Елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластануын есептеу үшін пайдаланылатын бастапқы деректер ретіндегі материалдар


-бап. Радиоактивті қалдықтар және оларды сыныптау



бет32/33
Дата07.01.2022
өлшемі196,94 Kb.
#19221
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
369-бап. Радиоактивті қалдықтар және оларды сыныптау

      1. Радиоактивті қалдықтарға одан әрі пайдалануға жатпайтын, кез келген агрегаттық күйдегі мынадай заттар жатады:

      1) құрамындағы радионуклидтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген деңгейлерден асып кететін материалдар, бұйымдар, жабдық, шығу көзі биологиялық объектілер;

      2) пайдаланылған, қайта өңдеуге жатпайтын ядролық отын;

      3) өз ресурсын тауысқан немесе зақымданған радионуклидті көздер;

      4) құрамындағы радионуклидтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген деңгейлерден асып кететін, жер қойнауынан алынған және үйінділер мен қалдық қоймаға жинап қойылатын тау жыныстары, кендер және кендерді байыту мен сілтісіздендіру қалдықтары.

      2. Радиоактивті қалдықтардың агрегаттық күйі, шығу көзі, радиоактивтілік деңгейі, радионуклидтердтің жартылай ыдырау кезеңі оларды сыныптау негізі болып табылады.

      3. Радиоактивті қалдықтар агрегаттық күйі бойынша сұйық және қатты болып бөлінеді.

      Радиоактивті сұйық қалдықтарға органикалық емес заттардың ерітінділері, сүзгі материалдарының пульпалары, органикалық сұйықтықтар жатады.

      Радиоактивті қатты қалдықтарға бұйымдар, машиналар мен механизмдердің бөлшектері, материалдар, биологиялық объектілер, радиоактивті сәулелердің өз ресурсын тауысқан көздері жатады.

      4. Егер қалдықтардың құрамындағы радионуклидтердің үлестік активтілігі бақылауға жататын радиоактивті материалдар үшін радиациялық қауіпсіздік нормаларымен регламенттелген мәндерден көп болса, ал белгісіз радионуклидті құрамда үлестік активтілік:

      1) бета-сәулеленетін радионуклидтер үшін – килограмына жүз килобеккерельден;

      2) альфа-сәулеленетін радионуклидтер (трансурандықтарды қоспағанда) үшін – килограмына он килобеккерельден;

      3) трансурандық радионуклидтер үшін килограмына бір килобеккерельден көп болған кезде қалдықтар радиоактивтіге жатады.

      5. Радиоактивті қалдықтар түзілу көздері бойынша былайша сыныпталады:

      1) тау-кен өнеркәсібінің қалдықтары;

      2) зерттеушілік және энергетикалық ядролық қондырғылардың қалдықтары;

      3) ядролық жарылыстардың қалдықтары;

      4) пайдаланылмайтын радиоактивті сәулелену көздері және қызмет мерзімі өткен көздер.

      6. Радиоактивті қатты қалдықтар радиоактивтілік деңгейі бойынша былайша сыныпталады:

      1) активтілігі төмен қалдықтар – үлестік активтілігі (килограмына килобеккерельден): бета-сәулеленетін радионуклидтер үшін – бір мыңнан кем; альфа-сәулеленетін радионуклидтер (трансурандықтарды қоспағанда) үшін – бір жүзден кем; трансурандық радионуклидтер үшін – оннан кем қалдықтар;

      2) активтілігі орташа қалдықтар – үлестік активтілігі (килограмына килобеккерельден): бета-сәулеленетін радионуклидтер үшін – бір мыңнан он миллионға дейінгі; альфа-сәулеленетін радионуклидтер (трансурандықтарды қоспағанда) үшін – бір жүзден бір миллионға дейінгі; трансурандық радионуклидтер үшін – оннан бір жүз мыңға дейінгі қалдықтар;

      3) активтілігі жоғары қалдықтар – үлестік активтілігі (килограмына килобеккерельден): бета-сәулеленетін радионуклидтер үшін – он миллионнан астам; альфа-сәулеленетін радионуклидтер (трансурандықтарды қоспағанда) үшін – бір миллионнан астам; трансурандық радионуклидтер үшін – бір жүз мыңнан астам қалдықтар.

      7. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы, оның ішінде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметті мемлекеттік бақылауды және қадағалауды атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

370-бап. Радиоактивті қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар

      1. Жеке және заңды тұлғалар атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган белгілеген радиоактивті материалдарды өндіру, сақтау, тасымалдау, пайдалану, кәдеге жарату және жою қағидаларын сақтауға, радиациялық әсер етудің шекті жол берілетін деңгейі нормативтерінің бұзылуына жол бермеуге, қоршаған ортаның радиациялық ластануының алдын алу және оны жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      2. Радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және көму жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Радиоактивті материалдарды тасу кезінде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда азаматтардың денсаулығын, олардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының, халықтың радиациялық қауіпсіздігі мен техникалық регламенттердің талаптары сақталуға тиіс



  1. Сапаның экологиялық нормативтері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет