Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы



бет16/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
10. ҚАҒАЗ ҚАСИЕТТЕРІ

Басылым қаситеттері басу процесінде қағаздың тағайындалуын алдын ала анықтайды да сапасы жоғары баспа-таңба алуды қамтамасыз етеді. Қағаздың негізгі басылым қаситеттеріне мыналар жатады: 1) ақтығы, 2) тегістігі, 3) серпімді эластикалығы, 4) пластикалығы, 5) бояуды сіңіру қасиеті (кеуектілігі мен кеуектілігі) және 6) бетінің беріктігі. Бұл көрсетілген қаситеттерінің басудың белгілі бір әдісінің шарттарына және басылым өнімі (шығарылымы) қағазының арналу сипатына сәйкес келуі керек. Сонымен қатар басылым қағазды біраз жалпы талаптарды қанағаттандыруы керек.


Басылым қағазы сапасына қойылатын жалпы талаптар:
Басылым қағазының барлық түріне қойылатын міндетті жалпы талаптар мынаған жауап беруі керек:

  1. басу процесін жүргізуге қажетті қалыпты жағдайларды (ротациялық машиналарда басу кезінде қағаздың жыртылып қалмауы) және басылым өнімін тозбай ұзақ пайдалануды қамтамасыз ететін жеткілікті механикалық беріктігі.

  2. қағаздың әрбір шаршы метрінде (1м2) болатын ауданы 0,1-0,5 мм2 қоқыстардың рауалы санымен сипатталатын қоқыстары;

  3. қағаздың қалыңдығы, тығыздығы, құрылымы және тағы басқа қасиеттері бір партиядағы парақтар үшін ғана емес, әрбір парақ ішінде де біртекті парақ ішінде де біртекті (бірдей) болуы керек. Қағаз қасиеттерінің кенеттен өзгеруі болмауы керек, бұл қағаздың ең маңызды жетіспеушілігі, бұл басу процесін қиындатады және таңба саспасын төмендетеді;

  4. ылғалдылығы 6-8  аралығында болуы керек,

  5. қағаз парақтарының пішіні тік төрт бұрышты боп келуі керек. Парақтың қиғаштығы 0,2 - дан аспауы керек. Парақтардың қиылған шет жақтары бірдей әрі таза болуы керек. Қағаз парақтары быжыраймауы керек, бүршіктігі және майлығы және күліңгірт жақтары жоқ болуы керек, дақтары, сонымен т.б. зақымдары жоқ болуы керек. Қағаз бумасынан парақты тарқатып алған кезде парақтарын жиырылмауы керек.

Қағаз ақтығы
Басылым қағазы ақтығының өте жоғары дәрежеде болуы аса қажет, өйткені басылымда ыңғайлы оқылатыны басылған (мәтін, бейнелер) және ашық жолбөлімшелеріндегі баспа-таңбаларының контрастылығына тығыз байланысты екені белгілі.
Көп бояулы басылымда факсимальдікті, кескін реңктігі дәлдігін, оның түпнұсқа реңтігіне сәйкес келуін жеткілікті, ақ қағазда ғана басу кезінде алуға болады.
Қағаз ақтығының дәрежесі күндізгі шашыраңқы ақ жарықтығын барлық спектрі бойындағы сәулелерді толығырақ және бір қалыпты шағылыстыруына байланысты. Кейде қағаз күндізгі спектрдің қысқа толқынды көк сәулелерін жұтуы белгілі. Сондықтан қағаздың түсі ақшыл сарғыштау болып келеді. Қағаздың ақтығын арттыру үшін, қажеті жоқ, сарғылттау реңкін жою мақсатымен қағазды жасау процесінде оны көк және көгілдір бояулар мен бояуды немесе қағаз құрамына оптикалық ағартқыш зат- люминофорларды қосады.Қағаз ақ сүрек массасы мен ағартылмаған целлюлозадан жасалған болса, онда оның ақтығы төмендейді (басылым қағазы №3, газеттік қағаз). Қағаз ақтығы арта түседі.
Қағаз реңкі белгіленген үлгіге сәйкес болуы керек те барлық парақ және рулон бойы бірдей болғаны жөн.
Жоғары сұрапты басылым қағазы сапасына қойылатын негізгі талап мөлдірлігін аздау және қағаз бетінен күн сәулесі бірдей өтуі керек.
Ағатылған сүрек массасын, әсіресе термомеханикалық түрін азайтады, басылым қасиетін жақсартады.
Басылым қағазы ақтық дәрежесін зертханалық аспап-лейкометрмен немесе белгіленген (келістірілген) ақтықтық үлгі - эталонымен салыстырып тексереді. Денситометрлер қағаз ақтығын тексеруге қолданылмайды, өйткені олардың жарық (ақ) объектілерге сезгіштігі өте аз.
Қағаз тегістігі
Тегістігі- қағаздың ең маңызды басылым қасиеттерінің бірі.Тегістігі қағаз бетінің микрогеометриясына тығыз байланысты.
Қағаз бетінің микрогеометриясы дегеніміз өсімдік талшықтары мен толықтырғыш бөлшектері арасындағы төбешіктер мен шұңқырлардан тұратын бедер (рельеф). Қағаздың микрогеометриясын профилограф, микроинтерферометр көмегімен анықтайды. Олар қағаз бетінің профилограммасын сызады. Қағаз бетінің макро- және микробедері болады. Борланбаған қағаздың макротегіссіздік қатарына бір-бірінен 300-400мкм қашықтықта тұрған, биіктігі 25 мкм-ге дейінгі тегіссіздік жатады.Ал микротегіссіздіктер қатарына биіктігі 0,1-0,5 мкм, бір-біріне жақын ретсіз орналасқан тегісеместер жатады. Жылтырлығы жақсы, борланған қағаз бетінң микротегіс еместігі негізінен алғанда, 0,1-0,5 мкм аралығынн жатады, ал аса жылтыр теп-тегіс борланған қағаздың микротегіс еместігі -0,03-0,065 мкм. Ондай қағазда макротегіс еместіктер жоқ болады.
Қағаздың жылтырлығы немесе күліңгіртігі оның микрогеометриясына да байланысты. Аса тегіс қағаз жылтыр, ал кедір-бұдырлы қағаз-күліңгірт болып келеді.
Қағаз тегістігі Бекктің пневматикалық аспабы көмегімен анықталады. Қағаздың тиімді тегістігі оның микробедеріне ғана байланысты, өйткені макротегіс еместіктер басу процесінде бірден тегістеліп кетеді. Бұл әрине өрескел механикалық қоспаларға (қағаз қоқыстығы) қатысты емес, механикалық өрескел қоспалар басу кезінде тіпті басу цилиндрінің қатты қысымында тегістелмейді, сондықтан басу қысымы аса жоғары болмауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет