Әл-ауқат және қауіпсіздік



бет39/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

Қызықты ақпарат


Біріккен Ұлттар Ұйымының 2004 жылғы 14 сәуірдегі пресс-релизіне сәйкес (дереккөз https://www.un.org/ru/147731), жол-көлік оқиғасының алғашқы құрбаны – 44 жастағы екі баланың анасы Бриджит Дрисколл болды. 1896 жылы 17 тамызда Лондондағы Кристал Палас саябағында оны көлік қағып кетті. Көлік сағатына 12 км жылдамдықпен келе жатқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Ли Джон Вок сот отырысында сөйлеген сөзінде: «Бұл қайғылы оқиға қайталанбауы керек!» деп ескертті. Әлем оның сөзіне құлақ аспады, бұл көптеген адамдардың өліміне әкелді. Сарапшының сөзіне қарамастан, жүргізушіге де, оның жұмыс берушілеріне де Дрисколл ханымның өліміне немесе басқа құқық бұзушылыққа қатысты айып тағылған жоқ. Тергеу үкімінде оның өлімі
«кездейсоқ», яғни күтпеген жағдайлардың салдарынан болған деп анықталды. Қаза тапқан әйелдің жолы болмады. Сол кезде, яғни 125 жыл бұрын, қауіпті жағдай орын алды, соның нәтижесінде көптеген адам көз жұмды және құрбандардың саны күннен күнге артып кетті. 1896 жылдан бері дүние жүзінде көлік оқиғасынан қаза тапқандардың, мүгедек болған және жарақат алғандардың нақты санын ешқашан біле алмасақ та, кейбір мәліметтер бойынша, жол-көлік апаттарынан 50 миллионнан астам адам қаза тауып, жүздеген миллион адам жарақат алғанын білуге болады.


  1. тапсырма. Ой-талқы әдісі арқылы оқушылар жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының себептерін тұжырымдайды.


Жаяу жүргіншілердің қатысуымен жолда қайғылы оқиғалардың неліктен орын алатынын түсіну үшін олардың мінез-құлқын мына аспектілерде қарастырған жөн.



    • Үлкен қалалардың қарбалас жағдайында жаяу жүргіншілер өз ісіне немесе жұмысына кіріп кетіп, жолды кесіп өткенде көліктердің жылдамдығына мән бермейді, жан-жағына қарамайды.

    • Бағдаршамның орналасқан жері туралы ақпараттың болмауы жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуына әкеледі.

    • Жаяу жүргіншінің киген киімі оны жолда байқауға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Жарқын және түрлі түсті киімдер жүргізушілерге жаяу жүргіншіні байқауға көмектеседі. Алыстан байқалу үшін күңгірт немесе қара түсті киімдерді ұнататындар иыққа, аяққа немесе белге шағылыстыратын элементтерді қолдана алады.

    • Жаяу жүргіншілер өткеліне немесе реттелетін қиылысқа дейінгі қашықтықты қысқарту үшін адамдар қысқа жолды таңдап, жолды дұрыс емес жерлерде кесіп өтеді. Мұндай жағдайларда жүргізушіге жаяу

жүргіншіні байқап, сәйкесінше әрекет ету қиынға соғады. Күтпеген жағдай туындайды, себебі өткел кенеттен жүргізушінің қақ алдында бірнеше метр жерде пайда болуы мүмкін.


(Қосымша ресурстар https://www.avtoshkola-highway.ru/280-opasnosti-dlya- peshehodov-na-doroge-sovety-dlya-ostorozhnyh-.html)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет