Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы



бет21/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Байланысты:
treatise96353

Рубинді пигмент СК триадты бояуларда қолданылады.
Негізгі бояғыштардың негізгісі – тон майлы индулин және метилфиолетті негізі суда еримейді, бірақ Олеин және нафтен қышқылдарында жылытқанда ериді, одан соң индулин ерітіндісі (олеат немесе нафтенат) қаныққан көк түске, ал метилфиолет фиолет түсіне боялады. Бұл ерітінділер шығыңқы басылымдың қара газеттік, кітаптық және т.б., жинақы сіңіруімен баспа-таңбада кептірілетін офсеттік басуда да қолданылатын бояуларды түсін келтіру үшін пайдаланылады. Тоң майда еритін бояуға түс келтіргіштер бояу тұтқырлығын жоғарылатпайды, сондықтан күйе мөлшерін азайтуға қажеттілігі жоқ. Сонымен қатар олар босу қасиеттерін жақсартады, беттік-активті заттар ретінде пигменттерді тұрақтандырады, баспа-таңбалардағы бояудың кеуәп кетуін жақсартады. Бірақ майда еритін бояуға түскелтіргіштерді байкап қолдану керек, өйткені шамадан тыс артық қолданылса, баспа-таңбаны тесіп кетуі мүмкін.
Индулин мен метилфиолетті негіздерден басқа негізгібояғыштардың барлығының негізі бар, мәселен родамин негізі, одан шығыңқы басудың офсеттік газеттік және кітаптық жоғары сапалы түрлі түсті бояуларын жаспа шығаруға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталып өткен бояғыштардың негіздері олеаттар түрінде өндірісте қолданылады.
Милори – химиялық құрамы күрделі, қанық көк, жарыққа берік, майда түйірлі, жасанды органикалық емес пигмент суда, майларда, лактарда ерімейді. Милориден алынған бояудың басылым қасиеттері қанағаттанарлық: жұқа қабаттарындағы бояу – мөлдір, қаалың жерлерінде - жамылғы (кроющая), бұл оның аса қаныққандығымен түсіндіріледі.
Қышқылдар милориге әсер етпейді, бірақ сілтілер оны темір (III)гидроксидіне дейін толық ыдыратады. Сондықтан милоридан жасалынған бояулармен сілтілермен оның қосылыстарымен, мәселен сабын оралымын немесе сілтілік желімдермен жапсыратын баспа-таңбаларда басуға болмайды. Милори бояулары жақсы кебеді, өйткені оның құрамындағы темір-сиккативті металл. Басқа бояулар қоспасымен милори сиккатив ретінде әсер етеді.
Күйе (жаңа терминология бойынша техникалық көміртегі) – бұл аса майда түйіршікті, қаныққан қара, жарыққа аса берік пигмент. Химиялық құрамы жағынан күйе таза көміртегі, оны газтәріздес және сұйық көмірсутектерді мысалы метанды 1200оС температура термиялық реакция көмегімен алады. Іс-тәжірибеде органикалық шикізатты термиялық ыдырату жолымен күйе алынады. Ауа белгілі бір мөлдшерде беріледі, көмірсутектер жану кезінде күйе бөлініп шығуы керек. Полиграфиялық бояу жасау өндірісінде қолданылатын күйе алудың екі жолы бар: канал мен пеште. Канал күйесін табиғи метан газын горелкада жағу жолымен алады. Жалынды суытып отыратын канал бетіне ұстайды, сонда күйе бөлініп шығады. Күйенің шар тәріздес өлшемдері 30-40 нм, оның меншікті беті шамамен 100 м2/г.
Пеш күйесін табиғи метан газын арнайы пеште жағу жолымен алады. Пайда болған күйені электрсүзгі көмегімен ұстайды. Пеш күйесінің өлшемі 60нм, меншікті беті шамамен 40 м2/г.
Канал күйесінің сапасы қаралығымен майда түйіршілігі жағынан пеш күйенің сапасынан жоғары. Сонымен қатар пеш күйесінің абразивті қасиеттері бар, бұл ротациялық басуда стереотиптік таралымға тұрақтылығына кедергі жасайды. Канал к.үйесінен жасалынған бояудың басылым қасиеттері жақсы. Сондықтан полиграфиялық бояулар көбінесе канал күйесінен жасайды. Канал күйесінің кемшілігіне оның түсінің бояудың жұқа қабатының жағымсыз қоңыр реңдігі және бояу кебуін баяулату қабілеті жатады. Бұл кемшіліктері көк, фиолетті бояу түсін келтірушілей мен сиккативтерді қосуымен жойылады.
Пеш күйесінің кейбір артықшылықтары бар: көгілдір реңді, майлылығы аз. Оның бағасы канал күйесіне қарағанда арзан. Шикізат массасымен салыстырғанда пеш күйесінің шығарылымы 30%, ал канал күйесінікі небары 4% құрайды. Сондықтан пеш күйесі кейбір газет, кітап-журналдық бояулар жасау үшін қолданылады, оны пайдаланудың болашағы өте зор.
Ақ пигменттер ақ жамылғы бояулар қаңылтыр, фольга, полимерлік пленкалар, түрлі-түсті қағазбен, қатырмаға басу үшін қолданылатын үгітілген ақшыл бояулар. Олар кәдімгі түрлі-түсті полиграфиялық бояулар жасау үшін қолданылады.
Толықтырғыштар (алюминий гидрооксиді, барий сульфаты –бланфикс және т.б.) бояудың түқыр пластикалық қасиетін реттеу үшін, бояу қанықтылығын төмендету немесе пигмент түсін жақсырақ көрсету үшін, қажетті болған жағдайда, бояу ашықтығын көтеру үшін, баспа-таңбаларға кейбір күліңгірттік беру үшін, басу кезінде бояудың шашырап кетуін азайту үшін, бояу құнын арзандату мақсатымен, сонымен қатар борланған мен борланбаған қағаз өндірісінде қолданылады.
Ақ пигментпен толықтырғыштардың жамылғы қабілеттіолігі олар мен байланыстырғыштарының сәулені сындыру көрсеткіштерінің айырмасына байланысты. Ол айырма неғұрлым көп болса, соғұрлым бояудың жамылғы қабілеттілігі көп болады.
Пигмент пен толықтырғыштардың майлы байланыстырғышына қатысты сәуле сындыру көрсеткіштері айырмасы шамамен мынаған тең: алюминий .гидроксиді үшін – 0, барий сульфату – 0,15; цинк оксиді – 0,5; титан диоксиді – 1. Сондықтан бояудың жамылғы қабілеттілігі байланыстырғыш табиғатына байланысты. Мәселен, зығыр майында үгітілген барий сульфаты, каолин, алюминий гидроксиді – мөлдір, ал суда, жеңіл байланыстырғышта – жамылғы. Сонымен, ақ пигмен пен толықтырғыштар арасында шекара жоқ, барлығы байланыстырғыштары табиғатына байланысты.
Басылым ақшылдары (белила). Осы пигментті алу үшін алюминий сульфаты мен карбонатын араластырады. Алюминий гидроксидін тұндырған соң, барий хлориді ерітіндісін құяды, ол реакция нәтижесінде пайда болған натрий сульфатымен әрекеттеседі, барий сульфаты тұнбасын түзейді. Жоғарыда көрсетілген ақшыл полиграфиялық бояулар толықтырғыштары ретінде қолданылады, олардың басылым қасиеттері өте жоғары, ГОСТ 1715-83 стандарты бойынша, полиграфиялық түрлі түсті бояулардың түс қанықтығын төмендеткіш ретінде шығарылады.
Аэросил (ақ күйе) – кремнийдің синтетикалық коллоидті тотығы (SiO2), тығыздығы 1,95-2,25 г/см3, ақ ұлпа ұнтақ, бөлшек өлшемдері 5-8 мкм, байланыстырғыш қосқанда күліңгірт паста түзейді. Жайылуға қарсы паста құрамына кіреді, мәселен 10-11 маркасы басу процесінде білікшелермен бояудың шашырап кетуін болдырмайтын құрал ретінде қолданылады.
Пленкатүзеушілер – атының өзі айтып тұрғандай, қағаз бетінде берік пленка түзейтін заттар. Полиграфиялық бояулар үшін пленка түзеушілер ретінде өсімдік майлары, жоғары майлы талл қышқыл майлары, алкид полимерлері, канифоль және оның туындылары, канифоль-малеин шайырлары, фенол-альдегид шайырлары, лактық битум және т.б. қолданылады.
Алкидті май етітетін полимерлердің беттік-активті қасиеттері бар. Басыдың басылым қасиеттерін жақсартатын және тұрақтандыратын байланыстырғыштарының негізгі құрама бөлігі болады.
Алкидті май ерітетін полимерлер – көп атомды спирттерден (мәселен, глицерин, пентаэритрит) және дикарбонат қышқылынан (мәселен фталь, дифен, малеин, фумар) өсімдік майлары немесе еркін майлы және шайыр қышқылдарымен қатысуымен синтездеп алынатын күрделі полиэфирлер. Соңғы құраушыларының құрамына қарай, алкидті полимерлердің майлылығы дәрежесі әртүрлі боп келеді.
Полиграфиялық бояулар жасау үшін майлық дәрежесі алкидтер қолданылады. Олар майларда, органикалық еріткіштерде жақсы еруі керек және астар бетінде тотық полимерлену арқасында кебуі керек.
Байланыстырғыш – басылым бояуының сұйық фазасы, ол бояудың басылым қасиеттерін және баспа-таңбада бояудың тез кебуін қамьтамасыз етеді.
Бояудың басылым қасиеттері – басу процесіндегі тәртібі: бояу аппаратында үлестірілуі, формаға жағылуы, басылатын материалмен өзара әрекеттесуі, кескіннің пайда болуы, басудың әртүрлі тәсілдерімен әртүрлі басылым өнімдерін жасауға арналған бояулар үшін әр түрлі боп келеді. Осы бояудың ассортименті негізінен алғангда байланыстырғыштың құрамы мен қасиеттеріне тығыз байланысты. Байланыстырғыш құрамын өзгерту арқылы кәдімгі пигменттен басудың кез келген тәсілі үшін бояу ала беруге болады.
Байланыстырғыштардың классификациясы
Құрамы мен кебу сипаты жағынан, яғни қағаз бетінде пленка түзуіне қарай, кебуінің түріне қарай байланыстырғыштар мынандай топқа бөлінеді:

  1. жинақы сіңіру

  2. тотықты және УФ-полимерлену

  3. органикалық еріткіштің шайыр композициясынан булану.

Іс-тәжірибеде жинақы сіңіру процесімен кебу газет және кітап басылымдарында байқалады, тотықты полимерлену немесе еріткіштің –метал мен полимер пленкалары бетіне басу кезінде байқалады. Барлық басқа жағдайларда экономикалық тиімді құраушысы көп байланыстырғыштар басылым қасиетін жақсарту үшін, пленка түзу процесін едәуір жоғарыда көрсетілген үш фактор есебімен тездету үшін қолданылады.
Коллоидті жүйе – бояуда шайырдың тұнуы байкалмайды. Полиграфиялық бояудың байланыстырғышы ретінде лактар қолданылады.
Лактар – бұл қатты шайырлар мен алкидті полимерлердің органикалық еріткіштердегі кебу дәрежесі әртүрлі немесе тіпті кеппейтін ерітінді. Лактарды оның құраушыларын араластыра отырып жылыту арқылы бір-біріне еріту арқылы алады. Офсеттік және шығыңқы басылымға арналған бояу байланыстырғышы, әдетте көп компонентті, оның бәрі бояуға жақсы басылым қасиетін беру үшін қағазда бояудың тез кебуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Төменде кеңінен қолданылатын офсеттік және шығыңқы басуға арналған бояулар жасауға қажетті лактар көрсетілген.
Битум лагы – 20%битумнан, 80% МП-2 минерал майынан тұрады. Шығыңқы ротациялық басудың қара бояуларын жасау үшін қолданылады.
Канифоль-малеин лагы канифоль-малеин шайырынан, мұнай майларынан (минералды майынан) алынады. Битум лагына қарағанда тез кебеді. Түсі ашық, сондықтан азғантай ғана түс келтірушілерді қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет