Елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластануын есептеу үшін пайдаланылатын бастапқы деректер ретіндегі материалдар


-бап. Төгінділердің технологиялық нормативтері



бет14/33
Дата07.01.2022
өлшемі196,94 Kb.
#19221
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
217-бап. Төгінділердің технологиялық нормативтері

      1. І санаттағы объектілер үшін, жол берілетін төгінділер нормативтерінен басқа, кешенді экологиялық рұқсатпен төгінділердің технологиялық нормативтері белгіленеді.

      2. І санаттағы жаңа және реконструкцияланатын объектілерге қатысты, егер бақылау тұстамасындағы ластағыш заттардың концентрациясын есептеу нәтижелері су объектісіне түсетін жалпы жүктеме су сапасының белгіленген экологиялық нормативтерінің немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің бұзылуына алып келетінін көрсететін болса, онда кешенді экологиялық рұқсатта су сапасының экологиялық нормативтерін немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін сақтауды қамтамасыз ететіндей етіп, ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты технологиялық көрсеткіштерге сәйкес келетіндерге қарағанда жол берілетін төгінділердің неғұрлым қатаң нормативтері белгіленуге тиіс.

      3. I санаттағы жұмыс істеп тұрған объектілерге қатысты, егер бақылау тұстамасындағы ластағыш заттардың концентрациясын есептеу нәтижелері су сапасының белгіленген экологиялық нормативтерінің немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің асып кетуін көрсетсе, онда кешенді экологиялық рұқсатта жол берілетін төгінділердің мұндай неғұрлым қатаң нормативтеріне қол жеткізу объект операторы үшін қолайлы экономикалық шығындар кезінде техникалық тұрғыдан мүмкін болып табылатындай шамада ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты технологиялық көрсеткіштерге сәйкес келетіндерге қарағанда, жол берілетін төгінділердің неғұрлым қатаң нормативтері белгіленуге тиіс




  1. Жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

238-бап. Жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      1. Жеке және заңды тұлғалар жерді пайдалану кезінде жердің ластануына, жер бетінің қоқыстануына, топырақтың тозуына және құнарсыздануына жол бермеуге тиіс, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатының біржола жоғалуын болғызбау үшін қажет болған жағдайда оны алуды және сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.

      2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ жерді бүлдіруге байланысты құрылыс және басқа да жұмыстарды орындау кезінде өзге де тұлғалар:

      1) өздері алып жатқан жер учаскелерiн одан әрi мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйде ұстауға;

      2) жерді бүлдіруге байланысты жұмыстарды бастағанға дейін топырақтың құнарлы қабатын алуға және оны сақтауды әрі кейіннен бүлінген жерлерді рекультивациялау мақсатында пайдалануды қамтамасыз етуге;

      3) бүлінген жерлерді рекультивациялауды жүргізуге міндетті.

      3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу, жерді бүлдіруге байланысты құрылыс және басқа да жұмыстарды орындау кезінде:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге, құрылыс және басқа да тиісті жұмыстарды орындауға бөлінген жер учаскелерінің (жердің) шегінен тыс жерде өсімдік қабаты мен топырақ қабатын бүлдіруге;

      2) топырақтың құнарлы қабатын сату немесе басқа адамдардың меншігіне беру мақсатында алуға тыйым салынады.

      4. Бүлінген жерлерді рекультивациялау бағытын таңдау кезінде:

      1) жер бетінің бүліну сипаты;

      2) объект орналасқан ауданның табиғи және физикалық-географиялық жағдайлары;

      3) осындай ауданның даму перспективалары мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптар ескеріле отырып, объектiнi орналастырудың әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерi;

      4) бүлінген жерлердiң негiзгi алаңын қаратопырақ тараған және ауыл шаруашылығы қарқынды жүретін аймақта жыртылатын алқаптар етіп қалпына келтiру қажеттiгi;

      5) қазылған кеңістікте су айдындарын және аршылған жыныстар мен байыту қалдықтары үйінділерінде сәндік бақ-саябақ кешендерін, ландшафтар жасауды қоса алғанда, елді мекендерге тікелей жақын жердегі бүлінген жерлерді бақтар, қосалқы шаруашылықтар және демалыс аймақтары етіп қалпына келтіру қажеттігі;

      6) өнеркәсіптік объект аумағында жоспарлау жұмыстарын орындау, қажетсiз шұңқырлар мен үймелердi жою, құрылыс қоқысын жинау және жер учаскесiн абаттандыру;

      7) пайдаланылатын жер учаскесiндегi топырақпен жабылуы немесе тегiстелуі қажет жыралар мен су шайған жерлер;

      8) міндетті түрде аумақты көгалдандыруды жүргізу ескерілуге тиіс.




  1. Электромагниттік өрістерден қорғану әдістері және жеке қорғаныс құралдары.

Жиіліктердің жұмыс диапазонына, орындалатын жұмыстардың сипаттамасына, сәулелену деңгейіне және қажетті тиімді қорғанысқа байланысты нормалардың талаптарына сол немесе басқа параметрлердің сәйкессіздігі кезінде келесі тәсілдерді және қорғаныс құралдарын (немесе олардың комбинацияларын) қолданады: уақытпен және қашықтықпен қорғану; тікелей сәулелену көзінде сәулеленудің параметрлерін азайту; сәулелену көзін экрандау; жұмыс орнын экрандау; жұмыс бөлмелерінде қондырғыларды рациональды орналастыру; қондырғыларды пайдаланудың және қызмет көрсететін персоналдың жұмысының рациональды режімдерін орнату; алдын ала ескертетін дабыл құралдарын қолдану (жарықтық, дыбыстық және т. б.); сәулелену зонасын анықтау; жеке қорғаныс құралдарын қорғану.

Электромагниттік сәулелену зонасында жұмыс істейтіндерді өте нақты қорғайтын қорғаныс құралдары болып жеке қорғаныс құралдары табылады.

Жеке қорғаныс құралдары.

Жұмыстардың кейбір түрлерін жүргізген кезде (мысалы, аппаратураны келтіргенде және дұрыстағанда) операторға электромагниттік сәулелену зонасында болуға тура келеді-кейде қуаттың үлкен тығыз ағынында болады. Бұл жағдайларда, торлы экран принципі бойынша адам организмін қорғауды жүргізетін жеке қорғаныс құралдарына жататын, металлданған маталардан жасалған комбинезондар мен халаттарды қолдану керек.

 


  1. Су объектілерін қорғау жөніндегі экологиялық талаптар туралы жалпы ережелер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет