болды және өздері де сол аштықты,
аптапты, қасіретті бастарынан өткізді.
Енді ешқашанда соларды аштық пен шөл
азабы қинамайды, күннің аптабы да
күйдірмейді. Себебі тақтың ортасындағы
Тоқты олардың Бағушысы болып, «өмір
суының» бұлақтарына жетелейді. Құдай
олардың барлық көз жастарын сүртіп
тастайды (Аян 7:14-17).
Барлық
ғасырларда
да
Құдайдың
қалаулылары сынақтың қатаң мектебінен
өткен. Тар жолмен жүріп, тайғақ кешіп,
қасіреттің отымен тазартылған. Мәсіх Иса
үшін, Оған деген сенімі үшін неше түрлі
көрешекті көрген. Күнәнің қаншалықты
ауыр екенін біліп, оның күшін көріп,
өздерін кінәлі сезініп қайғырғандары
соншалықты, оны жек көріп кеткен.
Олардың күнәлары үшін қасірет шеккен
Құтқарушының азабы бұл пенделерді
жуасытып,
жүректерінде
ризашылық
сезімдерін
оятқан.
Өздері
ондайды
басынан өткермеген бейкүнә жан иелері
оларды ешқашан түсінбейді. Бұлардың
сүйіспеншілік сезімдері де басқаларынан
гөрі мықты болмақ, өйткені оларға көп
нәрсе
кешірілді.
Мәсіхтың
қасіретін
бөліскен бұл пенделер, енді Оның атағын
да бөлісе алады.
Қ ұ д а й д ы ң
м ұ р а г е р л е р і
ү й д і ң
шатырларынан түсіп, лашықтар мен
т ү р м е л е р д е н
ш ы ғ ы п ,
ж а з а л а н у
алаңдарынан (эшафот), таулардан, шөл
даласынан, зындандардан оралып, теңіз
тұңғиығынан көтеріледі. Жер бетінде олар
көп бейнет көрді. Миллиондаған халық
албастыға
бағынбағандықтан
өлім
жазасына кесіліп, көрге түсті. Адамның
шы ғар ған
ү кім і
б о йы нша
о лар
қылмыскерлер. Дегенмен ендігі жерде Сот
— бір Құдайдың Өзі (Забур жыры 49:6).
Жер
бетінде
шыққан
шешімдер
өзгертіледі.
Құдай
Өзінің
халқынан
масқара атақты алып тастайды (Ишая
25:8). «Олар «Жаратқан Иенің құтқарып,
Өзіне бағыштаған халқы» деп аталады.
Сион
қаласындағы
жоқтау
айтып
жүргендердің бастарына шашылған күл
орнына әшекейлі тәж кигізіліп, жұпар
иісті
май
жағылы п,
қайғы лары
қуанышпен
алмастырылады»
(Ишая
62:12;61:3). Енді олар жер бетінде босып,
қасірет шегіп, қуғындалып жүрген жандар
емес. Бұл қауым Құдаймен үнемі бірге
болады, үстеріне осы дүниенің әйгілілері
кимеген киімді киеді. Бастарына жер
бетінің
монархтарының
маңдайлары
көрмеген тәждер кигізіледі. Уайым, қайғы,
қасірет, жылау бір жола жойылады. Құдай
олардың көз жастарын сүртіп тастайды.
Осы қауым қатты дауыспен: «Құтқарылу
—
тақта
отырған
Құдайымыз
бен
Тоқтының билігінде» деп мақтау айтады.
Бұл қуаныш әнұранының дыбысы көкті
сілкіндіреді. Барлық көктің тұрғындары:
«Амин! Дәріптеу, ұлылық пен даналық,
шүкірлік, құрмет, құдірет пен билік
мәңгілік біздің Құдайымызға арналған!»
деп жауап қайырады (Аян 7.10,12).
Бұл өмірде біз құтқару жоспарын түсінуге
барымызша
тырысамыз.
Дегенмен
шектеулі санамызбен қанша ойлансақта
айқыш ағашта көрсетілген қорлық пен
атақты, өмір мен өлімді, әділеттілік пен
мейірімділікті соңына дейін ұға алмаймыз.
Құдайдың шексіз махаббатының пәрменін
аздап қана елестете аламыз. Мәңгілік
бойы, уақыт өткен сайын біздерге жаңа
ақиқаттар
ашылып
отырады,
бірақ
құтқарылу жоспарының мәнін бақи бойы
зерттейміз.
Қасіре т,
қ айғы ,
у айым ,
бейнет
аяқталғанымен Құдайдың қауымы қандай
бағамен құтқарылғандарын анық білетін
болады.
Айқыш ағаш олардың мәңгілік бойы
зерттейтін ілімі мен әңгімесіне айналады.
Атағы бар ғаламға белгілі Мәсіхтың
келбетінен олар үнемі айқышқа шегелеулі
Мәсіхты көретін болады. Шығармашылық
күшімен бар ғаламды жаратқан, көктің
т ұ р ғ ы н д а р ы
м е н
п е р і ш т е л е р
сүйіспеншілікпен тағзым ететін Құдайдың
Сүйіктісі адамзат баласын құтқару үшін,
оның
деңгейіне
дейін
төмендеді,
адамдардың күнәларын арқалап, солар
үшін
құрбан
болды.
Күллі
адамзат
баласының күнәсін мойнына алып тұрған
кезінде көктегі Құдай Әке одан бетін
бұрып әкетті. Сонда адамзат баласының
қанды қасіреті Голгофа Азаматының
жүрегін қақ айырып, айқыш ағашта Ол
285
пенделері үшін өмірмен қоштасты. Бұл
ерлік барлық жан иелерін таң қалдырмай
қоймайды. Оған сүйсінеді, қызығады және
түсінуге ұмтылады. «Біз үшін құрбан
болған,
қасиетті
қанымен
күнәмізді
тазартып,
өзімізді
мәңгілік
өлімнен
арашалап алып қалған Тоқты жасасын» —
деп шабыттана әндетеді. Есімін мәңгілік
мадақтайды.
Айқыш ағаштың құпиясы басқа да
құпияларды түсіндіреді. Алланың біздер
үшін айқышта қанын судай ағызған
қасиеті бойымызда қорқыныш сезімін
тудырып, жанымызды түршіктіретін, енді
біз бұл құрбандықты басқа қырларынан
көріп,
сүйсіне
аламыз.
Мейірімділік,
түсінушілік,
әкелік
сүйіспеншілік
қасиеттілікпен, әділетті үкіммен және
Оның күшімен бірігіп тұр. Енді біз Оның
табиғатын түсініп, Оның мейірімді де,
шексіз махаббат Иесі екенін ұға аламыз.
Сонда «Біздің көктегі Әкеміз» деген
сөздердің де мағынасы айқындалады.
Құтқарылудың
басқа
жолы
жоқ
болғанын әркім өз көзімен көретін болады.
Қасиеттілер
мекендейтін
жерді
көру
қуанышы — бұл құрбандық үшін берілген
т ам а ша
с ы й
б о лы п
т аб ы л ад ы .
Құтқарушымыздың қара күштің иесімен
шайқасының нәтижесі Құдайды мәңгілік
мадақтау үшін ақталғандарға сый ретінде
берілген
қуаныш.
Ақталғандардың
Құдайға қымбат болатыны соншалықты,
олар үшін төленген төлем көпте болып
көрінбейді және Мәсіх та Өзінің ерлігіне
керемет ризашылықпен қарайтын болады.
286
«Себебі оның күнәлары көкке жетерліктей
көп. Енді Құдай оның әділетсіздіктерін
ескеріп, соттамақ. Басқаларға көрсеткен
зорлық зомбылықтарын өзіне көрсетіп,
жаман қылықтарына сай екі есе қылып
қайтарыңдар. Оның басқаларға арнап
араластырған
өз
тостағанындағы
«шарабына» азғындықты екі есе қылып
қосып, өзіне дайындап беріңдер! Ол
қаншама сән салтанат пен молшылыққа
кенелген болса, оған соншама көп азап
пен қайғы қасірет тартқызыңдар! Ол: «Мен
тақта отырған ханыммын, жесір емеспін,
қайғы қасірет те шекпеймін!» дейді. Сол
себепті
бір-ақ
күннің
ішінде
мына
пәлелерге:
індет,
қайғы-қасірет
пен
аштыққа ұшырап, отқа өртенбек. Себебі
оны соттаушы құдіретті Құдай Ие.
Бабылдың азғындығы мен сән салтанатты
өмір салтына араласқан жер бетінің
патшалары, оны құртып жатқан өрттің
түтінін көргенде жоқтау айтып, еңіреп
жылайтын болады. Оның көрген азабынан
зәрелері ұшқан олар, қашықта тұрып,
былай деп жоқтамақ: «Ой, бауырым
басыңа қаралы күн туды! Ұлы күшті Бабыл
қаласы! Бір-ақ сағаттың ішінде үкімің
кесіліп, іске асты!» (Аян 18.5-10).
«Жер бетіндегі саудагерлер де жылап,
оған жоқтау айтады, себебі енді қайтып
олардың
дүниелерін
ешкім
сатып
алмайтын болады. Ұлы қала қымбат ақ
бәтес, қою күлгін, ал қызыл киімдер
киетін, алтын әшекейлер, асыл тастар,
інжу маржандарын тағынып, безеніп жалт
-жұлт ететін! Соншама зор байлық бір-ақ
сағат ішінде құрып кеттің ау (Аян
18:11,3,15-17).
Мінекей Құдайдың қаһары төгілген күні
Б абы л
қ алас ы на
о с ы нд ай
ү кі м
шығарылады.
Оның
заңсыздығының
тостағаны толды, уақыты жетіп, өзін
жойып жіберуге дайындады.
Құдай Өз халқын құлдықтан босатқан
кезде, өмір шайқасында жеңіліп, бәрін
ж о ғалт қ анд ар
ө з д ер і ні ң
аңы р ап
қалғандарын көреді. Мейірім мезгілі әліде
болса жалғасып жатқан кезде әзәзілдің
өтірігіне мастанып жүрген олар, өздерін
өздері ақтап, жасаған күнәларына сылтау
іздеген болатын. Байлар Құдайдың заңын
бұзу
арқылы
байығандарына
қарамастан, өздерінің ештеңеден мұқтаж
болмай, жарлылардан әлдеқайда биік
тұрғандарына мақтанды. Олар аш
жалаңаштарға қараспады, әділетті істер
жасамады, мейірімділікті жақсы көрмеді.
Осылайша
олар
өздерінің
тікелей
міндеттеріне немқұрайды қарады. Өздерін
жоғары санап, қалғандары оларды
құрметтеуге міндетті деп есептеді. Енді
олар өздерін ұлы қылып тұрған
дүниелерінен айрылып, қайыршылыққа
ұшырады. Құдайдан артық санап,
сыйынған пұттарының құрып жатқанын
көргенде, бойларын сұмдық қорқыныш
биледі. Иман байлығының орнына
дүниенің байлығын жинаған олар,
ақыры түп орындарымен ойрандалды.
Рахаттары
ащы
уайыммен
алмасты.
Қазыналары топырақ болып шашылып
қалды. Өмір бойы жинаған дүниелері бір
сәттің ішінде көзден ғайып болды.
Көз қызығарлық әсем ғимараттары мен
зәулім
сарайлары
үйіндіге
айналды.
Кенеттен
олар
дүниелерімен
бірге
өздерінің
де
құритындарын
еріксіз
мойындады.
Арсыздар Құдайды елемей, жақындарын
маңайлатпағандарына емес, Құдайдың
оларды жеңгеніне өкінді. Олар күнә
ж а с а п ,
б а с қ а л а р д ы
қ а с і р е т к е
ұшыратқандары
үшін
емес,
күнәнің
соңынан келетін қасіретті бастарынан
кешетіндеріне қиналып жылады. Жеңіске
жету үшін, егер мүмкін болса өздеріне
барлық жағдайды жасаудан бас тартайын
деп тұрған олар жоқ.
Енді әлем ажуалап, мысқылдап, тіпті жер
бетінен жойып жібереміз деген халықтың,
жер
сілкіністеріне,
дауылдарға,
су
тасқындарына тағыда басқа табиғат
апаттарына қарамастан аман қалғанын өз
көзімен көрді. Заңын бұзғандарға лаулаған
от болып тиетін Шексіз Алла Өз халқына
қауіпсіз қорған болып табылады.
41
Жердің босап қалуы
287
Ақиқатты бұрмалап, теріс уағыз айтып,
халықты тіке жолдан тайдырып жүрген
дін
қызметкерлерінің
әрбір
аттаған
адымдары Құдайға белгілі. Мінбеде сөз
сөйлеп тұрған кездерінде, көшеде келе
жатқанда,
адамдармен
сөйлескен
кездерінде Тәңір Ие олардың істерін
бақылап отырған. Енді олар маңайларына
қарап, жан жақтарын қоршаған сорлы
пенделердің
жағдайларына
назар
аударған кездерінде, өздерінің істеген
істерінің жемісін көреді.
Жаратқан Ие былай дейді: «Сендер
жеңілтектік жасап, Менің халқымның
жарасын
өтірік
емдейсіңдер.
Үнемі
«бейбітшілік, бейбітшілік» дейсіңдер, бірақ
сол бейбітшіліктерің қайда? Ол жоқ. Мен
ренжіткім
келмейтін
тақуалардың
жүректеріне
қайғы
саласыңдар,
ал
арсыздарды
өлсін
дегендей,
жаман
жолдан қайтарғанның орнына, керісінше
қолдайсыңдар» (Ереуіл пайғамбарының
кітабынан 8:11; Езекіл пайғамбарының
кітабынан 13:22).
«Менің
үйірімнің
тоқтыларын
қуып,
өлтіргендерің үшін жауап бересіңдер
жетесіз шопандар. Бастарыңа күл шашып
жылаңдар, жауапсыз бақташылар! Мен
сендерді зұлым істерің үшін жазалаймын.
Тыңдаңдар Мені, үйір бастаушылары!
У а қ ы т т а р ы ң
б і т т і ,
т ы ғ ы л а т ы н
баспаналарың қалған жоқ» (Ереуіл 23:1,2;
25:34,35).
Дін қызметкерлері мен халық Құдаймен
қарама
—
қатынастарының
түзу
болмағанын түсінеді. Әділетті заңның
Авторына қарсы шыққандарын көреді.
Алланың Киелі заңын аяқ асты қылу
зұлымдықтың,
ұрыс
керістің,
жек
көрушіліктің, заңсыздықтың көзін ашты.
Ақыр соңында жер беті ұрыс алаңына
және
бұзылғандықтың
шыңырауына
айналды. Зұлымдықтың жолын таңдап,
ақиқаттан
бас
тартқандар
осының
барлығын өз көздерімен көреді. Мәңгілік
өмірді біржола жоғалтқандарын түсініп,
қ ат т ы
у айым ға
с алы нат ы н
бұ л
пенделердің жағдайларын тілменен айтып
ешкім жеткізе алмайды. Бір кездері
данышпандығы мен тіл шеберлігіне әлем
табынған, иықтарымен көкті тіреп тұрған
менменшіл жандар қылышын сүйретіп
ақырдың күні жеткенде сорлы күй
кешетін болады. Сол кезде олар
өздері ажуалап, мазақ қылып,
жандарын қинаған Құдайдың сүйікті
халқының аяғына жығылатын болады,
олардың
әділетті
болғандарын
мойындайды.
Сонан соң бұл сұмдық тобыр осындай
қайғылы күйге душар болғандарына бірін
бірі кінәлай бастайды, әрине кінәнің ең
ащысы дін қызметкерлерінің еншісіне
тиеді. Бұл арам қызметкерлер Құдайдың
қасиетті заңын жарамсыз деп тауып,
х алық т ы
со лай
о қы т ы п,
з аңд ы
құрметтегендерді
қыспаққа
алған
болатын. Енді олар өздерінің қате ілімді
уағыздағандарын мойындайды. Халық
оларға қарғысын жаудырып, бір кездері
өздері
сый
құрметке
бөлеген
діни
ұстаздарына қарсы қанжарларын алып
шығады. Барлық жерлерде шайқас пен
қантөгіс басталады.
«Бұл шайқастың шуы жердің шетіне
дейін жетеді, өйткені Құдай халықтармен
сайысқа түседі: Ол пенделермен соттасып,
а р с ы з д а р д ы
н а й з а н ы ң
ұ ш ы м е н
түйрейді» (Ереуіл 25:31). Бұл ұлы шайқас
алты мың жыл бойы жалғасып келеді. Осы
шайқаста Құдайдың рухани Ұлы мен
көктен
жіберілген
елшілер
әзәзілдің
к ү ш і м е н
ш а й қ а с ы п ,
ж е р д і ң
тұрғындарына дәріс беріп, оларды
қауіп қатерден сақтандырып, неше түрлі
пәледен құтқарып отырған. Енді әрбір
адам баласы өз еркімен шешім
қабылдады. Арсыздар албастыға қосылып,
Жаратушыларына қарсы шықты.
Құдай үшін Оның тапталып қалған
заңының абыройын көтеретін кезі
келді. Енді шайқас албастымен ғана
емес, адамдармен де жүргізіліп
жатыр.
«Құдай халықтармен сайысқа түсті»; «Ол
арамдарды найзаның ұшымен түйреп
өлтіреді».
Азғындықтан шаршап, қасірет шеккен
адамдардың маңдайларына құтқарылу
белгілері қойылады. Сонан соң Езекіл
пайғамбары айтып қалдырған аянда сөз
болған, қолдарына қару ұстап шыққан
адамдар арқылы бейнеленген, жаналғыш
періштелер
шығады
және
оларға:
«Қарттарды, бозбалалар мен қыздарды,
нәрестелер мен әйелдерді өлгендерінше
соққылаңдар,
бірақ
маңдайларында
белгілері
бар
бірде
адамға
тиісуші
болмаңдар және жорықтарыңды Менің
қасиетханамнан бастаңдар» деген бұйрық
беріледі. Пайғамбар былай дейді: «Олар бұл
бұйрықты іске асыруды Үйдің алдында
тұрған ақсақалдардан бастады» (Езекіл 9:1
-6).
Өздерін
халықтардың
рухани
ұстаздарымыз деп есептейтіндер бірінші
болып құлайды. Ерлер мен әйелдер,
қыздар мен жас балалар бірі қалмай
өлтіріледі.
288
«Мінекей
Жаратушы
Ие
жердің
тұрғындарын олардың заңсыздықтары
үшін жазалауға Өзінің тұрағынан шығып
келеді, жер енді өлгендерді жасырмайды,
сіңірген қанды сыртқа шығарады» (Ишая
26:21). «Иерусалимге қарсы шайқасқандар
аяқтарынан тік тұрғандарымен, денелері
қаңқаға айналып, көздері үңірейіп ұясына
кіріп кетеді және ауыздарындағы тілдері
кеуіп қалады, сол күні олардың өз
араларында жанжал шығып, бір бірлеріне
қол
көтеретін
болады »
(Зәкария
пайғамбарының
кітабынан
14:12,13).
Сонда оларға Құдайдың мейірімділікпен
араласпаған қаһары төгіліп, жердің арсыз
тұрғындары — діни қызметкерлер, халық
пен олардың көсемдері, байлар мен
кедейлер, атақтылар мен қатардағылар
барлығы бірдей қырылатын болады.
«Олардың денелері жердің бір шетінен
екінші шетіне дейін шашылып жатады.
Ешкім оларды жинамайды да, жерлемейді
де» (Ереуіл 25:33).
Иса Мәсіх екінші рет жер бетіне
келгенде құдайсыздардың барлығы Оның
нұры мен демінің рухынан қырылады. Ал
өзінің
меншікті
халқын
Ол
көктегі
Құдайдың қасиетті қаласына көтеріп
әкетеді. Жер аңырап бос қалады. «Адамдар
Құдайдың заңы мен ережелерін бұзып,
Оның
мәңгілікке
жасаған
келісіміне
о пас ызд ық
ж ас ау лар ыме н
ж ерд і
арамдады. Сондықтан да қарғыс жерді
жалмайды.
Оның
тұрғындары
өз
кінәларының жазасын тартып, отпен
жойылады» (Ишая 24:1,3,5,6).
Сонда оның түрі адам мекендемеген шөл
далаға
ұқсайтын
болады.
Барлық
жерлерде
бұзылған
қалалар
мен
ауылдардың үйінділері, түп тамырларымен
жұлынып қалған ағаштар, теңіздердің
түптерінен шыққан алып тастар, ара —
араларында түбі жоқ шыңыраулар қалады.
Алланың қаһары төгіліп, табиғат апатына
ұшырап, ойрандалып қалған жердің бетін
пайғамбар осылай суреттейді.
Енді
соңғы
салтанатты
қызметтің
татуласу Күні бейнеленген оқиғасына көңіл
аударайық. Қасиеттінің Қасиеттісіндегі
қызмет
аяқталғаннан
кейін,
барлық
Ысрайылдың
күнәсі
құрбандыққа
ш а л ы н ғ а н
м а л д ы ң
қ а н ы м е н
қасиетханадан шығарылған. Сонан соң
барлық қауымның көз алдында басты діни
қызметкер қасиетханадан шығарылған
күнәні
арнайы
дайындалған
текенің
басына үйген (жапқан) (Леуілдер 16:21).
Дәл
осы
көрнекілік
үшін
берілген
қызметтегідей, көктегі қасиетханадағы
адамзатты күнәдан арашалау қызметі
аяқталғаннан кейін, Құдайдың және
көктегі
періштелердің
көз
алдында
ақталып шыққан адамдардың күнәлары
албастының басына артылады, өйткені ол
к ү нә
а т ау л ы н ы
б ас т ап
б е р г е н
зұлымдықтың
көкесі.
Шөл
далаға
жіберілген теке тәрізді албасты тірі
пендесі
жоқ,
түнек
басқан
жерге
жіберіледі.
Аянның авторы албастының қуылуын
және сол кездегі жердің күйін суреттей
отыра, сол уақыт мың жылға созылады
деп хабарлайды.
Мәсіх Иса жер бетіне екінші рет келгеннен
кейін арсыздардың көздері жойылған соң
болатын оқиға жайында аянда былай
делінген: «Бұдан кейін мен көктен түсіп
келе жатқан, қолында түпсіз тұңғиықтың
кілті мен ауыр шынжыр ұстаған періштені
көрдім. Ол айдаһарды — ежелгі жыланды
ұстап алып, оны мың жылға шынжырлап
тастады. Енді қайтып мың жыл өткенше
халықтарды алдай алмас үшін, періште
оны түпсіз тұңғиыққа лақтырып жіберіп,
есігін кілттеп, мөрмен бекітті. Ал осы кезең
өткеннен
кейін
ол
біраз
уақытқа
босатылуға тиісті» (Аян 20:1-3).
Киелі
Жазбаның
басқа
жерлерінде
«тұңғиық» деп тоналып, бос қалған жер
айтылады.
Киелі
Жазуда
біздің
планетамыздың
алғашқыдағы күйі жайлы былай делінген:
«Жер ретсіз, тіршіліксіз бос жатты, суға
толы тұңғиықтың үстін қара түнек жауып
тұрды» (Болмыс 1:2). Аянда жер жартылай
сол күйіне қайтып оралады делінген.
Ереуіл пайғамбары: «Мінекей енді қарасам
жер тоналып бос қалыпты. Аспан өзінің
жарығын беріп тұрған жоқ. Таулар мен
жоталар
шайқалып
тұр.
Тірі
жан
көрінбейді, ұшып жүрген құстар да жоқ.
Жан жағыма көз салсам барлық қалалар
қирап, үйіндіге айналған, жердің беті
сұмдық қопарылыс болғандай ойрандалып
қалыпты» дейді (Ереуіл 4:23-26).
Осы жерде албасты мен оның жындары
1000 жыл бойы шұбырып жүретін болады.
Басқа әлемдерге өтуге оған рұқсат жоқ,
сол
себепті
де
пайғамбар
оны
шынжырлаулы деп суреттейді. Қаншама
ғасырлар бойы оның істеген ісі —
жауластыру, қырылыстыру, ұрыстыру,
халықтарды бір біріне айдап салу,
аңдыстыру, тартыстыру болған.
Олардың уайымын, қайғысын,
бейнетін, өлімін көріп, зарын естіп
289
албастының жаны рахаттанып, қуанған
болатын. Енді ол сол мүмкіншілігінен
айрылады, өйткені жер бетінде одан басқа
ешкім қалмайды.
Ишая пайғамбар сондағы оның күйін:
«Қалайша сен — Арайдың баласы, таң
жұлдызы аспаннан құладың! Халыққа
толы жерге құлап, қирадың. Бірақ сен
і ш і ң н е н :
« к ө к к е
к ө т е р і л е м і н ,
жұлдыздардан да биік тұрып, Құдаймен
теңдес боламын» деп ойлағансың. Сол үшін
сен дозаққа түстің».
Сені
көргендер:
«Осы
ма
жерді
шайқалтып, патшаларды теңселтіп, әлемді
шөл
далаға
айналдырып,
қалаларды
қиратып, тұтқындарды босатпай, қамап
ұстаған» деп ойлайтын болады (Ишая
14:12-17).
Алты мың жыл бойы албастының
көтерілісі
жерді
теңселтіп
Достарыңызбен бөлісу: |