Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет37/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60
киелі  үйдің  көшірмесі  ғана  болатын. 
Қайта,  Мәсіх  көктің  өзіне  енді.  Ол  қазір 
сонда  Құдайдың  алдында  тұрып,  бізді 
қолдап  сөйлейді»  (Еврейлерге  жазылған 
хат 9:9,23,24). 
Атап  айтқанда  жердегі  қасиетхана 
көктегі  қасиетхананың  көшірмесі,  ал 
көктегі  қасиетхана  оның  түпнұсқасы  бо-
лып  табылады.  «Бәрін  де  Мен  саған 
көрсететін    киелі  шатыр  мен  ондағы 
бұйымдардың  үлгісіне  дәлме-дәл  сай  етіп 
жасаңдар!  Үстелдің  бетін  айналдыра  төрт 
елі бойы ернеумен жиектетіп, соны да ал-
тынмен қапта. Байқа, барлығын саған осы 
тау басында көрсетілген үлгіге сай жасай-
тын  бол»  (Мысырдан  шығу  25:9,25,40) 
Жердегі  қасиетхананың  сұлулығы  мен 
әсемделуінің  ең  жоғарғы  сапада  орында-
луы  Құдайдың  даналығының  кіріспесі 
екенін  дәлелдейді.  Қасиетхананың  ішкі 
қабырғалары 
құйылған 
алтыннан 
жасалғандай  болып  көрінеді,  өйткені  ол 
алтын 
майшамдардың 
жарығымен 
жарқырап  тұратын.  Ұсынылатын  нанның 
стөлі  мен  күні-түні  түтіндеп  тұратын 
құрылымның  сырттары  да  тазартылған 
алтындай  жарқырайды.  Ал  осы  кереметті 
неше  түрлі  жіптерден  тоқылып  жасалған 
періштелер 
бейнеленген 
шымылдық 
толықтырып  тұр.  Екінші  бөлімде  өсиет 
сандығы  сақталған.  Құдайдың  даңқы 
шығып  тұратын  бұл  бөлмеге  ешкім  баса 
көктеп  кірмеген,  кірсе  тірі  шықпаған. 
Оған кіруге тек бірінші діни қызметкердің 
ғана  хақысы  болған.  Жердегі  қасиетхана 
көктегі  қасиетхананың  қандай  екендігін 
адам  баласына  көрнекілетіп  көрсетеді. 
Көктегі  орында  біздің  Аратүсушіміз  (Иса) 
Құдай  алдында  біз  үшін  қызмет  етуде. Ол 
жақта 
қызмет 
ететін 
рухтар, 
яғни 
періштелер  Құдай  алдына  келгенде  Оның 
құдіретілігіне 
шыдамай 
қанаттарымен 
беттерін  жауып  тұрады.  Бұрын  —  соңды 
а д а м н ы ң  
қ о л ы м е н  
с а л ы н ғ а н 
ғимараттардың  ішіндегі  ең  кереметі  — 
Иерусалимдегі  бұл  ғибадатхана  көктегі 
ғибадатхананың  әлсіз  елесі  ғана.  Десе  де 
бұл  ғибадатхана  көктегі  адамзат  баласын 
құтқару  жолында  жүріп  жатқан  маңызды 
еңбекті  біздерге  айқын  көрсетеді.  Жоһан 
арқылы берілген аянда Құдай оған көктегі 
ғибадатхананың  екі  бөлімінде  көрсеткен 
болатын.  Және  ол  сол  жақтан  жердегі 
ғибадатханада 
Мұса 
пайғамбарының 
жасаған  «өсиет  сандығын»  көреді.  Бұл 
жерд егі  
ғиб адатх ананы ң 
кө кт егі 
ғиб ад атх ананы ң 
ү лгіс і  
б о йы нша 
салынғанының  таптырмас  дәлелі.  Мұса 
пайғамбар  жердегі  қасиетхананы  оған 
көрсетілген  үлгі  бойынша  салды.  Пауыл 
еврейлерге жазылған хатында оны растай-
ды,  ал  Жоған  пайғамбар  болса  соның 
куәгері болып табылады.  
Құдайдың мекені — көктегі ғибадатхана. 
Оның  тағының  негізі  —  шындық.  Аспан 
ғибадатханасындағы  киелінің  Киелісінің 
ішінде  ақиқатты  өлшеуіші  —  Құдайдың 
қасиетті заңы сақталған. Сол заң бойынша 
адамзат баласы сынаққа түседі. Құдайдың 
заңы  сақталып  тұрған  өсиет  сандығының 
үстінде кешірім тағы орналасқан. Сол ара-
да  Иса  Масіх  Оны  қабылдайтын  күнәкар 
пенделер    үшін  арашашы  қызметін 
атқаруда. Осылайша күнәкәрді ақтау жос-
парында  әділдік  пен  мейірімділік  одақ 
құрып бірігіп тұрады. Мұндай одақты бізге 
тек  Шексіз  Даналықтың  Иесі  ғана  ұсына 
алады. 
Бұл 
одақ 
бар 
ғаламның 
тұрғындарын  қайран  қалдырды,  қуантты 
және  барлығы  осындай  одақ  алдында  бас 
иді. Көктегі барлық періштелер құтқарылу 
жоспарының  барысын  мұқият  бақылауда. 
Құдай қалай әділетті болып саналады, егер 
ол қатесін мойындаған пендені кешірсе, ал 
Иса Масіх оларды өлім тұңғиығынан алып 
шығып,  пәктіктің  киімін  кигізіп,  өмірі 
күнә 
дегенді 
білмеген 
періштелердің 
қатарына  қосса?  Ал,  бұл  мейірімділіктің 
құпиясы және оны періштелер де  түсінгісі 
келеді.  Оған  жауап  беретін    Зәкария 
пайғамбарының кітабында Иса жайлы аят 
былай  деп  жазылған:  «Ол  Алланың  ақ 
шіркеуін  құрып,  тағына  отырып,  оның 
ішіне  бейбітшілік  орнатады»  (Зәк.6:13). 
Иса  Масіх  адамзат  үшін  ұлы  Құрбан 
болғандықтан, 
 
Зәкәрида 
айтылған 
шіркеудің негізі де және құрылысшысы да 
Исаның  өзі    болып  саналады.  Сонымен 
қатар Масіхтің  шәкірті Пауыл Оны үйдің 
қабырғасы  қаланатын  іргетасымен  салы-
стырады (Ефестіктерге арналған хат 2:20-
22). 
Даңқ пен атақ күнәкар пенделерді ақтап 
алған  Исаға  тән.  Жер  бетінде  Құдай 
патшалығы  орнамай,  Ол  даңқ  тағына 

187 
 
отырмайды.  Ол  арашашы,  яғни  біздің 
қазіргі 
тілде 
адвокаттық 
қызметін 
тамамдаған  кезде  тағына  отырады  және 
бұл  патшалықтың  шегі  болмайды  (Лұқа 
1:32,33).  Қазір  Мәсіх  діни  қызметкер 
ретінде Құдай Әкемен бірге Оның тағында 
отыр  (Аян  3:21).  Шынында  Құдайдың 
қызметшісі біздің қасіретімізді Өзіне алды. 
Ол 
бізге 
жаны 
ашымайтын, 
осал 
ж ақ т ар ымыз ды  
түсі нбе йті н 
ді ни 
қызметкер  емес,  қайта  өзіміз  сияқты  әр 
түрлі 
сынақтан 
өтіп 
көрді 
және 
сынақтардан  өтіп  жатқан  бізге  көмектесе 
алады.  Ал  егерде  біреулерің    күнә  жасап 
қойсаңдар,  Құдай  Әкенің  алдында  әділ 
Қорғаушымыз  бар.  Сол  Қорғаушымыз  — 
Мәсіх 
Иса 
(Ишая 
53:4, 
Еврейлерге 
жазылған хат 4:15,2:18, Жоханның бірініш 
хаты  2:1).    Иса  күнәкар  адамзат  баласы 
үшін  құрбан  болды.  Біз  Оның  жазықсыз 
төгілген  қанының  арқасында  ақталамыз. 
Ол  біздің  Арашашымыз,  Иеміз,  біз  Оның 
пенделеріміз. 
Оның 
тесілген 
бүйірі, 
жараланған 
денесі, 
аяқтары 
мен 
қолдарында қалған шегелердің орны адам-
зат  баласының  қаншалықты  жоғары  құн 
төленіп  сатылып  алғанын  айқындайды. 
Күнәға  батқан  адамзатқа  деген    Құдай 
Әкенің 
сүйіспеншілігі 
Иса 
Мәсіхтың 
сүйіспеншілігінен  кем  емес.    Ол  туралы 
Мәсіз  бізге  былай  дейді:  «Сонда  Әкеден 
сендер  үшін  өтінуімнің  қажеті  болмайды, 
өйткені Әкенің Өзі сендерді сүйеді» (Жохан 
жазған  Ізгі  хабар  16:26,27).  Құдай  Масых 
Иса  арқылы  Өзін  біздің  әлемімізбен  тату-
ластырды (2 Қор.5:19). 
«Құдай бізді сондай жақсы көреді, біздер 
өлмей, мәңгі өмірге ие болуымыз үшін, Ол 
Өзінің 
жалғыз 
Рухани 
Ұлы 
Исаны 
құрбандыққа  берді»  —  делінген  Киелі 
Кітапта 
(Жоһан 
3:16). 
Сонымен 
Қасиетхана  дегеніміз  не?  Киелі  Жазба  бұл 
сұраққа  түсінікті  түрде  жауап  береді. 
Жердегі  қасиетхана  көктегі  үлгі  бойынша  
салынған  яғни  аспанға  мезгеп  тұрған 
Ғибадатхана. 
Иса 
айқыш 
ағашқа 
керілгеннен кейін жердегі ғибадатхананың 
Ұлы  Құрбандыққа  сілтеп  тұрған  қызметі 
аяқталды.  Құдайдың  шынайы  шатыры 
(скиния)  көкте  орналасқан.  Ендеше  2300 
кештер мен таңдар, сонан соң қасиетхана 
тазарады деген аянда көктегі ғибадатхана 
жайлы  айтылған.  Ендігі  сұрақ  былай: 
«Қасиетхананың тазаруы дегеніміз не сон-
да?»  Жердегі  қасиетхана  тазартылуға 
тиісті. 
Ал 
көктегі 
қасиетхананы 
тазартудың қажеті не? Бұл сұраққа еврей-
лерге жазылған хаттың 9-шы тарауы жау-
ап  береді.  Таурат  заңы  бойынша  бәрі 
дерлік  қанмен  тазартылады.  Қан  төгілмей 
Құдай 
күнәні 
кешірмейді. 
Сонымен, 
көктегі  киелі  үйдің  көшірмесі  болған 
жердегі 
ғибадат 
орны 
құрбандыққа 
шалынған малдың қаны арқылы тазартыл-
са, көктегі киелі үй үшін бұдан әлдеқайда 
құнды  құрбандық  жасау  қажет  еді.  Атап 
айтқанда  Исаның  қасиетті  қанымен  та-
зартылады.  (Еврейлерге  арналған  хат 
9:22,23).  Үлгі  ретінде  берілген  бейнелеу 
қызметінде  де,  және  шын  мәніндегі 
қызметте  де  күнәдән  арылу  тек  қан 
арқылы  ғана  жүргізіледі.  Алғашқыда  ол 
малдың қаны арқылы  жүргізілсе, соңынан 
Иса  қанының  төгілуі  арқылы  тазартылды, 
себебі  бідің  дәуірге  дейін  төгілген  қандар 
келешекте  бүкіл  адамзаттың  күнәсі  үшін 
құрбан  болатын  Құдай  Ұлына  жүктелген, 
міне  киелі  кітаптағы  сол  болжау  орында-
лып  Иса  Мәсіх    пенделердің  күнларін  өз 
мойнына  алып  біз  үшін  айқыш  ағашқа 
керіліп    жанын  өз  еркімен,    құрбан  етті. 
Енді  көне  замандағыдай  құрбан  шалудың 
қажеті  жоқ,  өйткені  жалпы  адамзат 
тектеріне  құрбан  болған  Исаға  сенім  ар-
тып шариғатты (он заңды) кәміл орындап 
қоршаған  ортаға  сүйіспеншілік  көрсетіп 
отырсақ,  Алла  бізді  қорғап  —  қоршап 
жүреді.  Егер  адам  бйында  күнәнің  бар-
жоғын  аңғартатын  он  заңның  біруін  ғана 
бұзғанның өзінде  бізді сақтаушы Тәңірдің 
қоршауында  саңылау  пайда  болады  да, 
одан  ұры  түсіп  қойды  қасқыр  жейді, 
қасқыр  деп  отырғанымыз  шайтан,  ал  қой 
дегеніміз Мәсіхшілер. Құр бес уақыт намаз 
оқып  Құдайға  жалбарынып  шариғатты 
сақтамаса,  адам    күнәқар  күйінде  қалып 
қояды.  Киелі  кітпта  барлығы  күнақар, 
күнасыз  адам  жоқ    және  күнәнің  жазасы 
өлім, 
ал 
Құдайдың 
Ұлына 
иман 
келтіргендерге Алладан сыйлық мәңгі өмір 
—  дейді  киелі  кітап.  Сондықтан  күнә 
жойылуы немесе басқаша айтқанда тазар-
тылуы  керек.  Күнәнің  көктегі  болса  да, 
жердегі  болса  да  қасиетханаға  қандай 
қатысы  бар?  —  деген  сұрақ  тууы  мүмкін. 
Бұл сұраққа былай деп жауап беруге бола-
ды:  киелі  діни  қызметкерлер  жердегі 
қасиетханада  өз  қызметтерін жүргізгенде, 

188 
 
оны  көктегі  қасиетхананың  үлгісі  бойын-
ша    Мұсаға  көрсетілгендей  етіп  жасаған 
(Еврейлерге  арналған  хат  8:5).  Жерде 
Құдайға қызмет ету екі бөлімнен тұратын: 
күн  сайын  діни  қызметкерлер  киелінің 
ішінде  қызмет  атқаратын  және  жылына 
бір  рет  қасиетхананы  тазарту  үшін 
киелінің  Киелісінің  ішіне  кіріп  ерекше 
қызмет  жасайтын  болған.  Күн  сайын 
күнәкар  жандар  жасалған  күнәсі  үшін 
шатырдың  алдына  малдарын  әкеліп, 
олардың  бастарына  қолдарын  қойып, 
күнәсін  мойындап  —  айтып  Алладан 
кешірім  сұрап  —  жалбарынған,  адамның 
шын ниетін білетін Тәңір оны қабыл алып 
отырған.    Сөйтіп  ол  мал  құрбандыққа 
шалынған.  «Дененің  жаны  —  қанында, 
сондықтан  қан  төгу  жан  тапсыру  немесе 
өлім»  —  делінген.  (Леуілдер  17:11).  Құдай 
заңын  бұзған  күнәкардың  қаны  төгілуге 
тиісті. Бұл жерде оның күнәсі малға ауда-
рылып 
тұр. 
Сөйтіп 
жазықсыз 
мал 
жазықты  болып  есептеліп,  оның  қаны 
төгіліп,  осы  қанмен  діни  қызметкер 
Киелінің  ішіне  кіріп,  арғы  жағында 
Құдайдың  қасиетті  заңы  сақтаулы  өсиет 
с а н д ы ғ ы  
о р н а л а с қ а н  
б ө л і м д е г і 
шымылдыққа  қанды  тамшылатады.  Осы-
лайша рәміздеу түрінде күнә қасиетханаға 
ауысады.  Кей  жағдайларда  малдың  қаны 
Киеліге кіргізілмеген. Мұндай жағдайларда  
діни қызметкерлер сол малдың етін пісіріп 
жеуге  тиісті  болған,  сонда  қауымның 
күнәсі  жойылып,  кешірілген  (Леуілдер 
10:17).  Рәміздеудің  екі  түрі  бойынша  да 
күнә 
кінәлі 
пендеден 
қасиетханаға 
ауысқан.  Мұндай  қызмет  жыл  бойы 
а т қ ар ы лы п  
о т ы р ғ а н .  
О с ы л а й ш а 
Ысрайылдың күнәсі қасиетханаға ауысып, 
енді оны жою үшін ерекше рәсім жасалуға 
тиісті  болды.  Сондықтан  басты  діни 
қызметкер  жылына  бір  рет  киелінің 
Киелісінің 
ішіне 
кіріп 
қасиетхананы 
тазартқан. Діни қызмет осындай циклмен 
жүріп  отырған.  Бұл  күн  Алламен  татуласу 
күні  деп  аталған.  Осы  татуласу  күні 
шатырдың алдына екі теке әкелініп, жере-
бе  (таңдау)  тасталған:  «бір  жеребе  Құдай 
үшін,  екінші  жеребе  жіберілу  (шайтан) 
үшін» (Леуілдер 16:8).   Алла   үшін   жеребе   
түскен   теке әдеппен    бауыздалып,    сол    
текенің    қанымен басты діни қызметкер 
шымылдықтың  ішіне  кіріп,  қанды  өсиет 
сандығының  қақпағына  және  алдына 
тамшылатқан. Сол сияқты шымылдықтың 
алдындағы  күні  —  түні  түтіндеп  тұратын 
құрылымның үстіне де қан тамшыланатын 
болған.  Харун  тірі  текенің  басына  екі 
қолын  қойып,  бар  Ысрайыл  халқының 
күнәсін  текеге  аударған,  сонан  соң  текені 
әдейілеп  сайлаған  адам  шөл  далаға  апа-
рып тастайтын болған (Леуілдер 16:21,22). 
Теке  Ысрайылдың  тұрағына  қайтып  кел-
меген,  ал  әлгі  адам  әуелі  жуынып,  киімін 
жуып,  содан  кейін  ғана  отандастарына 
оралады екен. 
Осы рәсімдердің барлығы адам баласына 
Құдайдың  қаншалықты  Қасиетті  екенін 
және  Оның  күнәні  соншалықты  жек 
көретінін  көрсету  үшін  орындалатын 
болған. Күнәмен жанасып кеткен адам та-
за  болмай  шығады,  оны  кез  келген  пнеде 
ұғып  алғаны  ғанибет.  Қасиетті  Алланың 
алдында  адамзат  баласы  жүрегін  жуасы-
туы керек. Сондықтан да осы күні барлық 
халық  әдеттегі  шаруаларын  доғарып, 
Құдайдың алдына салтанатты түрде жина-
лып, ораза ұстап, дұға оқып салауат айтып 
жүректеріне  терең  үңіліп,  Аллаға  тағзым 
етіп бастарын иген. Бұл татуласу рәсімінің 
мәні өте зор, оның түкпірінде өте қажетті 
ақиқат 
жатыр. 
Күнәкар 
тазалықпен 
алмастырылған.  Құрбанның  қаны  күнәні 
жуа 
алмайтын 
болғандықтан, 
 
ол 
қасиетханаға  ауыстырылған.  Бұл  рәсімнің 
барлығы 
болашақта 
болатын 
Ұлы 
Құрбандыққа  яғни  Иса  Мәсіхке  сілтеп 
тұрған.  Және  де  адам  баласы  өз  күнәсін 
шынымен  мойындап,  сол  болашақтағы 
Ұлы 
Құрбандыққа 
сену 
арқылы 
өз 
күнәсына  кешірім  алам  деп  үміттенген. 
Дегенмен  ол  заң  бұзушы  болғандықтан, 
заң  алдында  ол  әлі  де  болса  жауапты 
болған.  Осы  татуласу  күні  басты  діни 
қызметкер  халықтың    Аллаға  арнап 
шалған  құрбандығының  қанын  алып, 
киелінің  Киелісінің  ішіне  кіріп,    киелі 
сандықтың ішіндегі заң жазулы тастардың 
үстіңгі 
жағынан 
өсиет 
сандығының 
қақпағына 
тамшылатқан. 
Осылайша 
заңның 
талабы 
қанағаттандырылған. 
Онан соң арашашы ретінде күнәні өз мой-
нына  ауыстырып,  қасиетханадан  алып 
шығып,  сыртқа  шыққан  соң,  екі  қолын 
шайтанға сілтейтін текенің басына қойып, 
күнәні  оған  аударған.  Теке  күнәні  алып 
кетеді  де,  халық  күнәдан  босатылады. 
Көктегінің  үлгісі  болып  саналатын  бұл 

189 
 
қызмет  осылайша  сипатталады.  Басқаша 
айтатын  болсақ  үлгі  ретінде  берілген  жер-
де өтіліп жатқан бұл қызмет шын мәнінде 
к ө к т е  
ж ү р г і з і л і п  
о т ы р ғ а н . 
Құтқарушымыздың 
жерден 
көкке 
көтеріліп  кеткеннен  кейінгі  атқарып 
жатқан қызметін Оның шәкірті Пауыл бы-
лай  деп  суреттейді:  «Иса  Масіх  қолдан 
жасалған 
қасиетхана 
емес, 
көктегі  
қасиетханада  біз  үшін  Құдай  алдында 
қызмет атқаруда. Киелінің Киелісінің ішіне  
Масіх малдың қанымен емес, Өзінің адам-
зат  үшін  төгілген  қасиетті  қанымен  кірді 
(Еврейлерге арналған хат 6:19,20; 9:12). 18 
ғасыр  бойы  қасиетханадағы  киелінің 
ішінде 
қасиетті 
қызмет 
атқарылды. 
Исаның  қаны  күнәкар  пенделер  үшін 
төгілді, бірақ қасиетті Құдайдың заңының 
алдында  адам  әлі  де  болса  айыпты 
болғандықтан,    бұл  күнәлар  көктегі 
кітапта  жазулы  болды.  Жылына  бір  рет 
киелінің 
Киелісінің 
ішіне 
кіріп, 
қасиетхананы 
тазартқан 
басты 
діни 
қызметкер  секілді,  Масых  Иса  да,  2300 
жыл  аяқталған  соң,  яғни  1844  жылы 
киелінің Киелісінің ішіне өтті, осы өту фа-
засын    кезінде  адвентистер    Оны  жерге 
келеді  деп  түсінген.  Жыл  санаулары 
бойынша 
негізгі 
зерттеулері 
дұрыс 
болғанмен,  қасиетханаға  қатысты  сұрақ 
маңайында  қателескен.  Десе  де  кейіннен 
Жазбаны  мұқият  зерттей  келе  қателерін 
тапқан. 
 
Даниял 
пайғамбарының 
кітабында  жазылған  аян  бойынша  Иса 
Масіх  1844-ші  жылы  Өзінің  қасиетті 
қанын  алып  киелінің  Киелісінің  ішіне 
кірді.  Бұл  Оның  жер  бетіне  екінші  рет 
келерінің алдындағы соңғы қызметі. Қаны 
төгілген теке Исаны мезгейді, ал халықтың 
к ү н ә с і  
а р т ы л ы п ,  
ш ө л  
д а л а ғ а 
аттандырылған теке — Ібіліске сілтейді. Өз 
күнәларын  шынымен  мойындап  Ұлы 
Құрбандықты  қабылдап  Исаның  қасиетті 
қанының  астына тұрғандардың күнәлары 
жуылып,  ол  күнә  адамзаттың  жауы  сол 
күнәнің қайнар көзі — Ібілістің басына ау-
дарылады.    Шөл  далаға  жіберіліп  әбден 
қалжыраған  теке  секілді,  сайтан  да 
біржола  құритын  болады.  Осылайша  күнә 
да,  күнәкарлар  да    жойылып  мәсіхшілер 
мәңгілік  өмірге  ие  болады  да  Жаратушы 
Тәңір махаббат Иесі деп танылады. 

190 
 
24 
Қасиеттінің Қасиеттісінде  
Қасиетхана жайлы сұрақ 1844-ші жылы 
болған  оқиғаның  басын  ашып  берді.  Ол 
Өзінің  халқының  міндеттері  мен  парызын 
оларға  тағайындап  бере  отыра,    ұлы 
адвентистік  қозғалысты  Құдайдың  Өзі 
басқарғанын  дәлелдеп  тұрған  ақиқаттың 
жоспарын  анықтады.  Кезінде  Исаның 
оқушыларының 
жандары 
күйзелген 
түннен  кейін,  Тәңірлерін  қайта  көріп 
қуанғандары секілді, Оның екінші рет жер 
бетіне  келетініне  сенгендер  дәл  солай 
қуанған  болатын.  Ал  үміттеніп  күткен 
Тәңірлері келмей қалған кезде, олар қатты 
қайғырды.  Енді  міне  олар  көздеріне  бір 
сәт  көрінбей  қалған  Құтқарушы  және 
патшалардың Патшасы ретінде жер бетіне 
келетін 
басты 
діни 
қызметкерлерін 
қасиеттінің  Қасиеттісі  ішінен  тапты. 
Қасиетханадан  шыққан  жарық  өткенді, 
нақты кезді және болашақты жарқыратып 
көрсетті.  Енді  мәсіхшілер  олардың  ісін 
Құдай  басқарғанын  жақсы  ұқты.  Кей 
кездері  олар  өздерінің  таратқан  хабарла-
рын  өздері  де  толық  түсінбегенімен,  шын 
мәнінде    бұл    нағыз   ақиқат  болатын. 
Айтулы  еңбекті  атқара  отырып,  олар 
Құдайдың  көңілінен  шыққан  еді.  Сол 
себепті  де  олардың  еңбектері  зая  кеткен 
жоқ. 
Даниял 
пайғамбарының 
кітабының 
сегізінші  тарауындағы:  «2300  кештер  мен 
таңдар,  сонан  соң  қасиетхана  тазарады» 
және  бірінші 
періштенің: 
«Құдайдан 
қ о р қ ы ң д а р ,  
О н ы ң  
е с і м і н 
мадақтаңдар,өйткені  сот  басталды»  деген 
хабары  Исаның  II-ші  рет  жер  бетіне 
келетін  кезін  емес,  Оның  қасиеттінің 
Қасиеттісіне  өтіп,  соттың  басталатын 
уақыты  келгенін  көрсеткен  болатын. 
Имандылар Киелі Жазбаны зерттеу кезінде 
жіберіп алған қателерінің салдарынан көп 
зардап  шеккендерімен,  жоғарыда  айты-
лып  кеткен  аян  уақыты  толған  кезде  аса 
бір  дәлдікпен  орындалды.  Алланың  II-ші 
рет 
жер 
бетіне 
келер 
алдындағы 
орындалуға  тиісті  болған  оқиға  тарихтан 
өз орнын тапты.  
  Мәсіх  келді,  бірақ  адамдар  күткендей 
жер  бетіне  емес,  көктегі  Құдай  үйдің 
киелісінің  Киелісіне  енді  және  Өзінің  жер 
бетіне  келер  алдындағы  соңғы  қызметіне 
кірісті. Бұл жөнінде Даниял пайғамбар бы-
лай  деп  жазады:  «Мен  сол  түні  көріп 
жатқан  көріністерде  кенеттен  адам  бала-
сына 
ұқсайтын 
Біреудің 
аспандағы 
бұлттармен  келе  жатқанын  байқадым.  Ол 
мәңгі  жасап  келе  жатқан  Құдай  Тағалаға 
жақындап 
ке ліп, 
Оның 
алды на 
әкелінді»  (Даниял  пайғамбарының  кітабы 
7:13). Осы жөнінде Малаһия пайғамбар да 
жазады:  «Біліп  алыңдар,  Мен  алдымнан 
хабаршымды    жіберемін,    ол    жүретін 
жолымды    дайындап    қояды.    Сендер 
іздеп  жүрген  Жасаған  Ие  кенеттен  Өзінің 
ғибадатханасына  келеді.  Сендер  аңсап 
жүрген Келісімнің Хабаршысы еш шүбәсіз 
келетін  болады»  —    деп  ескертеді  әлемнің 
Иесі»  (Малаһия  пайғамбарының  кітабы 
3:1). Тәңірдің көктегі ғибратханаға кіргені 
кенеттен 
болған 
оқиға, 
жұрт 
Оны 
жалындаған  от  болып  жерге  келеді  деп 
күтіп  отырды.  «Иеміз  Мәсіх  құдіретті 
періштелерімен  бірге  жалындаған  отпен 
көктен түсіп келгенде Құдайды менсінбей, 
Иеміз  Исаның  Ізгі  хабарына  құлақ  аспай 
ж ү р г е н д е р  
ж а з а л а н а -
ды»  (Салоникалықтарға  жазылған  екінші 
хат  1:8).      Оның  үстіне  халық  Исаның 
екінші рет жер бетіне келуіне әлі де болса 
дайын  мес    еді.    Олар    бұл    оқиғаға   
салтанатты      түрде    дайындалуы        керек   
болды. Бұл жөнінде    пайғамбар    былай    
дейді:      «Бұл  күні  кім        шыдай        алар    
екен?  Оның  алдында  кім  тұра  алар? 
Өйткені  Алла  жалындаған  отпен  тең.  Ол 
алтын  мен  күмісті  тазартқандай,  Өз 
халқын        қорытып,        тазартады,  себебі 
олар  Құдай        алдына        шындықпен    
келулері  керек»  (Малаһия        пайғамбар    
3:2,3). 

191 
 
Сол мезгілде жерде тұрып жатқан адам-
дар 
Масыхтың 
көкте 
орналасқан 
қасиетханадағы 
қызметі 
аяқталған 
кезінде, Құдай алдына келіп, Арашашысыз 
тұрады.  Олардың  киімдері  ешбір  дақсыз 
тап  таза  болуы  керек,  мінездері  Исаның 
қанымен  жуылып,  тазартылуға  тиісті. 
Құдайдың мейірімінің және өздерінің күш 
салып, 
тырысуларының 
арқасында 
зұлымдықты  жеңіп  шығып,  Алланың  ал-
дында  жеңімпаз  болып  тұрулары  керек. 
Тергеу        соты        жүріп,        көктегі 
қасиетхана  тәубаға  түскен  жандарды 
күнәсынан    тазартып    жатқанда,    жер-
де   де    Құдай    халқының    арасында 
айрықша   күнәдан    тазартылу   жұмысы 
жүріп  жатуға  тиісті.  Бұл  жұмыс  жайлы 
Ашық  кітаптың  14-ші  тарауында  жақсы 
жазылған.  Осы  жұмыс  аяқталған  кезде 
Құдай халқы Онымен кездесуге дайын бо-
лады. 
«Сонда  ежелгі  кездердегі  секілді  Яхуда 
мен  Иерусалимнің  құрбандығы  Құдайға 
жағымды  болады»  (Малаһия  пайғамбар 
3:4).  «Сонда,  Құдай  Өзі  келген  кезінде, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет