«елбасы медалі» бағдарламасын іске асыру бойынша әдістемелеік нұСҚаулық



бет10/28
Дата07.01.2022
өлшемі249 Kb.
#20751
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Алтын деңгей 16 (он алты) жастан бастап, қатысушыларға арналған және бағыттардың ұзақтығы мен көлемі бойынша мынадай талаптарды қамтиды:

  1. «Спорт және дене шынықтыру» бағыты бойынша — қатысушының таңдауы бойынша 6 (алты) ай немесе 9 (тоғыз) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат спортпен шұғылдану;

  2. «Дарындар мен дағдылар» бағыты бойынша — қатысушының таңдауы бойынша 6 (алты) ай немесе 9 (тоғыз) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағаттық іс-шараларға (семинар, тренинг және т.с.с) қатысу;

  • Бұл ретте, егер қатысушы 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген бағыттардың бірі үшін 6 (алты) ай ұзақтықты таңдаса, онда басқа бағыт үшін ол 9 (тоғыз) айды таңдауы тиіс немесе керісінше;

  1. «Кітап оқу» бағыты бойынша — барлық 3 (үш) бөлімнен кемінде 9 (тоғыз) кітап оқу;

  2. «Ұлттық мұра» бағыты бойынша — 6 (алты) ай немесе 9 (тоғыз) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат ұлттық спорт/өнермен айналысу немесе «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен қосымша 1 (бір) кітап оқу;

  3. «Еріктілік» бағыты бойынша — 1 (бір) жыл бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат мұқтаж жандарға ерікті түрде көмек көрсету;

  4. «Туристік сапарлар» бағыты бойынша — ұзақтығы 4 (төрт) күн және 3 (үш) түн болатын экскурсиялар және (немесе) экспедициялар жасау;

  5. «Еңбек тәжірибесі» бағыты бойынша — жалпы ұзақтығы кемінде 5 (бес) күн болатын тағылымдама, тәжірибе және еңбек дағдыларын игерудің өзге де тәсілдері. (Еңбек тәжірибесі он алты жасқа толған қатысушыларға орындауға міндетті болып табылады).




Алтын деңгей

Деңгейдің ұзақтығы 18 ай

Бағыттар

ұзақтығы / талаптар

Спорт және

дене шынықтыру



6 ай/26 апта немесе 9 ай/39апта

Дарындар мен дағдылар

6 ай/26 апта немесе 9 ай/39апта

Кітап оқу

3 кітап - «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен

3 кітап - «Әлем әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен

3 кітап - «Тұлғалық өсу мен өзін-өзі дамытуға арналған кітаптар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер» бөлімінен


Ұлттық мұра

6 ай/26 апта немесе 9 ай/39апта немесе «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен қосымша 1 (бір) кітап оқу

Еріктілік

12 ай /52 апта

Туристік сапарлар

4 күн және 3 түн

Еңбек тәжірибесі

он алты жасқа толған қатысушыларға орындауға міндетті болып табылады

Тікелей қатысу

Күміс деңгейден өтпеген қатысушылар мынадай сабақтардың бірінде қосымша 6 айдан өтуі тиіс: спорт және дене шынықтыру, дарындар мен дағдылар, ұлттық мұра немесе еріктілік

*** Алтын деңгейге қосымша талап — «Еңбек тәжірибесі» 5 күн






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет