«Әлеуметтану» пәні дәрістері Дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Дәріс №13. Денсаулық және медицина



бет16/18
Дата22.12.2022
өлшемі123,79 Kb.
#59031
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Әлеуметтану-дәрістер қысқаша мазмұны 2

Дәріс №13. Денсаулық және медицина

Денсаулық және медицинаны зерттеудің әлеуметтанулық бағыты. Денсаулық және қоғам (тарихи перспективада). Халықаралық перспективадағы денсаулық сақтау. Әлеуметтік маңызды аурулар. Әлеуметтік шеттелу. Денсаулық сақтаудың экономикалық және әлеуметтік аспектілері. Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі. Ғылыми медицина. Халықтың қартаюы.


Бір қарағанда, денсаулық тек биологиялық, ал денсаулық сақтау тек медициналық сала іспетті. Алайда бұл тараудан денсаулық, ауру және денсаулық сақтау саласының әлеуметтік күштермен және әлеуметтік мәртебемен терең байланысы бар екеніне көз жеткізуге болады. Денсаулық пен ауру студенттердің өміріне қатысы жоқ мәселелер деп қарастыру - шындыққа жанаспайтын тұжырым. Қай жаста болсын ауруға, мүгедектікке шалдығу және жарақат алу қаупі бар. Бұл жағдай дамыған елдер ішінде АҚШ-тың денсаулық сақтау қызметін түтынуға қолжетімділікті барлық азаматтарға бірдей қамтамасыз етпейтін жалғыз мемлекет болуына байланысты ерекше маңызды. Нәтижесінде, 2010 жылғы мәліметтер бойынша, 65 жасқа дейінгі 49 миллион америкалықта медициналық сақтандыру болмаған. Қазіргі экономикалық жағдайды ескерсек, бұл көрсеткіш одан әрі өсері сөзсіз. Денсаулығына байланысты шығындардан қарызға батып, банкротқа ұшыраған азаматтар саны артуда (Kaiser Commission on Medicaid and Uninsured, 2011). Сонымен қатар денсаулық - жалпы өмір сүру сапасына эсер ететіи жалғыз маңызды фактор. Сондықтан біздің мақсатымыз - денсаулық пен ауруға эсер ететін әлеуметтік күштерді қарастырып қана қоймай, АҚШ-тың денсаулық сақтау жүйесінің осындай қалыпқа жету себептерін және оның нәтижелерін қарастыру. Біз, ең алдымен, әлеуметтанушылардың ауру жайындағы көзқарастарын зерттеуден бастаймыз.
Ауруға теориялық көзқарастар Ауру жөніндегі әрбір әлеуметтік теория тәсілдерінің әртүрлі болуына байланысты түрлі сұрақгарға назар аударып, гурлі жауаптар ұсынады. Аурудың классикалық қүрылымдық-функциялық теориясы қоғамның кедергісіз жұмыс атқаруына аурудың (кейбіреулерінің) қалай эсер ететінін және қоғамның осы жоспарлы ағымға кедергі келтіруі ықтимал ауруды қалайша шектейтіні жайлы мәселелерді қарастырады. Конфликт теориясы ауру туралы түрлі анықтамалардың пайда болуына бәсекелес мүдделердің қалайша эсер ететінін көрсетеді, ал символдық интеракционизм теориясы болса, ауру тәжірибесін түсінуде ерекше пайдалы екені анық. Құрылымдық-функциялық теория: науқастың рөлі Аурудың классикалық әлеумггтік теориясын алғаш рет 1951 жылы Талкотт Парсонс тұжырымдаған болатын. Құрылымдық-функциялық зерттеуші ретінде Парсонс кедергісіз қызмет атқаратын кез келген қоғам құлдырап кетпеуі үшін, өзге де ықтимал мәселелер секілді ауруды да тежей алады деп пайымдайды. Парсонстың «ауру-девианттылықтың бір гүрі, себебі бұл адамдардың қалыпты әлеуметтік рөлін сақтауға мәжбүрлейді» деген тұжырымы әлеуметтануға үлкен үлес қосты. Мысалы, сіз соңғы рет ауырған кезде жұмыстан жоспарланбаған демалыс алдыңыз, жігітіңізге немесе құрбыңызға азық-түлік әкеліп беруін сұрап қолқа салдыңыз немесе мұғаліміңізден тапсырманы орындау уақытын созуды сүрадыңыз.
Ертеңгі күні сіз орындамаған міндеттеріңіз үшін ақталу мақсатымен әлі де ауырып жүрмін деп айтуыңыз мүмкін. Сондықтан да Парсонсгың пайымдауынша, аурудың (немесе науқас секілді болып көріну), әдетте қызметі болмайды, өйткені адамдардың қалыпты рөлдерін орындауына кедергі келтіреді, осылайша, әлеуметтік тұрақтылыққа қауіптөндіреді. Алайда Парсонс кейбір аурулар әлеуметтік тұрақтылық үшін пайдалы болуы мүмкін дегенді де айтады. Егер ауырып қалып, өз-өзін қалыпқа келтіруге үзіліс алмаса немесе психикалық саулық күнін алуға мүмкіндігі болмаса ешқашан демалыс алып көрмеген жұмысшылардың, студенттердің және жұбайлардың арасында наразылық сезімі күшейер еді. Осыған орай, ауру кейде қоғам арасындағы шиеленісті бәсеңдету қызметін атқарады. Науқас рөлін анықтау Әлеуметтік тұрақтылықты нығайта түсу үшін қоғам ауруды қалай қадағалайды? Бұның жауабын Парсонс «науқас рөлін» алға тартады. Ауру адамның өзін ұстауына және осы жағдайға байланысты қалыптасатын қоғам көзқарасына қатысты «науқас адам рөлі» төрт әлеуметтік нормаға қатысты болады. Біріншіден, науқас адамдардың қалыпты әлеуметтік рөлдерді атқармауға заңды негіздері бар деп есептеледі. Сондықтан біз оларды жұмыстан шығарудың орнына жұмыстан уақытша босатамыз. Екіншіден, мәдени нормаға сәйкес, адамдар ауруға шалдыққанына жауапты емес. Сондықтан біз ақымақтықпен микроб жұқтырған адамдарды жазалаудың орнына, тұмауға шалдыққандарға тауық сорпасын апарып береміз. Үшіншіден, ауруға шалдығуды адамдар жағымсыз жағдай деп санайды да, айығып кету үшін бар күшін салады. Сол себепті біз ауырып үйінде жатқандарға көңіл білдіріп, ал емделмегендерді сынап мінейміз. Ең соңғысы, науқас адамдар медициналық тексеруден өтіп, дәрігерлердің нүсқауын орындау қажет.
«Науқас рөлінің» сипаттамасы бойынша біз ауруға шалдыққан кезде дәрігерге көрініп, оның нұсқауларын орындауымыз қажет деп түжырымдаймыз. Науқас адам рөлін сынау Ауру жайлы әлеуметтік тұрғыдан ойлау үшін Парсонстың науқас рөлі жайлы тұжырымдамасы шешуші қадам болды. Алайда кейінгі зергтеулер науқас рөлі моделінің шектеулі екеніне мән бере бастады (Weitz, 2012). Мұндай сынға «Науқас рөлі моделінің әлсіз тұстары» тұжырымдамасының қысқаша сипаттамасында баса мән беріледі. Біріншіден, кейбір жағдайларда науқас адамдар Парсонстың талдауындай емес, өзіміз күткеніміздей, қалыпты әлеуметтік қызметтерін атқара беруі мүмкін. Солай бола тұра қатерлі ісігі бар науқас әрі қарай жұмыс істеуін жалғастырады деген тұжырым ешкімнің ойына келмейді. Керісінше, буын ауруы бар науқастардан немесе дәрігерлер нақты диагнозын анықтай алмағаннан бізге симулянт немесе ипохондрик ретінде көрінетін адамдардан осындай іс-әрекеттерді күтеміз. Екіншіден, адамдар ауырып қалғаны үшін жауап беретін кездері болады. Ауырып қалган кезде сізді уақтылы С дәруменін қабылдамады, жеткілікті мөлшерде ұйықтамады және құнарлы тамақ ішпеді деп айыптады ма? Дәл осылай бұқаралық ақпарат құралдары өкпенің қатерлі ісігімен ауыратын адамдарды көп шылым шеккені үшін, қант диабетіне шалдыққан адамдарды көп тәтті жегені үшін және т.б. жағдайларда айыптап жатады. Үшіншіден, науқас адам айығу үшін бар күшін салу керек деген пікір - созылмалы ауруға шалдыққан, дәрі-дәрмектер эсер етпейтін адамдарға қатысты емес. Сонымен бірге ауру адамдар дәрігерлердің барлық нұсқауын сақтау керек дегеи ұстаным медициналық қызметке қол жеткізе алмайтын немесе медициналық қызметке жүгінбейтін адамдардың жағдайын елемейді. Конфликт теориясы: медикализация Құрылымдық функцияшылдар секілді Парсонс та ауру жайлы әлеуметтік идея (бұл жағдайда - науқас адам рөлі) қоғамның кідіріссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған деп санайды. Ал конфликт теориясы бойынша, керісінше, ауру жайлы идея қоғамдық өмірдің басқа бөліктері секілді әлеуметтік топтар арасындағы бәсекелес мүдделерді бейнелейді. Ауру жөніндегі түсінігіміздің қалыптасуына конфликт теориясының қосқан маңызды үлесі - медикализация тұжырымдамасы. Алтыншы тарауда байқағанымыздай, медикализация қандай да бір жағдай немесе іс-әрекет медициналық мәселе ретінде анықталып, медициналық шешімді талап ететін процеске жатады (Conrad, 2007). Ғасырлар бұрын мастурбация, гомосексуализм және бойжеткен қыздардың оқуға құштарлығы аурудың белгісі деп саналатын.
Қазір ондай жағдайлар ауру деп саналмайды, себебі олар жайлы әлеуметтік ой өзгерді. Дәл осы сияқты ғасырлар бұрын көптеген әйелдер акушерлердің қатысуымен үйде босанатын, кейбір балалар үйде сүндетке отырғызылатын, ал шаш түсіп, таз болу ер адамдардың қартаюының қалыпты белгісі болатын. Қазіргі таңда аяғы ауыр әйелдер медициналық көмекке жүгінеді, дүниеге келген ұл балалардың көбі дәрігерлердің көмегімен сүндетке отырғызылады, ал шашы түсе бастаған ер адамдар оны емдеу жолдарын қарастырып, хирургтің қызметін пайдалана алады. Мұның бәрі - медикализацияның көрінісі. Медикализация жаппай іске асу үшін бір немесе бірнеше ұйымдасқан әлеуметтік топ өзгелердің ойын өзгертіп, жаңа жағдайды қабылдау үшін әрекет етіп, бар күшін салуы тиіс. Медикализацияға ықпал етіп отырған қазіргі үлкен күш - өзінің өнімдер нарығын кеңейтуге қаржы жағынан мүдделі фармацевтикалық өн діріс саласы (Conrad, 2007). Мысалы, тек Виаграмен емделетін «ерлердің жыныстық дисфункциясын» ауру ретінде анықтауда фармацевгикалық өндіріс саласы негізгі күш болды (Loe, 2004). Сонымен қатар медикализацияга өз нарықтарын кеңейтуден үмітті дәрігерлер тарапынан да маскүнемдік немесе фибромиалгия секілді қилы жағдайлардан құтылуды немесе зерттеу жүмыстарына қолдау көрсетуді көздеген түтынушылар тарапынан да қысым болуы мүмкін (Barker 2005; Conrad, 2007). Кейде дәрігерлер де медикализацияга қарсы шыгады, өйткені жағдайды түзеу үшін (мысалы, әйелін соққыға жығу) жауапты болғысы келмейді. Түтынушылар да медикализацияны қолдамайды, өйткені белгілі бір күйді (мысалы, менопауза) өмірдің қалыпты жағдайы деп санайды. Сақтандырушылар да өзінің пайдасына қарай медикализацияны қолдауы немесе қарсы шыгуы мүмкін. Мысалы, сақтандырушылар алгаш артық салмагы бар емделушіге асқазанды шунттау секілді қымбат отаға төлем берудің орнына артық салмақ ауру болып саналмайды деп өтінішін қабылдамаган. Ендігі жерде ота ұзаққа созылагын шығындарды азайтатыны дәлелденген кезде қамсыздандырушылардың көбі артық салмақты ауру деп танып, оган хирургиялық көмек көрсетілгенін қолдайды (Conrad, 2007). Қандай жағдай болмасын медикализация үшін тартыста мол қаржысы, ықпалы және басқа билігі бар топ ұтады.
Символдық интеракционизм теориясы: ауру тәжірибесі Науқас адам рөлінің моделі ауруға шалдыққан адамдар өзін қалай ұстау керек және өзгелермен қандай қатынаста болуы қажет деген мәдени ұсыныс гарды түсінуге көмектеседі. Конфликт теориясы адамдар өзін «науқас» деп қалай анықтайтынын түсіндіреді. Ал символдық интеракционизм теориясы әр күнді науқаспен өткізген қалай болатынын, емделушілер мен дәрігерлердіц жалпы ахуалды дербес, өзінше айқындаған кезінде не болатынын түсінуге көмектеседі. Дәрігерлер медициналық көмекке жүгінбейтін кез келген емделушіні тәртіп бүзушы деп қабылдайды. Дәрігерлер ауруды қалай емдеу керегін жақсырақ біледі. Сол себепті дәрігердің нүсқауын орын дамайтын емделуші ақымақ немесе надан деп саналады. Алайда символдық интеракционизм әдісімен зерттеушілердің пікірінше, мәселе одан да күрделірек. Кейбір емделушілердің нұсқауды орындамау себебі - медициналық қызметкерлердің емдеу шараларын қысқа әрі түсініксіз етіп беруінде. Басқа емделушілерге айтылған нұсқауды орындауға уақыт пен қаражат же гіспейді. Үшінші топтың айтуынша, медициналық кеңес оларды мазалаған мәселеге жауап бермейді. Олар өздігінен мынадай шешім қабылдауы мүмкін: мысалы, қан қысымын төмендететін, бірақ жыныстық құштарлықты басып тастайтын; шизофрениялық елестерді тоқтататын, бірақ артық салмақ қосуға алып келетін; қосымша жағымсыз эсер беретін, бірақ ауру белгілеріне эсер етпейтін дәрілер ішуі мүмкін (Lawton, 2003 ). Көп жағдайда науқастар емделу жөнінде шешім қабылдауда, ғаламгорға дәрігерлер кеңесіне сүйенгендей, сүйенеді. Бүл туралы «БАҚ пен мәдениет: Ғаламтор және медицина» деген тарауда жеке айтылған. Жалпы дәрігерлер медициналық нұсқауларды орындамау деп қарастырған мәселені емделушілер үтымды шешім ретінде қабылданады. Дәрігерлер нүсқаулары орындалмағаны үшін емделушілерді жазалаған кезде, алда болатын жағдайды ескермейді. Емделушілер дәрігердің ондай әрекетін көріп, керісінше, нұсқауларға үстірт қарап, өзін-өзі емдеуге ойысып кетуі мүмкін.
Микродеңгейдегі жауаптар: денсаулыққа сенім үлгісі Неліктен адамдар өз денсаулығына қатер төндіретін әдеттерге қүмар? Немесе сүрақты жағымдырақ етіп қойып көрейік: неліктен адамдар денсаулығын сақтайтын әдеттерді қалыптастыруға ұмтылмайды? Әлеуметтанушылар «адамдар денсаулық сақтауға бағытталған әдет-дағдыларды қабылдай ма» деген сұраққа жауап беретін төрт шартты анықтады, олар жалпы «денсаулыққа сенім моделі» деп аталады (Becker, 1974,1993). Ол шарттар: 1. Жеке адамдар белгілі бір ауруға шалдығу қатері бар деп ойлау керек. 2. Оларды аса қауіпті деп санау керек. 3. Алдын алу шаралары ол қауіпті азайтады деп ойлау керек. 4. Алдын алу шараларын жүзеге асыру үшін қаржылық, эмоционалдық, физикалық және басқа да кедергілерді елемеу керек. Питтсбург Стилерстің (Pittsburgh Steelers) қорғаушысы Бен Ротлисбергердіц (Ben Roethlisberger) бастан кешкен оқиғасы келесі модельді (Ұғымдардың қорытындысы: Денсаулыққа сенім үлгісі) дәлелдейді. 2006 жылы маусым айында Ротлисбергер мотоциклмен жол апатына ұшырап, миы шайқалып, жарақат алады. Қорғаныш дулыға апат кезінде өлім қаупінің үштен бірін, миға зақым келуінің үштен екісін сейілтетіні белгілі (National Highway Traffic Safety Administration, 2005). Демек, ол қорғаныш дулығасын кимеген. Осы оқыс оқиғадан кейін Ротлисбергер енді мотоциклді дулыға кимей айдамауға сөз берді. Апатқа ұшырау қаупінің растығына, апат зардаптары күрделі, тіпті қаза табу мүмкін екеніне көзі жетті. Автокөліктің алдыңғы әйнегіне басымен соғылып, қорғаныш дулыға өлім мен бас жарақатын алу қаупін барынша төмендететінін түсінді. Осыны түсінген соң, дулығаның бағасы мен ыңғайсыздығы секілді нәрселер оған үлкен кедергі болып көрінбеді.
Макродеңгейдегі жауаптар: ауру туғызушылар Бір қарағанда, алдын алуға болатын өлімдердің көпшілігіне жагымсыз әдеттер себеп болады. Қалай болғанда да, адамдар Бен Ротлисбергер секілді өз мүмкіндіктерін асыра бағалап, темекі шегуді, қару қолдануды, талғамсыз жыныстық қатынасқа түсуді қауіпті деп санамайды. Бұл таңдаулар кең әлеуметтік тұрғыдан жасалады. Егер мұның әлеуметтік ықпалын тереңірек зерделесек, Маккинлей (1994) ауру туғызушылар деп өлімге әкелетін әдеттер мен сондай әлеуметтік жағдайды қолдайтын топтарды айтқанын түсінеміз. Мысалы, темекі тартуға, сыра ішуге, жүйрік автокөлік айдауға, тапанша ұстауға, тәтті тағамдарды көп жеуге жұрттың бәрі құмар. Бірақ оларға осы заттарды ұнамды, қалаулы ететін - өндірушілер. Өз өнімдерінің қаншалықты қауіпті немесе қауіпсіз болуын, жарнамасын кімге және қалай жеткізуді, өнім сатылатын орындарды анықтайтын - солар. Мысалы, автокөлік өндірушілер жол талғамайтын көліктерді басқа автокөлікгер үшін қауіпсіз ететін бамперлерге қарсы болды, газды сусын өндірушілер өзінің жоғары калориялы өнімдерін мектепте сату құқығы үшін күресті. Ал темекі өндірушілер жасөспірімдер арасында темекі тартуға себепкер болды. Джо Кэмелдің компаниясы жастарға арналған музыкалық концерттер мен фестивальдерді демеу секілді айла-тәсілдер қолданды. (Weitz, 2012). Өлімнің басқа негізгі себептеріне жеке адамның қалауының маңызы шамалы (Weitz, 2012). Адамдар қауіпті пестицидтермен жұмыс істейді, құрамында қауіпті химиялық элементтер бар заңсыз есірткіні ағзасына енгізеді және адам өміріне қауіп төндіретін қорғасын құбырлы пәтерлерде өмір сүреді, өйткені оларда өзге таңдау жасауға мүмкіндік жоқ. Олай болса, жұмысшыларды қауіпті жағдайда жұмыс істеуге мәжбүрлейтін корпорациялар, жекеменшігіндегі ғимаратына жөндеу жүргізбейтін үй иелері, есірткі бақылауын жеңілдету үшін оны заңдастыруға қарсы саясаткерлер - ауруды туғызушылар болғаны. Ақырында, бәрібір күтетін ешқандай жақсылық жоқ деген ойдағы адамдар тоқаш жеуден бастап, есірткі қабылдау, сақтану құралдарынсыз жыныстық қатынастар сияқты қауіпті іс термен айналысады. Бұлай ойлайтындар әсіресе әлеуметтік жүйенің төменгі тобының арасында кең тараған. Саулық пен науқастықтың әлеуметтік таралуы Жақсы денсаулық тек жақсы дағдыларға я тұқымның жақсы болуына ғана байланысты емес. Алайда бұлардың да рөлі маңызды. Денсаулық - жынысы, әлеуметтік табы және нәсілі немесе этностық тегі сияқты әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысты. Бұл бөлімде біз осы жайттардың АҚШ-та денсаулыққа әсерін қысқаша шолып өтеміз, одан кейін КСРО-дағы әлеуметтік қүрылымның өзгерісі өмір сүру ұзақтығына қалай эсер еткеніне қысқаша зерттеу жүргіземіз. АҚШ-та дүниеге жаңа келген нәресте шамамен 78 жыл өмір сүруі мүмкін (Денсаулық сақтау саласының статистикасының ұлттық орталығы, 2001 ж.). Жастай қайтыс болу да кездеседі, бірақ АҚШ азаматтары, орташа алғанда, қартайғанша өмір сүреді. XX ғасырдың басында өмір сүру ұзақтығы 50 жасқа дейін болғанын ескерсек, бүл - өте үлкен жетістік. Дегенмен мұндай мүмкіндік бәріне бірдей берілмеген: қара нәсілді ер адамдар және кедейлер, ақ нәсілді әйелдер мен байларға қарағанда ерте қайтыс болады (10.2 кесте). Әрине, бұл жерде өлімді айналып өту айласынан гөрі денсаулық сақтау маңыздырақ. Халықтың жалпы хал-ахуалын анықтауда ауру мен мүгедектіктің таралуы өлім-жітім көрсеткішіне үлкен ықпал етеді. Белгілі бір жылы қайтыс болғандардың жан басына шаққандағы санынан көптеген ауруға шалдыққандардың немесе мүгедек болғандардың саны басым. Келесі бөлімдерде біз жыныс, әлеуметтік тап және нәсілдік/этностық ерекшеліктің ауруға және өлімге қаншалықты байланысты екенін анықтаймыз.
М е н т а л д ы қ а у р у л а р Әлеуметтік факторлар - психикалық ауруларға тән ауыруы секілді эсер етеді. Алайда психикалық денсаулық - жылына миллиондаған адамды қамтитын маңызды мәселе. Психикалық аурулар саны қанша? Ұлттық кездейсоқ сауалнама нәтижесі бойынша, АҚШ-та жұмысқа қабілетті азаматтардың 11 пайызы жыл сайын әлі анықталмаған психикалық ауруға ұшырайды. Ал 20 пайызы жеңіл немесе күрделі ауруларға шалдығады (Kessler et al, 2005). Ең көп тараған аурулар - күйзеліс және спирттік ішімдікке тәуелдік. Алайда бұл көрсеткіштер шындыққа жанаспауы мүмкін. Өйткені олар медициналық диагнозға емес, ауру белгілерін мәлімдеген құжаттарға сүйенеді (Horwitz, 2002; 2007). Зерттеушілер нақты нәтиже бере алмайды. Мысалы, олар үшін кімнің күйзеліске ұшырағаннан немесе жарысқа дайындалғаннан салмақ тастағанын айыру мүмкін емес. Психикалық ауруларға кім шалдығады? Тән ауруына шалдыққан жағдайдағыдай, психикалық ауруларға да әлеуметтік факторлар эсер етеді. Осыған қарай, негізгі екі факторды қарастырамыз, олар - әлеуметтік тап және жыныс. Ә леум еттік тап ерекш елігі 1920 жылдан бастап әлеуметті зерттеушілер психикалық ауытқуларға көңіл аудара бастады. Соның нәтижесінде, кедейлердің бақуатты адамдарға қарағанда, көбірек психикалық аураларға душар болатыны анықталды (Eaton & Muntaner, 1999). Оныц екі себебі бар: біріншісі - психикалық аурулар адамдарға жұмысқа орналасуға немесе жұмыс орнын сақтап қалуға кедергі келтіруі мүмкін, ал адамдар соған қарай әлеуметтік баспалдақ бойынша бірер саты төмендейді (Link et al., 1997). Өмір сүру деңгейі томен адамдар арасындағы әлеуметтік күйзелісгер психикалық ауытқуға алып келеді (Aneshensel, 2009; Schwartz and Meyer, 2010). Мысалы, шизофрения диагнозы бар адамдардың көбі төменгі таптан шыққан және шулы, күйзелісті, қауіпті және физикалық тұрғыдан жайсыз жұмыс орындарда еңбек еткен (Muntaner et al, 2004). Күйзеліс сияқты психикалық бұзылыстың себебін түсінуде кедейлік күйзелісі мен экономикалық қорғансыздық сезімдерінің маңызы зор. Психикалық ауру көрсеткіштеріндегі әлеуметтік айырмашылықпен бірге психикалық ауру тәжірибесіндегі айырмашылық та маңызды. Психикалық ауруға шалдыққан төменгі тап өкілдері ұзақ уақыт ауруханаға жатқызылады, бірақ тиімсіз ем қабылдайды. Шын мәнінде, психикалық денсаулықты қалпына келтіру, күрделі психикалық ауруға шалдыққан адамдардан гөрі (кез келген тап өкілі) аз уақытқа эмоционалды күйзеліске ұшыраған орта тап өкілдері арасында жиі болуы мүмкін.
Денсаулық сақтау саласы мен емханаларды қаржыландыру азайғаннан бері психикалық аурудың ауыр түріне шалдыққан адамдардың іс-әрекеті қоғамға қауіп төндіретін жағдайға жеткенде, аурухананың орнына түрмеге қамалатын болды. АҚШ Әділет министрлігінің дерегінше, түрмедегі бас бостандығынан айырылғандардың жартысынан көбі - психикалық ауруға шалдыққан адамдар (fames & Glaze, 2006). Гендерлік ерекш еліктер Күйзеліс - ең көп тараған психикалық аурудың түрі, АҚШ-та ересек тұрғындардың 17 пайызы осы дертке шалдыққан (Kessler et al., 2005). Күйзеліс - кең тараған кесел, соның ішінде ер адамдарға қарағанда әйелдер жиідушар болатын ауру. Неге әйелдер күйзеліске жиі ұшырайды? Көптеген ғалымдардың зерттеуі бойынша, әйелдер көп күйзеліске түсетіндіктен және сол күйзелістің себебін бақылай алмай депрессияға шалдығады (Horwitz 2002:173-179). Шын мәнісінде, депрессия көрсеткіші өз өмірін бақылауда ұстай алмайтын жұмыссыз және түрмыстағы балалы әйелдерде жоғары. Мысалы, кішкентай балалары бар даяшы әйелдің кешкісіп ысгық ас дайын болуын күтетін күйеуі оның өмірін, жұмыс кестесін немесе күйзеліс деңгейін бақылай алмайды. Дәл осылай жүмысынан айырылған немесе жүмысын басқара алмайтын әйелдер депрессияға көбірек ұшырайды. Керісінше, әйелдермен салыстырғанда еркектер психикалық қоздырғыш заттарды жиірек қабылдайтындары жөнінде және құмар ойындарға компульсивті берілу немесе зорлыққа бейім тұру сияқты қылықтарға тән лайықсыз әдеттерден көрінетін «тұлғаның бұзылуы» туралы жиі айтады (Kessler et al., 2005). Ғалымдардыңтұжырымы бойынша, ер адам күйзелісті жағдайға агрессия немесе зиянды есірткілік заттарды қабылдау арқылы жауап береді. Сол себептен оларда осы іспетті аурулар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет