Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы


Қағаз. Қағаз құрамы, қағазды жасау және оның құрылымы



бет15/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Қағаз. Қағаз құрамы, қағазды жасау және оның құрылымы
Қағаз - дегеніміз, негізінен алғанда, целлюлоза талшықтарынан (сүрек целлюлозасы, сүректік масса, мақта талшығы, зығыр, макулатуралық масса және т.б.) тұратын массасы 250 г/м2 дейін парақтар немесе ленталар. Қағаз, әдетте, бір немесе екі қатпарлы болып келеді. Қағаз қалыңдығы шамамен 35-300 мкм аралығында жатады.
Қағаз талшықты және талшықты емес құраушыларың судағы суспензиясын, яғни қағаз массасын қағаз жасау машинасында тор көзінде жайылады да кептіріледі, одан кейін каландрлерден өткізіледі (жылтырлатады.) Каландрдан өткізу қағаздың тегістігін арттырады.
Қағаз- кеуекті зат, оған ауа толады, ылғал, полиграфилық бояу сіңе алады, немесе, қағаз дегеніміз целлюлозалық өзара химиялық сутектік байланыстарымен бір-бірімен қосылған талшықтардан құралған өздеріне тән қаңқа. Қағаз құрамына енетін өсімдік талшықтарының ұзындығы 1-2 мм, ал диаметрі шамамен 25 мкм. Целлюлозалық талшықтар арасындағы кеңістіктер ішінде канифоль және кейбір, мәліметтерге қарағанда, шамамен 7  дейін ылғал болуы мүмкін. Ылғалдылығы жеткіліксіз қағаздың қатаңдығы, морттылығы артады, ал ылғалдылығы шамадан тыс көп болса, онда қағаз өзінің беріктігін жоғалтады да, пластикалығы артады.
Кәдімгі қағаздар суланғанда өзінің алғашқы механикалық беріктік қасиетін тіпті жоғалтады, ал оған керосин немесе май сіңіргенде қағаздың беріктігі өзгермейді. Бұл қағаздағы целлюлозалаық талшықтар бір-бірімен негізінен алғанда сутектік байланыспен қосылысқан және Вандер-Ваальс пен үйкеліс күштерімен ептеп қосылысқан екенін көрсетеді. Сутектік байланыстың көмірсутек пен майлардың әсеріне сезімтал емес, бірақ суда толығымен еріп кетуі белгілі.
Талшықтар құрамы, өсімдік талшықтарының табиғаты, оларды өңдеу сипаты, толықтырғыш түрі, желімдеу тәсілі, сонымен қатар құюмен өңдеу технологиясына байланысты қасиеттері әр түрлі қағаздар алынады. Жасау тәсіліне қарай қағаз бор жағылған және бор жағылманаған қағаз алынады. Бор жағылған қағазды алу үшін қағаздың бетіне пленкатүзетін ақ пигмент пен қағаздың бетін ағартатын, тегіс және кеуекті етіп жасайтын басқа заттардан тұратын ерітіндінің судағы суспензиясымен бір немесе екі жағына жағады.
Одан кейін қағазды кептіріп каландрлерден өткізгенде оның беті тегіс болады, қағаздың түсі ағара түседі, тегістігі мен кеуекті к қасиеті арта түседі.
Ақ сүректік масса-қағаз жасау процесінде шырша сүрегін механикалық жолмен үгіту арқылы алатын, ең арзан талшықты жартылай өнім.
Ұзындығы шамамен 125 см болатын, қабақтарынан таза аршылған шырша бөренелерін (баланстарды) үйкелеу жлымен сүректік массаны алуға арналған құрылғыны дефибрер деп атайды. Ол оське мықтап орнықтырылған, бетіне ойықтар салынған цилиндр тәріздес тастан тұрады. Оның үстінде шахта орнықтырылады. Шахтаға баланс салынады. Тас айналғанда төрт ауыр шынжыр көмегімен балансты қыса үгіте бастайды. Дефибрер жұмыс істеу кезінде оның тасына су бүркеледі. Ол үшін су бүркелетін арнайы айла бұйым су бүріккіш бар. Біріншіден, су тасты салқындатады, екінші жағынан сүректі ылғалдандырады, үшіншіден, тас бетіне жабысып қалған сурек массасын шайып алып кетеді.
Дефибрердің үздіксіз жұмыс істейтін, құрылмасы басқа түрлі, сонымен қатар табақты диірмен және жаңқаларды ұсақтайтын рафиндер сияқты түрі баршылық.
Сүректе целлюлоза талшықтары лигнин және гелицеллюлозамен цементтелген сияқты бір-бірімен берік қосылысқан, сондықтан дефибрерлерде балансты үйкелгенде целлюлозаны қайнату кезінде болатын бір текті, бұзылмаған талшықтар алуға мүмкіншілік болмайды. Онда бұзылмаған ұзынырақ талшықтармен қатар, талшықтар бумалары және кесектері, сүрек ұнтағы деп аталатын 30-ға дейін пішінсіз қиқымдар бар.
Ақшыл сүректің массаның химиялық құрамы өзі алынған сүректікіндей. Сүректік массадағы лигниннің мөлшері көбіректеу. Оның талшықтары өз бетімен берік қағаз түзе алмайды, сондықтан басылым қағазын жасау кезінде ақшыл сүректік массаға аз мөлшерде сульфиттік немесе ағартылған сульфатты целлюлоза араластырылады. Ақшыл сүректік массаны түсі сарғылт реңді ақ боп келеді.
Бірақ ақшыл сүректік масса қағаздың басылым қасиеттерін жақсартады: мөлдір болмау, пластикалық, кеуектілік қасиетін арттырады, бояуды жинақы қабылдап, сіңіріп берік қатаю қабілетін жақсартады.
Ақшыл емес сүректі реңкті болып келеді, ол құрамында лигнин болмағандықтан қағаздын ұзаққа төзімділігін, жарыққа беріктігін жоғалтады. Сондықтан ақшыл сүректік массаны көбірек қолдана беруге болмайды, ұзақ сақталмайтын, мәселен, газеттік, кітап-журналдық нөмірлері екінші және үшінші қағаз түрлері үшін ғана қарап қолдану керек.
Целлюлозаны сыймдылығы үлкен, мәселен 340 м3, нығыздалып жабылған қазанда сүрек жаңқаларына әлсіз қышқыл немесе сілті ерітінділерін құйып, жоғары қысымда қайнату арқылы алады. Осы жағдайда лигнин ыдырайды да ериді, ал сүректен аса бұзылмаған целлюлоза талшықтары алынады.
Целлюлозаны алудың (қайнатудың) екі тәсілі бар: сульфиттік (қышқыл) және сульфатты (сілтілі).
Тоқыма жартылай масса - бұл макта немесе зығыр целлюлозасының тігу фабрикасының қалдықтары – қиындыларынан, майда мақта майынан (линттан) және тозығы жеткен матадан (шүберектен) тазаланып алынатын талшықты жартылай фабрикат.
Тоқыма қалдықтарын талшығына қарай, түсі бойынша сұрыптайды (шүберекті алдын ала дезинфекциядан өткізеді), одан кейін оларды қиындыларға, қияды да пішіні шар тәріздес, өзінің көлденең осі бойымен айналатын, қақпағы нығыздалып жабылатын қазанда сілті ерітіндісінде (сода, еритін әйнек немесе натрий гидроксиді) жұғып қалған кірден тазарту үшін, бояуларын аздап кетіру үшін қайнатады. Қайнатылған массаны қазаннан алып, сұйықтығы ағып болғанға дейін ұстап тұрады. Одан кейін жартылай массаға майдалайды, яғни жартылай массалық роллда массаны түтеді, жеке-жеке жіптері тіпті талшықтарын көрінгенге дейін түтеді. Жартылай массалық роллдың құрылымы массалық тікіндей, одан бір айырмашылығы ғана бар, тоқыма жартылай массаны қайнатпа сұйықтан шаятын қосымша айла бұйымы ғана бар.
Шүберек жартылай массаны натрий немесе кальций гипохлоритің (хлорлы ізбес) судағы ерітіндісіне салып ағартады. Егер тоқыма жартылай масса ұзақ сақтауға жараса немесе басқа кәсіпорынға тасымалдауға ұйғарылса, онда одан судың көп бөлігін гидравликалық престе сығып алады (сусыздандырады), сосын кептіреді.
Макулатура – ескі жарамсыз кітаптар, журналдар, газеттер, пайдаланған дәптерлер, кеңсе кітаптары және т.с.с. Макулатура- қағаз бен қатырма жасап шығару көлемін өсіруге мүмкіншілігін беретін бағалы қайтармалы шикізат. Макулатураны қағаз жасап шығаруда қолдану бірнеше мың гектар орманды сақтап қалуға мүмкіншілік береді. Макулатураға қағаздар қиындылары («лапша»), полиграфия кәсіпорындарынан әкеліген жыртындылар, ақаулы баспа-табақтар жатады. Қағаз фабрикасына әкелінген макулатура гидроұсатқыштарда майдаланады («жібітіледі»). Гидроұсатқыш дегеніміз астында айналатын роторы (турбинасы) бар шомылғы. Дайын болған масса шомылғыдан ротор айналғанда айналасындағы елеуіш тесіктері арқылы өтеді, ал ауыр (металл қоспалары, құм) және жеңіл (мәселен, пластмасса, жаңқалар) басқа, лас қоспалардан тазартылады. Одан кейін масса рафинерлерде үгітіледі.
Типографиялық бояуды талшықтарын аса бұзбай шар тәріздес қазандарда, гидроұсатқыштарда немесе температурасы 80-90 С сілтілермен, фосфор тұздарымен, ОП-7 жәнек ОП-10 суландырғышымен қоса натрий силикаты бассейнінде 1,5 сағ. Уақыт ішінде кетіреді. Одан кейін талшықты массадан шайынды судан қоюландырғыштарда немесе вакуум – сүзгілерде айырады, сосын сутегі пероксид (Н2О2) немесе натрий пероксид (Na2O2) көмегімен ағартады. Қазіргі жағдайларда – сүректің едәуір жетіспеуі салдарынан өте-мөте көп мөлшерде макулатураны пайдаланудың маңызы зор. Макулатура әзірше қатырма қорап жасауда ғана пайдалануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет