Электр энергетикадағы өтпелі процесстер Негізгі түсініктер және анықтамалар



бет4/21
Дата01.02.2023
өлшемі490,64 Kb.
#64273
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
2.3 Салыстырмалы бірліктер жүйесі
Қысқа тұйықталу токтарын есептеуде абсолюттік (аталымдық) және салыстырмалы бірліктер қоданылады.
Салыстырмалы бірліктерді қолданып есептеу кезінде барлық шамалар негізгі немесе базистік мәндермен салыстырылады. Мәндердің салыстырмалы бірліктер арқылы көрсетілуі, есептеу нәтижесіне сұлбаның қандай бөлігі немесе қай элементі әсер ететінін бағалауға ыңғайлы.
Генераторлар мен трансформаторлардың параметрлері белгілі болса, салыстырмалы бірліктер әдісімен генераторлардың шықпаларындағы ҚТ тогын немесе трансформаторлардан кейінгі максималды мүмкін болатын ҚТ тогын оңай анықтауға болады.
Салыстырмалы бірліктер әдісімен есептеуде, алдымен базистік шамалар мен шарттар таңдалады: қуат , кернеу , ток , немесе - кедергі.
Негізінде 2 шама беріледі – ол базистік қуат және базистік кернеу, ал екеуі- ток пен кедергі- қуат теңдеуінен және Ом заңынан алынады. 



Әдетте базистік кернеу ретінде номиналды кернеу Uном немесе трансформацияның бір сатысының орташа есептік кернеуі Uср қабылданады.
Есептеу нәтижесінде алынған салыстырмалы мәндердің реті ыңғайлы болуы үшін базистік қуаттың мәні таңдап алынады.
Көп жағдайда базистік қуатты 100МВА немесе 1000МВА – тең деп алады, ал кей кезде қандай да бір элементтің номиналды қуатына тоқталады, егер де ол сұлбада бірнеше рет қайталанса.
Салыстырмалы бірліктер шамасы келесідей анықталады:
(2.1)

(2.2)
, (2.3)
, (2.4)
. (2.5)
Мұнда, индекс* (жұлдызша) салыстыралы шаманы көрсетеді, индекс <<б>>-базистік шартқа келтірілгенін көрсетеді.
Базистік кедергі Zб немесе Хб , ереже ретінде 2.4, 2.5 формуларына еңгізілмейді, кернеу және ток немесе қуат арқылы есептелінеді:
, (2.6)
. (2.7)
Салыстырмалы базистік кедергі, осы кедергінің бойымен базистік ток өткен кезде, тізбекке берілген базистік кернеудің қандай бөлігі кедергіге түсетінін көрсетеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет