Электр энергетикадағы өтпелі процесстер Негізгі түсініктер және анықтамалар


Екі фазалы және үш фазалы ҚТ токтарының қатынасы және екіфазалы ҚТ-дың соққы тогы



бет9/21
Дата01.02.2023
өлшемі490,64 Kb.
#64273
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Электр энергетикада ы тпелі процесстер Негізгі т сініктер ж не

5.1 Екі фазалы және үш фазалы ҚТ токтарының қатынасы және екіфазалы ҚТ-дың соққы тогы 
Тәжірибелік есептеулерде, ереже ретінде, Х1∑= Х2∑. қабылданады. Х2∑ -ді Х1∑ - ге ауыстыру болған соң екі фазалы ҚТ тогын бастапқы уақытта келесідегідей табамыз:
(5.11)
және
. (5.12)
Токтың бастапқы мәнін Iпо арқылы белгілейміз, (5.11)-ді (3.2) бөліп, және (5.12)-ні (3.4)- ке бөліп екі фазалы және үшфазалы ҚТ токтарының қатынасын аламыз: 
(5.13)

мұнда,  және  - екі фазалық және үш фазалық ҚТ токтарының периодты құрамдастарының t =0 кезіндегі әсерлі мәндері.


Тура тізбекті токты тапқан кезде, екі фазалы ҚТ-ды шартты түрде Х2∑ + Х1∑ кедергісінің арғы жағындағы үш фазалы ҚТ ретінде көрсетуге болады, сондықтан екі фазалы ҚТ-дың соққы тогын үш фазалы ҚТ-ға ұқсас көрсетуге болады: 
. (5.14)
Соққы коэффицентін есептік сұлбаның түріне байланысты (3.6) немесе (3.8) арқылы табады, Та(2)  уақыт тұрақтысын есептеу үшін, үш фазалы ҚТ-мен салыстырғанда, Х және Rмәндерін сәйкесінше ∆Х=Х2∑  және ∆R2 =R2∑ ұлғайтып қолданады.
Х1∑= Х2∑.  шартына байланысты және (5.14) -ны (5.13) сәйкес ауыстыра отырып, келесіні аламыз: 
.

Соққы коэффиценттері тең кезде үш фазалы ҚТ соққы тогы екі фазалы ҚТ соққы тогының мәнінен асады, соған байланысты тоқтардың қатынасы:


.


5.2 Симметриялық емес ҚТ токтарын есептеу алгоритмі
ҚТ-дың симметриялық емес токтарын есептеуге арналған өрнектерді талдай отырып кез келген симметриялық емес ҚТ тогын есептеуге арналған әмбебап формуланы аламыз:
(5.15)
Мұнда; ЕА∑-тура тізбектің қорытынды ЭҚК;
Х1∑- тура тізбектің алмастыру сұлбасының қосынды кедергісі;
m(n)- есептеліп отырған ҚТ түрін сипаттайтын коэффицент:
, , ,
Х(n)- симметрияық емес ҚТ-дың шунты, тура тізбектің сұлбасының басы мен соңының ортасына жалғанады, нөлдік және кері тізбектердің қосынды кедергілерімен анықталады:
, , .
Симметриялық емес ҚТ тогын есептеуді бірнеше негізгі кезеңге бөлуге болады:
1) Тура, кері және нөлдік тізбектердің алмастыру сұлбалары құрастырылады;
2) Алмастыру сұлбасының параметрлері келтіріледі және есептеу жүргізіледі. Осы кезде тура, кері және нөлдік тізбектердің жеке элементтерінің параметрлерінің айырмашылығы ескеріледі;
3) Тура, кері және нөлдік тізбектердің алмастыру сұлбасының жалпы кедергілері анықталады. Түрлендіру әрбір тізбектің сұлбасының басы және соңы бойынша жүргізіледі;
4) Тура тізбектің қорытынды ЭҚК-ін табамыз. Егер тура тізбектің алмастыру сұлбасында бір ЭҚК-тен көп болса, онда эквиваленттік ЭҚК сұлбаның басы және соңы бойынша анықталады;
5) Есептеліп отырған ҚТ-дың m(n) коэффицентін табамыз;
6) Симметрияық емес ҚТ-дың шунтын Х(n) табамыз;
7) (5.15) өрнегі бойынша ҚТ-дың толық тогы есептеледі.
Егер есептеу шарты бойынша ҚТ нүктесіндегі кернеуді немесе олардың симметриялық құрамдастарын анықтау керек болса, онда (4.1) – (4.3) өрнектері қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет