Әл-ауқат және қауіпсіздік


«Көпшілікте өзін-өзі ұстау» ұсыныстары



бет38/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

«Көпшілікте өзін-өзі ұстау» ұсыныстары.


  • Сабырлы болыңыз және адамдардың жаппай жиналуына байланысты дүрбелеңге түспеңіз.

  • Әлеуметтік шиеленіс немесе қоғамдық іс-шаралар кезінде көшеге қажет болмаған жағдайда шықпаңыз.

  • Қоғамдық іс-шараға қатысуыңыз керек болса, сәйкесінше киініп барыңыз. Киім денеге жабысып тұруы керек, түймесі салынған және шығып тұрған элементтері болмау керек. Ыңғайлы аяқ киім киіңіз, бауы болмағаны жөн.

  • Көпшіліктің ортасына кірмеуге тырысыңыз. Шетінде тұрыңыз, онда қажет болған жағдайда оқиға орнынан кетуге мүмкіндігіңіз болады.

  • Дүрбелең мен тәртіпсіздік орын алу ықтималдығы бар болса, жаппай іс- шарадан ертерек кетіп қалғаныңыз дұрыс болады.

  • Көпшіліктің ортасында болсаңыз, кеудеңізді қысымнан қорғауға дайын болыңыз және құлап қалмауға тырысыңыз.

  • Құлап қалған заттарыңызды көтеруге тырыспаңыз. Аяқтағы және денедегі ауырсынуға және алынған жарақаттарға назар аудармаңыз.

  • Қозғалмайтын заттарға жақындамаңыз және оларға сүйенбеңіз.

  • Белгілі бір құрылымның немесе тіректің үстіне шығам деп шешсеңіз, оның берік және қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз.

  • Құлап қалсаңыз, бірден тұрыңыз. Аяқты өзіне қарай жылдам тартып алып, топтасып, бар күшті жинап, серіппе сияқты секіріп ұшып тұру керек.

  • Көпшілікте қолды кеуденің алдында ұстап, саусақтарды тарақтап немесе жұдырыққа жинап ұстау керек. Әрбір тыныс алған кезде өкпенің сыйымдылығын арттыру үшін қолыңызды жан-жаққа итеруге болады.

  • Көпшіліктің арасында жанжалдарды шешуге тырыспаңыз және біреу сізге тіл тигізіп, аяғыңызды басып немесе басқаша ренжіткен болса да ұрыс шығармаңыз.



(Қосымша ресурстар Психология толпы: учебно-методические рекомендации / У.К. Жанатаева, Л.С. Шакимова; под общ. ред. Н.С. Даниева – Астана: Академия
правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан, 2018)

Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Көпшілікте қысылып қалмаудың ең жақсы жолы


  • адамдар жаппай жиналатын жерден уақытында кету. Жаппай іс-шараларға, концерттерге, жәрмеңкелерге, көпшілік жиналатын орындарға барар алдында іс- шара өтетін орынның жоспарымен танысу керек. Қайту жолын алдын ала жоспарлаңыз және күтпеген жағдай орын алатын болса қосымша жолдарды қарастырыңыз.


  1. сабақ. Жаяу жүргіншінің қауіпсіз мінез-құлқы

Оқушылар:

    • жаяу жүргіншіге төнетін ықтимал қауіптерді талдайды;

    • жаяу жүргіншілердің қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіреді.



Сабақ барысы




Оқушылармен жаяу жүргіншілер көшелерді кесіп өткенде оларға қандай қауіп төнетінін талқылаңыз.


Жол қозғалысы ережелерін балалар балабақша мен бастауыш сыныптардан оқып бастайды, бірақ соған қарамастан жол-көлік оқиғалары әлі де орын алуда. Жол қозғалысы ережелерін білмейтін адам жоқ, бірақ кейбір адамдар өздері және басқалар үшін қауіпті екенін біле тұра ережелерді бұзады.


Оқушылармен ақпаратты талқылаңыз:


«2022 жылы Қазақстанда барлық көрсеткіштер өсті: ЖКО саны – 9 пайызға (7 180-ден 7 862-ге дейін), қаза тапқандар саны – 17 пайызға (1 194-тен 1 017-ге дейін), жарақат алғандар саны – 9 пайызға ( 9 533-тен 10 390-ға дейін). Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың төрттен бірі – жаяу жүргіншілер. Ведомствоның статистикасына сәйкес, биыл 308 жаяу жүргінші қаза тауып, 2168 адам жарақат алған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың төрттен бірі – жаяу жүргіншілер. Ведомствоның статистикасына сәйкес, биыл 308 жаяу жүргінші қаза тауып, 2168 адам жарақат алған. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі – өзектілігін жоғалтпайтын тақырып. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда әрбір оныншы жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілердің кінәсінен болады» (дереккөз https://baigenews.kz/v-kazahstane-uvelichilos-kolichestvo-dtp-s-uchastiem- peshehodov_137273/).


1-тапсырма. Оқушыларды 3-4 адамнан тұратын топтарда қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, қала жолдарының қауіпті болуы ықтимал


учаскелерін зерттеуге және жолды кесіп өту кезінде алаңдататын факторларды ескере отырып, осындай жерлерде қауіпсіз мінез-құлық жадынамасын әзірлеуге шақырыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет