13. БАСПА БОЯУЛАРЫНЫҢ АССОРТИМЕНТІ
Төрт бояулы басуда триадты: сары, қызғылт, көгілдір және қара түсті бояулар қолданылады. Түс бөлу, түсті түзету, формалық процестерін дұрыс орындағанда, мөлдір сары, көгілдір және қызғылт бояуларды барынша пайдаланып оларды бір-біріне салғанда баспа-таңба шкаласында бейтарап сұр ренк пайда болады. Іс-тәжірибеде ондай ренкті алу әрқашан бола бермейді, өйткені нақты бояудың идеалды болмауы салдарынан түсті берудің бұрмалануы көрінеді. Яғни, нақты бояу жұтылатын нурлану бөлігін өткізіп алады (мәселен, қызғылт бояу – спектрдің жасыл бөлігінің нұрын өткізуі керек). Осы бұрмалануды жою мақсатымен, түрлі-түсті бояулар шығынын азайту үшін басу кезінде көпбояулы кескіннің соңғы сипатын құрастыратын қара бояуды қолданады.
Триадты бояудың бірнеше түрі бар: парақтық басуға, рулонды газбен немесе онымен емес кептірілетін басуға, ылғалдандырудың кез келген жүйесіне немесе «құрғақ» офсетке арналған, сіңіретін немесе сіңірмейтін мате,риалдарға басуға арналған түрлері бар. Олардың әмбебап (мәселен, бір және көпбояулы парақтық офсеттік ылғалдандыру жүйесі әр түрлі машиналарда басу үшін), сонымен қатар арнайы түрі болады.
Төрт бояулы машинада басу кезінде, бояуды рет ретімен бірінен соң екіншісін басқан жағдайда сапалы баспа-таңба алудың негізгі шарты бояулардың жабысуын дұрыс таңдау болмақшы. Бірінші басылатын бояудың жабысуы екіншісіне қарағанда көбірек болуы керек. Бұл бояулардың түсу жағдайын жақсартады. Әйтпесе баспа-таңбадағы бояу түсінің соңғы бояудың алдыңғы бояуды жаман қабылдау салдарынан бұрмалануы болады.
Pantone сериясындағы бояулар
Таралымды басуға бояуды таңдау кезінде триадты бояулармен тұпнүұсқаның барлық түстерін шығаруға мүмкін болатындығын бағалау керек. Егер түпнұсқаның арнайы фирмалық түсін (мәселен, фирма аталуын, оның логотипі, жарнамасы және т.с.с.) таңдалған триад бояуларымен алуға болмайтын жағдай болса, онда қосымша қоспа бояуларды (мәселен, Pantone сериясындағы бояуларды) қолданады.
Шығарушы фирмаға байланыссыз Pantone сериясындағы бояулары –бұл әдетте, бір және көпбояулы ылғалдандыру жүйесі кез келген басу машинасында, борланған және офсеттік қағаздар мен қатырмада, сонымен қатар сіңірмейтін материалдарда басуға арналған.
Pantone бояуларының мөлдірлігі өте жақсы, алғашқы және соңғы кебуінің жылдамдығы тез. Басу техникасының қасиеттері жақсы, әдетте ИК-кептіруді пайдалануға мүмкіндік береді.
Pantone сериясындағы бояулардың негізгі реңктері 14. Олардың негізінде, «Pantone Colour Guide 1000» каталогы бойынша , оларды бір-бірімен араластыру жолымен кез келген рең алуға мүмкіндік бар. Кейбір аларасқан реңктерге тапсырыс беруге болады. Ассортиментте тұрақтылық көрсеткіштері жоғары реңктер бар. Реңкті азайту үшін ақ жамылғысыз коды 2019-1020 бояу қолданылады.
Pantone бояуларының тұрақтылығы
Тон
|
Код
|
Қышқыл
|
Сілті
|
Спирт
|
Жарық
|
Сары
|
2019-2220
|
5
|
5
|
4
|
5
|
Сары 12
|
2019-0012
|
5
|
5
|
4
|
4
|
Қызғылт 021
|
2019-0021
|
5
|
5
|
4
|
4
|
Жылы қызыл
|
2019-4020
|
3
|
3
|
4
|
3
|
Қызыл 032
|
2019-0032
|
5
|
4
|
5
|
5
|
Рубин
|
2019-4520
|
3
|
5
|
4
|
5
|
Родамин
|
2019-5120
|
3
|
3
|
2
|
5
|
Қызғылт
|
2019-5520
|
4
|
2
|
1
|
5
|
Фиолет
|
2019-6020
|
4
|
3
|
2
|
4
|
Көк072
|
2019-072V
|
3
|
3
|
2
|
3
|
Рефлекс көк
|
2019-6120
|
3
|
3
|
2
|
3
|
Процесс көк
|
2019-6620
|
5
|
5
|
5
|
8
|
Жасыл
|
2019-7020
|
5
|
5
|
5
|
8
|
Қара
|
2019-9120
|
5
|
5
|
5
|
8
|
Достарыңызбен бөлісу: |