Бағдарламаға қатысу тегін және ерікті түрде жүзеге асырылады.
Егер қатысушы 30 жасқа толғанға дейін сырқаттануынан, жазатайым оқиғаға және (немесе) тараптардың еркінен тыс басқа да жағдайларға байланысты өз деңгейін аяқтай алмаса, онда қатысушы Бағдарлама операторына жазбаша өтініш беруі тиіс. Қатысушылар бір мезгілде 1 (бір) деңгейге ғана қатыса алады.
Әрбір деңгейдегі қатысушының ең төменгі жасы мынадай:
қола деңгейде — 14 (он төрт) жастан бастап;
күміс деңгейде — 15 (он бес) жастан бастап;
алтын деңгейде — 16 (он алты) жастан бастап.
Өтінім беру
Қатысушының өзін қызықтыратын барлық ақпаратқа, сонымен қатар, қазақ немесе орыс тілдеріндегі интернет-ресурстан Бағдарламаға қатысуы үшін қажетті барлық құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндігі болуы тиіс;
Қатысушылар өз бетінше (бөгде адамдардың ықпалынсыз) Бағдарламаға қатысуға ниет білдіреді, ол үшін Бағдарламаның тиісті деңгейі бойынша өзінің қалауына қарай, бірақ жас санатынан аспай, қатысушы өтінімінің электрондық формасын толтырады және интернет-ресурста қарауға қалдырады.
Өтінім формасы мыналарды қамтиды:
● Қатысушыға таңдауына қарай қазақ және орыс тілдерінде өтінім беру формасы ұсынылады, онда ол тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, гендерлік қатыстылығын, электрондық поштасын, тұратын аймағын, мекен-жайын және телефон нөмірін көрсетеді.
● Қатысушы мен оның заңды өкілдері өз еркімен қатысу келісіміне қол қояды.
● Қатысушы мен оның заңды өкілдері осы Нұсқаулықтың №1 қосымшасына сәйкес дербес деректерді жинау және өңдеу келісіміне қол қояды. (Келісімнің мәтіні қазақ және орыс тілдерінде баспаға шығару үшін қолжетімді болуы тиіс. Егер де қатысушының заңды өкілдерінің келісімдерді басып шығаруға және оған қол қоюға мүмкіндігі болмаса, онда келісімдерді қатысушының заңды өкілдері қолмен жазып, оған қатысушының өзі де, оның заңды өкілдері де қол қоя алады);
● Қатысушы мен оның заңды өкілдері қатысушының және оның заңды өкілдерінің жеке басын растайтын құжаттардың фотосын немесе сканерленген нұсқаларын жүктеуі қажет: жеке басын куәландыратын құжат (туу туралы куәлік, жеке куәлік, паспорт, тұруға ықтиярхат куәлігі); қатысушының өзі, сондай-ақ, оның заңды өкілдері қол қойған келісімнің фотосын немесе сканерленген нұсқалары;
Қатысушы өтінімінің Бағдарламаның талаптарына сәйкестігін қарауға (егер қатысушының тұратын аймағында құжаттарды электронды түрде беру мүмкіндігі болмаса) 14 жұмыс күні бөлінеді;
Келісімді басып шығаруға, оны пошта арқылы (немесе қандай да бір өзге жолмен) жіберуге, интернет трафигіне, құжаттарды сканерлеуге байланысты барлық шығындарды және өзге де шығындарды қатысушының заңды өкілдері өтейді;
Өтінімді тіркеу кезінде қатысушыға тұрғылықты жеріне немесе оқу орнына сәйкес Бағдарлама орталығы мен тәлімгер, сондай-ақ, Бағдарламаның таңдалған деңгейіне сәйкес қатысу нормативтері мен жеке кестесі ұсынылады. Таңдауды растау кезінде қатысушы хабарлама алады және Бағдарлама талаптарын орындау бойынша шарттарды қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |