Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Кейде қылмыс құрбанына айналуы мүмкін адамдар білместіктен қылмыскерлердің назарын өздеріне аударатындай жағдайларды туғызады. Көп мөлшердегі ақшасы барын білдіру, көз тартатын қымбат киімдер кию немесе қымбат зергерлік бұйымдарын көрсету қылмыскер назарын аударып, қауіп-қатерді арттыратынын есте ұстаған жөн. Сақтық пен саналы мінез- құлық қылмыс нысанасына айналу қаупін азайтатынын естен шығармаған жөн. Жеке қауіпсіздікті қорғау дегеніміз – қоғамдық орындарда материалдық байлығыңызды көрсетпеу.
Криминогендік жағдайларды болдырмау үшін адам ықтимал қауіптерді болжап, мұндай жағдайлардың алдын алып үйренуі керек және барлық қолда бар құралдарды қолдана отырып, өзін қорғауға дайын болуы керек.
Оқушылармен қазіргі қоғамда жиі кездесетін алаяқтықтың түрлерін талқылаңыз. Алаяқтық қоғамның қай салаларында жиі кездеседі?
тапсырма.«Қазіргі заманғы алаяқтық». Оқушыларды 3-4 адамнан тұратын топтарға бөлініп жоспар бойынша белгілі бір саладағы алаяқтық бойынша (қаржылық алаяқтық, интернет және телефон арқылы алаяқтық, денсаулық сақтау саласындағы алаяқтық және т. б.) зерттеу жүргізуге шақырыңыз:
Әдістерментактикалардызерттеңіз.Таңдалғансаладаалаяқтаржиіқолданатын әдістерді талдаңыз. Олардың мінез-құлқын, алдау тәсілдерін,айла-шарғыжасауәдістерінжәнеадамдардысендірутактикасынзерттеңіз.
Жәбірленушілердіңпрофилінанықтаңыз.Алаяқтарәдеттеөзсхемаларынаеңосал адамдардың белгілі бір профилін таңдайды. Алаяқтықтың осы түрініңықтималқұрбаныболуымүмкінадамдардыанықтаңыз.Мысалы,қартадамдар,балалар,қаржылықбілімі шектеулі адамдар жәнет.б.