«елбасы медалі» бағдарламасын іске асыру бойынша әдістемелеік нұСҚаулық


Өңірлік үйлестірушінің функциялары



бет6/28
Дата07.01.2022
өлшемі249 Kb.
#20751
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
25 Әдістемелік нұсқаулық

Өңірлік үйлестірушінің функциялары


  1. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген үйлестіруші түйіндемені толтырып, оны Операторға қарауға қалдырады;

  2. Үйлестіруші Оператордың авторландыруынан өтіп, серіктеспен еңбек қатынасын құрады;

  3. Үйлестіруші Бағдарламаны іске асыру кезінде жалпы мониторингті және жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады;

  4. Үйлестіруші Бағдарлама іске асырылатын тиісті өңірдің қатысушыларының, тәлімгерлерінің және сарапшыларының барлық аккаунттарына қол жеткізе алады;

  5. Үйлестіруші қатысушылардың, тәлімгерлер мен сарапшылардың барлық мәліметтеріне қол жеткізе алады. Бұл функция мен өкілеттіктер Бағдарламаны іске асыруға талдау мен мониторинг жүргізу мақсатында ұсынылған;

  6. Үйлестіруші қатысушының және оның тәлімгерінің, сондай-ақ, сарапшының күнделігін толтыру барысын тексереді. Тексеру іріктемелі сипатта болуы мүмкін, алайда, бұл тұста тексерілушілердің кездейсоқтығы (еркінділігі) сақталуы тиіс (бір қатысушыны немесе тәлімгерді апта сайын себепсіз қайта тексеру құпталмайды). Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде тексерілгендердің жалпы саны қатысушылардың жалпы санының 60%-нан және тәлімгерлердің жалпы санының 100%-нан кем болмауы тиіс;

  7. Үйлестіруші күнделікті (журналды) толтырмаған, Бағдарламаның шарттарын орындамаған және байланысқа шықпаған қатысушымен, тәлімгермен және/немесе сарапшымен өзі байланысқа шығуы тиіс;

  8. Үйлестіруші Бағдарлама деңгейін аяқтағаннан кейін пікір мен талдау жазбаларын жазады, сондай-ақ, қатысушылардың, тәлімгерлер мен сарапшының жұмысы бойынша ұсынымдар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет