Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы



бет18/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Байланысты:
treatise96353

11. БАСЫЛЫМ ҚАҒАЗЫНЫҢ АССОРТИМЕНТІ

Басылым қағазы өндіріс тәсілі бойынша борланған емес және борланған, әрлеуі бойынша- күліңірт және жылтырлатылған, талшық құрамы бойынша – кластарға (кластар нөмірі белгіленеді, массасы № 1 таза целлюлозалық қағаз, №2 және 3 құрамында сүрек массасы бар қағаз); пішіні бойынша - рулонды, парақтық, басу әдісіне қарай – шығыңқы, офсеттік және ойыңқы басылымға арналған болып бөлінеді, басылым өнімі сапасы бойынша – газет, кітап-журнал, картографиялық, жарнамалық және т.б., қасиеттері бойынша түрлерге, маркаларға бөлінеді.


Қағаз маркасы әріптермен белгіленеді, қағаз нөмірінен кейін қойылады, мәселен № 1А; 1Б; №2Б және т. б.
Шығыңқы басылымға арналған кітап-журналды қағаз
Кітап – журналдық қағаздың ГОСТ 9095-73 бойныша үш нөмері 1,2 және 3, жылтырлатылған және күліңгірт түрлері жасап шығарылады. Ол қағаздың бірнеше маркасы бар, маркалары А және Б әріптерімен белгіленеді. Белгілі бір талшықтары бар қағаздың тегістігі, күлділігі мен тығыздығы әр түрлі болуы мүмкін . Шығыңқы басылымға арналған қағаз қатпарланбайды, өйткені процесі кезінде қағаз суланбайды.
№1 таза целлюлоза қағазының тегістігі 250 с кем емес, бұл бейнелік басылым басуға әбден жектілікті. №2 және 3 құрамында сүрек массасы бар, пластикалық қасиеті жоғары қағаз үшін тегістік мөлшернің біраз төмендеуі жіберіледі.
№1және 2 қағаз үшін толықтырғыш (каолин) құрамы (күлділігі) 16-23 құрайды.
Қағаз құрамында толықтырғыштың көп болуы қағаз касиетін жақсартады, өйткені ол қағазға пластикалық, кеуектілік қаситеін, сонымен қатар мөлдір еместінгін арттырады. №3 қағаздағы толықтырғыш мөлшері азғантай (жылтыр қағазға 10-16  және күліңгірт қағазда 10-14), өйткені ол қағаздарға пластикалық қасиетті сүрек массасын береді.
Офсеттік басылымға арналған кітап-журналдық қағаз
№1А,Б,В және Г (ГОСТ 9094-70) офсеттік қағаздар бір-бірінен тегістігі, күлділігі және тығыздығы бойынша ажыратылады. Қағаз массасының ішінде канифоль желімі бар, оның ішінде 1 крахмал немесе карбамид шайыры қосылуы мүмкін.
Сонда штрих әдісімен анықталғанда қағаз қатпары 1,75 мм-ден кем болмауы керек. Офсетік қағаз сапасына қойылатын негізгі талап: қағаз құрылымының біртекті болуы, берік болуы, қағаз бетінің шаң шығармауы керек.
Көбірек қолданылатын күліңгірт офсеттік қағаздың тегістігі 30-80 с, бұл плакат және тыс қағаздарын басуға әбден жеткілікті, картографиялық шығарылым, орта мектеп және балалар әдебиетін басып шығару үшін жарамды.
Кейбір жағдайларла тегістігі аз қағазды қолдануға болады, бірақ оның құрылымының майда түрйірлі долуы шарт. Репродукциялы және көркемсуретті альбомдар үшін тегістігі 170 с офсеттік қағаз қолданылады.
Офсеттік басылым үшін қағаз бетінің берік болуы және бетінің шаң шығармауы өте маңызды, өйткені офсеттік рәзіңке маталы пластиналар қағазды қатты қысқанда жіңішке талшықтарын, толықтырғыш бөлшектерін жұлып алуы мүмкін. Мұның салдарынан офсеттік қағаздағы толықтырғыш мөлшері 15 -дан аспауы қажет.
Офсеттік қағаздың серпімді эластикалық қасиеттері бояуды қағаз бетіне жағылуына еш әсер етпейді, өйткені резеңкелі маталы офсеттік пластинаның серпімді эластикалық қасиеттері өте жоғары болып келеді. Қағаздың пластикалығы да зиянды, өйткені басу элементтерінің қайта басылып кетуі мүмкін.
Офсеттік қағаздың шығыңқы басылым қағаздарынан айырмашылығы сол, онда канифоль желімімен желімделген (қатпары 1 мм-ден асады). Офсеттік жұқа қағаз күліңгірт, яғни машинадан шығатын тегістілігімен жасалынады.
Газеттік қағаз
Газеттік қағаздың әр түрлі газет, жаппалы кітапшалар, жексенбілік қосымшалар және т.с.с шығырылымдарды офсеттік басу әдәсәмен шығыру үшін қолданылады.
Шығыңқы басылымға арналған газет қағазға 80 ақ сүрек массасынан және 20 сульфиттік ағартылмаған целлюлозадан жасалынады. Целлюлоза қағаздың механикалық беріктігін арттырады. Газеттік қағазды 100 термомеханикалық сүрік массасымен де жасауға болады. Газет қағазының беріктігі тез жүрісті ротациялы машиналарында басуға жеткілікті болуы керек. Газеттік қағазға желім жағылмайды, өйткені суға төзімділігі жағынан жоғары талап қойылмайды. Бірақ бұл қағаздың құрамында күкірт қышқыл глинозем әсерінен талшықта тұлажем, шырша сүрігіндегі табиғи шайыр желім қатпары бар. Тегістілігі машиналық, газеттік қағаз қатты тығыздалмайды, қағаз жасау машинасында алған кеуектілігін сақтап қалады.
Сонымен қатар бейнесуреттері өте көп газеттің мерекелік нөмірлерін басуға арналған аса жалтырлатылған қағаздың тегістігі 100-150с. ОНдай қағазды сүріктің массадан, 5 каолин қосып та жасайды. Ол қағаздың тығыздығы шамамен 0,8 г/см3.
Негізінен сүректік массадан жасалғандықтан газет қағазының серпімді пластикалық қасиеттері жоғары және макрокеуектілігі жоғары болып келеді. Газет қағазына толықтырғыш сүректің да (майда сүректік талшықтар). Газет қағазының тегістігі неқұрлым көп болып, тығыздығы неқұрлым аз болса, соғұрлым оның сапасы жоғары болады. Сапасы жоғары газеттік қағаз бояуды өзіне жақсы қабылдайды. Жинақы сіңіру арқылы бояуды өзінде кептіреді. Газет қағазының сапасын жақсартудың ең негізгі бағыты және газетті пайдалануының тиімділігін көтеруінің басты мәселесі - басылым қасиеттерін жоғары ұстай отырып, газеттің 1 м2 массасын жеңілдету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет