Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген ұлағатты



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата12.03.2017
өлшемі12,55 Mb.
#8768
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Назгүл ЕШНИЯЗОВА,

Ульянов ЖББОМ 

бастауыш сынып мұғалімі,

Зеленов ауданы

Х А Т Т А Р , Х А Т Т А Р . . .

5

 

Бастауыш сыныптағы оқушылардың 

сөйлеу тілін тексеру

Жайық ұстазы

20 қараша, 2014 ж.

С а б а қ т а   о й ы н 

т е х н о л о г и я с ы н   қ о л д а н у

Е с е п т і к   ж ә н е   р е т т і к   с а н   е с і м

Түзету педагогикасы

Балалардың дамуына байланысты бірінші 

қауіптер әдетте олар оқи бастаған кезде пай-

да болады. Бұл қауіптер біреулерде адамдар-

мен қарым-қатынас жасай алмауында бол-

са, басқаларда есептеу дағдыларын меңгерудің 

қалыптаспауының  киындығынан,  мектеп 

ережелеріне бағынбауынан және т.б. көрінеді. 

Балада осы жағдайдың туындау себебі, оның 

психо-физикалық даму ерекшеліктеріне бай-

ланысты болса, дәл солай педагогикалық со-

циалды  жағынан  қателіктер  жіберіп  алу, 

алдын-ала мектепте оқи алмау дағдысының 

қалыптасушылығынан болады.

Көпжылдық зерттеудің көрсетуінше, жал-

пы білім беру мектебінің бастауыш сынып 

оқушыларының үлгермеуінің себебі: ауызша оқу 

және жазбаша тілден әртүрлі жіберген қателері, 

дұрыс оқу мен сауатты жазуын қиындатуға се-

беп болып табылады.

Баланың  оқуындағы  және  жазуындағы 

бағдарламалық материалын жақсы игеру үшін, 

фонематикалық дамудың кемістігі үлкен кедергі 

келтіреді, өйткені тәжірибе жүзінде сөйлесуде, 

сөздің дыбыстық құрамы толық қалыптаспаған 

болып шығуының салдарынан болады. Бұл қарым-

қатынас тіл дамуы жасына сәйкес балада мек-

тепте оқытудан көп бұрын құрылады.

Одан да көп қиындықтар оку кезінде, жал-

пы тіл кемістігі бар балаларда, дыбыстап айтуы 

ғана емес, тілдің сөздік-грамматикалық жағынан 

да сезіледі. Мектеп ортасына түскен осындай ба-

лалар үлгерімі нашар оқушылар қатарына өзінің 

тіл дамуының ауытқу себебінен түседі.

Бастауыш сыныптың тәжірибелі мұғалімдері 

тіл кемістігі бар оқушыларды дер кезінде байқап, 

олардың сөйлеу тілінің және жазбаларының 

кемшіліктеріне орай нақтылы жұмыс жүргізе 

отырып, жаксы үлгерімге жеткізеді.

Көбінде оқушылардың тіл кемшіліктерін  

олардың жазуы мен мәтін оқу жағдайларымен 

байланыстырмайды. Оқушылардың мектеп-

те  үлгермеушілігін  көпшілік  жағдайда  

алаңғасарлығынан, не болмаса олардың оқу 

жұмысына жауапкершіліксіз қарауынан болады 

деп ойлайды. Осыған байланысты тіл кемшілігі 

бар оқушылар қажетті педагогикалық көмектерін 

алмайды, содан соң сол кемістіктері тұрақты 

үлгермеушілікке әкеліп соғады. Балалардан тіл 

кемшілігін анықтап, мұғалім бағдарламалық 

материал жұмыстарын, оқытудың тәсілдері 

мен амалдарын өз алдына бөлектеп қарап алса, 

оқушылардағы бар кемшіліктерді түзетуді іске 

асыруға мүмкіндіктер табады.

Дер кезінде тіл кемістігінің ерекшеліктерін 

айыра білуі мен түсінуі мұғалімге оқытудың 

түбірін  анықтауға  мүмкіндік  береді,  оның 

принциптік бағытын көрсетеді. Оқушының 

үлгермеушілік себебін анықтау, тіл кемшілігінің 

денгейіне байланысты баланы психологиялық-

дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесіне 

тексеруге жолдама беру, не болмаса (ата-

анасының  тексерістен  бас  тарту  кезінде) 

түзету сабақтар ұйымдастыруға қол ұшын 

тигізуі қажет. Бұл баланың мектепте жақсы 

оқуына мүмкіндік берер еді. Бірақ мұғалім арнайы 

мамандардың қабылдауында болып сөйлесіп алуы 

қажет, олармен біріге отырып, баламен жұмыс 

істеудің түпкі бағытын анықтау керек, арнау-

лы тәсілдерді және тіл кемшілігі бойынша амал-

дарды табу оқушының үлгерімінің жоғарлауына  

жеткізеді. Осындай көмекті психологиялық-

дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесінің 

(ПДПКБ) мамандары көрсете алады.

Беріліп  отырған  жазбаға  нақтылы 

көңіл бөлу, ауызша оқып және жазбаша тіл 

кемшілігін ашуға, тұтығуын, ринолалияны 

(қатты және жұмсақ таңдайдың қуысы және 

еріннің дамымай қалуы) көбіне кішкентай 

оқушылардың арасында кездесетінін осын-

дай оқушыларды жалпы білім беру мектебінде 

түзете оқытудың түпкі амалдарына көңіл бөлу 

керек.

Баладағы  тіл  дамуының  қалыс  қалып 

қоюын байқай отырып, мұғалім ең алдымен 

оның тілінің дыбыстық жағына байланысты 

ма немесе тіл жүйесінің барлық бөлектеріне 

қарасты ма соны түсініп алуы керек: фонети-

каны, сөздік корын және грамматиканы; оны 

дұрыс бағалау керек. Сонымен қатар оқушының 

оқуы және жазуы қандай жағдайда екенін айы-

ру, тілінде күрмелуі бар ма және күрделі неме-

се жеңіл түрде ме, мұғалім тек сабақта ғана 

жақсы анықтай алады.

Тіл  тексеруін  неден  бастау  керек? 

Біріншіден  сөзді  айтудың  кемістігі  неде 

екенін айырып тексеру, сонымен қатар дыбы-

сты өз алдына және сөзде қалай айтатынын 

білуі қажет. Мұғалім балаға өзінен кейін және 

өздігінен дыбысты айтқызады.

Бала дыбыстарды өз алдына шығара ала-

тын уақыт болса да, сөз арасында оны толык 

тілде аралыстырып алатын кездері де бола-

ды. Сондықтан, дыбысты өз алдына шыгаруды 

және сөз арасында айтуды тексере отырып, 

дыбыстарды өз бетімен калай қолданатынын 

анықтау қажет. Осы мақсатпен мұғалім 

балалардың тіліне мұқият көңіл қойып, өзара 

сөйлесу қарым-қатынасын және сабақтағы 

жауаптарын  дұрыстап  тыңдап  бақылау 

жұмыстарын өткізу керек.

Кейбір жағдайларда, балалардың сөйлеген 

кезінде дыбыстар айтылудың нақты кемістігі 

байқалмайды, бірақ та сөздерде бұл дыбыстар 

онша анық естілмейді, әлсіз дыбыстайды. Бұл 

да тоқталатын жағдай, өйткені түсініксіз ар-

тикуляция дыбысты талдауының белгісі болып, 

баланың оқуы мен жазуын қиындатады.

Қоршаған ортаға байланысты, тәрбиеден 

және басқа себептерден сөздік қорының байлығын  

шектеліп қалғандығын байқауы мүмкін. Оқу ба-

рысында баланың тілін бақылау негізінде, оларға 

сөйлем құрауда немесе арнайы жинақталған 

сюжеттік суреттер бойынша қысқаша әңгімелер 

немесе іс-әрекет жалғасы бөлімдерден тұратын 

суреттер бойынша сұрақтарға жауап беру, 

оқығанын айтып беру арқылы олардың тілінде 

қателік бар ма әлде жоқ па, соны білуге болады.

Даму деңгейіне байланысты кейбір балалар-

да тіл қателері жиі, басқаларда тек қиындау 

жағдай болғанда байқалады. Сондықтан мұғалім 

балаға жинаған мәліметінің қорытындысы сапа-

лы болуын, басқа мамандардың көмегін қолдауы 

тиісті. Осының бәрі табылған кемістіктерге 

дұрыс баға беріп жоюдың тиімді рационалды 

жолын таңдап білуге көмектеседі, сонымен бірге 

оқушылардың үлгермеу себептерін анықтайды.

Ауызша  оқу  тілімен  қатар  жазба 

жұмыстары да қаралып тексеріледі. Алдын-ала 

сынып жұмысын  өткізген кезде және сыныпхат 

жазғанда дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру 

үшін арнайы қателіктер жіберетінін байқауы ке-

рек. Алайда есту сыныпхаты жазу ауытқуының 

толық мәселесін ашып бере алмайды. Сондықтан 

балалардың өз бетімен жазған жұмысын да тек-

серу керек, сол жазба түріндегі арнайы қателерін 

табуға мүмкіндік жасайды.

Жазба түрінде ауытқулары бар оқушылардың 

мәтін оқуын қарап тексеру керек. Оқып беруі 

жеке-дара тексеріледі. Оқу барысында ешқандай 

түзетулер мен ескертпелер жасамау керек. 

Тексеру материалдарын арнайы жинақталған 

кітапшалардан алу керек және мәтіннің мазмұны 

мен  көлемі  баланың  жасына  сәйкес  болуы 

тиіс. Мәтін оқуы келесі ретте жүргізіледі: 

алдымен  оқу  техникасы,  содан  соң  оқыған 

мәтіннің мазмұнын түсінуі. Оқуын тексерген-

де оқу ырғағына, қолданылған оқу амалына және 

жіберген қателеріне көңіл бөлу керек.

Жоғарыда айтылғандай, тіл ауытқу себебінің 

қатарына есту қабілетінің төмендігі тілінің 

дұрыс дамуына кедергі жасайтынын ескеру ке-

рек. Сондықтан қарап, тексермес бұрын бала-

ны алдын-ала отоларинголог-дәрігеріне неме-

се сурдолог-дәрігеріне есту қабілетін тексеру-

ге жіберіп алу керек. Егер арнайы маманның 

анықтамасы болмаса, мұғалім баланың естуін өзі 

де тексере алады.

Дұрыс  ести  алатын  бала  мұғалімнің 

6-7 метр қашықтықта артында тұрып сы-

бырлап айтылған дыбыстарды және қысқа 

сөздерді естіп қайталай алады. Егер бала 3 метр 

қашықтықта айтқанды естімесе, онда баланы 

естімейтін немесе нашар еститін арнайы мек-

тепке оқытуға жіберу мәселесі алда тұрады.

Оқу және жазу кемістіктері тек естуі және 

көруі нашар балаларда ғана емес, сонымен қатар 

ақыл-есі кем балаларда, психикалық дамуы ба-

яу балаларда да болады. Осындай жағдайда 

мұғалім балаларды ПДПКБ-ге жан-жақты 

карап тексеруге және ары қарай оқытуымен 

белгілі бір жағдайда тәрбиелеу, түпкі кемістікті 

түзетумен түпкілікті дамуына әсер беретін 

нұсқау ұсыныс жасау үшін жолдама беруі керек.

Сондықтан ПДПКБ-ге жіберу үшін оқушының 

педагогикалык мінездемесінде біріншіден оқу 

әрекетінің ерекшеліктерін, барлық мәліметтерін, 

көрсеткіштерін, оқушының өзіндік қасиетін 

ашып көрсету керек. Алға қойған мақсатына же-

те білуі сияқты, назар коя білу тұрақтылығы 

немесе бөтен істермен алаңдаушылық, шапшаң  

шаршап шалдығуы, жұмысына кірісіп кете 

алуы, сыныпқа сіңіп кетуі, сонымен бірге бір іс-

әрекеттен екінші іс-әрекетке бірден ауыса алуы, 

білгісі келіп кызығушылық таныту мінезі және 

де оқу тәртібі бойынша бағдарламалық матери-

алды меңгеру деңгейін толық түрде көрсету ке-

рек. Сонымен қатар тілінің жалпы мінездемесі 

кірістіріледі,  дыбыс  шығаруы,  сөздік  қор 

жағдайы; тілдің грамматикалық сапта болуы 

(тілдің грамматикалық көркемдеу мүмкіндіктері, 

қолданатын сөйлем түрлері, аграмматизмнің 

түрлері); тілдің жалпы түсінікті болуы және 

ырғағы (айналадағылар оны түсіне ала ма); өз 

бетімен жазу мен сыныпхат көрсеткіштерін 

көрсету керек. Сонымен бірге оқу техникасын 

меңгеруіне, оқығанын түсінуі мен жіберген 

қателеріне мінездеме беру керек. Берілген 

педагогикалық бақылаудан да балаға мінездеме 

берілуі кажет (әрбір жағдайларға көңіл бөлуі, 

есте сақтауы, ойлауы, жұмыскерлігі, өзінің 

кемістігіне көңіл аударуы).

Бұндай күрделі түрде тексерілу баланың 

дамуындағы ауытқуларды анықтап түбірлі 

диагнозын  қою  үшін  керек  және  осындай 

кемшіліктерді болдырмауына, сонымен қатар 

педагогикалық дұрыс түзету жұмыстарын та-

буына ықпал етеді, бұл оқушының өзіндік дамуы 

мен жалпы үлгерімнің көтерілуі үшін керек.

Райса МАСЕЛОВА,

Облыстық психологиялық-

дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру 

мекемесінің логопед-мұғалімі 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды есептік 

және реттік сан есімдермен таныстыра отырып, 

алған білімдерін пысықтау. Шығармашылык 

қасиеттерін дамытып, ой-өрістерін жетілдіру. 



Сабақтың әдісі: түсіндіру, танымдық ойындар.

Күтілетін  нәтиже:  Әр  оқушы  өздігінен 

жұмыс істеуге дағдыланады. Оқушылар бір-бірінен 

қалмауға тырысады. Оқушының жеке қабілеті 

анықталады. Әр оқушы өз деңгейін бағалайды.



Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасып, оқу құралдарын рет-

теп, сабаққа даярлау.  - Балалар, біз бүгінгі казақ тілі 

сабағында біліміміздің артып, сөз байлығымыздың 

молайғанын көрсету үшін «Білім шыңына жет» ойы-

нын ойнаймыз. 



I. Ой ашу. Өтілген материалдарды пысықтау. 

Ұяшықтан сандар таңдау арқылы сұрақтарға жау-

ап беру. 1. Сөз таптарын ата. 2. Етістік дегеніміз не? 

(ереже, мысал). 3. Зат есім дегеніміз не? (ереже, мы-

сал). 4. Сын есім дегеніміз не? (ереже, мысал). 5. 

Етістіктің шақтарын ата. (ереже, мысал). 6. Сан есім 

дегеніміз не? (ереже, мысал).

II. Жаңа сабақ. Сан есім. Есептік сан есім 

(қанша,  неше).  Реттік  сан  есім  (нешінші). 

Көрнекіліктер арқылы мысал келтіріп, келтірілген 

мысалдарды қолдана отырып, ереже шығару.

Балалар,  бүгінгі  сабағымызды  шыңдау 

мақсатында «Білім шыңына жет» ойыны арқылы 

саяхатқа шығамыз. Олай болса, саяхатымызды «Сан 

есім аялдамасынан» бастайық. Сан есім. Сан есім 

дегеніміз не? (ереже).

Жаттығу жұмысы. Есептік сан есімді реттік сан 

есімге айналдырып жазу.

«Сәйкестендір». 1. Жаттығу жұмысы. 2. Есептік 

және  реттік  сан  есімдерді 

сәйкестендіру. 

«Кім жылдам?». 

1. Жаттығу жұмысы.  



Ой сергіту жаттығулары. 

1. «Сыңар, жалқы, жалғыз», 

«Қос, жұп, қосарланып» қай сан есімдермен сино-

нимдес? (1, 2). 2. Бес әріппен жазылып, бір циф-

рмен таңбаланатын қандай сан есім? (8, 9). 3. Әрі 

зат есім, әрі етістік мағынасында қолданылатын 

сан есім. (100) Суға жүз, жүзі жылы.

«Тапқырлар».  1.  Жаттығу  жұмысы.  2. 

«Адасқан  сандар»  ойыны.  Қандай  сандар 

жасырылғанын табу. 

«Мергендер».

1. Жаттығу жұмысы. 2. Көп нүктенің орнына 

тиісті сан есімдерді қою.

1. Жігіттің құны - ..... жылқы. 

    Ары - ...... жылқы.

2. ....... ала болса, ауыздағы кетеді, 

    ....... түгел болса, төбедегі келеді.

3. Білгенің - ..................................................,

    Білмегенің - ...............................................

«Нәтиже». Тест тапсырмалары.

Жаңа сабақты қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма: ереже жаттау.

Жанар ҚУАНАЛИЕВА,

Бітік бастауыш ЖББОМ,

Ақжайық ауданы


6

 

Жайық ұстазы

20 қараша, 2014 ж.

А м а н а т

Бұл 


шара 16 қазан күні, қаламыздағы 

№30 орта мектеп акт залында өткізілді. Мерейтой 

иесі, облыстық, қалалық, аудандық білім мекемелері 

өкілдері, қала мектептері директорлары мен қазақ тілі 

мен әдебиеті мұғалімдері, курс тыңдаушылары, БАҚ 

өкілдері қатысқан шара көпшіліктің көңілінде жақсы 

әсерімен қалды.  Институтымыздың баспа-ақпараттық 

және қоғаммен байланыс бөлімінің ұйымдастыруымен 

өткен бұл шара өз мақсатына жетті.

«Ғасырлар тоғысында қазақ поэзиясының ақ 

желкенін көтеріп жүрген Ақұштап ақын – Сара, 

Ұлбике бастаған ақын қыздардың заңды жалғасы» 

-  деген  ғалым  сөзі  ҚР  Жазушылар  Одағының 

мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 

Халықаралық «Алаш» сыйлығының және «Құрмет» 

орденінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 

әдебиеттегі алар орнының басталар тұсын дәйектеген 

ғылыми тұжырым. «Алаш жырының ақ шағаласы» 

атанғанға дейінгі жарты ғасырға жуық кезеңнің тек-

ке өтпегендігі 1967 жылы жарық көрген тұңғыш 

кітабы «Өрімталдан» бермен қарайғы ондаған жыр 

жинақтары мен қайраткерлігін паш еткен көптеген 

мақалаларынан-ақ айқын көрінеді. 

Иә, биылғы жыл басынан бері алыс түкпірдегі ау-

ылдардан бастап, қала мен облыста ресми жариялан-

баса да «Ақұштап ақын жылы» аталып өтілуде. Ақын 

апамыз да аудандар мен білім ордаларында өткізіліп 

жатқан «Ақұштап оқуларына» қатысып, қалың 

оқырманымен үздіксіз қауышуда. Атап айтқанда, об-

лыс колледждері студенттері қатысуымен өткізілген 

«Ақұштап оқуларын» Орал педагогикалық колледжі, 

ал сол сияқты колледждердің қазақ тілі мен әдебиеті 

пәні мұғалімдері өнер жарыстырған «Ақұштап 

оқуларын» Орал газ, мұнай, салалық технологиялар 

колледжі, «Мәнерлеп оқу» сайысын Зеленов ауданы  

Трекин ЖББОМ ұжымы Облыстық әдістемелік каби-

нет бастамасымен өткізді. Облыс орталығындағы Ма-

хамбет атындағы БҚМУ-да республикалық ғылыми-

тәжірибелік конференциядан басталып, облыстық 

мұражайда жалғасқан, облыстық драма театрындағы 

үш бірдей кітабының тұсаукесерімен ашылған, 

Әбдіжәміл 

Нұрпейісовтей халық жазушысы, 

ҚР Жазушылар Одағының өкілдері қатысқан ақын 

мерейтойының нүктесін ұлан-ғайыр әсері бар іс-

шаралар қойғандай. Апамыздың студенттік кезі өткен 

Алматыдағы Қыздар Педагогикалық университеті мен 

Қазақстан Жазушылар Одағы да ақын апа мерейтойын 

үлкен дайындықпен атап өтті. 

«Мен  Оралды  үш  қызы  арқылы  танимын: 

біріншісі – аңызға айналған Қыз Жібек, екіншісі – 

батырға айналған ер Мәншүк, үшіншісі – өзіндік 

мінезі мен өз үні бар ақын – Ақұштап. Ендеше, мен 

бұл елдің қыздары мықты-ау деп ұғынам» деген бола-

тын академик Зейнолла Қабдолов. Олай болса, бүгінгі 

облысымыздың мұғалім-ақындар жыр-мүшәйрасының 

төрінде ел ардақтысы Ақұштап Бақтыгерейқызының 

өзінің келіп, жырмен өрілген тағылымды дәріске 

татырлықтай, өнегелі де ұлағатты әңгімесін айтып, ел 

мұғалімдеріне аманат жүктеуі – біз үшін де үлкен ме-

рей. 

Ақын апамызды құттықтау үшін сөз кезегін 



алған институтымыздың директоры, педагогика 

ғылымдарының кандидаты Ізмұханбетова Софья 

Салахиденқызы ақынның «Егер біздің қазақтың» атты 

өлеңін жатқа мәнерлеп оқып, ақжарма тілегін арнады. 

Осы өлеңдегі ақын арманы орындалғандай әсер алдық. 

Сол көп арманның, «Өлең оқыр бәрінде сауат болса» 

деген тұсы, әсіресе, педагог қауымға, жас ұрпаққа тіл 

сұлулығын үйрететін мамандарға аса қажет.   

Ақұштап Бақтыгереева сөзіне жазылған жерлесіміз 

Баян Хабиеваның «Аңсау» әнін Орал газ, мұнай, 

салалық технологиялар колледжінің оқытушысы, жу-

ырда өткен «Ақұштап оқулары» байқауының Гран-

при жүлдегері Айымгүл Әйтімбетова орындап, сахна 

сәнін келтірді.     

 «Ол - өмірге ұлт мүддесімен қарайтын батыл 

ақын» - деген пікірдің дұрыстығын осы мүшәйраға 

қатысушылардың әрқайсысы да дәлелдеуге тырысты. 

Әрине, шеберлік деңгейі әрқалай.

Музыкалық сәлемін жолдау үшін ортамызға кел-

ген ардагер ұстаз, әнші Марғуба Зейнуллина апа-

мыз баянда сызылтқан әсем әуендерімен осы кештің  

өн бойына керемет жылылық сыйлады. Ақұштап 

Бақтыгереева сөзіне жазылған ақтөбелік сазгер Максим 

Меңкешевтің 

«Алғашқы  сезім»,  «Он  сегіз  жас», 

«Қыз сағынышы» әндерін керемет 

шеберлікпен нәзік жеткізді.

Мүшәйраның  әділ  қазылар 

алқасының  төрағасы  –  Махамбет 

атындағы БҚМУ профессоры, белгілі 

әдебиеттанушы ғалым ағамыз – Шара-

басов Серікқали Ғабдешұлы; 

Қазылар алқасының мүшелері: - 

Елеубаева Үзілдік Елеубайқызы – белгілі 

айтыскер ақын, жұбантанушы-ұстаз; 

- Әлжанова Гүлнар Жәрдемқызы 

–  Облыстық  тілдерді  дамыту 

басқармасының бөлім меңгерушісі;

- Таубаева Ақмаржан Бақытқызы – 

ақын, «Жайық ұстазы» газетінің бас редакторы;

- Кәрімова Назгүл Сансызбайқызы – белгілі 

айтыскер  ақын, жәнібектік ұстаз, «Жырлаймыз 

мұғалімнің мәртебесін» облыстық айтысының жүлдегері.

«Ақұштап Бақтыгереева әйелдерді емес, әйелдікті 

жырлайды, әйелдерді емес, әйелдікті қорғайды», 

деген  Әбіш  Кекілбаев  сөзінің  бір  көрінісіндей 

дені әйелдерден құралған ұстаз қауымды да оның 

қалай қорғағанына өзіміз де куә болғанбыз. Бүгінгі 

мүшәйраға қатысушылар да – негізінен әйел заты. 

 «Ақұштап  –  ақ түстің ақыны. Оның сыртқа 

шығатын жүрек сәулесі де ақ», - деген Қанипа ақын 

сөздерінің жаны бар. Осы ақ сәулені жанына жақын 

тұтып, жүрегімен қабылдайтын ақын оқырмандары 

да қаншама. Олардың қатарында, әрине, жалпы пе-

дагогтар қауымы, осы кешке қонақ ретінде қатысқан 

қала мектептерінің директорлары да бар. Қала 

мектептерінің директорлары атынан №30 орта мек-

теп директоры Қойбағарова Ләззат Темірханқызы сөз 

кезегін алып, ақынға ақ тілек арнады. 

Ақылымен,  көркімен,  асыл  апа,  аналық 

қасиеттерімен алты алашқа танымал, Жайық елінің 

мақтанышына айналған ақын апамызға арналған 

мүшәйраға келген барша көрерменге Ақұштап 

Бақтыгереева сөзіне жазылған әйгілі композитор Илья 

Жақановтың «Оралдың ерке самалы» әні ұсынылды. 

Әнді №45 орта мектеп мұғалімдері Қашқынбаева 

Тұрсынай және Сарсанғалиева Бақытханым орында-

ды.


«Өлеңге әркімнің де бар таласы» демекші, Жансая 

Меңдіғалиева (№32 ЖББОМ, Орал қаласы) «Қиялдағы 

бақытын аялаған», Айгерім Елекешова (Қ.Байсықов 

атындағы ЖББОМ, Ақжайық ауданы) «Шағала шабыт 

серігі», Гүлвира Зұлқарнаева Ш.Жексенбаев атындағы 

ЖББОМ, Жәнібек ауданы) «Өрімтал жырдың өрнегі», 

Кәмшат Тілегенова (Асан ЖББОМ, Зеленов ауда-

ны) «Сүмбіле сезім сырлары», Медет Жанболатов 

(Қараөзен мектеп-лицейі, Казталов ауданы) «Жыр 

жүйрігі», Гүлжазира Құрмашева (Егіндікөл ЖББОМ, 

Қаратөбе ауданы) «Зерделі тұлға», Айнұр Нұрғалиева 

(Бұлан  ЖББОМ,  Сырым  ауданы)  «Көрермен 

көзайымы», Нұргүл Аймағамбетова (Шежін ЖББОМ, 

Тасқала ауданы), «Сөзге шебер, ойы ұшқыр», Жұлдыз 

Зданова  (Шилі  ЖББОМ,  Шыңғырлау  ауданы) 

«Толқытқан ойлары көп жүрегінде» номинацияларын 

иеленіп, үздік өлең жазуға талпыныстарын шыңдауға 

бет бұрды. Әділқазылар шешімімен жүлделі орындар 

төмендегіше анықталды:

І  орын  –  Әлмұханов  Қазбек  Қуанышұлы, 

Жаңақала ауданы, №3 ЖББОМ.

ІІ орын – Қарасаев Өтепберген Серікұлы, Бөрлі 

ауданы, Пугачев ЖББОМ.

ІІІ 


орын 

– 

Мұқанбетов 



Естеміс 

Өтемісұлы, №1 Подстепный ЖББОМ.

     



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет