтілетін) болуы мүмкін.
тапсырма. Оқушылар 3-4 адамнан тұратын топтарда әртүрлі ресурстарды пайдалана отырып, төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамаларын атайды. Әр жағдайда мінез-құлық шараларының кешенін әзірлейді. Нәтижелер кестеге жазылады: