Қағаздың серпімді эластикалық және пластикалық қасиеттері Полиграфия өндірісінде қағаз әр түрлі деформацияға ұшырайды. Шығыңқы басу кезінде қағазға басу формасының басу элементтері де қысым түсіреді, ал кітапшалау-түптеу өндірісінде қағаздар дәптерлерге бүктеледі де престеледі. Бір жағдайда қағаз деформациясы қайталанады, яғни қысымды алғанда жойылатын, екінші жағдайда қайтарымсыз, яғни қысымды алғанда деформация қалып қоятын болып келеді.
Басу цилиндрі әрекетімен қағаз деформацияға түседі, бірақ механикалық қысым (аудан бірлігіне шаққандағы күш) мөлшеріне қарай деформация әр түрлі: серпімді, эластикалық және пластикалық болып келеді.
Белгілі бір қысым әсерінен өзінің пішіні мен өлшемдерін лезде өзгертіп ал қысымды тоқтатқанда алғашқы пішіні мен өлшемдерінің лезде қалпына қайтып келу қасиетін материалдың серпімділігі деп атайды. Серпімді деформация - бұл лезде пайда болатын қайтымды деформация. Ол Гук заңы бойынша түсірілген қысымға тура пропорционал.
Эластикалық дегеніміз белгілі бір уақыт аралығында қысым әсерінен өзінің пішіні мен өлшемдерін өзгертіп, сол қысым тоқтату кезінде өзінің алғашқы пішіні мен өлшемдерінің біртіндеп өз қалпына қайтып келетін материал қасиеті. Эластикалық деформациясы біртіндеп жойылады.
Механикалық қысымнан кейін пайда болған деформациясы қалып қойса, онда ондай деформация пластикалық деп атайды.
Сонымен, серпімді эластикалық қаситеттері ылғалдылығына, нығыздау және каландрлеу дәрежесіне тығыз байланысты.
Қағаздың серпімді эластикалық қасиетін аса жоғарылату қажет емес, ал қағаздың ондай қасиеті кітапшалау-түптеу жұмыстарында тіпті қажет емес. Қағаз пластикалығын жоғарылатудың бірнеше жолдары бар. Сүрек массасынан жасалған қағаздың құрылымы талшықтары қысқа (аса фибрленген емес) целлюлозадан, толықтырғышы, әсіресе ылғалдылығы едәуір көп болса, қағаздың пластикалылығы артады.
Қағаз ылғалдылығы (химиялық ылғалдылық) целлюлозамен сутекті байланыстар арқылы қосылысады. Адсорбциялық ылғалдылық целлюлоза талшықтарын мономолекулалар қатпарымен жағала жатады. Қағаздың құрылымдық ылғалдылығы өзі динамикалық тепе-тең күйде тұратын қоршаған орта ылғалдылығына тікелей байланысты. Сонымен, бір қалыпты атмосфералық жағдайда (температурасы 20С, салыстырмалы ылғалдылық 55-60) қағаз ішінде химиялық байланысқан және адсорбциялық ылғалдылығы бар, ал ылғалдылығы өте көп болғанда ғана механикалық ылғалдылық пайда болады.
Ылғалдылық абсолюттік және салыстырмалы болып екіге бөлінеді.Абсолюттік ылғалдылығы дегеніміз қағаздың ішіндегі ылғалдылықтың пайызды мөлшері.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы бұл оның ішіндегі ылғалдылықтың су буымен барынша қанығатын ауа ылғалдылығына пайыздық қатынасы. Жабық ыдыс ішіндегі су бетіндегі ауа 100 салыстырмалы ылғалдылықты иемдейді. Немесе басқаша айтқанда, салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз белгілі бір объектідегі су буы серпімділігінің су бетіндегі ауа ішіндегі су буы серпімділігіне пайыздың қатынасы.
Толықтырғышы жоқ қағаз аздап қана ылғалдандырылса (құрғақ), ло қалдық деформация бермейді, тек қана бояу өтетін эластикалық деформацияғаа ұшырайды. Үлкен қысымда қағаз құрамында өзгерістер жүреді, кейбір талшықтардың үзілуі мүмкін, мұның бәрі қалдық деформациясының пайда болуын көрсетеді. Қағазды аса көп ылғалдандырса оның талшықтары су қабықшаларымен бірге жан-жаққа қозғалады, кейбір талшықтар арасында байланыс күштер әлсіреді, яғни қағаз құрылымы «қозғалыста» болады. Ылғалдылығы жеткілікті қағаз ішінде күштің әсерімен ағу процесі жүреді. Қағаз құрылымының талшықтары үзілмей суырылуы салдарынан уақыт бойынша қалдық деформациясының өсуі өтеді.
Толықтырғышы көп қағаз да қалдық пластикалық деформацияға ұшырайды.
Қалдық пластикалық деформация толықтырғыш (мәселен каолин, талық) бөлшектерінің бір-біріне немесе целлюлоза талшықтарына қатысыты салыстырмалы жылжу- сырғанау салдарынан болады.
Қағаздың бояуды сіңіру қабілеттілігі Бояудың уақытында және тез кебуі ең маңызды шарты. Бояуды сіңіру кезінде байланыстырғыштың біраз бөлігі- (тұтқырылығы аз және төмен молекулярлы компоненттері) бояудан бөлініп қағаз қабатына енеді. Бояудың қағазға сіңуі (дәлірек айтқанда байланыстырғыштың біраз бөлігі) қағаздың кеуекті құрылымының салдарынан болады. Кеуектіліктің макро және микрокеуектілік сияқты екі түрлі болады. Макрокеуектер (немесе кәдімгі кеуектер) – ауа және ылғалмен толтырылатын қағаз талшықтары арасындағы үлкен кеңістіктер. Кеуектің максималды диаметрі целлюлоза талшығынының диаметрі целлюлоза диаметріне , яғни 20-25 мкм тең. Микрокеуектер – борланған қағаздың үстіңгі қабатынан өтетін, сонымен қатар толықтырғыш бөлшектерінің арасында немесе борланған емес қағазында толықтырғыш бөлшектері мен целлюлоза талшықтарының арасындағы өте майда пішініміз, өлшемдері өте-мөте аз, 1-2 мкм аралығында жататын, тіпті целлюлоза талшықтары ішінде кеуегі болатын кеңістіктер.
Қағаз жасау машинасындағы қағаз кептіру ережесі оның кеуектілігіне көп әсер етеді. Сонымен, жоғары температурамен кептіргенде қағаздың кеуектілігі артады. Борланған емес, аса тығыз емес қағаздар, мәселен газеттік, макрокеуекті қағаздар қатарына жатады, ал борланған қағаз микрокеуектілер, басқаша айтқанда кеуекті қағаздарға жатады.
Байланыстырғышы адсорбциялана отырып, ішкі бетінің жақсы дамуы салдарынан микрокеуекті қағаз өзіне бояуды жақсы сіңіреді. Микрокеуекті қағаздарда өзіне бояуды жақсы сіңіреді, бірақ кеуекті күштердің (кеуекті қысым) әсерінен жақсы сіңіреді. Бейнелік басылым үшін қағаздың микрокеуектілігі, керек емес, өйткені қағаздың бояуды сіңіру қабілеттілігі тым жоғары болу әсерінен бояудың қанықтылығы мен жылтырлығы жоғалады.
Массадағы қатпар (қағаз бетіндегі аздаған қатпар) қағаздыің алғашқы төзімділігін арттырады және қағазға боядың сіңуін шектейді, бірақ майлы бояудың сіңіуіне бөгет жасамайды.
Қағаз бетінің беріктігі Қағаз бетінің үйкеуге және тырмалауға беріктігі бейнелік басылымда өте маңызды мәнге ие болады, өйткені растр элементерінің айқындығы, жұққыштығы әрі тұтқырлығы үлкен бояуларды қолдануымен жеткізіледі. Офсеттік бояулардың жұққышытығы жеткіліксіз болса, онда бояуды ылғалдандырған сұйықтық ішінде эмульсияға түрленуі байқалады жәнге басу кезінде басу формасының ашық жол бөлшектерінің жайылып кетуі де байқалуы мүмкін.
Қағаз массасының талшықты түрін қолданғанда оның бетін карбамид шайыры мен крахмалмен қатпар жаққанда қағаз бетінің беріктігі арта түседі. Офсеттік қағаз сапасына әсіресе, оның бетінің қатпары әсер етеді. Офсеттік қағазда толықтырғыштың көп болуы қажет емес, өйткені олар басу процесі кезінде резеңке маталы офсеттік пластина бетіне жабысып қалуы мүмкін.