тапсырма. Оқушыларды 3-4 адамнан тұратын топтарда «Қазіргі қауіп көздері» постерін немесе презентациясын жасауға шақырыңыз. Оқушылар жұмысты жоспар бойынша орындайды:
қауіпкөздері;
қауіптіболдырмаушаралары.
Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылармен бірге жұмысты талқылаңыз. Қауіп көздерін топтарға бөлуге болады:
әлеуметтік тәуекелдер (лаңкестік әрекеттер, адамдар көп жиналатынбұқаралықіс-шаралар,қылмысжәнеқылмыстықжағдайлар).
Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Оқушыларды ақпаратпен таныстырыңыз:
«2021 жылы Қазақстандағы теміржолда вагонның төбесінде селфи түсірмек болған алты жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев биыл темір жол нысандарында 108 адам жарақат алғанын айтты. «13 жағдайда қазақстандықтар жоғары вольтты токтан зардап шекті, олардың алтауы кәмелетке толмағандар. Барлығы қаза тапты», - деп Бекиев қайғылы қорытындыға келді. Бірнеше күн бұрын Алматыда теміржолда пойыздың төбесінде селфи түсірмек болған екі жасөспірімді электр тогы соқты. Олардың бірі сол жерде қайтыс болды, екіншісі ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Осыған ұқсас оқиға Тараз станциясында орын алды, 15 жасар жасөспірім контактілі сымның ток соғуынан көз жұмды» (дереккөз https://orda.kz/shest-podrostkov- pogibli-v-rk-pri-sjomkah-riskovannyh-selfi/).
Оқушылармен осы жазатайым оқиғалардың себептерін талқылаңыз.