Әл-ауқат және қауіпсіздік


Төмендегі сұрақтарды оқушылармен талқылаңыз



бет34/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

Төмендегі сұрақтарды оқушылармен талқылаңыз.


    • Толықтай қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету мүмкін бе?

    • Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күнделікті өмірде қандай шаралар қолданасыз?

    • Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай дағдылар маңызды деп санайсыз?



Адам кез келген күнделікті жағдайда ықтимал қауіптер мен тәуекелдерге тап болуы мүмкін. Ауа-райы өте ыстық болғанда ыстық өту, көктайғақ кезінде тайып кетіп жарақат алу қаупі бар. Сондықтан сақтық пен қауіпсіздік шараларын үнемі сақтау керек.





  1. тапсырма. Оқушылар 3-4 адамнан тұратын топтарда ықтимал қауіптерді сипаттауға және әртүрлі жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шаралар кешенін әзірлеуге шақырыңыз:

    • үй тіршілігі;

    • мектеп

    • көше;

    • қоғамдық орындар.

Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар адамға қандай қауіп төнуі мүмкін екенін және бұл тәуекелдерді қалай азайтуға болатынын түсіндіреді.


Қауіп-қатер төнген жағдайда тиісті қауіпсіздік қызметтерінен көмек сұрау қажет.

«112» жүйесі – әртүрлі апаттар, авариялар, өрттер, қоғамдық тәртіпті бұзу және басқа да төтенше жағдайлар кезінде халыққа (өмірге және денсаулыққа қауіп төнген жағдайда) шұғыл көмек көрсетуге арналған Қазақстандағы шұғыл жедел қызметтердің бірыңғай нөмірі. Жазатайым оқиғалар кез келген жерде және кез келген уақытта орын алуы мүмкін. Төтенше жағдайға түссеңіз немесе апаттың, өрттің, тонаудың немесе басқа оқиғаның куәгері болсаңыз, бұл жағдай туралы дереу хабарлау үшін 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.





  1. тапсырма. «Әлеуметтік бейнеролик». Оқушылар 3-4 адамнан топтасып,

«Күнделікті өмірдегі қауіпсіз мінез-құлық» деген әлеуметтік бейнероликтің сценарийін жасауды тапсырыңыз. Оқушылар әртүрлі жағдайларда қауіпсіз мінез- құлық ережелерін тұжырымдайды, рөлдерді бөліп, сынып алдында роликті көрсетеді.




Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Оқушылармен ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алу үшін әрекеттер алгоритмін талқылаңыз:

    • жағдайды талдау;

    • ықтимал қауіп-қатерді анықтау;

    • қауіп-қатер туындаған жағдайдағы дұрыс мінез-құлық.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет