- Мектепке ер мұғалімдерді тарту жағы қалай
шешімін табуда?
- Жалпы ол жағы да ескерілген. Олар көбіне
қағазбастылықты, жазу, есеп дегендерді көп жарат-
пайды ғой. Оларды осы жұмыстардан босатыңқырап,
керісінше, олардың білімдері мен ер азаматқа тән
қасиеттерін, ұрпақ бойына дарыту үшін ер балалармен
жұмыс істеп, бірге жүруге ықпал жасап отырамыз.
- Бұрын осы мектепте коррекциялық сынып
болатын. Қазір қайда?
- Мектепте 2000-нан аса бала үш ауысымда оқыды.
Орын болмауы себепті ол сынып басқа мектепке ауы-
сты. Қазір 1000 баламен екі ауысымда жұмыс істейміз.
- Сіздің мектепте ата-аналармен тығыз байла-
ныс жақсы жолға қойылған екен. Бұл жөнінде не
айтасыз?
- Жалпы бала 5-6 сыныпқа келгенде, орта буынға
бейімделу кезеңі басталады. Осы кезде ата-ананың
көмегі өте қажет. Сондықтан тәрбиешілер мен пси-
хологтар ата-аналардың байланыс дәптері арқылы
жұмыс жасайды. Ата-аналар жиналысы бұрынғыдай
ата-аналарды шақырып алып, оқушының тәртібі мен
сабағын айтып, не ұзын-сонар баяндама жасап, табель-
ге қол қойғызып алу күйінде емес, жиналыс мақсаты
мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесін бірлесе ше-
шу үшін ата-ананы мектеп ішіне енгізу, ата-ананы, ба-
ланы толғантып жүрген мәселе туралы білу, ой салу
болып табылады. Ата-анаға тренингтермен қоса, «Біз
де бала болғанбыз» тақырыбында шығарма жаздыра-
мыз. Балаға болашақтағы арман-мақсаты туралы жаз-
дырамыз. Кейін ата-ананың жазғанын балаға, баланың
жазғанын ата-анаға оқытамыз. Осы кезде біз – педагог-
тар үлкен жетістікке қол жеткіземіз.
7, 8, 9-сыныптарда да проблема көп. Осы кезде
де үлкен жұмыс істеу керек. Өйткені, өтпелі кезеңдегі
баламен жұмыс істеуде, психологтармен қоса, ата-
аналардың көмегі ауадай қажет-ақ. Ал, 10-11 сынып-
тарда сынама тестерге дайындалу үшін ата-аналардан
көптеген дайындық, көмек жұмыстарын талап етеміз.
Айталық, керекті кітаптарын тауып беруден бастап,
болашақ мектеп түлегінің оңаша бөлмесі болуын, оның
сол бөлмеде оқып, тынығып, компьютермен жұмыс
істеуіне, жаттап есте сақтауы үшін қиын ережелерді
қабырғаға іліп қою, баланы қолдап, көмек беріп,
жағдай жасау, т.б. талаптарды ата-анадан үнемі талап
етуге тура келеді. Сонда ғана мектеп түлегі нәтижеге
жетеді.
Мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс
істейді. 18 оқушыдан тұратын «Отаншылдар орда-
сы» ұйымы оқушылардың көшбасшылық қасиетін
ашып, дамытуға арналған. «Отаншылдар ордасының»
президенті бар. Әр сыныпта бір-бірден 17 министрі
бар. Президентті де, министрлерді де оқушылардың
өздері сайлайды. Олар мұғалімдер өзіне тағайындап
алатын бұрынғы ылғи «5» ке оқитын емес, керісінше
балалар арасында беделді, өзіндік ой-пікірі бар балалар.
Олар мектепте қандай да бір келеңсіздіктің алдын алу,
қылмыспен күресу, мектеп формасын, тәртібін сақтау,
баланың өзін-өзі дағдыландыруы, жеке басының
мінезін қалыптастыру мәселелесінде бір-бірімен ара-
ласа жүріп, қызықты мектеп өмірін жүзеге асырады.
Мұның өзі оқушының өзін-өзі тәрбиелеуге, қабілетін
ашуға септігін тигізеді.
Тағы бір айтатын мәселе, деңгейлеп оқыту
курстарын оқып келген мұғалімдер оқытудың
жаңаша оқу тәсілдерін жүргізуде. Оқушылардың
сыни тұрғыдан ойлауға, жаңа тақырыпты оқып
қана қоймай, сол тақырыпта өз білімін жетілдіруде
практикалық тәжірибені көбірек беруге, сабақ үстінде
оқушылардың өз ойларын еркін ашық айтуға қолайлы
жағдай туғызуға көңіл бөлінеді. Бізде тоқсан сай-
ын оқушының сұранысын қанағаттандыру үшін
«Оқушы үні» тақырыбында тәрбие сағаты өтеді. Онда
оқушы өз ойын, пікірін, ұсынысын айта білуді мектеп
қабырғасынан дамытуға мүмкіндік жасалады.
- Сіз өткен жылы Чех елінің Прага
қаласындағы Яна Гус Халықтық академиясында
тәжірибе алмасып қайтыпсыз. Осы сапар нәтижесі
мектеп басқару ісінде қаншалықты пайдасын
тигізеді деп ойлайсыз?
- Онда біз мектепті басқарудың Еуропалық
үлгісімен таныстық. Бұл үлгіде мектеп тек білім бе-
румен ғана айналысады. Бала тәрбиесі ата-анаға
жүктелген. Ата-анаға бұл үшін «жәрдемақы» төленеді.
Ата-ана мектепке қажетті оқу құралдарын тауып бе-
руге тиісті. Жылына ата-анасы баланың ой-өрісін да-
мыту үшін баланы 15 рет театрға, бірнеше рет му-
зейлерге апарып тұруы керек екен. Оқушы себепсіз
сабаққа келмей қалса, әкімшілік жанынан бөлінген
«әлеуметтік қызмет» жүйесіне хабарлайды. Дәл
сол сәтте «әлеуметтік қызмет» қызметкерлері
үйге мобильді түрде хабарласып, қатаң ескертеді.
Бұл баланың сабақ жібермеуіне мүмкіндік береді.
Жаз айында мектептің жөндеу жұмыстарымен де
әкімшілік айналысады. Әрине, бұл жүйенің дұрыс-
бұрыстығын білмеймін, біздің қоғам әлі бұған дай-
ын емес деп ойлаймын.
Әрине, барлығын болмағанмен, бізге ыңғайлы
жүйелерді енгізген дұрыс шығар. Мысалы, ата-
аналардың барлығы бірдей педагогиканың сан та-
рауын ақтарған педагогтердей тәлім-тәрбие бере
алмайтындығын ескеруіміз керек шығар. Бұл жер-
де ата-ананың да, мұғалімнің де, жалпы қоғамның
да тәрбиесі керек, қоғамдық мекемелердегі барлық
тәрбиелік жүйе осыған бағытталуы тиіс, сонда
ғана Қазақ еліне лайықты тұлғаны қалыптастыра
аламыз.
- Енді өзіңіз туралы білгіміз келеді. Мектеп
басқарудың үздік үлгісін кімнен үйрендіңіз?
- Мен мұғалімдер отбасында дүниеге келдім.
Әкем Мүтиғолла Темірханов бұрынғы Фурма-
нов ауданы Қараөзен совхозында мектеп алғаш
ашылғаннан бастап, өмірінің соңына дейін мектеп
директоры болып қызмет атқарды. Ол кісі тарих
пәнінен, анам Сағадат Айсана математикадан сабақ
берді. Мен мектепті «Алтын белгіге», осындағы ин-
ститутты «Қызыл дипломға» бітірдім. Математика-
информатика факультетін бітірісімен, қаладағы
№12 лицейде мұғалім болдым. 2000 жылдан осы
мектептемін. Отбасымда жұбайым Нұрлыбек –
кәсіпкер, ұлым Дәуренбек – студент, Нұрдәулет –
3-сынып оқушысы. Педагогикалық жұмысымның
алға басуына әкем мен анамның ролі болды ғой
деймін. Жалпы мені мектеп басқаруда көптеген
мәселелер толғандырады. Қазір мектептерде көптеген
шаралар ұйымдастырылуда. Сондықтан мектеп
мұғалімдеріне үнемі өткізетін шарада балалар бір
нәрсе түсіне ме, өтілетін шаралар олар тәрбие алатын-
дай мазмұнды болсын, аз болса да мәнді болсын деп
үнемі айтып жүремін. Әр адам, мейлі мұғалім бол-
сын, мейлі еден жуушы болсын өз міндетін тек жоғары
жақтың алдында есеп беру үшін емес, шын көңілімен
таза атқарып, сол жұмыстан адамдарға қандай пайда
келетінін сезінсе екен деймін.
- Сұхбатыңызға рахмет! Еңбегіңіз жемісті бо-
лып, үздіктер қатарынан көріне беріңіз.
Сұхбатты жүргізген:
Рысты ХАЛАУҚЫЗЫ,
«Жайық ұстазы» газетінің
арнаулы тілшісі
Ү
здік директордың
л г і л і ө н е г е с і
В н е д р е н и е и н н о в а ц и о н н ы х
т е х н о л о г и й в с и с т е м е
технического и профессионального образования
3
Бәрі де бастауыштан басталады...
Е
септерді салыстыру
(қайталау, артық, кем)
20 қараша, 2014 ж.
Жайық ұстазы
Санды көбейтіндіге көбейту
Т ұ р л а у с ы з м ү ш е л е р
Қазақ тілі. 4-сынып.
Математика. 1-сынып.
Әдебиеттік оқу. 2-сынып.
Математика. 3-сынып.
Е к і б а с т ұ з
Сабақтың мақсаты: тұрлаусыз мүшелер ту-
ралы жалпы түсінік беру, сөйлемдегі бастауыш
пен баяндауыштан басқа мүшелердің тұрлаусыз
мүшелер деп аталатынын түсіндіру. Оларға
қойылатын негізгі сұрақтармен таныстыру.
Дамытушылығы: балалардың
сауаттылығын,
ақыл-ойын,
логикалық ойлау жүйесін дамы-
туды көздеп, арнайы жаттығулар
жүргізу. Олардың сабаққа де-
ген
белсенділігін,
іздену,
шығармашылық ойлау, талдау, са-
лыстыру қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі: оқушылардың
сауатты, көркем жазу дағдыларын
қалыптастыру. Ұстамдылыққа, жылдам ойлауға,
әдемі сөйлеуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой
қозғау, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: оқу құралдары, сызбалар,
тест, интерактивті тақта, электронды окулық.
Қолданылатын технология: сын тұрғысынан
ойлау технологиясының элементтері.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылығын ояту. Тренинг. “Тілек шоғы”
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. а). Берілген
жаттығуды ауызша тексеру. ә). “Миға шабуыл”.
Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Сөйлем
мүшелерінің қандай түрімен таныстық? Тұрлаулы
мүшелерге қандай сөйлем мүшелері жатады?
Бастауыш дегеніміз не? Баяндауыш дегеніміз
не?
ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Тақтада берілген сөйлемді
сөйлем мүшесіне талдау.
Концертке біздің Ұлағат қатысты. (Баста-
уыш пен баяндауыштан басқа сөздер сөйлемнің
тұрлаусыз мүшесі болады. Тұрлаусыз мүшелер
жеке тұрғанда сөйлем жасай алмайды, тек
сөйлем жасауға көмектеседі. Оларға: кімнің?
ненің? кімге? неге? нені? қандай? қанша?
қайда? тәрізді сұрақтар қойылады.)
Оқушыларды ережемен таныстырып, тал-
дау. Тірек схемасын құру.
Сөздік диктант. Домбыра, ауылда, жүгіріп
келеді, артта, кеше, ұзын, мектепте, әдемі,
жоғарыда, тау басында.
Сәйкестендіру
стратегиясы. Сөйлем
құрастыру.
Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
«Шатасқан сөздер» ойыны. (Сөйлемдерді
дұрыс орналастырып, тұрлаусыз мүшелерді
анықтау).
Айша, терді, гүлді..
Малдар, жайылып, жүр, далада.
Ойнады, доппен, Әлихан.
Жылы, ертең, болады, күн.
«Сандар сөйлейді» ойыны. (Мына сандар
қазақ тілінде қандай мағына беретінін айту. Мыса-
лы: 42 әріп, 2 дауысты, дауыссыз дыбыс, т.с.с.)
42 2. 25. 15.
4. 5. 2. 3.
Тест тапсырмаларын орындау. Электрондық
оқулықты пайдалану.
Қорытындылау. ВЕНН диаграммасын
құру.
Тұрлаулы мүшелер Ортақ қасиет Тұрлаусыз мүшелер
Бағалау. Үйге тапсырма. 4-жаттығу, ереже
жаттау.
Гүлзира ҚҰЛМАҒАМБЕТОВА,
Шыңғырлау ЖББОМ бастауыш
сынып мұғалімі
Мақсаты: Оқушыларда санды көбейтіндіге
көбейту тәсілдері жайлы білім қалыптастыру, көбейту
амалына байланысты ауыстырымдылық, терімділік
заңдарын қайталау, балалардың дүниетанымын
кеңейту, экологиялық тәрбие беру, «Көбейту және
бөлу» тарауынан алған білім-икемділіктерін іске
асыра білуге дағдыландыру, туған жерін, табиғатын
сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, сызбалар,
слайдтар, дидактикалық тапсырмалар, сөзжұмбақ, БҚО
картасы, суреттер.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық. Үй тапсырмасын Вас-
серман тәсілі бойынша тексеру.
Негізгі бөлімі. (Судың дыбысы естіледі)
1-слайд: Шалқар көлі.
- Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше. Елбасы-
мыз Н.Ә.Назарбаев бізге «Шалқар көлін құтқару» атты
жоспардың орындалуын тапсырды. Бүгінгі математика
сабағында Шалқар көлін қалпына келтіру жұмысына
өз үлесімізді қоспақпыз. Біздің үлесіміз – ол біліміміз.
Білімімізбен Шалқарды құтқарайық.
2-слайд: Батыс Қазақстан облысының картасы.
- Шалқар көлі – Батыс Қазақстанның ең
үлкен көлі. Орал қаласынын онтүстік шығысында
70 шақырымда орналасқан. Ол қалдық боп калған
теңіздердің бір бөлігі, қазіргі түрде көгілдір табақша
тәріздес болып, кең далада жатқан мөлдір су қоймасы.
Бұл жер өсімдіктерге бай, жануарлардың түрі көп,
әсіресе құстардың 55 түрі бар, соның ішінде сирек
және жоғалып бара жатқан түрлері: қызғылт бірқазан,
аққұтан, аққу, ақбас тырна, т.б.
3-слайд: «Шалқар кеше және бүгін» Елбасы-
мыз Н.Ә.Назарбаевтың «Шалқар көлін кұткару»
жоспарының тапсырмалары: 1. «Шалқар» қорын
ашу. 1 миллиард доллар аудару. 2. Шалқар көліне
Жайық өзенінен су құйғызу. 3. Шалқар көліне
балықтар жіберу, жағасына құстарды қондыру,
өсімдіктерді отырғызу. 4. Көшіп кеткен Шалқар
тұрғындарын туған жеріне оралту, балық
шаруашылығымен айналыстыру.
Шалқар көлінің суын қорғау.
- Осы соңғы он жылда көлге туристер көп келетін
болды. Туристтердің су жағасына қоқысты тастауы –
көл суы, аумақтары бүлінуіне себепші болды. Көлдің
орналасқан жері ең төмен ойпат болғасын, бүкіл
ластық осында құйылады. Мұндай жағдайға кінәлі тек
қана – адам. Шалқар көлі өзінің қасиетін төмендетті,
сол себептен өсімдіктермен, аң-құстар түрлерінің
азаюына соқтырып отыр. Шалқар көлі уақыт өткізбей
қорғауды қажет етеді.
4-слайд: Жаңа тақырып: «Санды көбейтіндіге
көбейту». Елбасымыздың 1-ші тапсырмасы қаржы
мәселесіне арналған – «Шалқар» қорын ашып, милли-
ард доллар аударылмақ. Егер сендер жаңа тақырыпты
жақсы меңгерсеңдер, 1 миллиард доллар аударылады.
- Суреттегі кесінділерде барлығы неше бөлік
бар екенін әр түрлі тәсілмен есептеп табайық. 1-ші
тәсіл. Екі топта барлығы (4*2) кесінді бар. Неліктен?
Барлығы 5*(4*2) бөлік бар. Неліктен? Демек, 5*(4*2)=
5*8=40. Мұнда 4 пен 2-нің көбейтіндісінің мәнін тау-
ып, 5-ті соған көбейттік.
2-ші тәсіл. Бір топта барлығы (5*4) бөлік бар.
Неліктен? Барлығы (5*4)*2 бөлік бар. Неліктен? Демек,
(5*4)*2= 20*2 = 40. Мұнда 5 пен 4-тің көбейтіндісінің
мәнін тауып, оны 2-ге көбейттік.
Сонымен 5, 4 және 2 сандарының көбейтіндісінің
мәнін әр түрлі тәсілмен есептеп шығардық. Мұнда үш
көбейткішті екі-екіден түрліше топтап, көршілес екі
көбейткішті олардың көбейтіндісімен алмастырдық,
сонда нәтиже өзгермеді. Естеріңе түсіріңдер. Көбейту
амалының бұл қасиеті қалай аталады?
(Ауыстырымдылық, терімділік).
-Жаңа тақырыпты меңгергендер,1 милли-
ард доллар «Шалқар» қорына аударды. Болашақ
бизнесмендерімізге рахмет! («Сертификат» берілді.)
5-слайд: «Шалқар көліне су құю». 2- тапсыр-
ма. Оқулықпен жұмыс. - Шалқар көліне Жайық
өзенінен су құйылу үшін біз оқулықтағы №2,
3-тапсырмаларын дұрыс орындауымыз керек.
Сергіту сәті. 3-тапсырма: Шалқар көліне
балықтар жіберу, құстарды қондыру, өсімдіктерді
отырғызу.
№8, 9. 4-тапсырма: Шалқар тұрғындарын туған
жерлеріне оралту, балық шаруашылығымен айналы-
стыру.
№7-есеп. 1-шелпекке – 2минут. Шешуі: 7*2=14
минут. 7- шелпекке -? Қанша минут кетті? Жауабы: 14
минут кетеді.
6-слайд: Шалқар көлінің жағасы көркемдік
бағытында көрсетілген.
-Балалар, сіздер бүгін үлкен азаматтық іс
атқардыңдар! Шалқар көлін қалпына келтірдіңдер!
Табиғатын қорғап қалдыңдар!
5-тапсырма: Сөзжұмбақ шешу.
7-слайд: Сөзжұмбақ «Суды қорға». 1. Өлі
табиғатқа жататын зат. 2. Өзен ішінде, тауда да, жол-
да да көп болады. 3. Өзен, бұлақ бастауы қайдан? 4.
Адамдардың ауыз су алатын орны. 5. Үлкен мұхиттың
атауы. 6. Қазақстанның ірі көл атауы. 7. Теңіздердің
тартылуына жол бермеу үшін халықаралық қандай
ұйым құрылды? 8. Шипалы су шыққан жерінің атауы.
9. Су несіз болмайды? 10. Батыс Қазақстан облысы
өзенінің атауы.
8-слайд: Су жүргізер тіршіліктің тамырын
Су жоқ болса тірлік жаман, бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын
Көп болған соң ұмытпайық қадырын.
Бағалау. Үйге тапсырма: № 6, 9, 124-бет. Су тура-
лы мақал-мәтел жаттау.
Қорытындылау. - Санды көбейтіндіге көбейтуді
неше тәсілмен шығаруға болады?
Ән «Ақжайығым».
Ләззат ҒҰМАРОВА,
Мерген ЖББОМ,
Ақжайық ауданы
Сабақтың мақсаты:
Мәтінді түсініп оқу, мәтіннің
тақырыбын ашу, мазмұнын
есте сақтау. Екібастұздың
аталу тарихымен танысты-
ру; ой-қиялдарын, тілін да-
мыту, сөздік қорын молай-
ту; өз Отанын сүйіп, туған
елін, жерін қорғай білуге
тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-
жауап, ой қозғау стратегиясы
Көрнекілігі: шахта суреті, мақал-мәтел, карта.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. Сынып оқушыларын
сабаққа дайындау, оқу-құралдарын, тақтаны тек-
серу.
II. Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық бәріміз
Арайлап атқан күнге.
III. Үй тапсырмасын сұрау.
«Алатау» өлеңін мәнерлеп оқу. 2. Ұнаған
шумағын жатқа айту. 3. «Тау» тақырыбына
салған суретіне түсініктеме беру. 4. «Алатау»
сөзжұмбағын құрау, тексеру.
IV. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.
Ребус: Есік, кілт, бақа, сауысқан, түйе, ұшақ,
қыз. 2. Оқулықпен жұмыс. 1. «Екібастұз» мәтінін
түсініп оқу (қосымша мағлұмат беру). 2. Оқушылар
мәнерлеп оқиды. Суретпен жұмыс.
Сұрақ-жауап.
- Мәтіннің мазмұнында айтылған қара домалақ
не деп ойлайсың?
- Аяқ астынан көмірдің табылуын үлкен оқиға,
не жаңалық деп есептеуге бола ма?
- Қазақстанда тағы да көмір шығатын жер ту-
ралы білесің бе?
Картамен жұмыс. Картадан «Екібастұзды»
көрсету.
Ой-қозғау. Көмір туралы не білеміз? Тірек
сызба құрау.
Мақал.
Жері байдың – елі бай (мағынасын ашу).
V. Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдік,
Төмен қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Дәптермен жұмыс.
Сөздік: Адырлы дала – төбелі жерлер
Шөпшек (шөмшек) – қураған бұта,
шөптердің қалдығы.
7. Шығармашылық тапсырма.
Осы жауап иелерінің атынан қандай айтыс
құрастырар едің?
Әңгімелеп бер. а) саудагерлердің бұл жер-
лерлерге белгі етіп тұз қалдырғаны дұрыс,
себебі... ә) саудагерлердің бұл жерлерлер-
ге белгі етіп тұз қалдырғаны қате, себебі...
(Оқушылар айтысы).
VI. Қорытынды.
Өз пікіріңді дәлелде.
1. Екібастұз жерінде көмірдің табылуына
кім немесе не себеп болды?
Жауаптардың біреуін таңдап, түсіндір.
а) тезек теруші;
ә) тышқан;
б) қара домалақты (тасты) отқа лақтырған
адам.
2) Білемін. Білгім келеді. Жаңа білдім.
VII. Үйге тапсырма.
-Мәтінді оқып, түсінгендерін айту;
-Екібастұзда қазір қандай кен орны бар?
Сұрастыру, іздеу.
VIII. Бағалау.
З.АБУҒАЛИЕВА,
Ә.Жангелдин ЖББНМ,
Жаңақала ауданы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Артық
және кем туралы түсініктерді қайталау, есептерді
шығару, салыстыру дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау,
есте сақтау, өз бетімен жұмыстану қабілеттерін дамы-
ту. Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, өзін-өзі
тексеру, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: үлестірмелі тапсырмалар, ойындар,
доп, плакаттар, кестелер.
Күтілетін нәтиже: Артық және кем ұғымдарын
қайталап; алған білімдерін есептерді шығару, са-
лыстыру барысында қолданады, өз
бетімен жұмыстана алады; ұқыптылыққа,
шапшаңдыққа тәрбиелейтін өзін-өзі тексеруге
арналған логикалық есептер шығарады, өз ой-
ларын еркін айта біледі.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері.
2) Оқу құралдарын ретке келтіру (дәптер, қалам,
оқулық, сызғыш, қарындаш, түрлі-түсті бояу).
3) Сабақ басталғанын хабарлау.
4) Қызығушылығын ояту. Қандай жұмыс болса да,
шешпей оны қоймаймыз.
Бұл геометриялық дене,
Үш бүйір жақтары бар,
Бір төбесі, бір табаны бар,
Астанаға барғанда көресің,
Жеті кереметтің бірі. Биіктігі 147 метр. Бұл не?
(Пирамида). Бүгінгі сабағымызда осы пирамиданың
шыңына шығу үшін көптеген тапсырмалар орындай-
мыз. «Қайталау – білім анасы».
II. Үй тапсырмасын тексеру. 1) «Сиқырлы су-
рет». 2) Бірдей алты суретті тап. 4, 7, 2, 5, 3, 6
III. Білімді жан-жақты тексеру.
(ауызша, көрнекілік арқылы). Меңзер
бағытымен қосуды орында.
IV. Өткен тақырыптарды жан-
жақты қайталау.
1) «Математикалық сынақ» ойын.
Жасырынған санды тап.
10 = 4 + 6
9 = 7 + 2
8 = 2 + 6
7 = 2 + 5
6 = 3+3
5=4+1
2) «Максатыңа жет» ойы-
ны. Оқулықпен жұмыс. №1 а) дәптер - 7 ? қымбат.
Өшіргіш - 3
Шешуі: 7-3 =4 Жауабы: 4 теңгеге қымбат болды.
ә) Дәптер - 7 ? Өшіргіш - 3
Шешуі: 7 + 3=10 Жауабы: 10 теңге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |