оты өшкені ғой. Қалада мені кім біледі дейсің.
аруағына арнаймын.
7
Жайық ұстазы
20 қараша, 2014 ж.
Текке тартқан
асыл жан
С
із 70-ке толғанда
Сіз 70-ке толғанда
Мүшәйра, байқау болғанда.
Қазылық құрып отырмын.
Ақынның бәрі сол маңда...
Ал, мен болсам, 35 жыл бұрынғы
кезді ойлап,
Сізге шынымды айтуға белді байлап,
Осы жайларды ақ қағазға түсірдім,
Ақ шағала шарқ ұруын түсіндім.
Бұдан отыз бес жыл бұрын сіз
–
отыз бестесіз,
Мен болсам жиырма жастамын.
Сіз керемет сұлусыз, жігерлісіз,
Ал, мен ұяңдау тілші қыз...
Бұйығымын.
Басқамын.
Сіз оқыған сұлу жырдан шоқ түскен
албырт жүрекке.
«Ана махаббаты» мен «Ана жүрегі»,
Айналды қолдау, тірекке.
Аудандық газет пенен радиоға,
Поэзия хабарын дайындаймыз.
Жыр оқысақ, бір нәзік қайыңдаймыз,
Ал, Сізді көрсек, бата алмаймыз
жақындап баруға да,
Қазіргі кей пысықтардай жылмаңдап
жайылмаймыз.
Бұрынғы Ақжайықтың клубында,
Жиналушы ек біз – жастар жыр
ұғуға.
Қызғылт кітап «Өрімтал»
қолымызда,
Асығушы ек өмірден сыр ұғуға.
Жылдар өтті, жастық та... сылаң
қағып,
Сіздің жырдан ой түйдік, сыр
аңдадық.
Алматыға жоғары оқу іздеп біз де
келдік,
Сізге ұқсап жыр ауладық.
Бірде Сізді шақырдым кездесуге,
Қасым аға Сәпені - Сақыпжамал
апамен,
Түзетуге албырттықты, қатені
тырысқаным болатын, айтқым келіп
«апа» деп.
Ғафу аға бастаған сол кездесуге
«Жайық қызын» қатыстырдық әдейі.
«Қасым жүрген Оралдың ақыны,
деп, әдемі»
Содан бері де ширек ғасырдай
өтіпті,
Талай асылдар ортамыздан кетіпті.
Менің жүрегімдегі сұлу әуендер
Жаңғырығып осы күнге жетіпті.
Бүгін Сізді Фариза апа сыңарындай
көремін,
Ақ сәулелі жыр-ағындай көремін.
Биік ұшқан тәуелсіз ел көгінде
Ақ сұңқардай, қыранымдай көремін.
Өлеңіңді – өздеріңді
Күй-Ананың күмбірі ме деп қалам,
Жапырақтың сылдыры ма деп қалам.
Кең даланың мұңын шерткен апалар,
Тұлпар тұяқ дүбірі ме деп қалам.
Өлеңдеріңнен –
Махамбеттің қайсарлығын көремін,
Азаматтың байсалдығын көремін,
Ақжайықтан шағала боп шарқ ұрған
Алты Алаштың жайсаң қызын
көремін.
Бақыттымын, өздеріңді көргеніме
мақтанам,
Жырдың кенін Сіздерге ұқсап
ақтарам.
Апалардың қамқорлығы күш беріп,
Өздеріңмен, өлеңіммен бақ табам.
Ақмаржан ТАУБАЕВА,
Орал қаласы
А.Бақтыгерееваға
Көп көрсек те кесір қоғам тепкісін,
Халықпыз ғой мойындаған тектісін.
Азаматтық айбыны бар болғасын,
Алаш бүгін тойлап жатыр жетпісін.
Көрінеді көрегендік «Бұрымнан»,
Сіңіліге қадап айтқан сырыңнан.
Болашақты бағамдайтын жансыз ғой,
Бәрі-бәрі байқалады жырыңнан.
Дедің және жат қолында тоналма,
Өзгерістер болады деп сан алда.
Қалың қазақ қайғысы жоқ секілді,
Сіздің көзбен қарап тұрсам қоғамға.
Естілетін өлеңменен дабылы,
Қаламының қайтпаған еш қарымы.
Намысы мен арын ойлар жұртының,
Әр қазақтың маңдайдағы жарығы.
Мінезің бар шұғыладай шашылған,
Туған жансың текке тартып асылдан.
Көрсе шіркін ұлтым деген кейпіңді,
Махамбеттер сипар еді басыңнан.
Батпайтын болашақта да бағасы құмға,
Діңгегі дүр дүниенің дара шынында
Байқоңыр- биіктігіңнің басқышы болып,
Жердің тұр жеті қат аспан
қарашығында.
Орыны ортаймайтындай отты реңімен,
Тіліп тұр тектілігімді көк түнегінен.
Алқынып алты құрлығың, артық
болғасын
Жұртымның көкке мінеді көк кілемінен.
Тыңайып «Найза-темірлер» нақталып
алсын,
Шарықтап шымыр біліммен құтқа
шығарсың.
Қазаққа құдайдың өзі аспанын ашса,
Ұлы ұлт кім екенін де ұққан шығарсың.
Шынарың шыңға шарпылған сынып
тынбасын,
Татып жүр жерімнің бәрі тұнық
тұнбасын.
Аяқты алшаңдау басып айға жетсе де,
Елімнің еңсесі бары ұмыт қылмасын.
Өнген ел өрлесін сенің өреңе қуат,
Байқоңыр- құндақтың бізді бөлегені бақ.
Аспанның төсіне шығып, төрін
көргенмен,
Ешкімді шығарма, қазақ, төбеңе бірақ.
Бауыржан ЗИНЕШОВ,
Серебряков ЖББОМ,
Орал қаласы
Байқоңыр -
биіктік басқышы
Ү
стіміздегі жылдың 15 қазаны күні Зеленов ауданы Трекин орта
мектебінде облыстың әр ауданы мен қаладан келген қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Өлеңмен өрілген шағала-
ғұмыр» атты мәнерлеп оқу шеберлігінің байқауы өткізілді.
О
блыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті
ұйымдастырған бұл байқаудың осы жерде өткізілу себебі –
мұнда облыс мектептері арасында ең тұңғыш «Ақұштап дәрісханасы»
ашылған болатын. Осы дәрісхананы тамашалаған байқау қонақтары
қатысушылар өнерін де сараптап көрді. Байқауға ақын апамыз да
қатысып, қазақтың бай да көркем ана тілі, оның қасиетін ұрпаққа
сіңіру, мәнерлеп сөйлеу мен оқу техникасы туралы тамаша тағылымды
дәріс оқыды. Байқауға облыстық білім басқармасы басшысының орын-
басары Зәуре Базарғалиқызы, Зеленов ауданы әкімінің орынбасары
Асұлан Тұрсынұлы, ауыл әкімі және ардагерлер, мектеп мұғалімдері
мен оқушылары қатысып, мерейтой иесіне құрмет көрсетілді.
Б
айқауды қорытындылаған әділ қазылар алқасының шешімі
бойынша Бас жүлдеге Серебряков орта мектебі мұғалімі
Бауыржан Зинешов, І орынға ақжайықтық Айгерім Елекешова, ІІ
орынға сырымдық Эльмира Бақтығалиева, ІІІ орынға бөрлілік Ай-
дана Ғабдырахим, ал номинацияларға тасқалалық Асылзада Макарова,
қаратөбелік Айгүл Талғатова, жаңақалалық Нұргүл Рахметқалиева ие
болды, басқа қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.
“ Ө л е ң м е н ө р і л г е н шағала-ғұ
м ы р ”
Мақсаты: Оқушыларға адам
құқықтары, олардың түрлері тура-
лы жүйелі білім беру; Оқушыларды
өз құқықтарын қорғай білуге
үйрету; Оқушылардың құқықтық
мәдениеттілік денгейін арттыру;
Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ой-
ларын еркін жеткізе алу мәдениетін
дамыту, шығармашылық қабілеттерін
шындау.
Өтілу түрі: Сабақ - презентация.
Көрнекілігі: White Board
интерактивті тақтасы, Әлеуметтік
клиптер, Конвенция, БҰҰ адам құқықтарының
жалпыға бірдей декларациясы .
Өту барысы: №1 слайдта сабақ тақырыбы
көрсетіледі.
I. Кіріспе. Мұғалім: «Сәлеметсіз бе, оқушылар!
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Заңға бас иген
құл болмайды. Біріншіден, әзірленген әлеуметтік
клиптерге назар аударуларыңды сұраймын». Бей-
не клип №1. Оқушыларға сұрақ қойылады: «Осы
клиптерде сіздердің ойынызша не ортақ? Өмірдегі
кездесетін жағдайлар ма? Не себепті туындауы
мүмкін жағдайлар?». Оқушылардың жауаптары тын-
далады. Оқушылар жауаптары тындалғаннан кейін
сабақтың мақсаттары айқындалады: «Осы жағдайлар
біріншіден оқушылардың, адамдардың құқықтар
мен заңдарды білмеуі, немқұрайдылықтан бола-
ды. Оқушылар, жалпы адамдар арасында құқықтық
мәдентиеттілік денгейінің төмендігінен екенін көруге
болады. Осыған байланысты, тәрбие сағатының
мақсаты: оқушыларға адам құқықтары, олардың
түрлері туралы жүйелі білім беру; оқушылардың
құқықтық мәдениеттілік денгейін арттыру; сабақ ба-
рысында оқушылардың ойлау, талдау, қорытынды
жасау қабілеттерін дамыту».
II. Құқықтың тарихы. Мұғалім: «Құқықтық
жүйенің негізін заң құрайтыны белгілі, заң
құқықтануда (ағылш. – «law») - мемлекет белгілеген
жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік
биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған не-
месе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы
қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
Заң сөзімен адамдардың барлығы дерлік та-
ныс. Адам өмірінің барлық саласында белгілі бір
заңдар бар. Мысалы, біздің әлем өмір сүріп отырған
табиғат заңдары бар, әртүрлі физикалық (гравита-
ция заңдары), химиялық заңдар бар екені мәлім. Со-
нымен қатар маңыздылығы жағынан төмен емес
қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекет пен адам
арасындағы қатынастарды реттейтін заңдар бар екені
белгілі. Бұл заңдардың адам және мемлекет өмірінде
маңызы өте зор.
Жалпы құқықтың даму тарихына үңілсек, ең көне
ескерткіштердің бірі Хаммурапи заңдары – Вавилон
заңдарының жинағын айта кетуге болады. Бұл заңдар
Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен біздің за-
манымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хам-
мурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік
құқықтың аса маңызды ескерткіші болып табылады.
Бірақ бұл заңдар ең бірінші заңдар болып табыл-
майды, себебі бұл заңдар біздің заманымызға дейін
жеткен, біріншіден жазылған, тасқа жазылған заң бо-
лып табылады.
Тағы да бір өз уақытындағы прогреесивті жүйе –
бұл Рим құқықтық жүйесі. Рим құқығы қазіргі барлық
құқық жүйелерінің негізгісі болып саналады. Сол
уақыттан бері құқықтық жүйелер әртүрлі өзгерістерге
ие болды.
Қазақстанның тарихын алсақ, Тәуке ханның жеті
жарғысы, Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның
қасқа жолын айта кетуге болады.
Ал қазіргі уақытта ең маңызды,
ең елеулі дүние жүзіндег ең көп тілге
аударылған құжат болып табылатын,
дүние жүзінде Адам құқығына үлкен
үлесін қосқан БҰҰ адам құқықтарының
жалпыға бірдей декларациясы.
Бұл декларация 1948 жылы
қабылданды, декларация 2 дүниежүзілік
соғыстан кейін фашистік Германия
жасаған зорлық-зомбылықты болдыр-
мау үшін жаңа құқықтық жүйені жасау
міндеті туындады. Бұл Декларация 30
заңнан тұрады және әр демократиялық
жүйенің негізі болып табылады.
Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би,
Қазыбек би және Абай Құнанбаев та адам құқықтары
мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келген-
нен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын,
біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция
қорғайды.
Сонымен қатар заңдылықтың сақталуына өз
үлестерін қосатын әртүрлі құқық қорғау органда-
ры, құқық қорғаушылар бар, біздің Орал қаласында
да танымал адам құқығын қорғаушы Павел Кочет-
ков, адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық
бюроның жетекшісі қызмет істейді.
Осы құқық қорғау ұйымдары әртүрлі жұмыстар
атқарады, мен сізге осы құқық қорғаушының ролін
сомдауды, ол үшін біріншіден мына құжаттарды
толтыруға ұсынамын:
Достарыңызбен бөлісу: