электрондық ОҚУ ҚҰралына қойылатын талаптар 1 Жалпы мағлұмат 5



бет12/16
Дата02.06.2023
өлшемі1,56 Mb.
#98090
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

3.1.1 Фреймдер


Әрбір фрейм көлемі, яғни ұзындығы немесе ені абсолютті түрде пиксельмен, экран мөлшерінің пайызымен немесе салыстырмалы i* (i – бүтін сан) түрінде беріледі. Егер екі-үш мән көрсетіліп, олар әр түрлі бірліктерде берілсе, броузер алдымен абсолюттік пиксель түріндегі мәнді тағайындайды, сонан соң қалғандарын пропорциональ түрде алады. * белгісі 1* деген белгімен парапар. Экранды фреймдерге бөлу солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі.
Экранды үш тік орналасқан фреймдерге бөлейік: екіншісінің ені 250 пиксель (мөлшері берілген сурет еніне тең), біріншісі – қалған көлемнің 25%-ын, ал үшіншісі – 75%-ын алатындай ету үшін мынадай атрибуттар мәнін жазу керек



Келесі мысалда 2х3 мөлшерлі төртбұрыштар жиынынан тұратын фреймдар жасалады.



Келесі мысалда терезе биіктігі 1000 пиксельге тең деп қабыл­данған. Бірінші фреймге жалпы биіктіктің 30%-ы (300 пиксель) берілген. Екіншісіне – 400 пиксель, ал қалған екеуіне 300 пиксель тағайындалған, төртінші фрейм биіктігі “2*” түрінде, үшіншісінің биіктігі – * деп анықталған, сондықтан үшінші фреймнің – 100, төртінші фреймнің – 200 пиксель биіктігі блуы тиіс.



Егер бір фреймге абсолюттік мән нақты берілген кезде қалған­дарынан белгілі бір көлем артылып қалып немесе жетпей қалып жататын жағдай туындаса, онда броузер сол қалған фрейм көлемдерін пропорционал күйде көбейтеді немесе азайтады. FRAMESET тәгі бір-бірімен қабаттасып жазыла береді. Келесі мысалда сыртқы FRAMESET терезені үш тең бағаналарға бөледі. Ал ішкі FRAMESET екінші бағананы биіктіктері әр түрлі екі жолға бөліп тұр.

…бірінші бағана фреймі ішкі мәліметі …



… екінші бағанадағы бірінші жол фреймі ішкі мәліметі …

… екінші бағанадағы екінші жол фреймі ішкі мәліметі..…



…үшінші бағана фреймі ішкі мәліметі …


SRC атрибуты фрейм ішіне орналасатын мәтінді анықтайды. Ол фреймнің ішкі мәтіні сыртқы фрейм жазылған құжатта болмауы керек. Мысалы:















src=”3_фрейм_мазмұны.htm”>

src=”4_фрейм_мазмұны.htm”>





Бұл тәгтер жұмысының нәтижесінде төмендегі суреттегідей төртбұрышты фреймдер жиыны экранға шығады.

5 сурет.



… тәгтері
Фрейм жасау тәгінен басталады. Мұнда тәгі қолданыдмайды.
Бұл тәгтер фреймдер орналасатын төртбұрышты контейнерлерді, яғни мәлімет орналасатын екі жағында да ашылу және жабылу шекаралық жақтаулары бар тәгтерді анықтайды. Олардың пайдалануға болатын атрибуттарымен бірге жазылу синтаксисі:
[FRAMEBORDER="1 не 0"] [FRAMESPACING="integer"] >


тәгінің мынадай атрибуттары бар.
COLS – фрейм бағаналарының пайызбен (%), пиксельмен немесе салыстырмалы бірлікте (*) берілген ендері. Мысалы, COLS= "25%, 100,*" үш бағанадан тұратын фреймдерді анықтайды, біріншісінің ені – терезенің 25 пайызы, екіншісінің ені — 100 пиксель, ал үшіншісінің ені —броузер терезесінің қалған бөлігі.
Жақтау сызықтарын анықтайтын үш атрибут бар, олар BORDER, FRAMEBORDER және BORDERCOLOR.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет