Күміс деңгей 15 (он бес) жастан бастап, қатысушыларға арналған және бағыттардың ұзақтығы мен көлемі бойынша мынадай талаптарды қамтиды:
«Спорт және дене шынықтыру» бағыты бойынша — қатысушының таңдауы бойынша 3 (үш) ай немесе 6 (алты) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат спортпен шұғылдану;
«Дарындар мен дағдылар» бағыты бойынша — қатысушының таңдауы бойынша 3 (үш) ай немесе 6 (алты) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағаттық іс-шараларға (семинар, тренинг және т.с.с) қатысу;
Бұл ретте, егер қатысушы 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген бағыттардың бірі үшін 3 (үш) ай ұзақтықты таңдаса, онда басқа бағыт бойынша ол 6 (алты) айды таңдап алуы тиіс және керісінше;
«Кітап оқу» бағыты бойынша — барлық 3 (үш) бөлімнен кемінде 6 (алты) кітап оқу;
«Ұлттық мұра» бағыты бойынша — 6 (алты) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) ұлттық спорт/өнермен айналысу немесе «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен қосымша 1 (бір) кітап оқу;
«Еріктілік» бағыты бойынша – 6 (алты) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат мұқтаж жандарға ерікті түрде көмек көрсету;
«Туристік сапарлар» бағыты бойынша – ұзақтығы 3 (үш) күн және 2 (екі) түн болатын экскурсиялар және (немесе) экспедициялар жасау.
Күміс деңгей
Деңгейдің ұзақтығы 12 ай
Бағыттар
ұзақтығы / талаптар
Спорт және
дене шынықтыру
3 ай /13 апта немесе 6 ай/26 апта
Дарындар мен дағдылар
3 ай /13 апта немесе 6 ай/26 апта
Кітап оқу
2 кітап - «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен
2 кітап - «Әлем әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен
2 кітап - «Тұлғалық өсу мен өзін-өзі дамытуға арналған кітаптар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер» бөлімінен
Ұлттық мұра
3 ай /13 апта немесе 6 ай/26 апта немесе «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен қосымша 1 (бір) кітап оқу
Еріктілік
6 ай /26 апта
Туристік сапарлар
3 күн және 2 түн
Тікелей қатысу
Қола деңгейден өтпеген қатысушылар мынадай сабақтардың бірінде қосымша 6 айдан өтуі тиіс: спорт және дене шынықтыру, дарындар мен дағдылар, ұлттық мұра немесе еріктілік