тұрды.
Қалаларды қиратып, адамдарды арамдап,
жер бетіне бүлік салды, тұтқындарды
қамап ұстады. Алты мың жыл бойы
Құдайдың халқына зорлық — зомбылық
жасап, қараңғы қапасқа қамады. Егер
Мәсіх Иса келіп, оның кісенін қиратып,
тұтқындарды
босатпағанда,
бейшара
жандар сол зындандарда мәңгі бақи
қалған болар еді.
Ібіліс жер бетінде жындарымен жеке
қалып, күнәнің қандай нәтижелерге
жеткізгенін көреді. «Халықтардың барлық
патшалары
құрметтеп
қойылған
өз
қабірлерінде жатыр. Ал сен қажетсіз
бұтақшадай
қабіріңнен
алыс
жерге
лақтырылып тасталдың. Сүйегің өлексе
іспетті
тапталып,
патшалар
қабіріне
қойылмайды. Өйткені сен өз еліңді
талқандап, өз халқыңды құрттың» (Ишая
14:18-20). Енді албастының өзінің істеген
ісін бағалайтын уақыты жеткілікті болады.
Сол кезде оның жаны қатты қиналады.
Егер бұрын ол жан жағына қарауға
мұршасы болмай, тыным таппай
еңбектенсе, енді жасаған зұлымдығы үшін
жауап
беретін
уақыттың
тақағанын
көреді. Қорқынышты болашақты жаны
түршіге отыра күтудің қаншалықты
азапты екенін басынан кешеді.
Құдайдың халқы албастының қамауға
алынғанына қатты қуанады. Пайғамбар:
«Құдай сені құлдықтан, қорқыныштан,
қ ас і р е т т е н
б о с ат қ ан
к ү ні ,
с е н
азаптаушыдан құтылғаныңа қуанып ән
салатын
боласың,
өйткені
Алла
халықтарды
қырғынға
ұшыратқан
арсыздардың қаруын қиратты» дейді
(Ишая 14:3-6).
Бірінші
тірілу мен екінші
тірілудің
арасындағы өтетін мың жыл бойы аспанда
арсыздардың соты жүреді. Елші Пауыл сол
уақытқа
меңзей
отыра:
«Сондықтан
уақыты келмес бұрын айыптауға асықпай,
Иеміздің қайта оралуын күтіңдер! Ол
келген соң қараңғыға жасырылғанды
әшкерелеп, жүрек пиғылдарын ашып
көрсетеді»
дейді
(Қорынттықтарға
арналған
бірінші
хат
4:5).
Даниял
пайғамбар: күндермен Көне келгенде
«адамзатты
соттау
ісі
Жаратқанның
киелілеріне тапсырылады» дейді (Даниял
7:22). Сол кезде тақуалар Құдайдың діни
қызметкерлері ретінде билік жүргізетін
болады. Жоһан пайғамбары: «Сонда мен
тақтарды және соларда отырғандарды
көрдім. Оларға адамзатты соттап, үкім
шығару билігі беріліпті. Сондай-ақ Исаға
адал болып, Құдайдың ізгі хабарын
жариялағандары үшін шейіт болғандарды
да көрдім. Бұлар айуан мен оның мүсініне
табынғанда жоқ, айуанның таңбасын
маңдайлары мен қолдарына қабылдаған
да жоқ. Олар қайта тіріліп, Мәсіхпен мың
жыл бойы патшалық құрды» (Аян 20:4,6).
Пауыл пайғамбарының «Киелілер әлемді
соттайтын болады» деген уақыты осы
(1Қор.6:2). Тақуалар Мәсіх Исамен бірге
арсыздардың істерін қарастырып, оларды
Киелі заң арқылы тексеріп, соңында
оларға үкім шығарады. Шығарылған үкім
әр
қайсысының
өлім
кітабындағы
аттарының қасына жазылады.
Сол сияқты Мәсіх пен Оның халқы
жындар мен Ібілісті де соттайды.
Пауыл
пайғамбары:
«Немесе
біз
періштелерді
соттайтындарымызды
білмейсіңдер ме?» дейді (3-ші өлең).
Елші Яхуда: «Сондай-ақ, өздерінің билік
жүргізуге тиесілі орындарын сақтамай,
мекен тұрағын тастап кеткен періштелерді
де ескеріңдер. Иеміз оларды соттайтын
ұлы
күн жеткенше
тамұқтың
қара
түнегінде шынжырлап сақтап отыр» дейді.
Айтулы 1000 жыл өткеннен кейін екінші
рет тірілу болады. Сол кезде барлық
арсыздар оянып, Құдайдан жазаларын алу
ү ші н
О ны ң
алд ы на
ж иналад ы .
Тақуалардың тірілетін уақытын суреттеп
берген аянның авторы Жохан пайғамбар
былай дейді: «Бұлардан өзгелері мың жыл
өткенше
тірілмейді».
Және
Ишая
п а й ғ а м б а р :
« О л а р
з ы н д а н д а ғ ы
тұтқындардай жиналып, бірге қамалады.
Ұзақ қамалғаннан кейін олар Құдайдың
назарына қайтадан ілігеді» (Ишая 24:22).
290
Мың жыл аяқталғаннан кейін Мәсіх Иса
Өзінің халқымен және періштелерімен
қайрадан жер бетіне келеді. Ол келген соң
барлық арсыздарды оятады. Олардың
с а н д а р ы н ы ң
к ө п
б о л а т ы н д ы ғ ы
соншалықты,
жағалауда
шашылып
жатқан
құмменен
ғана
салыстыруға
келеді.
Алғашқы
тірілу
кезіндегі
оянғандардың
түрлерімен
бұларды
салыстыру тіпті мүмкін емес. Тақуаларға
мәңгілік жастық пен сұлулық беріледі, ал
арсыздардың түрлерінен ауру мен өлімнің
ізі көрініп тұрады.
Барлықтарының бет жүздері Құдайдың
Ұлының даңқына бағытталған. Арсыздар:
«Алланың атымен Келе Жатқан баталы
болғай!» деп айқайлайды. Бұл сөздерді
оларға айтқызып тұрған Исаға деген
сүйіспеншіліктері емес, ақиқаттың күші.
Арсыздардың ішкі дүниелері өзгеріссіз сол
қалпында
қалады.
Енді
олардың
кесірлерін
түзейтін
уақыттары
да,
мүмкіншіліктері де жоқ. Олар тәубәларына
түскен де емес, түсем деп ойлаған да емес.
Арсыздарға тағы да уақыт берілген күннің
өзінде, ештеңеде өзгермейді, барлығы бәз
баяғы қалпында қалады.
Мәсіх бір кездері Өзі көтеріліп кеткен
Зәйтүн тауының үстіне қайра түседі.
Пайғамбар: «Жаратушы Иеміз киелілерін
ерітіп келе жатыр, Оның аяғы Зәйтүн
тауының үстін қайрадан басатын болады.
Зәйтүн тауы қақ жарылып үлкен жазыққа
айналады.
«Сол күні Құдай бір, есімі Оның бір болып
ж ә н е
ж е р д і ң
П а т ш а с ы
Ө з і
болады»
(Зәкария
пайғамбарының
кітабынан 14:5,4,9). Сонан соң әдейілеп
дайындаған жерге аспаннан жарқыраған
сұлу қала Жаңа Иерусалим түседі. Мәсіх
Өзінің халқымен және періштелерімен
қасиетті қалаға кіреді.
Албасты болса Ғаламның билігін қолына
алу
мақсатында
соңғы
шайқасқа
дайындалады. Ол жер бетінде жалғыз
қалған кезінде өте аянышты күй кешсе,
енді құдайсыздардың тірілгенін көріп үміті
жанданады
және
соңғы
шайқаста
берілмеудің қамын ойластырады. Албасты
үнемі
пайдаланып
жүрген
қатыгез
айласын пайдаланып, шын мәніндегі кім
екенін білдіртпей, өзін осы әлемнің
билеушісі қылып көрсетеді. Арсыздарды
көрден тірілтіп шығарып алған да өзі
секілді сыңай танытып, олардың барлығын
өз күшімен шабыттандырады, әлсіздерін
к ү ш т і
е т е д і .
Қ а й р а
т і р і л г е н
құдайсыздардың миллиондаған саны оның
өзін
де
құлшындырады.
Солардың
көмегімен тағымды және патшалығымды
қайтарам деп ойлайды. Бұл қара құрттай
қаптаған арсыз тобырдың ішінде топан
суынан бұрын өмір сүрген дәулер де
болады. Олардың ой — өрістері өте кең
болған, дегенмен албастының жетегінде
кеткен
бұл
жандар
білімдері
мен
қабілеттерін өздерін өздері дәріптеуге
жұмсаған. Өз заманында олар өнер
б і р т ұ м а л ар ы н
о й л а п
шы ғ а р ғ ан ,
кемеңгерліктерінің алдында әлем бас иген.
Д е г е н м е н
о л а р
ө з д е р і н і ң
қатыгездіктерімен
және
хайуандық
өнертабыстарымен
жерді
арамдаған,
Құдайдың бейнесін қисайтқан. Бұлардың
іштерінде
атақты
патшалар,
ешбір
шайқаста жеңіліп көрмеген қолбасшылар,
түрлерінен
патшалықтар
қорқатын
ержүрек сарбаздар да бар. Ажал оларды
өзгертпеген. Өлерінің алдында қандай
оймен кетсе, сол оймен қайра оянған.
Жауласуға деген озбырлықтары да сол
қалпында, өзгермеген.
Албасты өзінің жындарымен және жердің
патшаларымен кеңес құрып, олардың
күші бізге қарағанда аз, өйткені біз көппіз,
сондықтан біз оларды жеңе аламыз деген
шешімге келеді. Өнерлі жарақшылар
с айм ан,
қ ару
ж ар ақ
ж ас аум е н
айналысады.
Жеңістерімен
атақтары
шыққан әскер басшылары сарбаздарын
сапқа тұрғыза бастайды.
Ақыры
шабуылға
шығуға
бұйрық
беріледі. Ешқашан соғыстар басталғалы
ешкімде мұнша әскер болып көрген емес.
Бұл барлық замандардағы күштердің
біріккен әскері болды. Әскер алдына ең
мықты шапқыншы Ібіліс өзі тұрды. Олар
42
Шайқастың соңы
291
ойрандалып қалған жердің бетімен қалаға
қарай жүріп келеді. Сонда Исаның
бұйрығымен
Жаңа
Иерус алимнің
қақпалары жабылады.
Қаптаған қара тобыр бас салмақ болып
қаланы қоршап алады. Исаның жаулары
Оның жүзін тағы да көреді. Қаланың
жоғарғы
жағынан
негізі
алтыннан
құйылған биік тақ көрінеді. Тақтың
үстінде Құдайдың рухани Ұлы отыр,
м а ң а й ы н
қ о р ш а ғ а н
А л л а н ы ң
пат шалы ғы ның
аз ам ат т ар ы .
Бұ л
көріністің сұлулығын бірде қалам жазып,
бірде тіл айтып жеткізе алмайды. Әкесінің
даңқы Баласын қоршап тұр. Оның нұры
бүкіл қаланы толтырып, қақпалардан өтіп,
барлық
жерді
жарқыратып
жіберді.
Тақтың жанында бір кездері албастыға
қызмет етіп, кейіннен тәубасына түсіп,
шынайы
ниетпен
Алланың
соңынан
ергендер де бар. Олардан кейін алдап —
арбау мен сатқындықтың ортасында
жүріп, бүкіл әлем Құдай заңын керексіз
деп
жариялағанда,
Аллаға
деген
адалдықтарынан
айнымай,
кемеліне
келгендер
тұр.
Одан
әрі
барлық
ғасырлардағы Құдай үшін шайқасып,
шейіт болғандар тұр. «Сонан соң қарасам
ешбір
адам
баласы
санына
жете
алмайтындай өте үлкен қауымды көрдім.
Олар әрбір ұлттан, халықтан, тілден,
тайпалардан
шыққандар...
тақ
пен
Тоқтының алдында ақ шапан киіп,
қолдарына құрма ағашының бұтақтарын
ұстап тұр екен» (Аян 7:9). Қолдарында
ұстаған құрма ағашының бұтақтары
салтанаттылықтың рәмізі, ал үстеріндегі
ақ жамылғылары (шапандары) әуелдегі
Мәсіхтың,
сонан
соңғы
өздерінің
тазалықтарының белгісі. Осы қауым қатты
дауыспен
Аллаға
арналған
мадақтау
әнұранын орындады: «Құтқарылу — тақта
отырған
Құдайымыз
бен
Тоқтының
билігі нде»
(10- шы
өле ң).
Сонда
ақталғандар Ібілістің күші мен ашуын
көреді және өздерінің тек Мәсіхтың
арқасында ғана жеңіске жеткендерін
бұрынғысынан да жақсы түсінеді. Осы
қауымның ішінде бірде бір жан өз
еңбегіммен жеңіске жеттім деп айтпайды.
Қандай еңбек істегендері және қанша
қ асі ре т
шек ке нд ері
ж айлы
сө з
қозғалмайды.
Мадақ
бүкіл
әлемнің
Жаратушысы — Аллаға ғана тән екенін
барлығы жақсы біледі, Оның есімін ғана
дәріптейді. Енді патшалардың Патшасы,
Оның
билігіне
қарсы
шыққандарға,
қасиетті
заңын
таптап,
халқын
қорлағандарға әділетті үкім шығарады.
Құдайдың пайғамбары: «Бұдан кейін мен
үлкен ақ тақты және оның үстінде
Отырғанды көрдім. Жер мен көк Оның
қасынан қашып, оларға орын табылмады.
Үлкенді — кішілі өлген адамдардың тақ
алдында тұрғандарын байқадым. Кітаптар
ашылып, ерекше бір кітап — мәңгілік өмір
кітабы
да
ашылды.
Өлгендер
сол
кітаптарда
жазылған,
өздері
тірі
кездерінде жасаған істеріне сай сотталды»
дейді (Аян 20:11,12).
Кітаптар
ашылып,
Иса
олардың
жүздеріне
қараған
кезде,
арсыздар
өздерінің істеген күнәларын естеріне
алады. Түзу жолдан бас тартып, Құдай
заңын бұзғандарын, Алланың төгіп тұрған
ша па ға т ы н
па йд а ланб ағ анд ар ы н ,
Құдайдың елшілерін (хабаршыларын) жек
көргендерін,
Алланың
мейірімінің
толқындары олардың тас болып қалған
жүректеріне соғылып, кері қайтқанын өз
көздерімен көретін болады.
Тақтың алдынан айқыш ағаш көтеріледі.
Осы жерде Адам -атадан бастап ұлы
қ ұ т қ а р ы лу
ж о с па р ы ны ң
б ар лы қ
оқиғалары сахналанады. Құтқарушының
туылғаны, Оның жастық шағы, Иорданда
өткен шомылдыру рәсімі, Жарылқаушы
Құдай Иенің мейірімі мен сүйіспеншілігін
ашып көрсеткен Исаның уағыздары мен
рухани қызметі, Оның халықтың тілегін
тілеп, жалғыз отырып өткізген ұйқысыз
түндері, көре алмағандықтың салдарынан
оған қарсы құрылған қастандық, Оның
мейірімділігіне қайтарған адамдардың
зұлым сыйлары, Гефсимания бағындағы
бар әлемнің күнәсі үшін басынан кешкен
азапты қасіреті, Оның қанішер тобырдың
қолына тапсырылғаны, сол түні басынан
өткерген
сұмдық
оқиғалар,
надан
тобырдың Оны Пилатқа қалай алып
келгені, қорқақ және қатыгез Иродтың
алдында мазақ етіліп, азапталып өлім
жазасына ұсынылғаны — осының бәрін
адамдар өз көздерімен көреді.
Онан соң шыдамды Қорланушының
Голгофаға бара жатқан жері, көктің
Патшасының айқыш ағашта шегеленіп
тұрғаны, менменшіл діндарлар мен ұятсыз
тобырдың Оның өлім алдындағы азабын
қызықтағаны, сол уақыттағы жердің бетін
жауып тастаған түнек, сілкінген жер,
сынып жатқан таулардың дүрсілі, әлемнің
Құтқарушысының
жан
тапсырған
кезіндегі өлгендердің қайра тірілгені...
қорқыныштан дірілдеп тұрған тобырдың
алдынан осы оқиғалардың барлығы бірінің
соңынан бірі өтіп жатады. Албасты, оның
жындары және солардың жағына шыққан
адамдар бір кездері істеген істерінен көз
ала алмай, сахнаға қадалып қалады. Әркім
осы шайқастағы өзінің ойнаған ролін
292
көреді.
Ирод,
оның
бұйрығымен
Вифлеемде өлтірілген кінәсіз нәрестелер,
Жоһан пайғамбарының қанын арқалаған
сатқын Иродиада, жағдайлар мен уақытқа
сай икемделіп тұратын олқы мінезді
П и л а т ,
а р с ы з
с а р б а з д а р ,
д і н
қызметкерлері, «Оның қаны біздің және
біздің ұрпақтарымыздың мойнында» деп
айқайлаған
ессіз
тобыр
мен
оның
көсемдері өздерінің қатыгез кінәларының
нәтижелерін көріп тұрады.
Тақуалар «Ол біз үшін жанын берді!» деп,
Исаның
аяғына
тәждерін
тастап
ж а т қ а н д а ,
қ ұ д а й с ы з д а р
О н ы ң
жарқыраған нұрынан тығыламыз деп
бекер әуре болады.
Ақталып шыққан Құдайдың халқына
келетін болсақ, олардың ішінде Исаның
шәкірттері — ержүрек Пауыл, ыстық
қанды (қызба) Петір, бауырмал Жоһан, сол
сияқты Алла үшін азап шегіп, өлген
шейіттер барын көреміз. Ал қаланың
сыртында
оларды
қуғындағандар,
тұтқынға алып өлтіргендер, бойларын
неше түрлі кесірлер кернегендер тұр.
Солардың қатарларында қылмысы әлемді
сескендірген хайуан Нерон да бар. Ол енді
бір кездері өзі азаптап, жандарының
қ и н а л ғ а н ы н
к ө р і п
р а х а т т а н ғ а н
тақуалардың қуанышы мен бақытына куә
болады. Осы арада оны сұмырай қылып
тәрбиелеген, мінезінің қатыгез болып
қалыптасуына әсерін тигізген анасы да
бар.
Сол
сияқты
өздерін
Мәсіхтың
елшілеріміз деп жариялаған папаның
қызметкерлері мен прелаттар да, өздерін
Құдайдан
жоғары
санаған
өзімшіл
папалар да осында. Бұл, бір кездері
шіркеудің
аталары
атанғандар,
енді
Құдайдың алдында есеп береді. Құдайдың
Өз заңының қорғаушысы екенін және
кінәліні ешқашанда ақтамайтыны бұлар
кеш ұғады. Сонда ғана олар Мәсіхтың:
«Менің мына бауырластарымның тіпті ең
маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған
жақсылықтарыңды шын мәнінде Маған
жасағандарың!»
деген
сөзінің
күшін
сезінеді (Матай жазған Ізгі хабар 25:40).
К ө к т і ң
б и л і г і н е
с а т қ ы н д ы қ
жасағандардың бәрі Құдайдың сотына
тартылады. Олардың қорғаушылары жоқ,
а қ т а л а
а л м а й д ы
ж ә н е
о л а р ғ а
шығарылатын үкім «мәңгілік өлім». Енді
олар «күнә үшін жаза — өлім» деген
сөздерді айқын түсінеді. Құдайсыздар
оларға неше рет ұсынылған «мәңгілік
бақытты»
қолдарымен
қағып
салып
отырды.
Олардың
барлығы
«мен
бейбітшілікті, шынайы бақытты, ар-
ұжданды, намысты, ізеттілікті торығуға,
б ақ ы т с ы з д ы қ қ а
ж ә не
қ о р лы қ қ а
айырбастаппын» деп өкінетін болады.
Және де көктің шығарған үкімінің әділетті
екенін жақсы түсінеді. Олар өмір бойы:
«Иса деген адамның біздің патшамыз
болғанын қаламаймыз» деп арыз тастаған
болатын.
Енді арсыздар Құдайдың рухани Ұлының
патшалығына
сиқырланып
қалғандай
қадалады.
Бұлар
Оның
қолындағы
Құдайдың қасиетті заңы жазылған тас
парақтарды көріп, бір кездері Алланың
парызын орындаудан бас тартқандарын
естеріне алады. Сырлы, сұлу, сазды ән
естіліп, тақуалардың қуанышты дауысы
шы қ қ анд а,
қ ақ паны ң
с ы р т ы нд а
тұрғандар: «Сенің істерің қандай тамаша
Жаратушы Құдай! Сенің жолың ақиқат,
пәк және әділетті!» деп, өмір Ханзадасына
бас иетін болады.
Исаның ұлылығы мен атағын көргенде
Ібілістің
төбесінен
жай
түскендей
қалшиып қатып қалады. Бір кездері
сұлулығы көз тартатын сымбатты періште
өзінің қайдан құлағанын есіне алады. «Таң
нұрының баласы» қалайша өзгерген! Қалай
ғана құлаған! Бір кездерде ардақты
болған, сый құрметке бөленген періште
көктің кеңесінен бір жола шығарылған
болатын. Енді ол керемет мүсінді, өте сұлу
періштенің оның орнын басып, Ғайсаның
басына тәжін кигізіп жатқанын көріп, бұл
жоғарғы атақ маған — Ібіліске тиесілі
болушы еді деп ойлайды.
Ол өзінің Құдайға қарсы шығып, Ғайсаға
күншілдік жасағанға дейін ішкі дүниесінің
таза, кінәсіз, пәк болғанын есіне алады.
Алла оған кеңшілік жасап тұрғанның
өзінде, періштелерді азғырып, өз жағына
шығару үшін қандай азғын, айла-тәсілдер
жасағаны көз алдына келеді.
Барлық істеген істері бірінің соңынан бірі
— халықтарды жауластырғаны, сұмдық
азапты өлімдер, патшалықтардың пайда
болуы
мен
құруы,
неше
түрлі
көтерілістердің ұзын тізбегі, революциялар
мен қақтығысулар оның көз алдынан өтіп
жатады. Ол Мәсіхтың жұмысына кедергі
жасап, адамдарды күнәнің тұңғиығынан
шығармай тұншықтырғанын және соған
қоса Исаға сенгендерге ешқандай билігін
жүргізе алмағанын есіне түсіреді. Артына
көз сала келе өзінің істеген істерінің
жемісін
көреді.
Ол
қанша
жерден
арсыздарды
«мына
қаланы
жаулап
аламыз» деп алдағанымен, мұнысының
жай ғана әрекет екенін өзі жақсы біледі.
293
Осы ұлы шайқаста неше рет жеңіліске
ұшырап, кейін шегінгені және сол сияқты
Жаратушының ұлылығы мен күші де оған
мәлім.
Ұлы көтерілісші Құдайдың билігіне қарсы
шығып және шайқастың туындауына
Тәңірді кінәлап, өзін үнемі ақтап алуды
көздеген болатын. Сол үшін бар ақылы
мен күшін жұмсаған. Жүйелі жоспар
құрып, ойланып отырып жұмыс істеп,
таңқаларлық
жемістерге
ие
болған.
Адамдарды алдап өзінің көзқарасын
қабылдатуға бейімдеген. Бірақ ақыр
соңында Мәсіхты тағынан құлатып, Оның
халқының көзін жойып, қасиетті қаланы
жаулап аламыз деген әрекетімен өзін өзі
әшкерелейді.
Онымен
біріккендер
жеңіліске ұшырағандарын өз көздерімен
көреді. Мұны көрген Исаның ізбасарлары
мен періштелер де албастыдан жүректері
айниды.
Көктегі ғажайып үйлесімділік, тазалық
албастыға ұнамаған болатын. Ол Құдайға
тісін қайрап, күшін шыңдап, көтерілісті
бастаймын
деп,
көкте
өмір
сүру
құқығынан бір жола айрылды. Ендігі
жерде оның мейірімділік пен әділеттілікке
қарсы сөз айтуға шамасы жоқ. Құдайға
жапқан пәлесі айналып өз басына келді.
Албасты енді басын иіп, өзіне шығарылған
үкімнің әділетті екенін мойындады.
«Жаратқан Ие, кім Сенен қорықпас?
Сенің атыңның ұлылығын жариялаудан
кім бас тартпақ? Жалғыз Сен ғана
толықтай қасиеттісің! Барлық халықтар
Сенің алдыңа келіп, бас ұрып ғибадат
ететін болады. Себебі Сенің әділ үкімдерің
айқын болды» (Аян 15:4). Ақиқат пен
адасушылыққа қатысты барлық сұрақтар
айқындалды. Бар ғалам Құдайдың билігі
мен албастының билігінің нәтижелерін
көрді. Ібілісті, оның өзінің істеген істері
с о т т а д ы .
Қ ұ д а й д ы ң
д а н а л ы ғ ы ,
м е йі р ім д і лі гі ,
ә д і ле т т і лі гі
т о лы қ
айқындалды.
Құдай
Өзі
жаратқан
пенделерінің және бар ғаламның бақытын
көздегені бәріне айғақ болды. «Барлық
киелілер Сенің істеріңді мадақтап, Саған
батасын
беріп,
атағыңды
асыра
берсін» (Забур жыры 144:10). Күнәнің
тарихы Алланың жаратқан жан иелерінің
бақыттарының Оның заңымен тікелей
байланысы барын дәлелдейді. Бар ғалам,
Тәңіріне адалдығын сақтаған пенделер
және
көтерілісшілер
бір
дауыспен:
Достарыңызбен бөлісу: |