Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген ұлағатты



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата12.03.2017
өлшемі12,55 Mb.
#8768
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сергіту сәті. Доп, доп, доп қайда? Қап - қап 

Допты тап. Тауып ал да қағып ал.

5+4=9 

3+3=6 


  4 + 6=10

8 - 2=6 


7 - 5=2 

   10-5 = 5



3) «Жұмыла көтерген жүк – жеңіл»

№2

5+4 = 9        9 - 4=5            9=9             9>4



4 + 5=9        9 - 5 =4            9>5             5>4

4) «Үзеңгі» ойыны (кім бірінші орындаса



сол атқа бірінші мінеді). (Үлестірмелі топшамалар 

арқылы, көршісін тексеру).



5) Бойы сергектің ойы да сергек

Шаршасаңдар, балалар, 

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер. 

Денелерің шынықсын.

Саналарың тынықсын. 

6) «Еңбек бәрін жеңбек» (өзіндік 

жұмыс). 9 - қызыл 5 - көк 10 - сары.

7) «Жылдам, бірақ шатаспа». 

Өлшем бірліктерді өрнектеу, салыстыру 

(үлестірмелі тапсырмалар мен көрнекілік 

арқылы өз-өздерін тексереді). 1 дм=10 

см   30 см =3дм   5+4*7-3    7*8    10*4 + 5

8) Логикалық тапсырма. Автобусқа қызыл, 

жасыл, көк көйлек киген 3 қыз отырды. Айжанның 

көйлегі көк түсті емес, ал Маржанның көйлегі қызыл 

түсті емес, Әсемнің көйлегі қызыл да, көк те емес. Әр 

кыздың көйлегінің түсі кандай? Жауабы:   Айжан - 

қызыл. Маржан - көк. Әсем - жасыл



V. Үйге тапсырма:    №1 (2) 80-бет 

VI. Қорытындылау: Абай атамыз айтқандай, 

«Естігенді, көрген-білгенді есте сақтау үшін 4 

түрлі нәрсені ескеру керек деген. Естіген, көрген 

білген нәрсеңді кайталау керек деген - біз бүгінгі 

сабағымызда алдыңғы өткен салыстыруларды топ-

шамалар арқылы қайталадық, білдік деп ойлаймын».



VII. Бағалау. 

Райгүл АКАШЕВА,

Ақсу ЖББНМ бастауыш сынып мұғалімі,

Бөрлі ауданы

Б


4

 

ІЗДЕНІС. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. ТӘЖІРИБЕ.

Жайық ұстазы

20 қараша, 2014 ж.

Ауыл мектептерінде

К ө л і к   т ү р л е р і

Тәжірибе бөлісемін. 8-сынып.

G e o r g e   W a s h i n g t o n



Жаңа сабақ

« I   w a n t   t o   b e   a n   a s t r o n а u t » 

« М е н   а с т р о н а в т   б о л ғ ы м   к е л е д і »

Коррекциялық мектептерде

С ө й л е у   т і л і н   ж ә н е   с а у а т т ы л ы қ 

э л е м е н т т е р і н   д а м ы т у

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 

Джордж Вашингтонның өмірбаянымен және 

шығармашылығымен таныстыру, сөздік 

қорларын байыту.  Оқушылардың оқу, жазу, 

сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,   ой-өрісін 

кеңейту, қызығушылықтарын арттыру.



Көрнекілігі:  Слайдтар, үлестірмелі кар-

точкалар, бейнебаян, интербелсенді тақта.



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

To read the text: “The USA Congress” and 

answer the questions.

1. How many houses are there in the US 

Congress? 2. What represents the Senate? 3. How many 

members of Senate are there? 4. Who is the Vice-President? 

5. How is the work of the US Congress done?  

ІІІ. Бейне баян көрсету.

IV. Презентация.  George Washington (slide)

V. Ассоциация 

VI. Мәтінмен жұмыс. George Washington was born 

in Westmoreland country, Virginia; on a farm, on February 

22, 1732. His first American ancestor came to Virginia 

from England in 1657. Farming, land buying, trading, 

milling, and the iron industry were the means by which the 

family rose in the world. George's father, Augustine, had 

four children by his first wife and six by his second wife, 

Mary Ball, George's mother.

Of George's early life little is known. His formal 

education was slight: no more than 7 or 8 years of school. 

Men, plantation life and the haunts of river, field and forest 

were his principal teachers. His favourite subject was 

arithmetic. He studied enough history and geography to 

know something of the outside world. But he never learned 

very much about literature, foreign languages and history.

At the age of 14 he began to work as a surveyor, 

making many trips into the wilderness areas of Virginia 

and Pennsylvania. His first military experience came in the 

French and Indian War (1754-1763), when he was sent on 

two missions deep into the Ohio county.

In 1759 Washington retired and married Martha 

Dandridge, a rich widow. He became a loving stepfather 

to Martha's two children. He was a progressive farmer of 

that time.

In 1760's the American colonists grew angrier and 

angrier at the taxes placed on them by Great Britain. In 

September  1771  the  Continental 

Congress met, where Washington had 

his first chance to meet and talk with 

leaders of other colonies. The members 

were impressed with his judgement and 

military knowledge. He was sent to attend 

the Second Continental Congress (1775) 

where he was elected a commander-in-

chief of the Continental Army. He proved 

himself a capable commander of the War 

of Independence.

In 1787 Washington was chosen 

president of the Continental Convention 

and later elected first president of the 

republic (1789), followed by reelection (1792).

George Washington died after an illness of two days 

on December 14, 1799.

No other American has been honoured more than 

Washington. The nation's capital, Washington D. C., was 

named after him. There the giant Washington Monument 

stands. The state of Washington is the only state named 

after President. Many cities, parks, streets, bridges, 

lakes, and schools bear his name. Washington's 

portrait appears on postage stamps, on the $1 bill, and 

on the quarter. 

VII. Сөздікпен жұмыс:

to explore — изучать (үйрену)

hardships — трудности (қиыншылық)

to solve — решить(шешу)

to retire — уйти в отставку(демалысқа шығу)

ancestor — предок(ата-баба)

to be elected — быть избранным(сайлану)

VIII. Топтық жұмыс. (speaking)

1. group: - George Washington’s childhood

2. group: The service in the English army

3. group: The president of the Continental Convention.



IX. Бекіту сұрақтары. 1. When G. Washington was 

born? 2. What family did Washington belong to? 3. When 

did his first American ancestor come to Virginia?   4. How 

many children did George's father have? 5. What did G. 

Washington study? 6. When did he begin to work? 7. When 

did G. Washington retire?  8. When was G. Washington 

chosen president of the Continental Convention? 9. When 

did he die? 



VIII. Үй тапсырмасы.  To make a report.      

IX. Evaluation. 

Зәмзагүл МАУЖІГІТОВА,

М.Әуезов атындағы  №2 ЖББОМ 

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 

Ақжайық ауданы

Жалпы мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын 

молайту. Шет тілінде оқу, жазу, сөйлеу, тыңдап түсіну 

дағдыларын    қалыптастыру. Адамдардың еңбегін 

құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. 



Күтілетін нәтижелер: Шет тілінде мамандық ту-

ралы анықтама бере алады. Мамандық тақырыбында 

оқу,  жазу,  сөйлеу,  тыңдап  түсіну  дағдылары 

қалыптасады.  Еңбекті бағалау, құрметтеу, сыйлау 

дағдылары қалыптасады. 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. 

Тапсырмалар: Диалогтық, топтық жұмыс, сыни 

тұрғыдан ойлау (сәйкестендіру), деңгейлік тапсырма.



Керекті жабдықтар: Мамандық тақырыбы бой-

ынша суреттер, деңгейлі тапсырмалар бар карточкалар, 

сөздік, электронды оқулық. (Winnie English  level 2 Ав-

тор Нуржанова М.К., Поминова А.В., Бадыганова А.Т.)



Оқу-әдістемелік құрал: Оқулық  Ағылшын тілі 

5сынып Т.Аяпова, Д.Ұқбаев, Алматы, «Атамұра» 2010. 

«Ағылшын тілі грамматикасы өлең өрнегінде» Автор 

Муханбедьярова А.Ж. 2008 ж.



Сабақ барысы. Сабақ кезеңдері. Мұғалім 

әрекеті. Оқушы әрекеті. 

Кіріспе. 5 мин. I. Organization moment. 2 min. 

Сыныппен амандасу, түгелдеу. Оқушылардың наза-

рын сабаққа аударту. Оқушыларды 2 топқа (Doctor, 

Teacher) бөледі. Амандасады, тыңдайды, жауап береді.  

Doctor, Teacher болып 2 топқа топтасады.

II. Phonetic drill. 3 min. Сабақты бастамастан бұрын 

мұғалім оқушылардың тілдерін фонетикалық жаттығу 

арқылы жаттықтырады. Бірінші мұғалім өзі оқиды, 

оқушылар қайталайды. 

Шет  тілінде  оқу  дағдылары  қалыптасады. 

Мұғалімнің артынан қайталайды. Кейін жеке-жеке 

оқиды, жатқа айтады.

Magic crystal, tell me true.

In the future what will I do?

Will be a pilot? No, you won’t.

Will be a doctor? Yes, you will. 

Тұсаукесер. 17 мин.

III. New theme. a) Listening. 5 min. Dear children, 

let’s try to guess the topic of our lesson.

Сабақтың  тақырыбын  ашу  мақсатында  

оқушыларға  электронды оқулықтағы (Winnie English  

level 2) мәтінді тыңдаттырады. Сұрақтар қояды. 

Оқушылар мәтінді тыңдайды. Мәтіннің мазмұнын 

түсінуге тырысады. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу 

мақсатында мұғалімнің сұрақтарына  жауап береді.

Pupils’ possible answers:

P1: Introducing of the family. 

T: What about this text?

 What words have you listened in the text?

Do you guess what is the theme of our lesson?

So, pupils today we’ll speak about professions.

Our theme is I want to be an 

astronaut. 

P2:    A  doctor,  a  teacher,  a 

worker, a driver, an artist, cook. P3: 

Professions. Professions: teacher,  

doctor, driver, cook, artist, worker. 

b)Vocabulary  8 min. Т: Match 

the pictures with the names. Мұғалім 

2 топқа суреттер мен мамандық 

атаулары  жазылған  2  парақты 

үлестіреді. Мамандық атауларын 

бірінші өзі оқиды. 

Сабақтың тақырыбы «I want 

to  be  an  astronaut»  тақтаға  жа-

зылады.  Мамандық  атаула-

рын  мұғаліммен  бірге  оқиды, 

қайталайды. 

Суреттердегі 

мамандықтарды шет тіліндегі атау-

ларымен сәйкестендіреді (топпен 

жұмыс). Мұғалім кейін дұрыс жа-

уабын оқыған кезде қателері бол-

са түзейді. Жаңа сөздердің аудар-

масын топпен бірге жұмыстанып іздейді, сөздіктеріне 

көшіріп жазады.

Дұрыс жауап:  Teacher          C     Tailor           M

 

                Nurse              F     Bus driver      L



 

                Fire Fighter    J      Pilot              D

Astronaut          K           Doctor                A

Dentist              B           Hairdresser         H

Florist               E           Stewardess          G 

Lawyer              I            Auto Mechanic   N



8мин. Негізгі бөлім. 

IV.  Reading  5  min.  Мұғалімнің  мақсаты 

оқушыларға шет тілінде дұрыс оқу дағдыларын 

қалыптастыру.

Colin: Hi! Omar. What are you doing?

Omar: I’m looking at the moon and the stars. In the 

future I want to learn them and I want to be an astronaut. 

And what do you want to Colin?

Colin: I want to be a doctor. I want to treat people  

and save  their  lives. And what do you want to be Carol? 

Оқушы оқушымен диалогқа түседі. Диалогта жаңа 

сөздерді қолданады, мамандық тақырыбында сөйлеу 

дағдылары қалыптасады.

Carol: I want to be a teacher. Because I like to work 

with children. 

Мұғалім сұрақ қою арқылы оқушылардың шет 

тілінде тыңдап түсіну дағдыларын қалыптастырады.

Comprehension check.

True or false. Correct the false sentences.

1 Omar is looking at the moon and the stars.

2 Colin doesn’t want to be a doctor.

3 Carol likes to work with children.

4 Carol doesn’t want to be a teacher .

5 Omar wants to be an astronaut. 

6 Carol wants to be an astronaut too.



Answers: 1 true  2 false. Colin wants to be a doctor. 

3 true  4 false. Carol wants to be a teacher. 5 true 6 

false.

a) Play a game “Bingo”. 5 min

Interview  your  friend  and  make  conclusion. 

Оқушыларды  жұптастырып,  диалог  құруға 

бағыттайды. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін 

ескеріп, көмектеседі.

P1: What do you want to be? P2: I want to be a …etс. 

I interviewed …. . She/He wants  to be a …

Қорытынды. 15 мин.

V. Conclusion. Оқушыларға деңгейлік тапсырма-

лар береді. А) Match A column with B column

 

  

Nur               tor



 

 

Teach            tist



 

 

Doc               se



 

 

Law              yer



 

 

Den               er



№ Деңгейі төмен оқушылар мамандық атаулары-

на байланысты берілген сөз бөліктерінен сөздер құрап 

шығулары керек.  Оқушылардың жауаптары. dentist   

Nurse Teacher   Doctor   Lawyer



B) Solving the crossword. Guess which profession 

it is.


 1. He works with children. 2. He 

works with patients. 3. He drives a car. 4.  

He flies a plane. 5. She looks after people 

in hospital. 6.  She cuts hair.

Today we’ve learned a lot about 

different professions. I suppose, our talk 

will help you to make the right decision.

Деңгейі  орта  және  жоғары 

оқушылар жұмбақтар шешеді. Жауап 

беруде оқушылардың ұшқыр ойлауы, 

шапшаңдығы, жұмбақтың мазмұнын 

шет  тілінде  түсіну  дағдылары 

қалыптасады.

Жауаптары: 1. A teacher  2. A 

doctor 3. A driver 4. A pilot 5. A nurse 6. 

A hairdresser 

VI. Home task. 2 min. Learn by heart 

the new words. Write about your future or 

the future of your friend. Сабақ соңында 

әр оқушы бағалау парақшаларын тол-

тырып тапсырады. 

VII. Marks. 2 min. Good byе!

Мая АЙТҚАЛИЕВА,

№4 ЖББОМ,

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы

(Ақыл-ойының  бұзылуы  орташа  1-9  сы-

нып оқушылары үшін). Сауаттылықты меңгеру 

(оқу және жазудың бастапқы дағдылары) - күрделі 

психофизиологиялық үдеріс. Оны жүзеге асыру 

үшін көру, сөйлеу қимыл-қозғалыстық, сөйлеу-есту 

және кинестетикалық анализаторлар қатысады. 

Сауаттылықты табысты меңгеру үшін баланың 

психикалық үдеріс деңгейінде қабылдау, зейін, 

есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілі үдерістерінің өнімді 

реттеушілік жасауын қамтамасыз ететіндей болуын 

болжайды.

О

рташа және күрделі деңгейдегі зерде дамуы 



бұзылған балаларда аталған психикалық 

үдерістердің дұрыс қалыптаспауы сауаттылықты 

игеруге  қажетті  білім,  икем  мен  дағдыларды 

қалыптастыру жұмысын қиындатады.

К

өмекші мектептің 2-ші бөлімінде «Сөйлеу 



тілін және сауаттылық элементтерін да-

мыту» сабағының негізгі мақсаты балаларда қол 

жетерлік қарым-қатынас құралдарын (тілдік және 

тілдік емес), дұрыс мінез-құлықты, оқытудың 

қарапайым дағдыларын қалыптастыру болып та-

былады. Сабақтарда балалар әріптермен таны-

сып, сөздерді буынға бөліп және толықтай оқуды 

үйреніп қана қоймай, сонымен қатар шынайы 

жағдайларды сезінуді, сыныптастарымен және ере-

сектермен қарым-қатынасқа түсуді, заттарды, заттық 

суреттерді, графикалық белгілерді танып білуді 

үйренеді.

М

ұғалім бағдарламалық материалды таңдау 



барысында әрбір баланың танымдық 

мүмкіндіктерін және қалыптасатын білімдердің өз 

бетінше күнделікті өміріне пайдалана алуын еске-

ру қажет.

С

ауаттылықтың элементтерін оқыту мен 



сөйлеу  тілін  дамыту  бойынша  жұмыс 

келесідей міндеттерді шешуді болжайды: көріп 

қабылдауын  және  естіп  қабылдауын  дамы-

ту; қимыл-қозғалыс координациясын, ұсақ қол 

бұлшық еттерін дамыту; артикуляциалық мотори-

касын дамыту; сөйлеу тілін түсінуін дамыту; ба-

лаларда қол жетерлік қарым-қатынас құралдарын 

қалыптастыру; фонематикалық есту қабілетін дамы-

ту; белсенді сөйлеу тілін дамыту және жетілдіру; оқу 

техникасына және оқығанының ішінен ақпаратты 

бөліп алуға үйрету; оқуға үйрету үдерісімен бай-

ланысты жағымды эмоцияларды; қарапайым жазу 

дағдыларын қалыптастыру;

Т

үзете дамыта оқыту жұмысындағы бұл 



пәннің маңыздылығы оқытудың қарапайым 

бағыттылығын болжайды.



Гүлмира МҰҚАНОВА,

№15 облыстық көмекші 

мектеп-интернаты

Мақсаты: Балалардың  көлік тура-

лы білімдерін кеңейту, тілдерін дамыту, 

сөздік қорын жетілдіру. Өзін-өзі көпшілік 

ортада мәдениетті ұстауға, әдепті болуға 

үйрету, ойнап жүріп, ойлау қабілеттерін 

дамыту.


Көрнекілік:  көлік  түрлерінің 

суреттері, ойыншықтар, ойын элементтері 

(машина рөлі, гараж), үнтаспа.

Сөздік  жұмыс:  көлік  түрлері, 

жүргізуші, жедел жәрдем, өрт сөндіруші.



Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, 

көркем әдебиет, қоршаған орта, жапсыру.



Әдіс-тәсілдері: шаттық  шеңбері, 

әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, 

сахналық көрініс, жұмбақ.

Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. 

Балалардың іс-әрекеті.



Мотивациялық қозғаушы. Ұйымдастыру 

кезеңі.

Амандасу рәсімі.  - Балалар, біздерге қонақтар 

келіпті, амандасып алайық. Сабағымызды жақсы 

көңіл-күймен бастайық.



Шаттық шеңбері:

Бақыт деген осы шаттық шеңбері.

Қол  ұстасып тұрайықшы, кел бері.

Бақыт деген көрмей қалса сағынып, 

мені іздейтін адал жүрек сендегі.

Балалар  хормен,  қимыл,  іс-әрекет  арқылы 

көрсетеді: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз,

Барша адамды құрметтеп, Бас иеміз біз.

Сәлеметсіз бе, құрметті қонақтар! Балалар 

шеңберге тұрып қимылмен көрсетеді.



 Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар? - Бір жыл-

да төрт мезгіл бар. -Қазір жылдың қай мезгілі? Олар: 

қыс, көктем, жаз, күз. -Қыста ауа райы қандай бола-

ды? -Қазір қыс мезгілі.. -Балалар, мына суреттерге на-

зар аударайық. -Қыста күн  салқын, аяз, боран болады, 

қар жауады. -Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? Ма-

шина, ұшақ, трактор. Көліктер -Бүгінгі сабағымыздың 

тақырыбы. -«Көлік түрлері»

Көліктер: әуе, жер, су көліктері болып үшке 

бөлінеді. Әуе көліктеріне ұшақ, тік ұшақ, зымыран; 

ал су көліктеріне кеме, қайық; жер көліктеріне ма-

шина, автобус, велосипед, мотоцикл, поезд жатады. 

Жер көліктерінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Олар 

жүк тасымалдаушы, жолаушыларды тасымалдау-

шы, ауыр және жеңіл машиналар. Бұл  көліктердің  

бәрін  арнайы  маман иелері жүргізеді. Ұшақты 

ұшқыш, машинаны-жүргізуші, кемелерді кеме капи-

таны басқарады. Ерте заманда мұндай көлік түрлері 

болмаған. Ол кезде көлік ретінде үй жануарларын 

пайдаланған. Түйені шөл далада жүк тасуға, солтүстік   

жақта  шанаға иттерді жегіп кісілерді тасыған, Африка 

жақтарда  пілдерді жүк тасуға, жұмысқа пайдаланған. 

Бертін келе  ғылым, техника дамыған заманда көлік 

түрлері көптеп  шыға бастады. Көліктің пайдасы – 

адамның еңбегін женілдетеді, алысты 

жақындатады.

Жұмбақ: 1. Арқасында ауыл жүр, 

ала тайым жауып жүр. - Автобус. 2. 

Тізбектелген көк үйлер, көшіп жүрген 

көп үйлер. - Пойыз.

Сергіту сәті: «Пойыз». Балалар 

көлік ішінде өздерін әдепті ұстау керек. 

Үлкендерге орын беру керек, жылауға, 

қатты сөйлеуге болмайды.

Балалар  бірінің  артынан-бірі 

тізбекке тұрып, пойыз болып жүреді. 

Қимылмен көрсетіп, сөздерін айтады.

Сахналық көрініс «Көлік ішінде»  

Дидактиқалық ойын: «Дұрыстап 

орналыстыр».  



Рефлексия-түсету кезеңі

- Мен сендерді қазір шұғыл оқиғаларға байланы-

сты асығып жүретін, басқа көліктер оны күттірмей 

өткізіп жіберетін көліктермен таныстырам.

Ойыншықтар ішінен тауып көрсету. - Олар: жедел 

жәрдем,өрт сөндіруші, полиция машинасы.



Қимылды-қозғалыс ойын. «Өз гаражыңды тап»

Машина рөлін ұстап балалар жүреді, жүгіреді, 

әуен тоқтағанда, өз гаражын рөліне сайкес   түспен 

табу қажет. Әуен қосылады. Үлестірмелі  суретпен 

жұмыс.Балалар көрініс көрсетеді.

Дидактиқалық  ойын: «Не артық?»

Балалар сурет ішіндегі артық нәрсені  қоршауға 

алады.

-Балалар, біздер жапсыру сабағынан қайшымен 



қиюды, жапсыруді үйрендік. Алдарында автобус 

бөлшектері бар, соларды жапсырып, автобус  көлігін  

шығарайық. Балалар желіммен жапсырып, автобус 

құрастырады. Жер беті, су және әуе көліктерін ретімен 

орналастырып, қалташаларға салады.

-Балалар, үйде ата-аналарың, туыстарың алыс 

жолға шықса, бір-біріне не деп айтатынын білесіндер 

ме?  


-Жолың болсын!! Бәрі бірге; Атам шықса сапарға 

«Жолың  болсын» - дейді апам. Апам шықса сапарға 

«Жолың болсын!» -дейді атам. «Жолың болсын!» - 

дейді олар Үлкенге де кішіге. «Жолың болсын!»- дейді 

олар ұшырасқан кісіге. Осы сөзден байқадым қуат ба-

рын күш барын. «Жолың болсын!» - айтамыз жолға 

шықса кім де кім.

Сабақты қорыту. Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже: Білу: көлік және көлік түрлерін 

ажыратуды. Түсінік; көліктердің қолданылуы және 

адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінік бо-

луы керек. Үйрену; көпшілік ортада мәдениетті болу 

керек, көліктерді топтастыруды үйрену, топпен ойна-

уды үйрену.

Ақыл ЕРМҰҚАНОВА,

Мектепалды даярлық сынып мұғалімі,

Сырым ауданы


Ең алғаш ұстаздықтың 

міндеттерін сезінгенде – ақ, 

сабақты, соның ішінде баста-

уыш сынып оқушыларына   

берілген материалды қалай 

түсіндірсем,  жеткізсем 

екен, сабаққа балалардың 

қызығушылығын қалай арт-

тырсам екен деген  сұрақтар туындайды. Міне, осы 

жерде сабақта қандай әдісті қолдануың үлкен мәселе. 

Мен бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан, бала-

ларды ойын технологиясын қолдану арқылы оқыту  аса 

маңызды деп білдім. Себебі, 6-9  жасар балалар – нағыз 

ойын балалары. Пәнді ойынмен байланыстыра оқыту 

олардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. 

Оқушылар ойын барысында оқу материалын жеңіл 

түсініп, терең меңгеруге және оны ұзақ уақыт бойы 

есте сақтауға, өзін еркін сезіне алуға, ізденімпаздыққа, 

тапқырлыққа, тез ойлануға  дағдылана түседі.

Бала дүниеге келгеннен кейін-ақ, көп ұзамай, 

алғашқы әрекетінің өзі – ОЙЫН, сондықтан да 

ойынның ертеден қазақ халқы үшін де, қазіргі дамыған 

жаңа заман үшін де мәнісі, орыны ерекше.  «Ойын 

ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» дегендей, 

баланың өміріндегі ойын, ол адамның өмірге қадам 

басардағы алғашқы адымы деп білем. Жас баланың 

өмірді танып, еңбекке қатынасуы психологиялық 

ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын-

ды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педа-

гогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этно-

графтар және өнер қайраткерлері, басқа  саладағы 

ғалымдар да шұғылданады. Көптеген жазушылар 

бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға 

тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы өз 

еңбектерінде ашып та берді.

Психологияда, адам іс-әрекетінің ерекше түрінің 

бірі – ойынның пайда болуы туралы зерттеушілердің 

көпшілігі өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік 

іс-әрекетінің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойын 

да шындықтың көрінісі, оның образды сәулесі 

қылаң береді. Өмірдің әр түрлі құбылыстары мен 

үлкендердің әртүрлі іс-әрекеттеріне еліктеу ойынға 

тән  нәрсе.  Ойынға  шартты  түрдегі  мақсаттар 

қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-

әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой, 

адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық 

тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар 

ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, 

тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, 

ойлау,  қиялдау,  зейін  қою,  ерік  арқылы  түрлі 

психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Баланың 

қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын 

кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мына-

да: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, 

белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дами-

ды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен 

дарынын ұштайды.

Педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, 

өйткені балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның 

көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын 

арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, 

асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең 

сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік 

алады. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзегіндей 

қуаныш, реніш сезімінде болады. Бірақ одан ойын 

екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан 

шындықтағыдай, «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, 

олардың «ойынды ойын» деп түсінуінен. Бұған бай-

ланысты ойын туралы жасалатын тұжырым мынау: 

« ойын- тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтеді, тілді 

ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді таны-

тып, сезімді кеңейтеді; ерік және мінез қасиеттерін 

бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді; ұжымдық 

сезім әрекеттері өсе түседі; эстетикалық тәрбие беру 

құралы ретінде, еңбек тәрбиесін дамыту мақсаттарын 

шешуге мүмкіндік береді және дене күшінің жетілуіне 

көмектеседі».

Бастауыш сынып оқушыларының мектепке кел-

генге дейінгі негізгі әрекеті – ойын болса, оқу-тәрбие 

үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін 

орындауға бейімделуі тиіс. Бірақ, білімге деген ынта, 

құштарлықтың өзін осы ойыннан қатты алшақтамай 

ақ, ойынның негізінде беруге болады деп ойлай-

мын. Мен 4- сыныпқа қазақ тілі сабағын үнемі ойын 

арқылы жеткізуге, өткізуге тырыстым. Мысалға, 

сыныпты топтастырып, топты жарыстыру арқылы 

олардың шапшаңдығын одан әрі дамыта түсуге бо-

лады. Топқа бөліп жүргізілетін ойындарда оқушы өз 

тобының жеңіп шығуына өзінің тікелей қатысы барын 

ұғынады. Басқалардың алдындағы жауапкершілігін 

сезінеді де, берілген тапсырманы ынтамен, зейін са-

ла, ықыласпен орындауға тырысады. Сонымен бірге 

олардың бойында бауырмалдық, жанашырлық, 

ізеттілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық сияқты 

жақсы қасиеттер қалыптаса бастайды. Сондай-ақ, 

шығармашылық жұмысты да ойын арқылы дамыту-

да ойын технологиясының маңызы зор, ол арқылы 

оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруге, жеке 

тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашамыз.

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, 

әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория және 

мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің 

өзара байланыстыратын технология. Сабақта ойын-

дарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық 

ойындар – балалардың білімдерін арттырудың құралы 

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді 

және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басын-

да – өткен сабақты еске түсіреді.

Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, 

ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттыра-

ды. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта 

алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын 

– оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыра-

тын құрал. Сондықтан бастауыш сыныптарында 

оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. 

Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас 

ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, 

1-сыныпта қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, 

сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне 

сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойын-

ды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның 

көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың 

жас  ерекшеліктеріне  және  өтілетін  сабақтың 

тақырыптарына, мазмұнына сай етіліп таңдалып 

алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді 

қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға 

ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. 

Бастауыш сыныпта қолданатын қандай да бол-

масын ойын элементтері оқушылардың белсенділігін 

арттырып, оларды ынталандырады. Кез келген ойын 

элементі сабақта екі түрлі мақсатқа бағытталады. Оның 

біріншісі – оқушының сабаққа қызығушылығын, ынта-

сын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушыларды 

тапқырлыққа баулып, зейінін, ойлау қабілетін артты-

ру. Ойын элементтерін дұрыс пайдалану  1-4 сынып-

тарда өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу, оқу, 

мазмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды 

бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын 

технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал 

жасайды.  А.М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені 

таниды» - десе, А.С.Сухомлинский: «Ойын дүниеге 

қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы 

баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, 

өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын 

дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің 

маздап жанар оты» - деп, ойынға анықтама береді. 

Сабағымыздың ойын күлкімен көңілді өткізілуі 

біріншіден, оқушылардың  жаңа сабақты ұғынуы 

болса, екіншіден, мұғалімнің мақсатының нәтижесі 

деп білем. Сондықтанда ұстаздар қауымына өз 

еңбегіміздің жемісін көру үшін ойын технология-

сын көбірек қолданайық дегім келеді. Еңбегіміздің 

жемісінің бір көрінісінің өзі балаларымыздың ойнап 

күлгені екенін әрдайым есте сақтайық...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет