Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқынды бойлық толқын деп атайды. Ортаның бөлшектерінің тербеліс бағыты толқындардың таралу бағытына сәйкес келсе толқындар бойлық деп аталады. Бойлық толқындар қатты, сұйық және газ тәрізді денелерде таралады.
Ал электромагниттік толқындар - бір-бірімен байланысқан айнымалы электр және магнит өрістерінің кезекпен өзгеруі. Жиілігіне және толқын ұзындықтарына байланысты электромагниттік толқындарды мынадай жеті түрге бөледі:
1. Төменгі жиілікті сәуле шығару;
2. Радиотолқындар;
3. Инфрақызыл;
4. Көрінетін сәуле шығару;
5. Ультракүлгін сәуле шығару;
6. Рентген сәулелері;
7. Гамма-сәуле шығару.
Амплитудалары мен периодтары бірдей екі толқын бір-біріне бағыттала қозғалса, олардың қабаттасуы кезінде тұрғын толқындар пайда болады. Тұрғын толқындар сондай-ақ, кедергіден шағылу кезінде пайда болуы мүмкін. Мысалы, таратқыш кедергігіе қарай толқын жібереді(түсуші толқын). Одан шағылған толқын келесі түсуші толқынға қабаттасады. Тұрғын толқын теңдеуін түсуші толқын теңдеуін қосу арқылы шығаруға болады
және шағылған толқын теңдеуі
Шағылған толқын қарсы келіп жатқан түсуші толқынға қарай бағытталады, сондықтан, х арақашықтықты минус таңбасымен аламыз. Бір уақытта екі толқында қатысып жатқан нүктенің ығысуы алгебралық суммасына тең. Күрделі емес түрлендірулерден кейін:
аламыз.
Тұрғын толқынның мына теңдеуі толқынның кез-келген нүктесінің ығысуын көрсетеді: