Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет35/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60
қабылдады. 
Кезінде 
«Заңсыздықтың 
құпиясы  өз  ісін  бастады»  —  деп  жазған 
болатын  Пауыл  (2  Сал.2:7).  Елшілердің  за-
манында  шіркеу  таза  болған.  Бірақ  II-ші 
ғасырдың  соңына  қарай  ол  өзгере  баста-
ды.  Исаның  алғашқы  шәкірттері  бұл 
өмірден  өткеннен  кейін,  жас  буынның 
өкілдері  шіркеуге  өз  ережелерін  енгізді. 
Сенетіндер  енді  ғана  келгендерді  өз 
қат ар лары нда 
ұс тап 
қ алу 
ү шін 
мәсіхшілердің 
таза 
ұстанымдарын 
төмендете 
бастады. 
Ақыр 
соңында 
шіркеуге  салт  -дәстүрлерін,  рәсімдерін, 
құдайларын алып пұтқа табынушылардың 
тасқыны енді. Бұл жандар сырт көзге ғана 
мәсіхшілер  болып  есептелгенімен,  шын 
мәнінде  құпия  түрде  өз  пұттарына  табы-
натын нағыз кәпірлердің өздері болатын. 

175 
 
  Қарсыласушы (протестанттық)   деп ата-
латын  шіркеулердің  өздері  де  осындай 
күйде  емес  пе?  Оның  ірге  тасын  қалаған 
алғашқы  реформаторлар  көз  жұмсымен, 
кейінгілер ойларына не келсе, соны істеді. 
Бұл  ұрпақ  өзінің  ата-бабаларына  мүлдем 
ұқсамады.  Осылайша  қарапайымдылық, 
тазалық,  пәктік  жойылып,  оның  орнына 
неше  түрлі  салт-дәстүрлер,  рәсімдер, 
жалған құдайлар келді. 
Өкінішке  орай  Исаның  ізбасарларының 
бұл әлеммен достығы әрі қарай бекуде. Бұл 
әлемнің  достары  Алланың  дұшпандары 
екенін ұмытпаңыздар. Көпшілік шіркеулер 
жақынының  қамын  ойлау,  жәрдемдесу, 
жанашырлық, ізеттілік, қарапайымдылық, 
сабырлық сияқты адам баласына пайдалы 
қасиеттерден  жұрдай.  Қаражатты  дұрыс 
пайдалану  жөнінде  Джон  Уэсли:  «Көрсе 
қызарып,  неше  түрлі  керексіз  заттарға 
ақшаларыңды  жұмсамаңдар.  Үйлеріңді 
әшекейлеуге,  қымбат  бағалы  жиһаздарға, 
алтын  бұйымдарға  қаражат  шашаудың 
қажеті  жоқ.  Мақтану  үшін,  жұртты 
қызықтыру  үшін  бекерге  тырыспаңдар. 
Бағалы  киімдер  киіп,  құнды  заттар  алып, 
жан 
жақтағыларды 
қызықтырып, 
баршылықпен  мақтанғанша,  Құдайдың 
көңілінен  шығуды  ойлаңыздар»  —  дейді. 
Бірақ  мұндай  тәлімге  көп  көңіл  бөліп 
жатқан адам жоқтың қасы деуге болады.  
Дүниедегі адамдардың көпшілігі қандайда 
бір 
дінді 
уағыздаумен 
айналысады. 
Қолында  биліктері  барлар,  саясатшылар, 
заңгерлер,  ғалымдар,  коммерсанттар  — 
барлығы  шіркеуге  тек  сый-құрмет  іздеп 
келеді. 
Өздерінің 
жаман 
жақтарын 
Мәсіхшілдердің 
атымен 
бүркемелейді. 
Қазір  діни  мекемелердің  көбі  осындай 
сорақы 
күй 
кешуде. 
Көшелерде 
әшекейленіп  салынған  ғибадатханалар, 
оларға  келушілер  де  сәнді  киінген  бай 
адамдар.  Бұл  шіркеулерде  еңбектенетін 
дін қызметкерлеріне  мол жалақы төленеді. 
Олар  жұрттың  күнәсін  айтып  ешкімді  де 
әшкерелемейді,  уағыздары  көпшіліктің 
құлағына  жағымды  болуын  қалайды.  Бұл 
жерде  күнәкарлыққа  ешқандай  көңіл  ау-
дарылмайды,  оны  жылы  жауып  орап 
қояды.  Дінді  тартымды  ету  үшін  барлық 
жағдай  жасалған.  Бір  сөзбен  айтатын 
болсақ  шіркеу  мүшелері  сәнқұмарлар  мен 
шенқұмарлар.  Құдайдың ойымен  санасып 
жатқан  адам  баласы  жоқ.  Бұл  жерде 
қайыр  садақа  беру  мейірімділіктің  ныша-
н ы  
е м е с ,  
ад ам д ар  
а қ ш а л ар ы н 
байлықтарын  көрсету  үшін  береді  және 
оны  мақтан  тұтады.  Неше  түрлі  драма, 
жәрмеңке,  көрнекілік  үшін  берілген  сот 
істерін  қарастыру,  театрланған  банкеттер 
жасау 
үшін 
ақша 
беруге 
ешкімді 
көндірудің қажеті жоқ.  
1873-ші  жылдың  қаңтарында  губернатор 
Висконсина    өзінің  жыл  сайын  беретін 
жолдауында  былай  дейді:  «Заң  адамның 
құмарлығын  қоздыратын  ойындарды  жа-
буды  талап  етеді.  Өйткені  бұл  зұлымдық 
кең 
етегін 
жайған. 
Тіпті 
шіркеу 
м ү ше ле р і ні ң 
ө з д е р і  
а лб ас т ы ны ң 
қызметкерлеріне  айналған.  Мейірімділік 
концерттері,  лотереялар,  тағыда  басқа 
адамдардың  құмарлықтарын  қоздыратын 
ойындар  ақша  табудың  көзі.  Осылайша 
еңбектенусіз  ақша  табу  әсіресе  жастарға 
жаман әсер етеді. Беделді адамдар: «бұдан 
ш ы қ қ а н  
қ а р а ж а т  
м е й і р і м д і л і к 
мақсаттарына жұмсалады» — деп, өздерін 
өздері жұбатады.  Дегенмен  қызығушылық 
ойындарына бір іліккеннен соң, жастарды 
одан  тартып  шығару  өте  қиын  және 
мұндай  жаман  әдет  олардың  өміріне  өте 
қауіпті». Өкінішке орай барлық мәсіхшілер 
шіркеулері  осыған  кірісіп,  ыңғайланып 
алған. 
  Роберт  Аткинс  өзінің  Лондонда  өткен 
уағызында 
ғибадатханалардың 
осы 
сорақы күйін жақсы суреттеді, Англияның 
рухани  құлдырауын  жетесіне  жеткізе 
айыптады:  «Шынайы  жандар  жер  бетінен 
жойылып,  жоғалған.  Бұны  уайымдап 
жатқан ешкім жоқ. Оларға кезекке келген-
дер өз қателерін көрмейтін, оны ешқашан 
мойындамайтын  тоқшар  қызметкерлер. 
Себебі олар зұлым әлемге икемделіп алған, 
жүрген  жерлерінде  өздерінің  қамдарын 
ғана ойлайды, рахат күйлерін қамтамасыз 
етеді. 
Әрбір 
шіркеудің 
алдында: 
«Шегінгендер, шегінгендер» — деген жазу-
лар  бар.  Бірақ  оларға  көңіл  аударып 
жатқан  ешкім  жоқ.  Көкіректері  соқыр 
болған  бұл  жандар:  «Біз  өте  баймыз, 
жақсы  істеріміз  жеткілікті,  еш  нәрсеге 
мұқтаж емеспіз» — деп жариялауда.  
Бабыл барша халықты бұзақылықтың ша-
рабына  тойдырып,  мастандырды.  Сол 

176 
 
үшін ол айыпталады. Әлемнің ұлыларымен 
достасып  алған  шіркеу  олардың  жалған 
ілімдерін  судай  сіміріп,  иманның  негізін 
шайқалтты,  ал  ондай  шіркеу  Құдайдың 
ұсынып  тұрған  ілімін  уағыздауға  шамасы 
жетпейді, 
керісінше 
ол 
адамдарды 
бүлінген ілімнің уытымен уландырады. 
  Рим  халықтан  Киелі  Жазбаны  жасырып, 
оның 
орнына 
өзінің 
доктриналарын 
(ережелерін)  ұсынды.  Құдай  Сөзі  халыққа 
реформацияның  (бастапқы  шындықты 
қалпына  келтіру)  арқасында  қайтарылған 
болатын.  Соған  қарамастан  қазіргі  күннің 
өзінде  ғибадатханаларда  халыққа  Киелі 
Кітаптың  орнына  рәміздер  мен  аңыздар 
ұсынылады.  Чарлз  Бичер  қарсыласушы 
(протестанттық)  шіркеулер  жайлы  былай 
деп  жазады:  Олар  сандары  соншалықты 
көбейіп келе жатқан киелілері мен азапта-
нушылары жайлы сөз айтса болды, ашула-
ны п 
шы ға 
к е ле д і . . . 
О с ы л ай ша 
қарсыласушы  (протестанттық)    деномина-
циялар 
өз 
қолдарын  өздері  байлап 
тастаған,  енді  Киелі  Кітаптан  басқа 
к і т а п т а р д ы  
м о й ы н д а м а й т ы н д а р 
шіркеулерде  уағыз  да  айта  алмайды.  Сол 
себепті,  кезінде  сыпайы  түрде  болса  да 
Киелі  Жазбаны  зерттеуге  тыйым  салған 
Рим  секілді,  олар  да  доктриналарына 
сүйене  отыра  Жазбаны  қолға  ұстауға 
т ы й ы м  
с а л а д ы » .  
А л  
а қ и қ а т т ы 
уағыздайтын,  яғни  Жазбаны  сауатты 
түрде  талдап  бере  алатын  бір  адам  пайда 
болса  болғаны,  оның  сөзін  сандырақ 
қылып 
апарып 
тастайтын 
көптеген  
ғалымдар 
шыға 
келеді. 
Егер 
әлем 
Б аб ы лд ы ң 
шар аб ы м е н 
т о йы ны п 
алмағанда,  Құдай  Сөзінде  жазылған  анық 
ақиқаттарды  түсінген  және  қабылдаған 
болар  еді.  Бірақ  өкінішке  орай  шіркеулер 
таза  ілім  мен  жалған  ілімді  араластырып, 
халықтың  миын  ашытып  қойғандары 
соншалықты,  жұрт  дұрыс  пен  бұрысты 
айыра 
алмай 
қалды, 
тіпті 
неге 
сенетіндерін 
де 
білмейді.Сондықтанда 
Құдайға 
бұрылмаған 
әлемнің 
күнәсі 
шіркеудің мойнына артылады. 
Аянның  14-ші  тарауында  айтылатын 
періштенің екінші хабары алғаш рет 1844-
ші  жылдың  жазында,  рухани  құлдырау 
анық  байқалып  және  айтулы  хабарға 
немқұрайды 
қарап 
тұрған 
АҚШ 
шіркеулерінде уағыздалған болатын. Бірақ 
бұл  аян  1844-ші  жылы  түгел  дерлік 
орындалған  жоқ.  Сол  кезде  адвентистік 
хабардың  жарығынан  (шындығынан)  бас 
тартқандарынан 
шіркеулер 
рухани 
құлдырауға  ұшырады,  бірақ  бұл  құлдырау 
түбегейлі емес  
еді.  Өз  замандарына  сай  ақиқаттан  бас 
тартқандары  үшін  олар  бірте  —  бірте 
төмендей  берді.  Бірақ  Бабыл  құлады  деп 
айтуға әлі ертерек болатын. Заманына сай 
а қ и қ а т т ы  
б ұ р м а л а у  
б а р л ы қ 
м е м л е к е т т е р д і ң  
қ а р с ы л а с т ы қ 
(протестанттық)  шіркеулерінде  бар  және 
сол  жайында  періште  бізге  салтанатты 
түрде ескертіп айтады. Бірақ  шегінушілік 
өзінің шарықтау шегіне жеткен жоқ.  
  Иса  жер  бетіне  екінші  рет  келерінің  ал-
дында 
албасты 
халықты 
жалған 
ғажаптарымен  және  жасанды  ілімімен 
адастыра  түседі.  Адамдар  болса  Алланың 
с ү й і с п е н ш і л і к  
а қ и қ а т ы н 
қабылдамағандары 
үшін 
өз-өздерімен 
қалдырылады  да, әрі қарай  өтірікке сене 
беретін  болады  (2  Сал.2:  9-11).  Жоғарыда 
сөз  етілген  оқиғалар  түгел  орындалып 
болғанша,  мәсіхшілер  шіркеуі  әлеммен 
тұтастай  біріккенше  Бабыл  құламайды. 
Шіркеулердің  өзгеріп  бара  жатқандары 
рас,  бірақ  ол  бірден  емес,  біртіндеп  кері 
кетіп  барады.  Сондықтан  аянның  14-ші 
тарауының  сегізінші  мәтінінде  айтылған 
хабар  қазір  емес,    болашақта  толығымен 
орындалатын  іс.  «Бабыл»  деп,  яғни 
шындық  пен  өтірікті  қисынын  келтіріп 
араластыру  арқылы    суреттеліп  тұрған 
ш і р к е у л е р  
т ү н е к к е  
о р а н ы п 
жатқандарымен, 
олардың 
іштерінде 
Исаның  шынайы  ізбасарлары  жеткілікті. 
Сонымен қоса олардың арасында заманы-
на  сай  ақиқатты  естімегендері  де  бар. 
Ө з д е р і н і ң  
н а қ т ы л ы  
к ү й л е р і н е 
қанағаттанбай  ақиқатты  іздеп  жүргендер 
әлі  де  болса  бар.  Исаның  шіркеуі  емес, 
басқа 
шіркеулерден 
ақиқатты 
іздеп 
жүргендер,  оны  ешқашанда  таппайды. 
Сол  шіркеулер  ақиқаттан  алыстай  түсіп, 
әлемге 
жақындаған 
с айы н, 
бұл 
айырмашылық анық көріне бастайды. Дәл 
сол кезде Исаның ізбасарларының біріңғай 
бөлініп  шығатын  уақыты  келеді.  «Опасыз 
сатқын,  ақылсыз  қызба,  кеуде  көтерген 
олар  Құдайдан  гөрі  ләззәт-ермекті  артық 
көрді. 
Олар 
сырт 
көзге 
Құдайға 

177 
 
ұнайтындай болып көрінгендерімен, Оның 
күшінен  бас  тартады»  —  деп,  (Тімотеге 
жазылған  екінші  хаттың  4  және  5) 
мәтіндері  арқылы  сипатталып  тұрған 
уақыт  міндетті  түрде  туады.  Аянның  18 
тарауында  (Аян14:6-12)  берілген  ескерту-
лерден  үш  мәрте  бас  тартып,  шіркеудің, 
екінші  періште  хабарлаған  күйге  түсетіні 
туралы  жазылады.  Бұл  әлемге  берілетін 
соңғы  хабар  болмақ.  Сонда  ақиқатты 
сүймегендер (Салоникалықтарға жазылған 
екінші  хат 
2:12)  өтірікке 
алданып, 
қараңғыда  қалғанда,  Бабылда  жүріп 
ақиқатты аңсағандар    «Халқым Менің Ба-
былдан  шығыңдар»  —  деген  дауысты 
естиді, сол кезде жаппай бөліну басталады. 
(Аян 
18:4) 
Ақиқатты 
таза 
ниетпен 
еңбектеніп  жүріп  іздегендер  оны  міндетті 
түрде 
табады, 
ал 
жалған 
дүниенің 
қызығына  тоймай  жүргендер  Құдайдың 
рақымынан құр қалады. 

178 
 
22 
Орындалған аяндар  
1844-ші  жылдың,  осы  уақытта  Иса 
Масіх  келеді  деген  көктем  айы  да  өте 
шықты. Бірақ Иса Мәсіх келген жоқ. Оны 
күткендер  дағдарып  қалды,  ал  басқалары 
оларды өтіріктің құрбандары деп есептеді. 
Соған  қарамастан  Киелі  Кітап  шынайы 
сенушілердің  жұбанышы  болды.  Олар 
Құдай  сөзін  қайта  —  қайта  оқып  —  зер-
ттеп,  ізденіс  үстінде  жүрді.  Киелі  Кітапта 
берілген  аяндар  Исаның  сөзсіз,  яғни 
міндетті  түрде  келетінін  дәлелдеп  тұрды. 
Имандылар  Құдайдың  олармен  бірге 
екеніне  күмән  келтірмеді.  Керісінше  Киелі 
Жазбаны  зерттеу  барысында  бір  қате 
жіберіп алғандарын байқап, сабырлық та-
нытты. 
Аббақұқ  пайғамбарының  кітабындағы 
үзіндіге  көңіл  аударсаңыздар,  оны  жақсы 
түсінесіздер. 
(Аббақұқ 
2:14) 

«Мен 
мұнараның үстіне шығып, Ол маған не ай-
тады  екен  және    өз  шағымым  бойынша 
Оған  не  деп  жауап  беруім  керек  деп 
бақыладым.  Сонда  Құдай  маған:  «Мына 
аянды оқыған жан оңай түсіне алатындай 
етіп  анық  жазып  ал.  Ол  белгілі  уақыт 
аралығына  байланысты  және  онда  ақыр 
туралы  айтылады,  өтірігі  жоқ.  Кешіккен 
күннің  өзінде  күт.  Ол  міндетті  түрде 
келеді.  Өркөкірек  жан  еш  уақытта  дамыл 
таппайды,  ал  әділетті  өзінің  сеніміне  сай 
тірі  болады»  дейді.  Бұйрық  ретінде 
берілген  бұл  аянды  Чарлз  Фитча  оқып 
алып,  осы  аян  бойынша  1842-ші  жылы 
сызба  нұсқа  құрды.  Бұл  сызбанұсқа 
бойынша  аян  сол  кезде  орындалуға  тиісті 
болғандай еді. Шын мәнінде аянды мұқият 
оқыған адам, онда жазылған: «Ақырға бай-
ланысты,  өтірігі  жоқ.  Кешіккен  күннің 
өзінде  күт,  міндетті  түрде  келеді»  — деген 
сөздерді аңдамай қалуы тиіс емес еді. Осы 
жерлерді  қайта  —  қайта  оқыған  адамдар, 
оның  мағынасын  жаңадан  ұқты.  Езекіл 
пайғамбарының кітабында: «Адамзат бала-
лары  тыңдаңдар!  Сендердің  араларыңда 
сөз  болып  жүрген,  «көп  күндер өткен  соң, 
аяндар  із  түссіз  жоғалады»  деген  не 
қылған  мақал?    Сен  оларға  былай  де: 
аяндардың  орындалатын  уақыты  тақау. 
Құдай еш сөзді тек айтпайды. Оның дегені 
м і н д е т т і  
т ү р д е  
о р ы н д а л а д ы , 
доғарылмайды»  деп  жазылған  (Езекіл 
12:21-25,  27-28).  Имандылар,  солар  үшін 
берілген  бұл  хабарға  қатты  қуанды  және 
Киелі  Жазбада  берілген  айтулы    мәтіндер 
олардың  сенімдерінің  шыңдала  түсуіне 
көп әсерін тигізді. 
Матайдың  кітабындағы  25-ші  тарауда 
жазылған он қыз жайлы айтылатын мысал 
да адвентистерге яғни нағыз мәсіхшілерге 
байланысты болатын. Аталған кітаптың 24
-ші тарауында шәкірттерінің сұрақтарына 
жауап бере  отырып,  Иса  Масіх  тарихтағы 
Оның  бірінші  мен  екінші  рет  келуінің 
арасындағы  болатын  оқиғаларға  олардың 
назарын  аударады.  Дәлдеп  айтқанда: 
Иерусалимнің  қирауы,  папалықтар  мен 
құдайсыздардың  жағынан  Мәсіхшілерге 
келетін ұлы қуғын — сүргін, ай мен күннің 
тұтылуы,  аспаннан  жауған  жұлдыздар. 
Осы  оқиғалардан  кейін  Иса  Мәсіх  Өзінің 
келетінін  айтып  және  келер  алдында  екі 
топ  адамдарының  болатынын  атайды. 
Матайдың  25-ші  тарауында  жазылғандай 
Қ ұ д а й  
п а т ш а л ы ғ ы н а  
к і р у г е 
дайындалғандар  он  қалыңдықпен  салы-
стырылады.  Бұл  жерде  Құдай  Өзінің 
халқының 
басынан 
өтетін 
оқиғаны 
шығыстың неке тойының көрінісі арқылы 
суреттейді.  Он  қалыңдық  майшамдарын 
қолдарына алып, күйеу жігітті қарсы алуға 
шығады.  Олардың  бесеуі  ақылды,  ал 
қалған    бесеуінің  ақылы  шамалы  болады. 
Ақылы 
шамалылар 
майшамдарын 
алғанмен, оған қоса май қорын алу керегін 
ойламайды.  Күйеу  жігіт  кешіккендіктен, 
олардың барлығы ұйқыға кетеді. Түн орта-
сында:  «Күйеу  жігіт  келе  жатыр,  қарсы 
алыңдар!» — деген айғай шығады. Сол кез-
де қыздар оянады, бесеуінің  май қорлары 
болғандықтан майшамдары қайта жанады 

179 
 
да,  қалған  бесеуінің  майлары  таусылып, 
қорсыз 
болғандықтан 
майшамдары 
тұтанбай қалады.  
Күйеу  жігіттің  келуі  астарлы  мағынада 
Иса  Мәсіхтің  қайта  оралуын  білдіреді.  Ал 
Оның  келетіні  кең  түрде  уағыздалған  ұлы 
реформация кезеңі, қалыңдықтардың пай-
да болуымен белгіленген. Осы мысалда екі 
топтың  адамы  суреттеледі.  Екі  жақта 
Киелі  Жазбаларын  алып,  күйеу  жігітті 
қарсы  алуға  шығады.  Қалыңдықтардың 
бесеуінде майшамдарымен бірге, оған есе-
леп  құйып  отыратын  майлары  болады, 
яғни  олар  Киелі  Жазбамен  қоса  Киелі 
Рухтың  күшімен  қаруланғандар.  Бұлар 
Құдай алдында жүректерін таза ұстап, бар 
ниеттерімен 
ақиқатты 
зерттегендер.   
Екінші    топтың адамдары    майшамда-
рын        алғанмен,  май        қорлары    
болмаған,    яғни    олар ақиқатты    толық    
қабылдамай,        сезімге  ғана        берілген    
жандар.    Оларда бірінші   топтағы адам-
дардай Құдайды қарсы    алуға    дайын-
далады,    бірақ    бастарына қиын қыстау 
заман  туғанда,  ақиқаттан  тайып  кетеді. 
Сыннан  өтер  мезгіл  жеткенде,  сенімдері 
шайқалып, майшамдары сөнеді. 
Күйеу 
жігіт 
кешіккендіктен, 
олар 
ұйықтап  қалады  деп  жазылған.  Күйеу 
жігіттің  келуін  күткен  қалыңдықтар, 
Құдайдың 
келуін 
күткен 
халықты 
рәміздейді. 
Халықтың  ойы  бойынша  
Құдай кешігіп жатқандай көрінеді. «Сонда 
олар 
ұйықтап 
қалды» 
— 
делінген. 
Біреулердің 
сенімдері 
сөніп, 
олар 
қамдануды  қояды,  екіншілері  керісінше 
сенімдері  нығайып,  еш  күмән  келтірмей 
Оны  күте  біледі.  Басқаша  айтқанда,  өз 
сенімдері  нық  болмай  бауырларының 
сенімдеріне  сүйеніп  жүргендер  бастарына 
күн  туғанда  құлайды,  ал  сенімдері 
мықтылар аяқтарынан нық тұрады. 
Сол кездері фанатизм кең етегін жайды. 
Біреулер  Киелі  Жазбаға  сенуді  қойып, 
өздерінің  сезімдеріне  көбірек  сенді  және 
«біз      Киелі      Рухтың      жетелеуімен   
келеміз» деп   мақтанды.   Енді   біреулері 
олардың      айтқандарына      сенбегендерді 
сөз 
қылды. 
Адвентистердің 
басым 
көпшілігі  мұндай  фанатизмге  жол  берме-
уге 
тырысты, 
қандай 
болғанда 
да 
ақиқатқа  көлеңке  түскені  рас.  Албасты 
осылайша Құдай ісіне кедергі жасауға ты-
рысты. 
А д в е н т и с т е р д і ң  
і л і м і  
б а р л ы қ 
халықтарды  қатты  толғандырды.  Бұл 
ілімді  қабылдап,  Құдай  жолына  түскендер 
аз  болған  жоқ.  Ақиқаттың  қарлығаштары 
тыным  дегенді  білмей  еңбектенді.  Жаса-
лып  жатқан  орасан  жұмыстар  қара 
күштің  иесіне  ұнамады.  Сол  себепті  ол 
ақиқатты уағыздаушылардың өздеріне қол 
салды.  Олардың  кез  келген  қателіктерін, 
байқаусызда  аңдамай  сөйлеген  сөздерін 
немесе  әрекеттерін  аңдып  отырып,  оны 
барша 
халыққа 
айқындап 
көрсетіп, 
адвентистердің  іліміне  жеккөрушілік  ту-
дырды.  Сонымен  Масіхтың  жер  бетіне 
келетініне 
сенетін 
адамдар 
көп 
болғанымен,  Ібілістің  билігінен  шыға  ал-
май жүргендер де аз болған жоқ. Осылай-
ша  қара  күштің  иесінің  қызметкерлері 
ақиқатты 
уағыздаушылардың 
жіберіп 
алған  қателіктерін  пайдаланып,  оларға 
қара  майды  жаққан  үстіне  жаға  түсті. 
Құдай  халықты  құтқару  жолында  қызмет 
етсе, 
албасты 
керісінше 
шіркеуге 
жүректері таза емес кеңіс адамдарды жи-
нап,  Құдай  ісіне  орасан  зор  кедергі 
келтірді. 
Шіркеуге 
келіп, 
Құдайға 
құлшылық  етіп  дұға  оқып  жүретін  адам-
дарды  біз:  «бұлар  Құдайға  берілген  адам-
дар» — деп үзілді — кесілді айта алмаймыз. 
Себебі  олардың  жүректерін  Құдай  ғана 
көре  алады,  олардың  шынайы  ниеттері 
Аллаға ғана белгілі. 
Албасты  Алланың  адал  құлдарының 
Құдай  патшалығына  қарай  жүріп  келе 
жатқан  әрбір  қадамына  кедергі  қояды. 
Мұндай  қажырлы  адал  еңбек  ешқашан 
кедергісіз  болған  емес.  Елшілердің  зама-
нында  да  солай  болды,  Мартин  Лютер  де 
осындай  фанаттардың  қырсығынан  көп 
зардап шекті. Ақиқатты дәлдеп тексермей 
үстіртін  ғана  оқып,  неше  түрлі  ілімнің 
толқынына  ілігіп  Ібілістің  қақпанына 
т ү с к е н д е р  
а з  
е м е с .  
М ұ н д а й 
қиыншылықтармен 
Уэсли 
де 
талай 
кездесті.  Вильям  Миллер  де  фанатизммен 
қатты  шайқасты.  Кез  келген  ілім  Киелі 
Кітап арқылы тексерілуге тиісті — деді ол. 
Адамның 
қандай 
рухпен 
қаруланып 
тұрғанын  қайдан  білеміз?  Бұл  сұраққа 
Киелі  Жазба  жауап  береді:  «Өсімдік 
жемісімен, адам ісімен танылады». 

180 
 
Киелі  Жазбаны  күннен  күнге  зерттей 
отырып,  фанатизм  Ібілістің  ісі  екенін 
жақсы ұғамыз. 
Өздерін  Құдай  жолында  жүрміз  деп 
есептеп, сонымен қоса неше түрлі ырым — 
жырымдарға  сенетін  адамдар,  ақиқаттың 
иісі  мұрнына  бармайтын  адамдармен 
бірдей.  Құдай  Рухы  бізді  ақиқатқа  қарай 
жетелесе, зұлымдықтың рухы адамды ада-
стырады, түзу жолдан тайдырады. 
Өздері  адасып  жүріп,  ақиқат  жолында 
жүрміз  деушілерге  қалай  жауап  беруіміз 
керек?  Оның  оп  —  оңай  жауабы  бар. 
Сөзбен  Рухтың  ырғағы  бір,  яғни  олардың 
арасында сәйкестік, үйлесім бар. 
Реформация  кезінде  ақиқаттың  жаула-
ры  фанатизмге  қарсы  күрескендерді    фа-
натиктер 
деп 
айыптаған 
болатын. 
Адвентистік  қозғалыстың  қарсыластары 
да дәл солай істеді. Фанатиктердің істеріне 
қанағаттанбаған  олар,  шындыққа  ширегі 
де ұқсас емес оқиғаларды ойлап шығарды. 
Өйткені  олар  жеккөрушілік  рухымен 
қаруланып алған болатын. Исаның келетіні 
жайлы  хабар  олардың  мазасын  кетірді. 
«Мүмкін  бұл  хабар  рас  болар»  деген  ой  да 
оларға тыныштық бермеді, сонымен қатар 
олар бұған сенгілері де келмеді. Осы хабар 
өтірік  болып  шықса  екен  деп    үміттенді. 
Айтулы  жандардың  адвентистерге  және 
олардың сенімдеріне қарсы шығуларының 
басты 
себебі 
осы 
болатын. 
Егер 
адвентистердің  қатарларына  бірер  фана-
тик еніп кетсе, оларға қарап қалғандарын 
сынап  және  сонымен  қоса  шынайы 
жандардың  еңбектерін  жоққа  шығару 
үлкен қателік. Жер бетіндегі барлық адам-
зат 
баласы 
Киелі 
Кітапты 
зерттеп, 
шындық  бойынша  өмір  сүруге  тырысуы 
керек,  бір  —  бірлеріне  қарап  аңдыспай, 
Құдайға  қарап  жүректерін  тазартулары 
дұрыс, сонда ғана адамзаттың ортақ жауы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет