алған білімдерін пысықтау. Шығармашылык
жұмыс істеуге дағдыланады. Оқушылар бір-бірінен
анықталады. Әр оқушы өз деңгейін бағалайды.
теп, сабаққа даярлау. - Балалар, біз бүгінгі казақ тілі
ап беру. 1. Сөз таптарын ата. 2. Етістік дегеніміз не?
(ереже, мысал). 3. Зат есім дегеніміз не? (ереже, мы-
сал). 4. Сын есім дегеніміз не? (ереже, мысал). 5.
Етістіктің шақтарын ата. (ереже, мысал). 6. Сан есім
дегеніміз не? (ереже, мысал).
II. Жаңа сабақ. Сан есім. Есептік сан есім
мысалдарды қолдана отырып, ереже шығару.
саяхатқа шығамыз. Олай болса, саяхатымызды «Сан
есім аялдамасынан» бастайық. Сан есім. Сан есім
дегеніміз не? (ереже).
Жаттығу жұмысы. Есептік сан есімді реттік сан
есімге айналдырып жазу.
«Сәйкестендір». 1. Жаттығу жұмысы. 2. Есептік
1. «Сыңар, жалқы, жалғыз»,
нимдес? (1, 2). 2. Бес әріппен жазылып, бір циф-
рмен таңбаланатын қандай сан есім? (8, 9). 3. Әрі
сан есім. (100) Суға жүз, жүзі жылы.
«Тапқырлар». 1. Жаттығу жұмысы. 2.
1. Жаттығу жұмысы. 2. Көп нүктенің орнына
тиісті сан есімдерді қою.
Ары - ...... жылқы.
....... түгел болса, төбедегі келеді.
3. Білгенің - ..................................................,
Білмегенің - ...............................................
«Нәтиже». Тест тапсырмалары.
Жаңа сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: ереже жаттау.
Жанар ҚУАНАЛИЕВА,
Бітік бастауыш ЖББОМ,
Ақжайық ауданы
6
Жайық ұстазы
20 қараша, 2014 ж.
А м а н а т
Бұл
шара 16 қазан күні, қаламыздағы
№30 орта мектеп акт залында өткізілді. Мерейтой
иесі, облыстық, қалалық, аудандық білім мекемелері
өкілдері, қала мектептері директорлары мен қазақ тілі
мен әдебиеті мұғалімдері, курс тыңдаушылары, БАҚ
өкілдері қатысқан шара көпшіліктің көңілінде жақсы
әсерімен қалды. Институтымыздың баспа-ақпараттық
және қоғаммен байланыс бөлімінің ұйымдастыруымен
өткен бұл шара өз мақсатына жетті.
«Ғасырлар тоғысында қазақ поэзиясының ақ
желкенін көтеріп жүрген Ақұштап ақын – Сара,
Ұлбике бастаған ақын қыздардың заңды жалғасы»
- деген ғалым сөзі ҚР Жазушылар Одағының
мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Халықаралық «Алаш» сыйлығының және «Құрмет»
орденінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның
әдебиеттегі алар орнының басталар тұсын дәйектеген
ғылыми тұжырым. «Алаш жырының ақ шағаласы»
атанғанға дейінгі жарты ғасырға жуық кезеңнің тек-
ке өтпегендігі 1967 жылы жарық көрген тұңғыш
кітабы «Өрімталдан» бермен қарайғы ондаған жыр
жинақтары мен қайраткерлігін паш еткен көптеген
мақалаларынан-ақ айқын көрінеді.
Иә, биылғы жыл басынан бері алыс түкпірдегі ау-
ылдардан бастап, қала мен облыста ресми жариялан-
баса да «Ақұштап ақын жылы» аталып өтілуде. Ақын
апамыз да аудандар мен білім ордаларында өткізіліп
жатқан «Ақұштап оқуларына» қатысып, қалың
оқырманымен үздіксіз қауышуда. Атап айтқанда, об-
лыс колледждері студенттері қатысуымен өткізілген
«Ақұштап оқуларын» Орал педагогикалық колледжі,
ал сол сияқты колледждердің қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімдері өнер жарыстырған «Ақұштап
оқуларын» Орал газ, мұнай, салалық технологиялар
колледжі, «Мәнерлеп оқу» сайысын Зеленов ауданы
Трекин ЖББОМ ұжымы Облыстық әдістемелік каби-
нет бастамасымен өткізді. Облыс орталығындағы Ма-
хамбет атындағы БҚМУ-да республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференциядан басталып, облыстық
мұражайда жалғасқан, облыстық драма театрындағы
үш бірдей кітабының тұсаукесерімен ашылған,
Әбдіжәміл
Нұрпейісовтей халық жазушысы,
ҚР Жазушылар Одағының өкілдері қатысқан ақын
мерейтойының нүктесін ұлан-ғайыр әсері бар іс-
шаралар қойғандай. Апамыздың студенттік кезі өткен
Алматыдағы Қыздар Педагогикалық университеті мен
Қазақстан Жазушылар Одағы да ақын апа мерейтойын
үлкен дайындықпен атап өтті.
«Мен Оралды үш қызы арқылы танимын:
біріншісі – аңызға айналған Қыз Жібек, екіншісі –
батырға айналған ер Мәншүк, үшіншісі – өзіндік
мінезі мен өз үні бар ақын – Ақұштап. Ендеше, мен
бұл елдің қыздары мықты-ау деп ұғынам» деген бола-
тын академик Зейнолла Қабдолов. Олай болса, бүгінгі
облысымыздың мұғалім-ақындар жыр-мүшәйрасының
төрінде ел ардақтысы Ақұштап Бақтыгерейқызының
өзінің келіп, жырмен өрілген тағылымды дәріске
татырлықтай, өнегелі де ұлағатты әңгімесін айтып, ел
мұғалімдеріне аманат жүктеуі – біз үшін де үлкен ме-
рей.
Ақын апамызды құттықтау үшін сөз кезегін
алған институтымыздың директоры, педагогика
ғылымдарының кандидаты Ізмұханбетова Софья
Салахиденқызы ақынның «Егер біздің қазақтың» атты
өлеңін жатқа мәнерлеп оқып, ақжарма тілегін арнады.
Осы өлеңдегі ақын арманы орындалғандай әсер алдық.
Сол көп арманның, «Өлең оқыр бәрінде сауат болса»
деген тұсы, әсіресе, педагог қауымға, жас ұрпаққа тіл
сұлулығын үйрететін мамандарға аса қажет.
Ақұштап Бақтыгереева сөзіне жазылған жерлесіміз
Баян Хабиеваның «Аңсау» әнін Орал газ, мұнай,
салалық технологиялар колледжінің оқытушысы, жу-
ырда өткен «Ақұштап оқулары» байқауының Гран-
при жүлдегері Айымгүл Әйтімбетова орындап, сахна
сәнін келтірді.
«Ол - өмірге ұлт мүддесімен қарайтын батыл
ақын» - деген пікірдің дұрыстығын осы мүшәйраға
қатысушылардың әрқайсысы да дәлелдеуге тырысты.
Әрине, шеберлік деңгейі әрқалай.
Музыкалық сәлемін жолдау үшін ортамызға кел-
ген ардагер ұстаз, әнші Марғуба Зейнуллина апа-
мыз баянда сызылтқан әсем әуендерімен осы кештің
өн бойына керемет жылылық сыйлады. Ақұштап
Бақтыгереева сөзіне жазылған ақтөбелік сазгер Максим
Меңкешевтің
«Алғашқы сезім», «Он сегіз жас»,
«Қыз сағынышы» әндерін керемет
шеберлікпен нәзік жеткізді.
Мүшәйраның әділ қазылар
алқасының төрағасы – Махамбет
атындағы БҚМУ профессоры, белгілі
әдебиеттанушы ғалым ағамыз – Шара-
басов Серікқали Ғабдешұлы;
Қазылар алқасының мүшелері: -
Елеубаева Үзілдік Елеубайқызы – белгілі
айтыскер ақын, жұбантанушы-ұстаз;
- Әлжанова Гүлнар Жәрдемқызы
– Облыстық тілдерді дамыту
басқармасының бөлім меңгерушісі;
- Таубаева Ақмаржан Бақытқызы –
ақын, «Жайық ұстазы» газетінің бас редакторы;
- Кәрімова Назгүл Сансызбайқызы – белгілі
айтыскер ақын, жәнібектік ұстаз, «Жырлаймыз
мұғалімнің мәртебесін» облыстық айтысының жүлдегері.
«Ақұштап Бақтыгереева әйелдерді емес, әйелдікті
жырлайды, әйелдерді емес, әйелдікті қорғайды»,
деген Әбіш Кекілбаев сөзінің бір көрінісіндей
дені әйелдерден құралған ұстаз қауымды да оның
қалай қорғағанына өзіміз де куә болғанбыз. Бүгінгі
мүшәйраға қатысушылар да – негізінен әйел заты.
«Ақұштап – ақ түстің ақыны. Оның сыртқа
шығатын жүрек сәулесі де ақ», - деген Қанипа ақын
сөздерінің жаны бар. Осы ақ сәулені жанына жақын
тұтып, жүрегімен қабылдайтын ақын оқырмандары
да қаншама. Олардың қатарында, әрине, жалпы пе-
дагогтар қауымы, осы кешке қонақ ретінде қатысқан
қала мектептерінің директорлары да бар. Қала
мектептерінің директорлары атынан №30 орта мек-
теп директоры Қойбағарова Ләззат Темірханқызы сөз
кезегін алып, ақынға ақ тілек арнады.
Ақылымен, көркімен, асыл апа, аналық
қасиеттерімен алты алашқа танымал, Жайық елінің
мақтанышына айналған ақын апамызға арналған
мүшәйраға келген барша көрерменге Ақұштап
Бақтыгереева сөзіне жазылған әйгілі композитор Илья
Жақановтың «Оралдың ерке самалы» әні ұсынылды.
Әнді №45 орта мектеп мұғалімдері Қашқынбаева
Тұрсынай және Сарсанғалиева Бақытханым орында-
ды.
«Өлеңге әркімнің де бар таласы» демекші, Жансая
Меңдіғалиева (№32 ЖББОМ, Орал қаласы) «Қиялдағы
бақытын аялаған», Айгерім Елекешова (Қ.Байсықов
атындағы ЖББОМ, Ақжайық ауданы) «Шағала шабыт
серігі», Гүлвира Зұлқарнаева Ш.Жексенбаев атындағы
ЖББОМ, Жәнібек ауданы) «Өрімтал жырдың өрнегі»,
Кәмшат Тілегенова (Асан ЖББОМ, Зеленов ауда-
ны) «Сүмбіле сезім сырлары», Медет Жанболатов
(Қараөзен мектеп-лицейі, Казталов ауданы) «Жыр
жүйрігі», Гүлжазира Құрмашева (Егіндікөл ЖББОМ,
Қаратөбе ауданы) «Зерделі тұлға», Айнұр Нұрғалиева
(Бұлан ЖББОМ, Сырым ауданы) «Көрермен
көзайымы», Нұргүл Аймағамбетова (Шежін ЖББОМ,
Тасқала ауданы), «Сөзге шебер, ойы ұшқыр», Жұлдыз
Зданова (Шилі ЖББОМ, Шыңғырлау ауданы)
«Толқытқан ойлары көп жүрегінде» номинацияларын
иеленіп, үздік өлең жазуға талпыныстарын шыңдауға
бет бұрды. Әділқазылар шешімімен жүлделі орындар
төмендегіше анықталды:
І орын – Әлмұханов Қазбек Қуанышұлы,
Жаңақала ауданы, №3 ЖББОМ.
ІІ орын – Қарасаев Өтепберген Серікұлы, Бөрлі
ауданы, Пугачев ЖББОМ.
ІІІ
орын
–
Мұқанбетов
Естеміс
Өтемісұлы, №1 Подстепный ЖББОМ.
Достарыңызбен бөлісу: