Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет33/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60
қабылданды.  Ол өлгеннен кейін де бұл ха-
бар  таралуын  тоқтатқан  жоқ,  қозғалыс 
ұлғая түсіп Мәсіхтың екінші рет жер бетіне 
келетіні  жайлы  хабарды  Германия  және 
б а с қ а  
д а  
м е м л е к е т т е р  
е с т і д і .  
Сенімдегілердің 
кейбіреулері 
Россияға 
келіп,  колониялар  құрып  Ізгі  хабарды 
уағыздады және осы күнге дейін уағыздап 
келеді.  Бұл  шырақ  Франция  мен  Швейца-
рияда  да  жарқ  етті.  Кезінде  Фарель  мен 
Кальвин  реформация  ілімін  таратқан  Же-
невада, 
енді 
Госсен 
«Ізгі 
хабарды» 
уағыздады. 
Госсен  студент  кезінің  өзінде-ақ  сол 
кездегі 
Еуропада 
XVIII-ші 
ғасырдың 
аяғымен  XIX-  шы  ғасырдың  басында 
үстемдік  құрған  рационализм  рухына  бой 
ұсынып, 
кейіннен 
діни 
дәрежеге 
көтерілгеннің  өзінде  ақиқат  жайлы  көп 
ештеңе  біле  қойған  жоқ.  Керісінше 
скептицизмді 
көбірек 
қолдады. 
Жас 
кезінде  ол  аяндарды  оқығанды  жақсы 
көретін.  Ролланның  «Ежелгі  тарихын» 
оқығаннан  кейін,  Даниял  пайғамбарының 
кітабының 
екінші 
тарауына 
көңіл 
бөлгеннен кейін, ол аяндардың тамаша бір 
дәлдікпен  орындалатындарына  және  та-
рих 
жазбаларында 
өз 
орындарын 
тапқандарына таң қалды. Осыдан кейін ол 
Киелі  Кітаптың  бірден  бір  ақиқат  екеніне 
көз  жеткізіп,  өмір  тасқынына  түскен 
кездерінде  оны  неше  рет  зәкір  ретінде 
қолданды  десеңізші.  Рационализм  ілімі 
оны 
қанағаттандырмады, 
тек 
Киелі 
Кітапты  зерттей  отыра  және  үлкен 
жарыққа  ұмтылуының  арқасында  ол 
нағыз иманға қол жеткізді. Аяндарды зер-
ттей  отыра  ол  ақырдың  алыс  емес  екенін 
білді.  Бұл  хабардың  салтанаттылығына 
шаттанған  Госсен  өз  қуанышын  жұртпен 
б ө лі с к і с і  
к е лд і . 
Б і р ақ  
« Д ан ия л 
пайғамбарының  кітабындағы  аяндардың 
мағынасын  түсіну  қиын,  құпиясы  көп»  — 
деген көпшіліктің пікірі, оның жолына не-
ше  түрлі  кедергілер  қойды.  Сол  себепті ол 
Фарельдің 
тәсілдерін 
пайдаланып, 
уағыздарын  балалардан  бастап,  солар 
арқылы  ата-аналарын  да  қызықтырмақ 
болды.  Неліктен  ол  өз  жұмысын  балалар-
дан 
бастады? 
Бұл 
оның 
еңбегінің 
маңызсыздығынан  емес,  керісінше  оның 
балаларға  дайындаған  әңгімелері  нағыз 
ақиқат  болатын.  Және  баға  жетпес  осы 
ақиқатты  ол  бәріне  түсінікті  болатын 
қалыпта  мазмұндап  бергісі  келді.  Егер 
ақиқат  балалардың  көкейлерінде  өз  ізін 
қалдырып, оның тобы көбейе бастаса, он-
да бұл сөз үлкендердің де жүректеріне же-
тер  деген  ниетте  болды.  Бір  сөзбен  айта-
тын болсақ жұрттың оны естігенін қалады, 
бірақ  бірден  үлкендерден  бастаса  олай 
болмай қалама деп қауіптенді. Сол себепті 
де ол әуелі ең кішкентай адамдарға барды. 
«Мен  баларды  жинадым  және  іштей  бы-
лайша  ойландым:  егер  кішкентайлар  мені 
қызығушылықпен  тыңдаса,  онда  менің  не 
айтқым келгенін түсінгені, онда дәл осын-
дай екінші топ жиналуы мүмкін, сол кезде 
үлкендер де айтылып жатқан хабар барып 
тыңдауға  тұрарлық  екен  деп  ойлауы 
мүмкін.  Олай  бола  қалған  жағдайда  істің 
алға  қарай  басқаны».          Осылайша 
Госсеннің  еңбегі  ақталды,  балалардан 
к е йі н 
о ны  
ү лке нд ер  
д е  
к е лі п 
қызығушылықпен 
тыңдайтын 
болды. 
Тыңдаушылардың 
ішінде 
қарапайым 
адамдар  ғана  емес,  ғалымдар  мен  беделді 
адамдар  да  болды.  Тіпті  Женеваға  бөтен 
жерлерден келген қонақтар да бұл лекция-

166 
 
ларды  тыңдап,  сонан  соң  өз  елдерінде 
у а ғы з д а йт ы н  
б о л ға н .  
Т аб ы с ы н а 
шабыттанған  Госсен  өз  лекцияларын  жа-
риялай  бастады  және  де  діни  қызмет 
француз  тілінде  жүретін  шіркеулер  оған 
қызығушылық  танытады  деп  үміттенді. 
«Балаларға  арналған  насихатты  жариялай 
отыра  мен  шын  мәнінде  оларды  «аяндар 
құпия  және  түсініксіз»  дейтін  үлкендерге 
ұсындым».  Егер  де  оларды  балардың 
өздері түсінетін болса, оны несі түсініксіз? 
Мен  өз  мәжілісханамды  осы  Аяндармен 
сондай  таныстырғым  келді.  Олар  дер 
кезінде  айтылып  тұрғандай.  Аяндарды 
зерттеу бізді болатын сынақтарға шыңдап, 
сергек  болуға  және  Иса  Мәсіхты  үмітпен 
күтуге көмектеседі — деп жазды ол.   
  Госсен  Женевада  француз  тілінде  руха-
ни  тәлім  беретін  ең  сүйікті  де,  сыйлы  дін 
уағыздаушылардың  бірі  болғанымен,  ша-
малы  уақыттан  кейін  ол  өз  қызметінен 
шеттетіледі.  Жазғырудың  жалғыз  ғана 
себебі,  оның  еңбек  барысында  шіркеудің 
жансыз және рационалистік катехизисінің 
орнына Киелі Жазбаны пайдаланғандығы. 
Кейіннен ол дін мектебінің мұғалімі болып 
орналасты,  ал    жексенбі  күні  бұрынғыша 
балаларға  Киелі  Жазба  бойынша  сұрақ-
жауап  ретінде  сабақ  жүргізді.  Оның  Аян-
дарды 
зерттеуі 
үлкен 
қызығушылық 
туғызды.  Госсен  көп  жылдар  бойы  кітап 
беттерінен,  мұғалімдік  орнынан,  мінбеден 
халыққа жақсы ой салып, Тәңірдің келетін 
мезгілі  тақау  екеніне  нұсқайтын  аяндарға 
көпшіліктің  назарын  аудара  отыра  мәнді 
еңбек атқарды. 
Мәсіх  Исаның  II-ші  рет  жер  бетіне 
келетіні  жайлы  хабар  Скандинавияда  да 
кең  түрде  тарай  бастады.  Осыдан  кейін 
көпшілік адамдар рухани ұйқыдан оянып, 
өздерінің  қаншалықты        күнәкар    
екендерін  мойындап,        Құдайдан    
күнәларына Исаның        атынан        кешірім   
өтінді. 
Мұндай 
әрекетке 
мемлекет 
шіркеуінің басшылары қарсы келіп, кейбір 
таза  ілімді  уағыздаушы  қызметкерлерді 
қамауға  алып,        зынданға        тастады.    
Басқадай хабаршылар болса, оларды ауыз-
дарын  ашпауға  мәжбүр  етті.  Сол  кезде 
Құдай өз қаруы ретінде балаларды таңдап 
алды,  себебі      мемлекеттік    заң    жастары 
кәмелетке  толмағандарға  ешқандай  жаза 
қолдана  алмайтын  болды.  Ал  балалар  бол-
са,  тоқтаусыз  сөйлеп,  ақиқатты  жарияла-
ды.  
 Уағыздың мұндай түрі негізінде қауіптің 
алдын  алуға  беріліп  тұрған  ескертулерді 
тыңдау  үшін  үйлерінде    жұрт  жиналатын  
қарапайым  еңбеккерлердің  арасында    та-
нымал болды. Бұл ақиқаттың жаршылары 
көбінесе қарапайым жанұялардың балала-
ры  болатын.  Жастары  6-7  ден  аспаған 
кішкентай  балалар  Құтқарушыны жанын-
дай  жақсы  көрді,  Оның  киелі  талаптарын 
мүдіртпей  орындауға  тырысты.  Олардың 
әр қайсысының ой — өрісі жастарына сай 
келетін.  Дегенмен  халық  арасына  шығып 
сөз  сөйлеген  кездерінде  Құдіретті  күштің 
Иесі  оларды  жетелеп  тұрғаны  бірден 
байқалатын. 
Тіпті 
Киелі 
Кітаптағы 
өлеңдерді 
жатқа 
айтып: 
«Құдайдан 
қорқыңдар,  Оның  Есімін  мадақтаңдар, 
өйткені  сот  басталды»  —  деген  кездерінде 
олардың  дауыстары  да  ерекше  шығатын 
болды.  Балалар  адамдардың  күнәсін  ай-
тып, оларды ұялтып, әдепсіздік пен кесірді 
ашық 
әшкере леді. 
Бұл 
кішкене 
қызметкерлер  халықты  Исаның  жолына 
түсуге,  Оның  II-ші  рет  жер  бетіне  келетін 
кезіне дайын  болуға,  Құдайдың  қаһарына 
ілігіп  қалмау  үшін  тәубаға  түсулеріне 
шақырды.  
 Халық  болса,  олардың  уағыздарын ұйып 
тыңдады. 
Құдайдың 
Рухының 
күші 
жүректерге  әсер  етті.  Адамдар  күнәларын 
тастап мінездерін өзгертіп, тәрбиеге көніп 
жаман  әдеттерін  қалдырып,  қолдарына 
Киелі  Жазбаны  алып  зерттеп  өмірлеріне 
едәуір өзгерістер енгізді. Тіпті мемлекеттік 
шіркеудің  қызметкерлерінің  өздері  де  бұл 
өзгерістерді көріп, таң қалды және мұның 
Құдайдың ісі екенін мойындауларына тура 
келді.  
  Скандинавия  еліне  Ізгі  хабарды  тарату 
Құдайдың  еркі  болатын  және  жаулары 
Оның  хабаршыларының  үндерін  өшіріп 
тастаған  кезде,  Алла  бастаған  ісін  аяқтау 
үшін  кішкене  балаларды  сөйлетті.  Мәсіх 
Иса  Иерусалимге  жақындаған  кезінде, 
адамдар  қолдарына  пальма  бұтақтарын 
ұстап:  «Дәуіттің  баласы  келе  жатыр!»  — 
деп, қуанышты ән салып Оны қарсы алып 
жатқан  кезінде,  іші  күйген  парызшылар: 
«Мыналардың  үндерін  өшірмейсің  бе»  — 
деп  назаланған  болатын.  Сонда  Иса: 

167 
 
«Болып 
жатқан 
оқиғаның 
барлығы 
аяндардың  орындалғанын  көрсетеді.  Ал 
егер  де  халықтың  үні  өшсе,  тастар 
сөйлейтін болады» — деп жауап берген еді. 
Шынында 
діндарлардан 
қауіптенген 
халық үндемей қалған кезде, Құдай үйінің 
ауласына кіріп кеткен, қорқыныш дегенді 
білмейтін  балалар:  «Дәуіттің  баласы  жаса-
сын!»  —  деп,  әндерін  жалғастыра  берген 
(Матай  21:8-16).  Парызшылар  қатты 
қамығып  Исаға:  «Мыналардың  не  айтып 
тұрғандарын  естімейсің  бе?»  дегенде,  Иса 
оларға:  «Сендер  балалар  мен  емшектегі 
нәрестелердің 
аузымен 
Өз 
есіміңді 
мадақтайсың, дегенді оқымап па едіңдер?» 
—  деп  оларға  жауап  берді.  Ғайса  бірінші 
рет  келген  кезде  балалар  арқылы  әрекет 
жасағанындай, екінші рет келетіні туралы 
хабарды  тарататқызу  үшін,  айтулы  іске 
балаларды жұмылдырды.    
Исаның II-ші рет жер бетіне келетіні жай-
лы Ізгі хабар барлық халықтарға, тілдерге, 
руларға  және  тайпаларға  міндетті  түрде 
таралуы  керек.  Егер  үлкендер  қорқып, 
сөйлемей қойса, олардың орындарына ба-
лалар сөйлейтін болады. 
Вильям  Миллер  мен  оның  пікірлестеріне 
Ізгі  хабарды  Америкаға  тарату  жүктелген 
болатын. 
Дәл 
осы 
мемлекет 
ұлы 
адвентистік  қозғалыстың  орталығына  ай-
налды.  Бірінші  періштенің  хабарына 
қатысты аян осы жерде кеңінен орындал-
ды.  Осы  жерден  Миллердің  және  оның 
еңбектестерінің    кітаптары  басқа  да  мем-
лекеттерге 
тарады. 
Миссионерлер 
өздерінің  жүрген  жерлерінің  бәрінде 
Исаның екінші рет жер бетіне келетіні ту-
ралы  қуанышты  хабарды  халыққа  тара-
тып отырды. Ізгі хабар шер шарының шет 
шетіне  жеткізілді.  Барлық  жерлерде: 
«Құдайдан 
қорқыңдар, 
Оның 
Есімін 
мадақтаңдар, өйткені сот басталды» — де-
ген  ақиқат  жаңғырып  жатты.  Жұрт  Иса 
1844-ші  жылдың  көктемінде  келеді  деген 
пайғамбарлық  куәлікке  көп  көңіл  бөлді. 
Бұл жайлы бір штаттан екінші штатқа ай-
тылып таралып жатты және көпшілік оны 
қызығушылықпен 
тыңдады. 
Халық 
пайғамбарлық 
мезгілдердің 
дұрыс 
есептелгеніне  көз  жеткізіп,  өздерінің 
ежелгі  көзқарастарынан  бас  тартып, 
ақиқатты  қуанышпен  қарсы  алды.  Дін 
қ ы з м е т к е р л е р і н і ң  
к ө п ш і л і г і  
ө з 
көзқарастарын 
өзгертіп, 
қызметтерін, 
алып  отырған  айлықтарын,  бір  сөзбен 
айтқанда 
жеп 
отырған 
нандарын 
қалдырып,  Исаның  жер  бетіне  II-ші  рет 
келетіні 
жайлы 
хабарды 
көпшілікке 
жеткізу 
үшін 
жолға 
шықты. 
Бірақ 
ондайлардың  сандары  аса  көп  те  болған 
жоқ. Көбінесе бұл міндетті өз мойындары-
на алған қарапайым еңбеккерлер болатын. 
Фермерлер өріс даласын , шеберлер аспап-
тарын, 
коммерсанттар 
саудасын, 
қызметкерлер  кеңсесін  қалдырып,  Ізгі  ха-
барды 
уағыздауға 
кірісті. 
Соған 
қарамастан 
атқарылатын 
қызметтің 
мөлшерімен  салыстырғанда  елшілердің 
саны  тым  аз  болды.  Шіркеудің  аянышты 
күйі,  белшесінен  күнәға  батқан  халық,  өз 
кінәларын  мойындауға  шамасы  келмей 
тоң  мойын  болып  қалған  жандар  — 
осының  барлығы  ақиқатты  уағыздаушы 
жаршылардың  ауыр  жүгіне  айналды. 
Соған  қарамастан  бұл  қызметкерлер 
қажырлы  еңбек  етіп,  халықты  тәубаға 
келтіріп,  құтқарылу  жолын  көрсету  үшін 
жандарын  салды.  Албастының  қарсы 
тұрғанына  қарамастан  айтулы  жұмыс 
қарқынды  түрде  алға  басты,  соның 
н ә т и ж е с і н д е  
к ө п т е г е н  
а д а м д а р 
адвентистік ілімді қабыл алды.  
«Келе  жатқан  гаһардан  қашып  құтылу 
үшін  күллі  мүмкіндікті  жасаңдар»  деп,  
Құдайға  сенетіні  болсын,  сенбейтіні  бол-
сын,  күнәкарларды  тәубаға  шақырған 
дауыс  күллі  жерлерде  жаңғырып  жатты. 
Ғайсаның алдында келіп, Оған жол ашқан 
Жоһан  пайғамбары  секілді  ақиқатты 
уағыздаушылар  ағаштың  түбіне  балта 
шапқандай 
табанды 
түрде 
халықты 
тәубаға 
түсуге 
шақырды. 
Олардың 
алаңдаулы,  тынышсыз,  қауіпке  толы 
уағыздары  шіркеудің  мінбелерінен  айты-
латын  уағыздарға  мүлдем  ұқсамады.  Бұл 
ақиқат  қарлығаштарының  уағыздары  өте 
жалынды болды және оларға қарсы тұруға 
ешкімнің  амалы  қалмады.  Діндарлар 
өзімшіл  сенімнен,  бейқамдықтан  оянды. 
Олар 
өздерінің 
адасушылықтарын,  
д ү н и е г е  
д е г е н  
с ү й і с п е н ш і л і г і н , 
имансыздықтарын, 
менменшілдіктерін, 
өзімшілдіктерін  көрді  және      өздерінің 
қаншалықты  аянышты  күйде  тұрғанын 
білген олардың көпшілігі бар жүректерімен 
Құдайды  іздей  бастады.  Жердегімен  ғана 

168 
 
шектеліп  жүрген  бұлар  енді  назарларын 
көкке аударды. Киелі Рухпен шабыттанып 
алған 
айтулы 
жандар: 
«Құдайдан 
қорқыңдар,  Оның  Есімін  мадақтаңдар, 
өйткені  сот  басталды»  —  деген  жалынды 
хабарға өз дауыстарын қосты.  
Жан  жақтан  көздері  жасқа  толған 
күнәкарлар: «Біз не істеуіміз керек?» — де-
ген  сұрақтар  қойып  жатты.Басқаларды 
шығынға  ұшыратқан  қиянатшылар,  сол 
шығынның орнын толтыруға асықты. Енді 
олар  бұрынғы  әдеттерімен  үзілді  кесілді 
қоштасып,  жаңаша  өмір  сүре  бастады. 
Құдайдың  киелі  қолының  астынан  пана 
тапқан  бұл  жандар  басқаларды  да  өз 
қатарларына  қосылуға  шақырды.  Ата-
аналары  балаларына  бұрылып,  балалары 
а т а - ан а л ар ы н а  
қ ар а й  
б ұ р ы лд ы . 
Тәкәппарлық  пен  менменшілдік  олардың 
қарым-қатынастарына енді кедергі жасай 
алмады.  Адамдар  тәубәларына  түсіп,  бір 
бірлерінің  алдында  өздерінің  жасаған 
қ ы л м ы с т а р ы н  
м о й ы н д а д ы , 
жақындарының құтқарылып қалуына қам 
жасады  және  бір  бірлерінің  тілектерін 
тілей  бастады.  Кейбіреулері  түнімен  көз 
ілместен 
күнәларын 
кешіруді 
өтініп, 
Құдайға 
жалбарынумен 
болды. 
Енді 
біреулер  өздерінің  де,  жақындары  мен 
көршілерінің де тілегін тіледі. 
Байлар  да,  кедейлер  де,  атақтылар  да, 
қарапайым  халық  та  адвентистердің 
жиындарына қарай ағылды. Олар Исаның 
II-ші  рет  жер  бетіне  қайтып  оралатыны 
жайлы  ілімді  естуге  бар  ниеттерімен 
асықты.  Құдай  Ие  Оның  қызметкерлері 
өздерінің  сенімдерінің  негізін  мазмұндап 
болғанша  қарсыласу  рухын  тежеп  тұрды. 
Кейде 
ақиқатына 
куәгерлік 
жасауға 
Құдайдың  Рухы  оларға  күш  бере  отыра 
әлсіз  қаруды  пайдаланды.  Мұндай  жиын-
дарда 
періштелердің 
оған 
қоса 
қатысатыны  сезілетін  және  күн  сайын 
көптеген 
адамдап 
сенімдегілердің 
қатарына қосылып жатты. Сондай-ақ олар 
бұл  уағыздарды  үндері  шықпастан,  бір 
адамдай  тыңдайтын  болған.  Осындай 
сәттерде көк пен жердің арасы жақындап 
қалғандай  сезіледі  екен.  Құдайдың  күші 
кәрілердің  де,  жастардың  да,  балалардың 
да 
бойларынын 
көзге 
түсерліктей 
байқалды.  Үйлеріне  қайтып  бара  жатқан 
кездегі ер адамдардың 
Алланың есімін мадақтаған әндері түннің 
тыныштығын  бұзды.  Бұл  жиындарға 
қатысқан  адамдардың  бір  де  бірі  сол 
кездегі рухани атмосфераны ұмыта алмас.  
  Исаның келетін мезгілінің дәл белгіленуі 
қауымның 
барлық 
салаларындағы 
көпшілік  адамдарға  ұнамады.  Олардың 
іштерінде  шіркеу  қызметкерлерінен  бас-
т а п  
к ү н ә ғ а  
б е л ш е л е п  
қ а л ғ а н 
қылмыскерлерге  дейін  бар  болатын.  Осы-
лайша  Киелі  Кітапта  берілген  аяндардың 
тағы  бірі  орындалды.  Сонда:  «Ақыр 
тақаған  кезде  менменшіл  ұрысқақтар 
шығып: Исаны келеді дегені кәне ? Жара-
тылыс  басталғаннан  аталарымыз  өле 
бастағаннан  бері  бәрі  бәз  баяғысынша 
жалғасуда»  —  дейді  екен  (2  Петір  3:3-4). 
Қ ұ т қ а р у ш ы н ы  
ж а қ с ы  
к ө р е м і з 
дейтіндердің  көпшілігі:  «Исаның  келетінін 
барлығымызда білеміз. Бірақ Оның келетін 
мезгілін  белгілеудің  не  қажеті  бар?»  —  де-
ген  сұрақтарды  жаудыра  бастады.  Бірақ 
жүректерді оқи білетін Тәңір Ие бәрін біліп 
тұрған  болатын.  Олай  деулерінің  себебі, 
сол адамдар әлемді шындықпен соттайтын 
Құдайдың 
келуін 
шын 
ниеттерімен 
қаламады, өйткені өздері сол күнге дайын 
емес  еді.  Опасыз  құлдар  жүректерді  сы-
найтын  Алладан  қорықты,  Онымен  кезде-
суден сескенді, өйткені сыннан өте алмай-
тындарын  сезді.  Құтқарушы  бірінші  рет 
келген  кезде  Оны  қарсы  алудан  бас 
тартқан  яхудейлер  секілді,  бұлар  да 
Ғайсамен 
жүздесуден 
шошынды. 
Сондықтанда 
олар 
Жазбадағы 
анық 
дәлелдемелерді  тыңдамақ  түгілі,  Құдайды 
шынайы сезіммен күтіп отырған адамдар-
ды келемеждеді, мазақ қылды. Ал Ібілістің 
және  оның  жындарының  қуанышында 
шек  болмады.  Зұлымдықтың  төбеті:  «Егер 
халқы  Оның  келгенін  қаламаса,  онда 
сүйіспеншіліктерінің  жетіспей  жатқаны 
ғой»  деп,    тікенді  сөздерін  Мәсіхқа  және 
Оның періштелеріне бағыттады. 
  «Күні  мен  сағатын  бір  де  бір  адам 
білмейді»  деген  сөздер  адвентистік  ілімнің 
қарсыластарына таптырмайтын дәлел бол-
ды. Киелі Кітапта «Құдайдың қай күні, қай 
сағатта  келетінін  ешкім,  тіпті  періштелер 
де  білмейді,  тек  Құдай  Әке  ғана  біледі»  — 
деп  жазылған  (Матай  24:36).  Құдайдың 
келуін  шын  қалайтындар  бұл  сұраққа 
Киелі  Кітапқа  үйлесімді  түсініктемелер 

169 
 
б е р е д і  
д е ,  
ал  
к е р і с і н ше  
о н ы 
қ а л а м а й т ы н д а р  
о н ы  
к е р і с і н ш е 
талқылайды. 
Мәсіх 
Иса 
соңғы 
рет 
мәжілісханада  болғаннан  кейін  Зәйтүн 
т ауы ны ң 
үс ті нде  
о қу шы лар ыме н 
сұхбаттасқанда  оларға  сол  естелік  сөдерді 
айтқан еді. 
Исаның оқушылары:  «Ақыр заман қашан 
болады  және  Сен  қай  уақытта  қайтып 
келесің»  —  деп  Оған  сұрақ  қойған 
кездерінде, Иса замана белгілеріне нұсқап: 
«Осы 
айтылғандарды 
көрген 
кезде, 
ақырдың  алыс  емес  екенін,  есіктеріңнің 
сыртында тұрғанын біліңдер» — деген еді. 
Құтқарушының  бір  сөзі  екінші  сөзінің 
мәнісін жоймайды. Оның келетін күні мен 
сағатын  ешкім  білмегенімен,  айтылған 
белгілерге  қарап  әркім  —  ақ  ақырдың 
алыс  емес  екенін  түсіне  алады.  Бұл 
белгілерге көз жұмған адамдар, топан суы 
қаптаған кезде суға кеткен жандар секілді 
мәңгілікке  көздерін  жұматын  болады.  Сол 
тарауда жазылған  мысалда  сенімді және 
сенімсіз 
қызметшілер 
қарама-қарсы 
қойылған,  сондай-ақ:  «Қожайыным  жуыр 
арада 
келмейді» 
деген 
қызметшінің 
тағдыры 
сипатталады. 
Бұл 
мысалда 
Мәсіхтың  Оны  күткендерге  және  күту 
керектігін 
басқаларға 
хабарлаған 
қызметшілерге  және  Тәңірдің  келетінін 
теріске  шығарған  қызметкерлерге  қалай 
қарайтыны анық айтылады. 
«Сергек  болыңдар!»    «Қожайыны  келген 
кезде, ұйықтамай күтіп отырған қызметші 
шынайы  бақытты»    —  делінген  (Матай 
24:42,46). (Бұл жерде рухани ұйқы туралы 
айтылады).  «Сергек  болмасаң  сені  іздеп 
табамын,  қай  кезде  табатынымды  сезбей 
де қаласың» (Аян 3:3).  
   Пауыл    пайғамбар      былай      дейді: 
« Ж а р а т у ш ы с ы н ы ң  
 
 
к е л у і н    
күтпегендерге,   Исаның келуі түнде үйіне 
түскен    ұрымен   бірдей болады».   «Олар 
бейбітшілік,   қауіпсіздік»   —   деп өздерін 
өздері 
жұбатып 
жатқан 
кездерінде 
зарарға      шалдығады      және      одан    
ешкім    қашып   құтыла   алмайды. Соны-
мен      қоса  Құдайды  күтіп  отырған  жан-
дарды            ол        былай        дейді: 
«Бауырластар!      Сол            күн    қапелімде 
келетіндей  сендер  түнекте        емессіңдер,    
өйткені 
түнектің 
емес 
 
жарықтың 
балаларысыңдар» 
(Салоникалықтарға 
жазылған бірінші хат 5:2-5). 
Сонымен 
Киелі 
Жазбада 
Мәсіхтың 
келетін  мезгілінің  тақау  екеніне  қатысты, 
адам түсініксіз жүруі керек деп ойлайтын-
д а й  
н е г і з д е м е  
ж о қ  
е к е н і н 
көреміз.Сыныққа 
сылтау 
іздегендей 
ақиқаттан  бас  тартқысы  келгендер  сол 
түсініктемелерді 
тыңдамады. 
Дөрекі 
мысқылдаушылар, 
тіпті 
Мәсіхтың 
сайланған 
қызметкерлерінің 
өздері 
тоқтаусыз: «Сол күн мен сол сағатты ешкім 
де  білмейді»  —  деп  қайталаумен  болды. 
Халық 
рухани 
ұ йқыд ан 
оя нып, 
құтқарылудың жолдарын іздей бастағанда 
діни  ұстаздар  ақиқат  пен  адамдардың 
араларына  тосқауылдар  қойып,  Құдай 
С ө з і н 
к е р і  
т алқ ы ла п,  
о л ар д ы ң 
қорқынышын  сейілтпек  болды.  Құдай 
бейбітшілік  туралы  айтпағанмен,  арсыз 
күзетшілер зұлымдықтың көкесімен бірігіп 
алып:  «Бейбітшілік,  бейбітшілік»  —  деп 
айғайлай  берді.  Мәсіхтың  кағындағы  па-
рызшылар  секілді  олар  өздері  де  Құдай 
патшалығына  кіруден  бас  тартты  және 
басқаларға  да  кедергі  жасады.  Мұндай 
адамдар  жазықсыз  жандардың  қанын 
арқалайтын болады. 
 Ақиқатты  бірінші  болып  қабылдағандар 
шіркеудің  қарапайым  мүшелері  болатын. 
Киелі 
Кітапты 
егдей 
— 
жегдей 
талдағандар  Аяндардан  қате  таппады, 
діндарлардың  әсетінен  тыс  тұрып  Жазба-
ны өз бетімен зерттегендер, оның беделіне 
сүйеніп, адвентистік ілімді қабыл алды.  
  Көпшілік  жандар,  Ғайсаның  келуі  тура-
лы  естігілері  келмеген,  өз  бауырларының 
тарапынан  қуғынға  ұшырады.  Кейбір 
адамдар шіркеудегі жағдайды сақтап қалу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет