Бағдарламаның деңгейлері
Қола
|
Күміс
|
Алтын
|
14 жастан бастап. Ұзақтығы 6 ай.
|
15 жастан бастап. Ұзақтығы 12 ай.
|
16 жастан бастап. Ұзақтығы 18 ай.
|
Қола деңгей 14 (он төрт) жастан бастап, қатысушыларға арналған және бағыттардың ұзақтығы мен көлемі бойынша мынадай талаптарды қамтиды:
«Спорт және дене шынықтыру» бағыты бойынша — 3 (үш) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат спортпен шұғылдану;
«Дарындар мен дағдылар» бағыты бойынша — 3 (үш) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағаттық іс-шараларға (семинар, тренинг және т.с.с) қатысу;
«Кітап оқу» бағыты бойынша — барлық 3 (үш) бөлімнен кем дегенде 3 (үш) кітап оқу, оның ішінде «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен 1 (бір) кітап оқу;
«Ұлттық мұра» бағыты бойынша — 3 (үш) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат ұлттық спорт/өнермен айналысу немесе «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен қосымша 1 (бір) кітап оқу;
«Еріктілік» бағыты бойынша — 3 (үш) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат мұқтаж жандарға ерікті түрде көмек көрсету;
«Туристік сапарлар» бағыты бойынша — ұзақтығы 2 (екі) күн және 1 (түн) болатын экскурсиялар және (немесе) экспедициялар жасау.
Қола деңгейден өтудің жеке кестесін жасау кезінде тәлімгер мен қатысушы осы деңгейдің ұзақтығы 6 айды құрайтынын ескере отырып, осы уақытқа сай бағытты жоспарлау қажет.
Қола деңгей
|
Деңгейдің ұзақтығы 6 ай
|
Бағыттар
|
ұзақтығы / талаптар
|
Спорт және
дене шынықтыру
|
3 ай /13 апта
|
Дарындар мен дағдылар
|
3 ай /13 апта
|
Кітап оқу
|
1 кітап - «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен
1 кітап - «Әлем әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен
1 кітап - «Тұлғалық өсу мен өзін-өзі дамытуға арналған кітаптар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер» бөлімінен
|
Ұлттық мұра
|
3 ай /13 апта немесе «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен қосымша 1 (бір) кітап оқу
|
Еріктілік
|
3 ай /13 апта
|
Туристік сапарлар
|
2 күн және 1 түн
|
Тікелей қатысу
|
Барлық қатысушылар келесі бағыттар бойынша 3 айдан өтуі тиіс: спорт және дене шынықтыру, дарындар мен дағдылар, ұлттық мұра және еріктілік
|
Достарыңызбен бөлісу: |