Электр энергетикадағы өтпелі процесстер Негізгі түсініктер және анықтамалар


Тура, кері және нөлдік тізбектердің алмастыру сұлбалары



бет7/21
Дата01.02.2023
өлшемі490,64 Kb.
#64273
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
4.2 Тура, кері және нөлдік тізбектердің алмастыру сұлбалары
Тура тізбекің алмастыру сұлбасы үш фазалы ҚТ-ды есептеу үшін арналған алмастыру сұлбасына ұқсас құрастырылады, өйткені үш фазалы ҚТ токтары тура тізбекті токтар болғандықтан ток жүйесі симметриялы, бір теңгерімді және фазалары тура кезекпен ауысады.
Есептік сұлбаның барлық элементтері үшін Х1 = Х(3),  тура тізбектің кедергілері симметриялы режімдегі индуктивтік кедергіге сәйкес келеді.
Кері тізбекің алмастыру сұлбасы тура тізбектің сұлбасындағы элементтерден құралады, өйткені токтардың өту жолдары екі тізбек үшін де бірдей. Сұлбада генераторлардың ЭҚК 0-ге тең деп алынады.
Синхронды машиналардың тура және кері тізбектер үшін кедергілері әр түрлі болады: Х = 1,22Х демпферлі орамды машиналар үшін және Х2 = 1,45Х′ демпферлі орамдары жоқ машиналар үшін қолданылады. Жуық есептеулер үшін Х2 ≈ Х≈ Х деп алуға болады.
Қозғалмайтын элементтер үшін (трансформатор, реакторлар, желілер) фазалардың ауысу кезегінің бағытының өзгеруі көрші фазалардың өзара индукциясына әсер етпейді, сондықтан Х2 ≈ Х1.
Симметриялы емес жерге тұйықталу кезінде токтар мен кернеулер жүйелерінде нөлдік тізбек құрамдастары пайда болады (4.1 суретті қара). Нөлдік тізбектер тогы үш фаза арасында тармақталған бір фазалы токты көрсетеді.
3I0 тоқтарының қайтып келуі жер арқылы жүзеге асады. Егер желі троспен қорғалған болса, троспен және жермен қайта оралады.
Нөлдік тізбектердегі алмастыру сұлбасын құру үшін, барлық фазаларда бірдей бағытта токтар өтетін мүмкіндігі бар контурлар анықталады.
ҚТ нүктесінде, фазалар шартты түрде тұйықталған және Uк,0 кернеуі берілген жерде, бұл контурлар бірігеді, сондықтан алмастыру сұлбасын құру осы нүктеден басталуы орынды.
Нөлдік тізбектің токтары өтуі үшін тұйық тізбек болуы қажет, ол үшін сұлбада ең кемінде бір жерленген бейтарап болу керек. Егер осындай бейтараптар бірнеше болса, онда тізбектер параллель қосылады.



Сурет 4.1

Алмастыру сұлбасына элементтер өздерінің нөлдік тізбегінің кедергілерімен енгізіледі.


4.3 Бір фазалы қысқа тұйықталу
Фазалардың бірінің бір фазалы жерге ҚТ-ы, мысалы А фазасы, (4.2 суретті қара) мына шарттармен анықталады. 

Сурет 4.2
; ; .

Екі фазадағы токтар жоқ болғандықтан зақымдалған А фазасының симметриялық құрамдасы мынаған тең:


.
кернеуін симметриялы құрамдастар арқылы көрсетіп және олардың мәндерін (4.1) - (4.3) арқылы аламыз.



одан әрі:
,
соңында:
(4.4)
ҚТ тогының абсолютті толық мәні мынаған тең:
. (4.5)
Бастапқы уақыт мезеті үшін:
(4.6)
мұнда, Е" – жоғары өтпелі фаза аралық ЭҚК.
ҚТ энергетика жүйесінен қоректенген кезде:
. (4.7)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет