Ќосымшалар



Дата22.01.2022
өлшемі110 Kb.
#24193
түріСабақ
Байланысты:
1 г матем


Пәні:

Математика

Сыныбы:

1

Сабақтың тақырыбы:

5 саны және цифры. Бесбұрыш

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Ақпарат көздері арқылы 5 санының құрылуы мен жазылуы және құрамымен таныстыру.

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Ауызша жазбаша қарым-қатынас құру арқылы 5 санының құрамына берілген есептерді қосу, азайту амалдарын қолдана отырып шығаруға дағдыландыру.

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

Өз әрекетін бақылау, салыстыру, шешім шығару біліктерін дамыту. Мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

аралас сабақ

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

білім беруді ізгілендіру, дидактикалық бірліктерді ірілендіру.

Сабақтың әдісі:

көрнекілік,электрондық оқулық, суреттер.

Пәнаралық байланыс:

ана тілі, дүниетану,бейнелеу өнері.

Оқыту құралдары:

оқулық, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу, түгендеу;

оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру;

сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Мұғалімнің оқушыларға тілегі:

«Бес» дегенің үздік баға, 
Оқитын бол үздік қана. 


Амандасады;

оқу-құралдарын дайындайды, кезекшілік міндеттерін атқарады;

сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады;көңіл-күйі көтеріңкі болады, мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды.


Сынып сабаққа психологиялық тұрғыдан дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


Дәптерлерін жинап алады.


Дәптерлерін жинап береді.


Өз бетімен орындалған жұмыстың нәтижесін талдау.

ІІІ. Жаңа материалды меңгертуге дайындық.

Оқушылар жаңа сабақты бастамас бұрын өткен сабақты есімізге түсіріп,жұмбақты шешіп, қайталайық.

1.Маратта бар екі іні,

Мұратта бар екі іні.

Қоссақ екі мен екіні

Айтшы сонда нешеуі 
Неше болады шешуі? (2+2=4)
2. Зауза қоңыз болған екен,

Бұтатүбін қылған мекен.

Ұл мен қызы, әке, шеше,

Сонда қоңыз екен неше? (4)


3. Тиін отыр арбада,

Жаңғақ сатып базарда:

Түлкі-бикеш пысыққа,

Торғай менен

Қонжыққа,

Ұзын құлақ көжекке.

Мақтап қойып

Жаңғағын


Салып берді алғанын.

Сонда тиін неше

Жаңғақ сатты? (4)
4. 4 тен кіші сандарды ата?

5. 4 санының құрамы қандай сандардан тұрады?


- Сонымен, өткен материалды орындауда біз неше тапсырманы орындадық? ( 5 )
Демек, бүгінгі сабағымыз 5 санымен байланысты болады. Яғни, «5» саны және цифрымен танысасыңдар.


Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіріп жұмбақты шешеді.

1.2-ге 2-ні қосқанда 4-ке тең.

Жауабы:4

2.Жауабы:4 қоңыз.


3. 4 жаңғақ.

-0, 1, 2, 3.

-1 мен 3-тің қосындысы

-2 мен 2-нің қосындысы

-3 пен 1-дің қосындысы

-0 мен 4-тің қосындысы


-5 тапсырма орындадық.




Оқушылар өткен материалды жұмбақ шешумен,сұрақтар қою арқылы қайталай отырып, жаңа сабақты меңгеруге дайын болады.


ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.

IҮ. Жаңа материалды бекіту.

А) мұғалім басшылығымен бекіту


Суреттермен жұмыс.

-Оқушылар, қазір 5 санының сандар қатарынан өз орнын табуға көмектесейік. 


«Менің орным қайда?» ойыны арқылы
сандар қатарынан 5 санының орнын анықтап және 5 санын орналастырайық..
-0, 1, 2, 3, 4, 5

- Енді балалар, «5» санын цифрмен таңбалап жазып үйренеміз.



Жаттығу жұмыстары.
-Оқушылар 5 санын дәптерге жазбас бұрын саусақпен ауада және карточкада жазылған цифрдың үстінен саусақпен жүргізіп, қарындашпен жазылған үлгінің үстінен қаламмен жазып, нүктелер бойынша жазу жұмыстары жүргіземіз..
Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар енді оқулығымыздағы 1 тапсырма назар аударыңдар.Көк түсті қанша дөңгелек көріп тұрсыңдар?

-Ал қызыл түсті неше дөңгелек бар?

-Енді осы дөңгелектерге байланысты берілген өрнектерді шешейік.



4+1=5

1+4=5


5-4=

5-1=


-Ал енді келесі сары түсті неше дөңгелек бар?

-Жасыл түсті нешеу?


Осы 3 және 2 сандарын қолданып, өрнектер орындайық.

2+3=5

3+2=5


5-2=

5-3=
2-тапсырма.

Сандар құрамын анықта.

Балалар мына үйшіктердегі сандардың орнын толықтырайық.Ол үшін 3,4,5 үйшіктердегі сандардың құрамын анықтаймыз.







1

22222222222222222

1

3
2


1

2

4



3


3-тапсырма.

-Оқушылар, суретте берілген пирамиданы текшелеп санаңдар.

-Бірінші суретте пирамиданың неше бөлігі бар?

-Иә, ал екінші суретте неше бөлігі бар?

-Дұрыс, келесі суретте неше бөлігі жиналған?

-Иә, ал енді неше бөлігі құрастырылған?

-Жарайсыңдар, ал енді соңғы суреттегі бүтін пирамиданың барлық бөлшектерін санайық.



Суреттегі заттарды санайды.

-Оқушылар ойын арқылы 5 санының орнын анықтап орналастырады.


-0, 1, 2, 3, 4, 5.

-Оқушылар 5 санын таңбалап үйренеді.

-Оқушылар 5 санын дәптерге жазбас бұрын саусақпен ауада және карточкада жазылған цифрдың үстінен саусақпен жүргізіп,қарандашпен жазылған үлгінің үстінен қаламмен жазып, нүктелер бойынша жүргізеді.

-көк түсті 4 дөңгелек бар.

-1 қызыл түсті дөңгелек бар.

-4 пен 1-дің қосындысы 5-ке тең.

-1 мен 4-тің қосындысы 5-ке тең.

-5 пен 4-тің айырмасы 1-ге тең.

-5 пен 1-дің айырмасы 1-ге тең.

-Сары түсті 3 дөңгелек бар.


-Жасыл түсті 2 дөңгелек бар.
2-ге 3-ті қосқанда 5-ке тең.

3-ке 2-ні қосқанда 5-ке тең.

5-тен 2-ні алғанда 3-ке тең.

5-тен 3-ті алғанда 2-ге тең.


-Балалар 1-ші үйшіктегі 3 санының құрамын анықтайды.

- 1-ге 2-ні қосқанда 3-ке тең.

- 5-тен 2-ні алғанда 3-ке тең.
- 2-ші үйшіктегі 4 санының қүрамын анықтайды.
- 1-ге 3-ті қосқанда 4-ке тең.

- 1-ді 3-ке қосқанда 4-ке тең.

- 2-ге 2-ні қосқанда 4-ке тең.
- 3-ші үйшіктегі 5 санының құрамын анықтайды.
- 1-ге 4-ті қосқанда 5-ке тең.

- 3-ке 2-ні қосқанда 5-ке тең.

- 4-ке 1-ді қосқанда 5-ке тең.

- 2-ге 3-ті қосқанда 5-ке тең.


-1 бөлігі бар.

-2 бөлігі бар

-3-еуі жиналған.
-4 бөлігі құрастырылған.
-Бүтін пирамиданың барлық бөлшектері 5-еу


Оқушылар 5 санының орналасу ретін және құрамын біледі.

Оқушылар үлгіге қарап «5» санын таңбалап жазып үйренеді.

5 санына қосу және азайту амалдарын қолдана және өрнек құрастыра алуды меңгереді.

Оқушылар 3, 4, 5 сандарының құрамын біледі.

Оқушылар көру қабілеті арқылы пирамиданы текшелей отырып, 5 санын өсу ретімен қоя алады.



Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс

4-тапсырма

-Оқушылар, берілген бесбұрыштардың суретін дәптерлеріңе салыңдар.






Оқушылар қане бәріміз сергіп алайық.Ол үшін менің артымнан өлең шумағын қайталаңдар.

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздiжазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.

5-тапсырма




-Оқушылар бесбұрыштардың суретін дәптерлеріне салады.

Сергіту сәтін мұғаліммен бірге қайталап орындайды.

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздiжазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.


Оқушылар дәптерлеріне бесбұрыш салу арқылы бұрыштарды ажыратуды меңгереді.

Сергіту сәтін орындайды, бойлары сергиді, сабаққа белсенділіктері артады.





Ә) өз бетімен бекіту


V.Үй тапсырмасы

VI.Қорытындылау. Бағалау.


Оқушылар тапсырмада берілген суреттердің ішінен бесбұрыштарды атаймыз.

-Қане бәріміз бірге санап көрейік.

1-сурет 1,2,3,4,5

2-сурет 1,2,3,4

3-сурет 1,2,3,4,5

4-сурет 1,2,3,4

5-сурет 1,2,3.

-Неше бесбұрыш бар екен?

Дұрыс айтасыңдар 2 бесбұрыш бар екен.
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріңізге жазып алыңыздар 49 беттегі 6-шы тапсырманы уйден орындап келеміз.

- Балалар бүгінгі сабақта не туралы білдіңдер?


- Қай санмен таныстыңдар?
-Оқушылар бүгінгі сабағымызды жұмбақ арқылы бекітейік.

Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп екеуін,
Тағы да алдым үшеуін
Алдым сонда нешеуін?
-Жарайсыңдар! Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушылар жұлдызшамен бағаланасыздар!
-Сау болыңыздар!

Оқушылар мұғаліммен бірге суреттегі фигуралардың бұрыштарын санайды:

1-сурет 1,2,3,4,5

2-сурет 1,2,3,4

3-сурет 1,2,3,4,5

4-сурет 1,2,3,4

5-сурет 1,2,3.

Тиісті бесбұрыштарды санайды.
-2

Оқушылар үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.

-5 саны мен бесбұрыш туралы
-5 санымен.
-Оқушылар жұмбақтың шешуін табады.

- 5 алма


-Сау болыңз!

Оқушылар бесбұрыштардың бес төбесі бар екенін біледі.

Оқушылар жұмбақты шеше отырып сабақта өткендерін естеріне түсіріп, бекітеді.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет