Электр энергетикадағы өтпелі процесстер Негізгі түсініктер және анықтамалар


Қысқа тұйықталудың соққы тогын есептеу



бет6/21
Дата01.02.2023
өлшемі490,64 Kb.
#64273
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
3.2 Қысқа тұйықталудың соққы тогын есептеу
Электрдинамикалық шыдамдылық шарты бойынша аппараттар мен өткізгіштерді таңдау үшін, үш фазалы қысқа тұйықталу токтарын есептеу кезінде, қысқа тұйықталу токтарының максимал мәнін немесе соққы тоқтарын білу қажет. Олар қысқа тұйықталу басталғаннан 0,01 секундтан кейін туындайды деп қабылданған.
Элементтері тізбектей қосылған сұлба үшін соққы ток былай анықталады:
(3.6)
мұнда, Та – ҚТ тогының апериодты құрамдасының сөнуінің уақыт тұрақтысы;
куд – t-0,01 секунд уақыт үшін соққы коффициенті.
Та уақыт тұрақтысы былай анықталады:
, (3.7)
мұнда, ХΣ және RΣ – қорек көзінен ҚТ нүктесіне дейінгі сұлбаның индуктивті және активті кедергілерінің толық қосындысы.
Уақыт тұрақтысы Та  -ны анықтау үшін, есептік сұлбаны құрастыру барысында, синхронды машиналар сұлбаға керітізбекті индуктивті кедергісімен Х2 және статордың активті кедергісімен Rs ендірілетінін ескеруіміз қажет.
Тармақталған сұлбалар үшін қысқа тұйықталудың соққы тогы мына өрнекпен анықталады:
, (3.8)
Мұнда, Та,э – ҚТ тогының апериодты құрамдасының сөнуінің эквивалентті уақыт тұрақтысы.
Уақыт тұрақтысы Та,э  мына жолмен анықталады:
(3.9)
мұнда, ХΣ и RΣ – индуктивті және активті кедергілерден құралған алмастыру сұлбасынан алынған қосынды индуктивті және қосынды активті кедергілер, алғашқыда сұлбадан барлық активті кедергілер алынып тастау арқылы, содан кейін барлық индуктивті кедергілер алынып тастау арқылы есептеп табылады.
4 дәріс. Симметриялы емес қысқа тұйықталулар
Дәріс мазмұны: симметриялы емес қысқа тұйықталудың ерекшеліктері және оларды есептеу тәсілдері.
Дәріс мақсаты: симметриялы емес қысқа тұйықталуды есептеу тәсілдерін оқып үйрену.
4.1 Жалпы мәліметтер
Симметриялы емес ҚТ-ға екі фазалы тұйықталу, екі фазалы жерге тұйықталу және бір фазалы жерге тұйықталу жатады.
Симметриялы емес ҚТ кезінде фазалардың токтарының мәндері және кернеулерінің мәндері бірдей емес. Токтар арасындағы ығысу бұрыштары және токтар мен оларға сәйкес кернеулердің арсындағы ығысу бұрыштары әртүрлі болып келеді. Симметриялы емес ҚТ-дың бұл ерекшеліктері оларды есептеу кезінде едәуір қиындықтар тудырады. Ал үш фазалы ҚТ-ды есептегенде қарастырылған сұлбаның үш фазасының толық симметриясы болжамдалады, сондықтан ол фазалардың біреуіне ғана есептеу жүргізуге және алмастыру сұлбасын құруға мүмкіндік береді.
Симметриялы емес ҚТ-да фазалардың токтары мен кернеулері әртүрлі, жәй тәсілді пайдаланып есепті шығару үшін, фаза аралық өзара индукцияны ескере отырып, үш фазаның да алмастыру сұлбасын құру қажет болады. Бұл жағдай қарапайым сұлбалар үшін де есептеуді қиындатып жіберер еді.
Симметриялы емес ҚТ-ларды есептеуді жеңілдету үшін симметриялы құрамдастар тәсілі қолданылады. Ол симметриялы емес режімді үш фазалы тораптардың симметриялы режіміне алмастырумен немесе симметриялы емес зақымдарды шартты үш фазалы ҚТ-ға алмастырумен іске асырылады.
Бұл тәсіл бойынша кез-келген үш фазалы симметриялы емес жүйе үш симметриялы жүйелерге немесе тура, кері және нөлдік тізбектерге жіктеледі.
Симметриялы емес ҚТ орнында кернеу нөлге тең емес және тізбектер үшін (тура, кері және нөлдік) келесі теңдіктермен көрсетіледі:
Uk1 = E – Ik1 jX1Σ , (4.1)
Uk2 = 0 – Ik2 jX2Σ , (4.2)
Uk0 = 0 – Ik0 jX0Σ (4.3)

мұнда, Е – қорек көздерінің қорытынды немесе эквивалентті ЭҚК-і.


Әр генератор үшін статордың үш фазалы симметриялы ЭҚК жүйесі тура тізбекті жүйе болып келеді, кері және нөлдік тізбектерде ЭҚК қорек көзі жоқ.
Симметриялы құрамдастар сұлбаларында тура, кері және нөлдік тізбекті токтардың өтуінен туындайтын өзіндік индукциялардың ЭҚК-тері X1Σ, X2Σ  және X0Σ кедергілеріндегі кернеудің құлауы түрінде кері таңбамен есепке алынады. 
X1Σ, X2Σ және X0Σ қорытынды кедергілерді анықтау үшін, симметриялы емес ҚТ-ды есептеу кезінде тура кері және нөлдік тізбектердің сұлбалары құрастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет