Хроматикалық сан. Әр төбесіне қандай да бір бояу сәйкестендірілген және сыбайлас төбелер әртүрлі бояулармен боялған граф деп аталады. G графын дұрыс бояуға қажетті бояулардың саны оның хроматикалық саны деп аталады және χ(G) болып белгіленеді.
1
№10 дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Пікірлер логикасының тілі, формулалары және ақиқаттық кестелері.
2. Тавтология және қайшылық. Тавтологияның қасиеттері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. Пікірлер мен пікірлер формасы. Анықтама. Пікір деп деп ақиқаттығы немесе жалғандығы туралы айтуға болатын хабарлы сөйлемді айтамыз. Бүкіл ғылыми білімдер (физика, химия, биологияның заңдары мен құбылыстары, математика т.б) күнделікті өмірде болып жатқан оқиғалар, экономика мен басқару процесінде туындайтын түрлі ситуациялар пікірлер түрінде формальданады.
Анықтама. Құрамына ең болмаса бір айнымалы бар және айнымалылардың орнына мәндерін қойғанда пікірге айналатын сөйлем пікірлік форма деп аталады.
Пікірлер логикасының негізгі логикалық байланыстырушылары. Т абиғи қарапайым сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құру үшін “ және “, “ немесе “, “егер … онда “, “ сонда … тек сонда ғана “ сияқты шылаулар қолданылатындығы белгілі. Пікірлер теориясында да элементар пікірлерден күрделі пікірлер құрастыруға болады. Айталық P,Q логикалық пікірлер болсын. Оларға кестедегідей логикалық байланыстар қолданылады: Логикалық байланыстырушылар арқылы құрылған құрама пікірлердің ақиқат не жалғандығы, оның құрамына кіретін қарапайым пікірлердің ақиқаттық мәндерімен анықталады.
Пікірлерге қолданылатын амалдар 1 .Анықтама. Терістеу (инверциясы) А-ның инверсиясы деп А жалған болса мәні ақиқат, ақиқат болса жалған болатын пікірді айтады. болып белгіленеді, А емес, А деген дұрыс емес болып оқылады.
Конъюнкция мен дизъюнкция. Айталық, А мен В кез келген пікірлер болсын. Пікірдің ақиқат белгісін а әрпімен, жалған белгісін ж әрпімен белгілейік.